Дәріс 7. ЖАСЫЛ – СHLOROРНҮТА БАЛДЫРЛАР БӨЛІМІ
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Жасыл балдырлардың жалпы сипаттамасы
2. Жасуша құрылысы
3. Жасыл балдырлардың көбеюі
4. Жасыл балдырлардың систематикасы
5. Жасыл балдырлардың филогенезі
Жалпы сипаттамасы.Жасыл балдырлар табиғатта жиі кездесетін, көп тараған организмдер. Олардың 13000-20000-ға дейін түрі бар. Бұлардың ішінде барлық структуралык құрылыстар кездеседі . Олар - бір клеткалы, ценобиольды, қауымды көп клеткалы микро және макроскопты кұрылысты организмдер. Алуан түрлілігіне қарамастан, бұлардың бір-біріне көптеген ұқсастық белгілері бар. Өздерінің аттарына байланысты хлоропластың түсі жоғары сатыдағы өсімдіктер сияқты таза жасыл болып келеді. Түстерінің таза жасыл болуы флорофилдің а жэне в пигменттерімен қосымша каротиннің қызғылт сары (С40Н56), лютеиннің (С40Н56О2) сары, виолаксантиннің (С40Н56О4) күлгін, зеаксантиннің (С40Н56О2) сарғыш, неоксантин мен антираксантин бояуларының болуына байланысты. Хлорофилл пигменттерге қарағанда басым. Тіршілік жағдайының өзгеруіне, даму ерекшеліктеріне байланысты кей уақытта гематохромның қызыл бояуы жасыл бояуды басып кетеді, осыған байланысты қабаттың түсі қызыл түске боялады.
Жасуша құрылысыКлетка протопластасы жамылғысынан, цитоплазмадан, ядродан, хлоропласттан, пиреноидтан, эндоплазматикалық тордан және вакуолядан т.б. органоидтардан тұрады.
Көпшілік жасыл балдырларда цитоплазманың сыртын мембрана қабаты қаптап жатады. Клетка жамылғылары балдырларда әтүрлі. Кейбіреулерінде сыртында тек плазмолеммасы (Quadrichloris Pedinomonas), екінші біреулерінде перипластыға ұқсас қабықшасы болады. Мұндай құрылымды организмдер метаболизм құбылысына ұшырайды. Басым көпшілігінің клетка қабықшасы пектинді не целлюлозды, не аралас келеді. Ішкі клетка қабықшасы целлюлозадан, сыртқысы пектиннен тұратындары да жиі кездеседі. Электрондық микроскоппен қарағанда Наетаtо- соссus түрінде клетка қабықшасы төрт, ал Сһlатуdотопаs rеіпһаrdtiiде жеті қабаттан тұратындығы байқалады. Кейбір Дуналиелла сияқты қарапайым жасыл балдырларда оқшауланған клетка қабықшасы болмайды. Оларда клетка қабықшасы протоплазма қабатының тығыздалып келген бөлімі плазмалемма не перипласттан тұрады.
Оеdоgопіит сияқты түрлерінде кутикуладан тұратын қатты қосымша клетка қабықшасы болады. Вrуорsіdаles қатарында клетка қабықшалары темір, кальций тұздарымен безендірілген. Протопласт, әдетте, клетканың кабырғалық қабатына қарай орналасады да, клетканың орталық бөлімін, клетка шырынына толы ірі вакуоля алып жатады. Вакуоляны тонопласт қабаты қоршап тұрады. Протоплазмада бір не бірнеше хлоропласттары болады. Ол өсімдік түріне қарай пластинка, лента, жұлдыз, дән тәрізді және тағы басқа да пішінді болып келеді. Хлоропласттың құрылысы жоғарғы сатыдағы өсімдіктердікіндей. Олар хлорофилл сіңген түссіз белокты стромадан құралған. Хлоропласты мембрананың екі қабаты қаптап жатады. Ламеллалары қырлар кұрайтын екі, алты және көптеген тилакоидтардан тұрады. Шеткі қоршап жатқан тилакоидтары болмайды. Хлоропластында белокқа бай дөңгелек тығыз денелер - пиреноид орналасады. Қауымды, көп клеткалы формаларында клеткаларының саңылаулары болады. Кейбір жасыл балдырлар клеткалары саңылау тесіктерінен шығатын плазмадесмалар арқылы клеткалар байланысып жатады. Клеткасы көбінесе бір ядролы, көпшілік уақытта ядро клетканың орталық бөлімінде орналасады, кейде вакуоля қуысының жанына тақау жатады. Мұндайда ядроны айналысындағы протоплазмадан клетканың қабырғалық қабатындағы протоплазмаға қарай созылған протоплазма жіпшелері ұстап тұрады. Ядроның ядрошығы болады, олардың саны әр түрінде түрліше 1 -100-дейін барады.
