Гидроксилазалар, құылысы туралы ұғым,түрлері, каталитикалық әсері
Гидроксилазалар стероидтар, ксенобиотиктер және басқа да циклді қосылыстардың алмасуында маңызды рөл атқарады. Екі компонент-ті, коферментінің құрамында С витамині бар ферменттер. Гидроксилазалар монооксигеназалар мен диоксигеназаларға бөлінеді. Ксенобиотиктерді зиянсыздандырудың бірінші стысына монооксигеназа қатысады. Ол атомдық оттекті тотығатын субстратқа байланыстырады:
RH + O2 + HADФН + Н+ → ROH + Н2О + НАДФ+
Диоксигеназалар активті орталықталығында темір иондарының электрондары арқылы молекулалық оттекті активтендіріп оны субстратқа тікелей енгізеді:
R + О2 → R О2
Гидроксилазалар холестерин мен адреналиннің синтезіне де қатысады. Бұл ферменттер цитоплазмада, мембрананың эндотелиалдық жүйесін-де, митохондрияларда және микросомаларда кездеседі.
Студенттің өзін-өзі тексеруіне арналған жаттығулар мен жағдайлық есептер
1. Пиридиндік ферменттердің коферменттерінің формулаларын жазыңыз.
2. Флавиндік ферменттердің коферменттерінің формулаларын жазыңыз.
3. Қандай цитохромның гемі гемоглобиннің геміне ұқсас? Гемнің формуласын жазыңыз, рационалды атын атаңыз.
4. А тобы цитохромдарының бір-бірінен айырмашылығы неде?
5. Цитохром а-ның цитохром с-дан айырмашылығы неде?
6. Протондар мен электрондарды тасымалдаудағы КоQ-дың рөлі.
7. Цитохром с1гемінің формуласын жазыңыз.
8. Цитохром с-дан цитохром а3-ке дейін электрондарды тасымалдауда цитохром а-ның биологиялық рөлі. Неліктен электрондардың тасымалдануы кері бағытта жүрмейді?
9. Сутек пероксиді екі жолмен ыдырайды:
Н2О2 Н2О + [О]
2Н2О2 2Н2О + О2
Көрсетілген реакцияларды қандай ферменттер жылдамдатады?
10. Берілген реакция қалай аталады? Реакцияны қандай фермент катализдейді?
11.Янтарь қышқылы мен трифенилтетразолиге бауыр гомогенатын қосты. Пробирканы оптималды жағдайда 30 минутке қойды. Ерітінді қызыл түске боялды.
а) Пробиркада не жүрді?
б) Егер пробиркада янтарь қышқылы болмаса реакция жүрер ме еді? Қышқылдың бұл жағдайдағы атқаратын рөлі қандай?
в) Егер ерітіндіге бауыр гомогенатын қоспаса немесе қайнатыл-ған бауыр гомогенатын қосса реакция жүрер ме еді?
12.Екі прбиркаға янтарь қышқылы мен трифенилтетразолий ерітінділерін құйды. Онан кейін бірінші пробиркаға бауыр гомогенатын қосты, ал екіншісіне бұлшық ет гомогенатын қосты. 37°С та 30 минутке термостатқа қойып, одан алғаннан кейін қарағанда бірінші пробиркадағы ерітіндінің түсі күшейіңкірегендігі байқалды. Бұл нені дәлелдейді?
13. Бір пробиркаға гидрохинон, Н2О2 және желкектің сығындысы құйылды. Екінші пробиркаға да Н2О2 ден басқа сол ерітінділер құйылды. Қай пробиркада гидрохинон тотықты? Неге? Желкек сығындысында қандай фермент бар?