Атерлi iсіктің иммунды диагностикасы
Қатерлі ісіктi иммунды тәсiлiмен анықтау жолдары ісік жасуша бетіндегі қалыпты жасушалардан, ерекшелiгiмен байланысты. Біріншіден ол ісікерекшелi антигендер, олардың құрамында трансплантациялық антигендер, вирус әсерлі антигендер, ракэмбрионалды антигендер, онкогендер нәруыздары және тағы басқалар болады. Бұл маркерлердің ісік жасушасында болуы диагностикалық маңыз береді, себебі iсiктi анықтауға көмектеседі. Онкологиялық аурулардың қан сарысуында ісікерекшелi факторлар да болады. Бұл – ерігіш ісік антигендері, антиденелер және ісік антигенiне арнайы түзiлген лимфоциттер.
Иммунды диагностиканың бағыты - in vitro жағдайында, яғни организмнен тыс (пробиркада) iсiктiң өнiп-өсуiнде, былайша айтқанда аурудың клиникалық белгiлерiне дейін, ісікті табу, атын және орналасу жерін анықтау әдiстерiнiң пәрмендi болуы. Ондай әдiстер дерттiң ерте кезеңдерiн анықтауда және басқа аурулардан ажырату диагностикасында өте қажетті. Бұл әдiстер, сонымен қатар, дерттiң асқыну кезеңінде - метастаздарын анықтау үшін де керек. Жан-жақтан тексерiлiп, сынақтан өткен стандартты иммунологиялық әдістер көмегімен көпшілік халық арасында скрининг жүргізіп, дертке деген жоғарғы қауіпті топты анықтау үшiн бұл әдiстер өте қажет.
Бірақ, қазір клиникада осы талаптарға сай келетiн, аса қымбат емес, кең тараған иммунды диагностика әдiстері шамалы. Сонымен бiрге, көптеген фармакологиялық фирмалар мен ғылыми институттар осы әдiстердi дайындауда көп іс жүргізуде. Бұл деңгейде бірқатар жетістіктер де жоқ емес.
Тиiмдi иммунды диагностикада сезiмталдығы жоғары изотоппен, ферменттермен немесе люминесцентті бояғыштармен белгiленген моноклонды антиденелер кеңiрек қолданылатынын айта кету қажет.
Лимфоциттер мен гранулоциттердің беткері дифференциялаушы антигендерінемоноклонды антиденелер iсiктердiң жаңа жіктеуiнде маңызды рөл атқарады, сонымен қатар, ісіктердiң нақты түрiн табуға әсер етедi (мысалы, лейкозда). Жаңа жіктеуге және соған негiзделген тәсілдерге дейін лейкоз ауруын анықтау, әсіресе лимфолейкозды, өте қиын жай еді. Моноклонды антиденелер көмегімен, мынадай дәлелдемелер берiлген: лейкоз жасушалардың мембраналы антигендері қалыпты гемопоэтикалық жасушалар даму сатысына сай келеді.
Т-, В-лимфоциттер және миелоциттер, моноцитарлы жасушалардың әр дифференциялану сатыларына кезеңерекшелi антигендер сәйкестi болатыны көрсетілген. Лейкоз жасушасының беткерi антигендері ісіктiң қандай түрге жататынын көрсетеді. Бұл жасушалардың барлығы бастаушы ісіктiң антигендерiне сай келетін кезеңерекшелi антигендермен сәйкестi болады.
Мысалы, жедел лимфолейкозға CD10 маркерi (таңбасы) тән, Т-жасушалы жедел лимфолейкозға СД5 маркері тән. В-жасушалы лимфоманы анықтағанда СД20 моноклонды антиденелер қолданылады.
Қазіргі кезде халықаралық стандартты моноклонды антидене құрамалары бар, олар лейкоз жасушаларының әр түрлері мен варианттарына сай. Олар лейкоз бен лимфа бездерiнiң ауруларын бiр-бiрiнен ажырату үшiн ғана емес, сонымен қатар, үрдiстiң таралуы мен ем әсерлігін бақылауға да мүмкіндік береді.