Монада құрылымды түрлерінде көзшесі, жиырылғыш вакуолясы және тең екі талшығы болады. Көзшесі хлоропласттың үстінде орналасады, оның эвгленалы балдырлар сияқты қозғалғыш аппараттармен ешқандай байланысы болмайды. Талшықтарының саны - 2, 4, кейде көп, ұзындықтары мен атқаратын қызмет құрылысы әр уақытта бірдей, жассыл балдырлардың ішінде аздаған түрлерінде бір ғана талшығы болады (Pedinomonas,). Монада құрылымды балдырлар талшығының түбінде Гольджи аппараты орналасады. Ал қозғалмайтын түрлерінде ол ядроның маңында жатады. Диктиотосома клетка жамылғысын синтездеуге және клетканың секрециялық қызметіне қатысады.
Митохондриялардың саны бірден бірнешеу, көлемі әр түрлі көбінесе лобия дәніне пластинка пішіндес. Энергия көзі болып есептеледі. Көпшілік жағдайда көзшесінің не хлоропласттың не диктиотосоманың маңында жинақталады. Эндоплазматикалық комплекс клетка да біркелкі орналаспайды. Сол диктиотосомамен, митохондримен, хлоропластпен байланыста болады. Бүл айтылған органоидтармен бірге басқа балдырлар бөліміндегідей цитоплазмада рибосома, пероксисома, сферосома, ломасома, микротүтікшілер жүйесі болады.
Фотосинтез процесінің продуктасы ретінде крахмал, өте сирек май тамшылары және волютин жиналады. Бұлар көбінесе пиреноидтың маңында жатады. Клетканың бөлінуі, бір клеткалы организмдердің көбеюі мен көп клеткалы балдырлар өсуінің негізі болып есептеледі. Клетканың бөлінуі митоз жэне цитокинез процестерінің бір-біріне үйлесімді байланыстылық дәрежесіне қарай бірінен кейін бірі-жүйелі (сукцессивтік), бір мезгілде (симультандық) жэне біртіндеп (сегрегативтік) болып келеді.
Көбеюі.Жасыл балдырлар вегетативтік, жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Бір клеткалы түрі клетканың жай екіге бөлінуі арқылы, қауымдылары қауым клеткаларының ыдырауы, ескі қауымда жаңа қауымның түзелуі, жіптесінді түрлерінде жіптің бөлшектерге үзілуі арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Көпшілік жасыл балдырларда акинеттер құралу жолымен, кейде бір және көп клеткалы сабақтарымен ризоидтарында пайда болатын түйнектері арқылы да көбейеді. Зооспоралар зооспорангия деп аталатын арнаулы клеткалардан немесе кез келген клеткалардан дами береді. Зооспоралар түзілмес бұрын клеткаішілік заттары бөлшектерге бөліне бастайды да, одан алмұрт пішінді жалаңаш протоплазмалық дене түрінде зооспоралар клетканың кілегейленуі нәтижесінде сыртқа шығып, біраз жүзіп жүреді де, талшықтарын тастап қабықшамен қапталады. Одан жаңа дарақ түзіледі. Зооспора құрылымы жағынан бір клеткалы монада құрылымды организмге ұқсас бір ядролы, бір не бірнеше хлоропластасы, қызыл көзшесі, жиырылған вакуолясы, 2-4 изоморфы, изодинамикалық талшықтары болады. Оеdogопіит зооспорасында талшығы көп. Кейбір жасыл балдырлар қозғалмайтын апланоспора мен автоспоралар арқылы да көбейеді.
Бұлардың жетілуі де зооспоралардікіндей, алайда олардан айырмашылығы талшықтары болмайды және аналық клетканың ішінде жатып қабықшамен қапталады. Апланоспораны тарихи дамудың соңғы кезеңінде зооспорадан шыққан деп айтуға болады.
