Сімдіктер систематикасының даму тарихы
Quot;Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы" пәні бойынша
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
5В060700 –«Биология»
Мамандығына
Семей
Мазмұны
1. Глоссарий
2. Дәрістер
3. Практикалық сабақтар
4. Білім алушылардың өз бетімен істейтін жұмыстары
Глоссарий
Андроцей - бір гүлдегі аталықтардың жиынтығы.
Апомиксис – ұрықтың ұрықтану процесінсіз пайда болуы.
Амилопластар – крахмал жинайтын лейкопластар.
Гифалар – саңырауқұлақтардың денесін түзетін жіңішке жіп тәрізді жасушалар.
Геотропизм - өсімдік органдарының кеңістікте белгілі бір бағытта өсуге қабілеттілігі.
Гетерофилия - өсімдікте әртүрлі жапырақтылық.
Гинецей – бір гүлдегі аналықтардың жиынтығы.
Гаметофит - өсімдіктің жынысты ұрпағы.
Калеоптилия - өсімдіктің сыртқы ұрықтық жапырақшасы.
Клон – жыныссыз өсіп даму арқылы бір ортақ тектен тараған жасушалар немесе ұрпақтар.
Микроспорофилл – жапырақтың өзгерген түрі, онда микроспорангилер түзіледі.
Мегаспорофилл – құрылысы жапырақ тәрізді орган, онда тұқым бүршіктері жетіледі.
Плазмодесмалар – жасушаның қабықшалары арқылы өтетін және екі жақын жатқан жасушаларды жалғастырып тұратын цитоплазманың жіңішке жіпшелері.
Паренхималы жасушалар – ұзындығы енімен бірдей жасушалар.
Прозенхималы жасушалар – ұзындығы енінен бірнеше есе артық жасушалар.
Партеногенез – еркектің гаметасынсыз ұрғашының гаметасынан организмнің дамып өсуі.
Полиплоидия – гаплоидтық жиынтықпен салыстырғанда хромосомалар санының өсуі.
Субмикроскопиялық – Жасуша компаненттерінің электронды микроскоппен қарағанда, басқаша айтқанда он және жүз есе үлкейткенде ғана көрінетін жұқа құрылысы.
Спорофит - өсімдіктің жыныссыз ұрпағы.
Селекция – мал тұқымын, өсімдіктер сорттарын микроорганизмдердің, бактериялардың және вирустардың расаларын өзгертетін ғылымның саласы.
Таллом – төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесі.
Телу – бір өсімдіктен ойып алған бүршіктің немесе сол өсімдіктің сабағынан дайындалған қалемшенің екінші өсімдіктің сабағымен жымдасып бірігіп кетуі.
Тіршілік формалары – белгілі бір экологиялық жағдайдың әсерінен қалыптасұан, өсчімдіктің сыртқы формасы.арқылы дамуы.
Модуль 1 Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Блок 1 Прокариоттар -Procaryota әлемі
Дәріс 1. Кіріспе.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Систематика
2. Өсімдіктер систематикасының даму тарихы
3. Өсімдіктердің филогенетикалық жүйесінің әдістері
4. Таксон
5. Бинарлы номенклатура
1. Систематика
Систематика –өсімдіктер дүниесінің алуан түрлілігі туралы ғылым. Тірі организмдер дүниесі 2 млн., оның 500 мыңы өсімдіктер. Осындай көп түрлі өсімдіктер дүниесімен шұғылданатын –өсімдіктер систематикасы.
Систематика-биологиялық ғылымдардың арасында өте ертеде пайда болған ғылым салаларына жатады, себебі адам барлық кезендерде де өзін қоршап түрған әлемді түсінуге ұмтылған. Өсімдіктер түрлеріне: нақты атаулар беруге, оларды бір-бірінен ажыратуға, түрге бөліуге тырысқан. Алайда ғылымның бұл саласы нақты жетістіктерге XVIII ғасыр аяғында және XIX ғасырдың басында қол жеткізді. Соңғы кезеңдерге дейін систематика термині таксономия термині сияқты қабылданған. Таксономия түсінігін швейцар ботанигі О.П.Декандоль ұсынған болатын. Ол грек тілінен аударғанда «таксис» сап, қатар; «номос» заң дегенді білдіретің организмдердің жіктелуі туралы ғылым. Қазіргі кезде систематиканың қарастыратын мәселелерінің ауқымы кеңейген Организмдерді жіктеу оның қарастыратын мәселелерінің бірі ғана болып табылады.
Систематика ғылымының негізгі міндеті 1-ші біздің планетамызда мекендейтін өсімдіктер дүниесін сипаттап жазу. 2-ші өсімдіктер дүниесінің тарихи даму жолын анықтау.3-ші өсімдіктер ішінен мол өнім беретін пайдалы түрлерін анықтау.
Физиология, биохимия, генетика ғылымдары саласында жүргізілетін ғылыми зерттеу жұмыстарының бір де біреуі түрдің нақты анықтамасынсыз жүргізілмейді.
Қазіргі кезде систематика фуңдаментальды ғылым ретіңде ғана емес, сонымен қатар синтетикалық ғылым ретінде де мәні бар екендігін биологгар ғана емес, басқа да ғылым өкілдері де мойындаған. Систематиканың ғылыми-тәжірибелік мәселелерді шешуде маңызы зор. Систематика биологиялық ғылымдармен, яғни экология, эволюциялық биология, геоботаника, сол сияқты химия, физика, география, геология, математика жэне басқа да ғылымдармен тығыз байланысты. Систематика ғылымы туындаған мәселелерді шешуде морфология, анатомия, эмбриологая, цитология, экология, генетика, биохимия, молекулалық биология, физиология жэне басқа да биологиялық ғылымдардың мәліметтерін пайдаланады.
сімдіктер систематикасының даму тарихы
Алғашқы төменгі сатыдағы өсімдіктер жайындағы ілімнің негізін қалаушылардың бірі көрнекті орыс ғалымдарының бірі- Л.С. Ценковский (1822-1887) болды. Ол төменгі сатыдағы өсімдіктердің онтогенезі мен генетикалық байланыстарын зерттеп, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің ең төменгі түрлерінің арасында айқын тұрған шек жоқ, олардың шығу тегі бір дегенге келтірді.
Көк-жасыл балдырлардың систематикасын зерттеуде А.А. Еленкин (1873-1942) көп еңбек сіңірді. Ол көк-жасыл балдырлардың жүйесін бір ретке келтірді.
Төменгі сатыдағы споралы өсімдіктерді зерттеп, оларды бір-бірінен ажыратуда Б.К. Қалымбетов пен С.Р. Шварцманның басқаруымен көп томдық « Споровые растения Казахстана» деген атпен алғаш рет шыққан еңбектің маңызы ерекше.
Қазақстанда Х.Ж. Жұматов вирустарды алғаш зерттеп, ботаниканың вирусология саласының дамуына елеулі үлес қосты. Өсімдік жасушасының құрамында информасоманың болатынын алғаш ашқандардың бірі М.Ә.Айтқожин болды.
Жоғарғы оқу орнының студенттеріне арналған алғаш рет қазақ тілінде О.А. Абдрахманов (Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы ) жазды.