Ядрошықтың базофилді болуы … байланысты.

Гистологиядан І аралық бақылауға арналған 90 тест сұрақтары МПІ 1 курс

~ Биопсиялық материалды зерттеу барысында бауыр жасушалары цитоплазмасын жоғары дәрежелі базофилия анықталды. Бұл жасушаларда ... жүріп жатқандығын көрсетеді.

| белсенді белоктар синтезі+

| липидтердің жинақталуы

| заттардың белсенді тасымалы

| сіңірілген заттардың белсенді ыдырауы

| митоздың бөліну процессі

~ Рентген сәулесінің асқын әсері нәтижесінде жасушалар цитоплазмасында ыдыраған белоктар қалдықтары анықталды. Жасушада оларды ыдыратуға ... қатынасады.

| лизосомалар+

| Гольджи кешені

| рибосомалар

| эндоплазмалық тор

| жасушалық орта

~ Жасушаның бөлінуі кезінде ядро қабығы мен ядрошықтың жоқтығы, центриолдердің жасуша полюстерінде орналасқандығы, хромосомалар жіпшелер шумағы түрінде цитоплазмада бос жатқандығы анықталды. Бұл бөлінудің ... сатысына тән.

| профаза+

| метафаза

| телофаза

| анафаза

| интерфаза

~ Ядролық сәуле әсерінен тіндер жасушаларының ядрошықтары зақымдалды. Бұл жасуша цитоплазмасында ... органелласының қалпына келуі бұзылғанын көрсетеді.

| рибосома+

| эндоплазмалық тор

| лизосома

| Гольджи кешені

| микротүтікше

~ Мукополисахаридоз жинақталу ауруларына жатады. Ферменттер тапшылығынан полисахаридтердің ыдырауы бұзылады да, науқастарда олардың несеп арқылы шығуы және жасушалардың ... органеллаларында жинақталуы байқалды.

| лизосома+

| Гольджи кешені

| жасушалық орта

| эндоплазмалық тор

| митохондрия

~Зерттеуші ғылыми тәжірибе кезінде жасушаның бір құрылымын зақымдап алды, оның нәтижесінде жасушаның бөліну қабілеті бұзылды. Бұл құрылымға ... жатады.

| центросома+

| гликокаликс

| Гольджи кешені

| микрожіпшелер

| митохондрия

Пероксисомалардың белгілеу ферменті … болып табылады.

| каталаза+

| сукцинатдегидрогеназа

| қышқылды фосфатаза

| сілтілі фосфатаза

| альдолаза

Секреторлық қосындыларға … жатады.

| ақуыз көпіршіктері+

| меланин

| билирубин

| липофусцин

| лизосома

Хроматидалар … кезінде ажырайды.

| анафаза+

| метафаза

| интерфаза

| профаза

| телофаза

~ Митохондриялардың белгілеу ферменті …

| сукцинатдегидрогеназа.+

| қышқылды фосфатаза.

| сілтілі фосфатаза.

| каталаза.

| гиалуронидаза.

G2- кезеңінде … болады.

| митоз +

| ДНК синтезі

| интерфаза

| метафаза

| цитокинез

Жасушаның пигментті қосындысы … болып табылады.

| меланин +

| гликоген

| секреттік көпіршіктер

| ақуыз түйіршіктері

| липидтер

~ Лизосоманың белгілеу ферменті …

| қышқылды фосфатаза +

| каталаза.

| пероксидаза.

| гиалуронидаза.

| АТФ – аза.

Экскреторлық қосындыларға … жатады.

| қалдық денешіктер +

| май тамшылары

| ақуыз түйіршіктері

| гликоген

| меланин

~ Кариолизис дегеніміз …

| ядроның еруі. +

| ядроның бөлшекке бөлінуі.

| ядроның катаболизмдік үрдісі.

| жасушадан ядроның шығарылуы.

| ядроның бүрісуі.

~ Пиноцитоз дегеніміз …

| микромолекулалар мен судың жасушаға өтуі. +

| Na+ және К+ иондарының жасушаға өтуі.

| макромолекуллар мен бактериялардың жасушаға өтуі.

| метаболиттердің жасушадан шығарылуы.

| Na+ және К+ иондарының жасушадан шығарылуы.

Микробүрлер … атқарады.

| сорылуды +

| басқа жасушалармен араласуды

| қозғалуды

| фагоцитоздауды

| метаболиттердің шығарылуын

Осындыларға … жатады.

| меланин түйіршіктері +

| эндоплазмалық тор

| Гольджи кешені

| митохондриялар

| полирибосомалар

Жасушада улансыздыруды … атқарады.

| пероксисома +

| гиалоплазма

| митохондрия

| ядро қабығы

| түйіршікті эндоплазмалық тор

Ядрошықтың базофилді болуы … байланысты.

| РНК – ға +

| нуклеогистондарға

| ДНК-ға

| нуклеопротеиндерге

| көмірсуларға

~ Қан жағындысында лейкоциттер жалпы санының 0,5% құрайтын, S – тәрізді иілген ядросы бар, цитоплазмасында метахромды боялған түйіршіктері бар жасушалар анықталды. Бұл ерекшеліктер … тән.

| базофильдерге+

| нейтрофильдерге

| эозинофильдерге

| моноциттерге

| лимфоциттерге

~ Қан жағындысын гистохимиялық зерттегенде цитоплазмасында құрамында гистамин және гепарин анықталатын түйіршіктері бар жасушалар байқалды. Бұл ерекшеліктер … тән.

| базофильдерге +

| нейтрофильдерге

| эозинофильдерге

| моноциттерге

| эритроциттерге

~ Адамның сүйектік қызыл кемігінің препаратында синусоидтық капиллярға жанаса орналасқан алып жасушалардың шоғыры анықталды. Бұл жасушалардан кейінірек … пайда болады.

| тромбоциттер +

| эритроциттер

| лейкоциттер

| моноциттер

| лимфоциттер

~ Лейкоциттердің жиынтығы бар пробиркаға микроорганизмдер қоспасын қосты. Микробтарды фагоцитоздау көріністері ... цитоплазмаларында байқалады.

| нейтрофильдер мен моноциттердің +

| лимфоциттер мен базофильдердің

| лимфоциттер мен эозинофильдердің

| моноциттер мен лимфоциттердің

| лимфоциттер мен нейтрофильдердің

~ Қан жағындысын Романовский-Гимза әдісімен зерттегенде 20% үлкен (диаметрлері 20 мкм), дөңгелек пішінді әлсіз базофильді цитоплазмасы мен бүйрек пішінді ядросы бар жасушалар байқалды. Бұл құбылыс клиникалық жағынан ... тән.

| моноцитозға +

| лимфоцитозға

| лейкопенияға

| нейтрофилезге

| ретикулоцитозға

~ Паразиттік аурумен ауыратын (глистік инвазия) науқастың қанында әдетте ... санының жоғарылауы байқалады.

| эозинофильдер +

| лимфоциттер

| моноциттер

| базофильдер

| эритроциттер

Наши рекомендации