Жасыл балдырлар гологамиялық (Dипаlіеllа), изогамиялық (Сһатуdотопаs), гетерогамиялық (Еиdоrіпа), оогамиялық (Vоlvох) және зигогамиялық (Соnjиgаtорһусеасе) жолдармен жынысты көбейеді. Гаметалардың, әсіресе талшық аппараттарының кұрылымы барлық жасыл балдырларда бірдей емес. Жыныс органдары морфологиялық жағынан вегетативтік клеткадан көпшілігінде айырмашылығы болмайды, тек Drараrпаldiеllа-да көп ұялы гаметогиясының болатындығы байқалған, кейбіреулерінде жыныс процесі жойылған.
Зигота қалыпты жағдайда планозигота, гипнозигота жағдайларынан өтеді. Зигота көпшілік уақытта тыныштық жағдайдан кейін редукциялық жолмен бөлінеді. Кейбір теңіз суларында тіршілік ететін түрлерінде зигота тыныштық жағдайына ауыспай, бірден редукциялық бөлінуге ұшырамай жаңа дарақ түзеді. Сонымен, жасыл балдырлардың басым көпшілігі вегетативтік уақытында гаплоидты, кейбіреулері диплоидты болады. Жасыл балдырлар гомоталды, гетероталды жэне бір не екі үйлі. Оларда деморфизмқұбылысы байқалады.
Даму кезеңі.Жасыл балдырлардың даму кезеңі көп жақты әр түрлі эволюция процесінің күрделене түсіп, оның алға қарай дамуына байланысты әр топтарда өздеріне тән зиготалық, споралық, соматикалық редукцияға бөліну деңгейі әрқайсысында жеке сақталып калғандығы байқалады. Ең көп тараған изоморфты және гетероморфты ұрпақ алмасу.
Таралуы.Жасыл балдырлардың басым көпшілігі тұщы сулардабөгеттерде, батпақтарда, лас суларда, аздаған түрлері теңіз суларында, кейбіреулері ылғалды топырақта, ағаштардың қабықтарында, кейбір бір клеткалы, қауымды түрлері көп клеткалы балдырларға, су астындағы өсімдіктерге бекініп, эпифитті тіршілік етеді.
Жасыл балдырлар жер шарының барлық бөліктерінде, мұздармен қардың бетінде, таулы жерде қардың үстінде әр түрлі температурада кездеседі. Олардың ішінде термофильді, мезофильдіжәне криптофильдітүрлері де бар. Суда планктон, перифитон және бентос түрлерінде тараған. Сонымен бірге, бактериялар, саңырауқұлақтар, жоғарғы сатыдағы өсімдіктер, жануарлар және басқа балдырлармен бірігіп, әр түрлі қарым-қатынаста тіршілік етеді. Басқа организмдерді мекендеп, эпибионт және эндобионт құраса, саңырауқұлақтармен селбесіп, қына құрады. Жасыл балдырлардың ішінде паразитті тіршілік ететін түрлері өте сирек, ал өздері басқа паразитті организмдердің иесі болады. Жасыл балдырлар суда және құрлықта тіршілік ететін организдермен бірге, әр түрлі фитоценоз бен биоценоздардың құрылымына еніп, экосистеманы құрауға қатысады. Кейде қаулап өсіп, биогеоценозда басымдық көрсетеді, судың гүлденуін туғызады, соның әсерінен су не жасыл, не қызыл түске боялады Мұндай жағдай топырақта да, ағаштың қабығында да, қардың бетінде де болуы мүмкін.
Жалпы жасыл балдырлар жеткілікті түрде барлық жағынан зерттелмегендіктен, бұрыннан қалыптасқан системаны негізге ала отырып, бұл кітапта 3 класқа бөлеміз. Үшінші класс ретінде сифондылар қарастылады. Ал қара балдырлары жеке бөлім ретінде қаралады.
Сөйтіп, жасыл балдырлар: Еuсһlоrорһусеае(Vоlvосаlеs, Теtrosроrаles, Сһlоrососсаlеs, Ulоtrісһаlеs, Ulvаіlеs, Сlаdорһоrаlеs, Оеdоgопіаlеs),Sірһоnорһусеае(Вrуорsіdаlеs, Dаsусlаdаlеs, Sірһопосlаdаlеs),Соnjugаtорһусеасе(Меsоtаепiаlеs, Gопаtоzуgаlеs, Dеsтіdiаlеs, Zуgпетаtаlеs) деп 3 класқа, 15 қатарға бөледі.