Моноклонды антиденелер қолдануының тағы бір мысалы – В-жасушалық созылмалы лимфоманың диагностикасында. Ол үшін лейкоздық жасушалардың бетінде экспрессияланған иммуноглобулиндердің вариабельді домендеріне қарсы антиденелерін (антиидиотиптік антиденелер) пайдаланады. В- жасушалық созылмалы лимфоманың жасушалары бір бағаналы жасушадан дамитын болғандықтан, олардың барлығы бірдей клонға жатады және беткейлік иммуноглобулиндердің бір идиотипін құрады. Антиидиотиптік антиденелер жоғары деңгейде лейкоз жасушаларын, соның ішінде қалыпты әдістермен анықталмайтын жасушаларды анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл мақсатпен радиографиялық сканерлеу жүргізіледі, ол организмде ісік жасушаларына сай белгіленген моноклонды антиденелердiң таралуын көруге көмектеседі. Бұл әдiспен iсiк жасушаларын ең аз мөлшерiн де анықтауға болады. Лейкоз кезінде бұл тәсiлмен iсiкке қарсы дәрiлер мен сәулелеуден кейін қалған жасушаларын анықтауға болады.
Бұл тәсіл қатерлі ісіктердің (тоқ ішек карциномасы, қатерлі меланома, сүт безі ісігі, нейробластома сияқты) метастаздарын анықтауында жақсы нәтиже береді. В-жасушалы созылмалы лимфолейкозды табуда моноклонды антиденелердiң маңызы зор. В-жасушалы СЛЛ (созылмалы лимфолейкоз) үнемі бір бастаушы жасушасынан дамығандықтан, бір клонға жатады және олардың беткейлік иммуноглобулиндерi бiр типтес келедi.
60 жылдардың ортасынан онкологиялық ауруларды тексергенде, қан сарысуындағы рак эмбриональді (альфа-фетопротеин және рак эмбрионалды антигендер) антигендер анықтау әдісі қолданыла басталды. Алғаш рет ол әдiстi гельдегi преципитация серпілісі көмегімен өткiзген (Оухтерлони бойынша екi-реттік диффузия тәсілі), ал соңғы жылдары иммуноферментті және радиоиммунды тәсілдер қолданылады. Олар белгілі бірқатар рак эмбрионалды антигендерге қарсыланған адамдағы қатерлі ісігі варианттарымен (бауыр ісігі, тоқ ішек ісігі, ұйқы безі карциномасы, нейробластома, тератома, лейкоз және тағы басқалар) сәйкестi стандартты моноклонды антиденелер құрамаларын қолданумен жасалынады.
Белгіленген моноклонды антиденелерді соңғы жылдары, басқа арнайы нәруыздарды – обыр тасымалдануында қатысатын онкоген заттарын және басқа да мутантты гендердi анықтауда қолданып жатыр. Моноклонды антиденелер көптеген ісік түрлерінің тұқымқуалау бейімділігін шақырушы гендерді анықтауға да мүмкіншілік туғызады. Солай, мутантты Мус-белок анықталуы Беркит лимфомасы, кеуде обыры, өкпе, асқазан обырына тән. Bcl-2 онкогенмен кодталған нәруыздар В-жасушалық лимфомаға тән. МДМ-2 - онкоген өнiмдерi адамда болатын әртүрлі саркомаға сай. Негiзгi ісік супрессиялаушы гендер өнiмдерiнiң бірі - р53 белоктың мутантты түрі, адамның кең спектрлі қатерлі ісіктерiнде анықталған. Бұзылған АРС геннің табылуы тік ішектегi ісікте тұқымқуалаушық рөлдi анықтайды. BRCA 1, BRCA 2-гендері сүт безі ісігіне тұқымдық бейімділігін көрсетеді. Қазір қатерлі iсiктерге ауыстыратын тұқымқуалаушы мутантты гендердің бірқатар тізімі бар. Бірнеше ғылыми өндірістер, ғылыми ұжымдар иммунодиагностика үшін арнайы моноклонды антиденелер қоспасын дайындаған.
Антиидиотипті моноклонды антиденелер көмегімен iсiк асқынғанда, оның айналасындағы - ісікерекшелi цитотоксикалық Т- лимфоциттерді анықтауға болады. Ол арнайы жасушалық иммунды жауап деңгейін белгілі ауруда бағалауға ғана емес, сонымен қатар иммуносорбция арқылы иммунотерапияда қолдану мақсатындағы ісiкерекшелi CD8+ЦТЛ бөліп алуға көмектеседі.