Тіс тоғасының құрылуы және дамуы
Тіс шөгінділері
Тістердің бетінде құрылған шөгінділерді екі топқа бөлуге болады.
І. Минералданбаған тіс шөгінділері:
1) пелликула
2) тіс тоғасы (зубная бляшка)
3) жұмсақ тіс шөгіндісі немесе тіс қағы
4) ас қалдықтары
ІІ. Минералданған тіс шөгінділері:
1) қызылиекүсті тіс тасы;
2) қызылиекасты тіс тасы.
Тіс тоғасының құрылуы және дамуы
Тіс шыққаннан кейін кутикуламен немесе шыға пайда болған қабықпен жабылған. Жүре келе тіс кіреукесі ешқандай құрылымсыз қабатты қабықпен жабылады.
Тіс бетінде екі құрылымды ажыратады: біріншілік кіреуке кутикуласы (үстіңгі және астыңғы) және пелликула. Тістер тағам шайнау қызметіне байланысты жүре келе кутикула жойылып, орнын пелликула жабады және кутикула тістердің жанасу беттерінде мойын аймағында сақталып қалады.
Пелликула – сілекей туындысы, аминқышқылдарынан және полисахаридтер құрылатын қанттардан (сахара) турады. Пелликула гидроксиапатит кристалдары беттерінде құрылады деген көзқарастар бар. Пелликуланың қалыңдығы 1-10 мкм.
Электронды микроскоппен зерттегенде пелликула үш қабаттан тұрады: екі қабаты кіреукенің бетінде орналасқан, ал үшінші қабат кіреукенің сыртқы қабатында призмалар ұштарының арасына кіре орналасқан. Пелликуланың беті тегіс емес, ұсақ ойықтар және тістіөсікті өсінділері бар.
Пелликула кіреукенің минералсыздануын 4-6 рет төмендетеді. Пелликуланың көп аумағын тіс қағы (налет) немесе тіс шөгіндісі (отложения) жауып жатыр.
Пелликуланың рөлі арқылы: бір жағынан кіреукені қышқылды заттарынан сақтап, қорғаныс қызметін атқарса, екіншіден микрооргнаизмдердің бетіндегі ойық-қуыстарына бекуіне жағдай жасап, тіс қағының немесе тіс тоғасының құрылуына мүмкіндік туындатады.
Тіс қағы.Тіс қағы (зубной налет) немесе тіс тоғасы (зубная бляшка) ақ түсті жұмсақ зат, қалыңдығы 5-тен 200 мкм дейін, көбінесе тістің мойын аймағын немесе барлық беттерін жауып жатады. Тіс қағының құрамына белгілі құрылымсыз органикалық заттар және бактериялар колонияларының шоғыры кіреді.
Тіс тоғасының құрылуы белгілі бір реттілікпен жүзеге асады: 1) бактериялардың тіс пелликуласына бекуі; 2) клеткадан тыс құрылымның (матрикстің) пайда болуы. 3) бактериялардың өсіп көбеюі және тіс тоғасының (қағының) пайда болуы.
Silvestone бактериялардың тіс пелликуласына бекуінің төменгі кезеңдерін ажыратады.
1) микромолекулалардың адсорбциялануы;
2) мобильді (елгезек) бактериялардың химиялық бекуі;
3) беткей аймақта бактериялардың қайтымды тұрақтануы;
4) қайтымсыз тұрақтануы;
5) екіншілік микрофлораның дамуы.
Клеткадан тыс құрылымның (матрикс) пайда болуы микроорганизмдердің қызметіне байланысты және екі құрамнан (компоненттен) тұрады: белоктардан (сілекейдің гликопротеиндері туындылары) және бактериялық экстрацеллюларлық (клеткасырттық) полисахаридтерден.
Белокты компонент микроорганизмдер бөлетін ферменттердің көмегімен сілекейден сиал қышқылдарының шөгуі нәтижесінде құрылады және тіс қағының 10-40% көлемін құрайды. Тіс қағының матрицасы ылғалды гель түрінде құрылады, бактериялардың өсіпкөбеюіне қолайлы орта болып табылады және бактериялардағы зат алмасу өнімдерін сыртқа шығармайтын кедергі болып, оларды бактерияларға қарсы агенттерден қорғайды. Тіс тоғасының көмірсулы құрамын зерттегенде анықталғаны: қақтың құрғақ бөлігінің еритін фракциясында 6,9%, ал ерімейтін фракциясында 11,3% көмірсулар бар.
Тіс қағы сазаразаға бай жұмсақ тағам жеген кезде жылдамырақ құрылады.
Тіс қағында бактериялардың 325 типі орын тепкен, 1 мм3 (1 мг) тіс қағында 200 млн.жуық бактериялар анықталған. Олардың ішінде басым көпшілігі – стрептококтар және олардың әр түрлері: Str.mutans, Str.sanguis және Str.salivarius. оларға анаэробты ашу (іру) үрдісі тән.
Тіс қағындағы ашу үрдісінің белсенділігі тағамдық заттың құрамындағы көмірсулардың мөлшеріне байланысты. Ортаның Рн-ы қанттар ашыған кезде бірнеше минөттің ішінде тез төмендейді (6-дан 4-ке дейін) және бастапқы деңгейіне (Стефан қисықтығы) баяу көтеріледі. Тіс қағында сүт қышқылынан басқа құмырсқа, май, пропион және басқа органикалық қышқылдар құрылады. Бактериялар (микроорганизмдер) сілекейде ұйымдаспаған жағдайда орын тепкен. Егер тістерді тазаламаса, 1-2 тәуліктен кейін беттерінде тіс қағы (өңез) деп аталатын биологиялық жарғақ пайда болады. Тазаланған тіс бетінде бактериялардың бірнеше түрлері ғана колониялар құра алады және бұл үрдіс олардың пелликуламен жабылған тіс бетімен ара қатынасына байланысты. Бактериялардың алғашқы түрлерін колонизациялау пионерлері деп атайды (Axelsson P76 2000).
Тіс бетіне жабыса орын тепкен бактериялар көбейе бастайды және колониялар саны өседі, микробты ортаның ішінде олар бір-бірімен физикалық және физиологиялық қатынасқа түседі.
Осыдан кейін тіс қағының (микробты қақатың немесе микробты тоғаның) құрылу кезеңі басталады және ол бірнеше кезеңнен тұрады:
Бірнеше кезеңі: 1-2 тәулік ішінде қызылиекпен жанасқан тіс беті бактериялар жабады және бұрынғы колонияларға жабысады.
Екінші кезеңі (3-4 тәулік): қақтың сыртқы беті грамоң таяқшалар қабатымен жабылып, қалыңдай түседі;
Үшінші кезеңі (4-7 тәулік): қақ қызылиек астына қарай өтеді, бактериялар мен олардың өміршеңдігінен туындаған заттар қызылиек сайында айналымға түседі.
Төртінші кезең (7-11 тәулік): жаңа бактериялар тобы (спирохемалар және б.) қосылып, қақпен қызылиек сайы толады.
Бұл жетілген қақ, оның консистенциясы қаттылау, бактериялармен шамадан тыс қаныққандықтан, жаңа бактерияларға орын табылмай қалады. Уақыт оза келе бактериялар қызылиек астына (қызылиек сайына) көптеп ауысады және бұл үрдіс арандатушы қасиетке ие болады.
Тіс қағының тістер бетінде, қызылиек сайында шамадан тыс құрылуы тісжегі және пародонт қабынуларының бірден-бір себебі болады деп қорытуға мүмкіндік береді.