Сабақ: Энергия алмасуы. Тотығу түрлері
Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар мен олардың жауаптары:
1. Энергия алмасуының сатылары:
А) 1 - сатысы – арнайылықты катаболизм жолдары
Тағамдық заттардың қорытылуындағы негізгі аралық зат активті сірке қышқылы: ацетил- КоА болып табылады. Аэробты жағдайда ацетил- КоА глюкозадан- ПЖҚ-ның тотығудан декарбоксилденуінен түзіледі; липидтерден БМҚ-ның ß –тотығуынан және глицериннің тотығуынан түзіледі; 18 амин қышқылдарынан аралық қосылыстар арқылы: пируват(ала,гли,сер,цис,тре),a -кетоглутарат және оксалоацетат (асп,глу,фен,тир,тис,арг,мет,про,вал), ацетоацетил-КоА(лей,лиз, фен, тир, три) түзіледі.
Ацетил- КоА-ның орталық рөл атқаруының себебі, ол белоктардың, кө-мірсулардың, липидтердің, көптеген амин қышқылдарының катаболи-калық өнімі бола отырып, үшкарбонқышқылы циклінде(ҮКЦ) тотыға алуында.
б) ІІ-сатысы- ҮКЦ. Негізі, маңызы. ҮКЦ-да жүретін реакциялар және оған қатысатын ферменттер.
ҮКЦ энергия алмасуының 2-сатысына жатады және барлық органикалық заттардың катаболизмінің басы болып табылады. ҮКЦ-ның жалпы теңдеуі:
АцетилКоА 2 СО2 + 3НАДН2 + ФПН2 + АТФ
ҮКЦ-ның атқаратын қызметтері:
1. ҮКЦ – амфиболикалық циклге жатады, себебі онда катаболикалық та , анаболикалық та процестер жүреді.
ҮКЦ-дағы анаболикалық процестер – көптеген молекулалардың син-тездерінің алдыңғы заттары. Мұны ҮКЦ-ның пластикалық қызметі деп те айтуға болады. Мысалы, a- кетоглутараттан аланинмен әрекеттесті-ріп қайта аминдену реакциясы арқылы амин қышқылы-глутаматты және пируватты, ал оксалоацетатты аланинмен әрекеттестіріп осындай жолмен аспартатты алуға болады. Сукцинил-КоА-ны гемоглобиннің, миоглобиннің, цитохромның, каталазаның және пероксидазаның гемдерінің синтезіне пайдалануға болады. Лимон қышқылын бос май қышқылдарының синтезіне қолданады. ҮКЦ-дағы катаболикалық процестер ацетил-КоА-ның, БМҚ-ның және амин қышқылдарының ыдырауын туғызады.
2. ҮКЦ- жасушалардың тыныс алуының және энергияны жинақтап, оны аэробты жасушалардың жұмсауының маңызды бөлігі болып табылады. Бұл циклде активті сірке қышқылы « жанады », яғни бұл АСҚ-ның жасушалардағы тотығуының жалғыз жолы. ҮКЦ энергия көздері болып табылатын барлық метаболикалық қосылыстардың - көмірсуларының, БМҚ-ның, кетон денелерінің, амин қышқылдары-ның толық тотығуының жалпы жолының басы деп есептелінеді . Көрсетілген қосылыстар кофермент-КоА-ға, НАД+-қа және ФАД-қа таласады.
3. ҮКЦ-да тотықсызданған дегидрогеназалар түзіледі, олар ары қарай БТ тізбегінде пайдаланылады. Сондықтан ҮКЦ БТ-ға тотықсыздан-ған ДГН2 -ні апарушы процеске жатады.
4. ҮКЦ ( Кребс циклі) барлық зат алмасуының айқасқан ортасы бол-ғандықтан, осының нәтижесінде барлық заттардың метаболизмдері-нің бір-бірімен байланысын тудырады.