Көк-жасыл балдырлар-Cyanophyta
Сабактың максаты: Көк-жасыл балдырлардың түрлері мен көбею ерекшеліктерімен танысу.
Қажетті материалдар: суда өсірілген балдырлары бар және топырак тұнбасы бар стакан.
Жалпы түсінік
Көк-жасыл балдырлар біржасушалы, кауымды, көп жасушалы, жіп тәрізді ағзалар, олардың 1500-2000 дай түрлері бар. Баска балдырлардан жасуша құрылысының ерекшелігі, пигменттерінің құрамы, тіршілік ортасының, өзгешеліктері аркылы айырылады. Жасуша кабыкшасының кұрамында оңай кілегейленетін пектин, тек кейбіреулерінде ғана целлюлоза болады. Жасушасы органоидтарға бөлінбеген. Жасушаларда мынадай қабаттар болады шеткі боялған кабаты - хромотоплазма, ортаңғы түссіз - орталык плазма кабаттары. Хромотоплазма кабатының күрамында жасыл хлорофилл, көк - фикоциан, кызыл - фико-эритрин, кызғылт- сары - каротин пигменттері болады, осыған байланысты олардың түсі көк-жасылдан сарғыш, күлгін, кызғылт, көгілдір, кейде тіпті кара түсті де болады. Орталык плазма бөлімінін аткаратын қызметі жағынан жасуша ядросына жакындайды. Бұл кабатта ядроның күрамына кіретін ДНК элементі бар, ядрода болатын хроматин жіпшелері болады. Жасуша шырыны бар вакуольдері есейген жасушаларда ғана пайда болады. Онын пайда болуы жасуша тіршілігін жоюға әкеп соғады. Оның есесіне көк-жасыл балдырлардын жасушаларында азотпен толы газ вакуолі болады. Қор заты ретінде гликопротеид, волютин және анабенин жиналады. Көк-жасыл балдырлар фотосинтездің нәтижесінде автотрофты және коршаған ортасынан органикалык заттарды сіңіру арқылы гетеротрофты қоректенеді.
Көк-жасыл балдырларда козғалғыш талшыкты кезеңі және жынысгы көбеюі болмайды. Көбеюі бір жасушалы түрлерінде жасушаның тең екіге, кауымдыларында кауымның ыдырауы, жіп тәрізді түрлерінде жіптің үзілуі не гормогонияға (протопластары- ның жинакталып үзілуі) бөлінуі арқылы болады. Эндо- және экзоспоралар аркылы жыныссыз да көбейеді. Арнаулы козғалыс мүшесі болмағанымен, бұларда козғалыс байкалады, ол сырткы мембрана кабатының толкын тәрізді жиырылуы мен кілегейдің бөлінуіне байланысты болуы мүмкін. Көк-жасыл балдырлар екі класқа бөлінеді: хрооккалылар, гормогониялар.
Хрооккалылар - Сһrоососсарһуссае класы. Кластың өкілдері кауымды, сирек бір жасушалы, бос жататын, кей жағдайда субстратқа бекініп тіршілік ететін ағзалар жатады. Қауымы кілегейлі, көпшілік жағдайда кауымды қүрайтын жасушалар ретсіз орналасады, кейде жіптесінді болып келеді. Қауымдары көлемді, не пластинка пішінді. Қауым жасушаларын байланыстырып тұратын цитоплазмалар болмайды. Эндоспора, экзоспора және гетероцистері жок.
Хроококкалық - Сһrоососсаlеs катары. Бұл катарға бір жасушалы, кауымды ағзалар жатады. Қауымдағы жасушалар көпшілік уакытта ретсіз орналасады. Жасушаның жай екіге бөлінуі және аналык жасушалардың үсак жасушаларға бөлінуі аркылы көбейеді.
Хроококк - Сһrоососсиs катарының өкілі - хроококк - бір жасушалы, дөңгелек пішінді ағза. /56 сурет/. Кейде жасушалар бөлінгеннен кейін ажырасып кетпей; кілегеймен қорша лып кауым түрінде калып кояды. Бұлар ылғалды топыракты жерлерде, тұщы акпайтын суларда кездеседі.
Гормогониялар - Ноrтоgопорһусеае класы. Бұл класка табиғатта кең тараған жіптесінді көп жасушалы және қауымды ағзалар жатады. Жіптесіңді жасушалары бір-бірімен плазмадесмалар аркылы байланысып жатады да трихомалар түзеді. Трихомалары жалаңаш немесе кілегейлі қынаппен капталған. Гетерецисталары біреулерінде болса, екіңші біреулерінде болмайды. Гормогония сирек споралар аркылы көбейеді. Бір клеткалы организмдердің көбеюі клетканың бірнеше ұсақ бөлшектерге бөлініп кетуінің, ал көп клеткаларының жіптерінің гетероциста немесе маманданбаған өлі клеткалар арқылы үзіліп кетуінің нәтижесінде жүзеге асады. Жіпшенің вегетативтік көбеюге қажетті участогі гормогония деп аталынады.
Осцилляториялык - Оscillаtоrіs қатарының өкілі - осциллятория - оscіllаtоrіа, бұл көп жасушалы тармақталмаған жіптесінді балдыр. /56 сурет А/. Жішпесі бір қатар орналаскан қыска цилиндр пішінді жасушалардан түрады да, жіптері жіңішке келеді. Әрбір жіпшесі ядросыз үсак біртекті жасушалардан және хромотофордан тұрады. Ішкі акшыл бөлігі - орталык плазмасы нуклеии қышқылдарынан, ал сырткы күнгірт кабаты – пигментті /хроматоплазмасы/, цитоплазманың сырткы кабатында гликогеннің ұсақ түйірлері болады.
56-сурет. Көк-жасыл балдырлар: А - осциллятория, Б - лингбия; В Д - носток; В - сырткы түрі, Г -кіші объективпен көрінгендегі көрінісі, Д - жіпшенің үлкен объективпен көрінгендегі көрінісі, Е - анабена, Ж - глеокапса, 3 - ривулярия, И - хроококк, 1 - гетероциста.
Носток -Nostoc әртүрлі және көлемді кауым. Қауым кілегейлі шар пішінді жасушалардың моншак тәрізді гізбектеліп келуінен кұралады. /56 сурет В, Д/. Біркелкі вегетативтік жасушалар- арасында ірі жасуша - гетероцисталар болады. Гетероциста маңындағы тізбектер жеке бөліктерге - гормогониилерге айрылып кетеді, яғни носток осылай вегетативті көбейсді. Носток табиғатта көп тараған. Бұл батпакка айналып келе жаткан көлдерде, акпайтын суларда, шөлді далаларда, кыналардың| арасында әртұрлі пішінді кілегейлі кауым тұрінде жиі кездеседі.
Көк-жасыл балдырлардың анабена - Апаbаепаs, спирулина - sреrиliпа, ривулярия - rivиlаrіа, глеокапса - glеосарsа т.б. өкілдері бар. /56 сурет Б, Е, Ж, 3/.
Тапсырма
1. Топырак тұнбасы бар стакандағы судан уакытша препарат дайындап, осцилятория балдырын тауып, оның жасушаларын қарап, козғалысын бакылап, суретін салу.
2. Балдырлары бар судан препарат дайындап, носток балдырын іздестіріп, көрінген носток балдырынан гетероциста жасушасын көру, суретін салу.
3. Гүл өсіп тұрған кұмыралардың кабырғаларындағы жасыл кабыршактардан препарат дайындап, хроококк балдырының қауымдылығын бакылау, хроококк балдырының суретін салу.
4. Қайгалау сұрактарына жауап бере отырып, салған суретгеріне талдау жасау.
Кайталау сүрактары
1. Көк-жасыл балдырлардың кандай тіршілік түрлері бар?
2. Көк-жасыл балдырлар денесінде каңдай пигменттер кездеседі?
3. Көк-жасыл балдырларда қандай кор заттары жиналады?
4. Көк-жасыл балдырлардың басқа балдырлардан кандай айырмашылығы бар?
5. Гетероцист пен споралар кандай кызмет атқарады және негізгі ерекшелігі неде?
6. Көк-жасыл балдырлардың көбею ерекшеліктері неде?
7. Фотосинтез құбылысы калай жүреді, тіршілік ерекшеліктерін қалай түсіндіруге болады?
Хроококк, осциллятория, носток балдырларының қандай ұксасгыктары және айырмашылыктары бар?
Тәжірибелік сабақ 2. Балдырлар – Аlgае. (2сағат)
Балдырлар – Аlgае.