Оршаған ортаның факторларын мутагендік қауіптілігін анықтаудың қажеттілігін жазыңыз
Оршаған ортаның жаңа факторлары және адаптация проблемаларын сипаттаңыз
Ғылыми-техникалық өрлеу ғасырында қоршаған ортаны қорғау мәселелері қазіргі таңның өткір және көкейкесті мәселелерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта түгелдей дерлік табиғи экожүйелердің антропогенді деградация деңгейінің, масштабының және қарқынының ұдайы өсетіні байқалады. Антропогенді қысымының астында табиғат өз позицияларын көбірек өткізуде. Экожүйелердің басым көпшілігі динамикалық тепе-теңдік жағдайынан шығып қалды. Адамның өзінің тіршілігіне шынайы қауіп қатер туды.
Табиғатқа қатер төндіретін факторлар
· Жер бетіндегі халықтың өсуі
· Жаһандық жылыну
· Озон қабатының жұқаруы
· Тіршілік ету ортасының күйреуі және өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің құрып кетуі
· Ауаның ластануы
· Судың ластануы
· Жер асты суларының сарқылуы және ластануы
· Химиялық өндіріс және оған байланысты қауіп - қатерлер
· Экологиялық нәсілшілдік
· Энергетика
оршаған ортаның факторларын мутагендік қауіптілігін анықтаудың қажеттілігін жазыңыз
Мутагенді факторлар. Мутагенді факторлар немесе мутагендер - мутация санын арттыратын химиялық немесе физикалық әсер. Мысалы, электромагнитті сәуле шығарудың кейбір түрлері физикалық мутаген болатыны бүгінгі күні нақты белгілі. Ультра күлгін, рентген, сондай-ақ радиоактивті сәуле шығарудың барлығы да мәлім. Бұдан басқа мутагенді әсер туғызатын химиялық заттар да, мысалы, азотты кышқыл бар. Қазіргі кезде қоршаған ортаның ластану деңгейінің артуына байланысты адамда және ғаламшарымыздағы өзге ағзада мутагенездің (әсіресе ауру тудыратын ұсақ ағзалардың) кездейсоқ жағдайларға ұшырату қаупі туралы сөз өріс алуда. Тұтастай алғанда мутацияның рөлі өте зор. Ағзаға негативті әсер етуші мутациялардың орасан жиі (шамамен 10 000 есе) кездесетініне қарамастан, олардың тірі ағзалардың жаңа сапалары мен қасиеттерінің пайда болуына бірден-бір қайнар көз екенін атап айтқан жөн. Тірі жүйелер эволюциясының мутациялық үдеріссіз жүзеге асуы мүмкін емес. Бір кезде пайда болған тіршіліктің өзгермей қалуы мүмкін емес. Сондай-ақ тіпті егер мұндай ағзалар өзгеретін қоршаған ортада сақталып қалған күннің өзінде де олар өз көшірмесін ғана ұрпаққа қалдыратын жаңа формаларды ешқашан бере алмас еді. Сондықтан тұқым қуалау ақпаратының берілуі айтарлықтай дәлме-дәл болуы қажет, тіпті болмашы мүмкіндікте өзгеріс болуы тиіс. Тіршілік мутациялары арқасында жер бетіндегі өздерің көріп жүрген әр алуан ағзалар өмір сүруде. Мутагендер физикалық және химиялық факторлар. Олардың әсерінен организмде пайда болатын мутациялар саны табиғи мутациялар санынан көп жоғарылайды. Физикалық мутагендерге иондайтын сәулелердің барлық түрлері, УК-сәулесі, жоғары және төмен температура жатады. Химиялық мутагендерге көптеген алкилдейтін заттар, азот негіздері, кейбір биополимерлер (нуклеин қышқылдары), алкалоидтар т.б. жатады. Мутациялар санын жүздеген есе кобейте алатын мутагендерді
супермутагендер деп атайды. Көбіне мутагендердің канцерогендік және тератогендік қасиеттері болады. Көп елдерде жаңадан түзілетін химиялық қосылыстардың мутагендік касиетін тексеретін арнайы зерттеу орталықтары құрылған. Табиғи өзгерістер (гендегі және хромосомадағы) физикалық және химиялық әсер ету арқылы пайда болады. Мутагендер - мутациялық процестің отуіне әсер ететін заттар. Мутагендерге әсер етуші сыртқы әсерлер физикалық, химиялық және биологиялық (вирустар) факторлар тірі организмдерге әсер етіп мутация жиілігін (әжептәуір жоғарылатады) және спонтандық мутация деңгейін жоғарылатады.
3. Қоғам табиғат жүйесіндегі қарым-қатынасты үйлестіруді сипаттаңыз.Және қазір экологиялық апаттың алдын алу үшін бар мүмкіндіктерді жасау қажет. Осыған байланысты адамзат алдында ерекше маңызды «қоғам-табиғат» жүйесіндегі қарым-қатынасты үйлестіру және оңтайландыру мәселелері тұр. Бұл экологиялық мәселені шешу табиғатты қорғаудың жалпы теориясын және осыған сәйкес мониторинг қызметтерінің кең жүйесін, бірінші кезекте - биологиялық зерттеулерсіз мүмкін емес.Табиғат пен қоғам арасындағы байланыс: қазіргі кезең[Біздің мемлекетіміздің табиғи ортасының үш негізгі ерекшелігі бар.Біріншіден — Қазақстан сияқты үлкен мемлекет үшін табиғат жағдайы соншалықты әр түрлі емес. Қазақстан аумағы түгелдей бір климаттық белдеуде орналасқан.Ландшафтарының (биік таулы белдеуді есептегенде ) 2/3 бөлігін құрғақ су жетіспейтін шөлді жерлер алып жатыр. Қоңыржай белдеудің басқа ландшафтарына қарағанда органикалық заттарды және оттекті аз бөліп шығарады .Екіншіден — үлкен аумақты алып жатқан жерде экологиялық процестерді реттеуші нысан (ірі орман массивтері) жоқ.Орман атмосфераға оттекті ең көп мөлшерде шығарады, ал батпақтармен бірігіп көміртегінен көп жұтатындар.Сондықтан да табиғи ортаны табиғи жолмен тазарту қабілеті өте төмен. Одан бетер қабілетінің төмендеуіне себепші табиғи ландшафтарының бұзылуы.Үшіншіден — Қазақстан аумағының 80%-ы шөлейт, шөл және тау сияқты табиғаттың нәзік кешендері алып жатыр. Бұл жерлер антропогенді процеске сезімтал, тез бұзылып, баяу қалпына келеді. Сондықтан да мемлекетіміздің табиғаты өте тұрақсыз. Бұл жерлерде табиғатты пайдаланудың ұрымтал технологиясын қолданған дұрыс. Сонымен бірге табиғи ортаның қалпына келуіне, әр түрлі қалдықтарды игеруіне мүмкіндік жасау керек.
4. Қоршаған ортаны бақылаудың міндеттерін сипаттаңызБиосфера мен экожүйе жағдайларының өзгеруін арнайы бақылауды ұйымдастыру, шынайы табиғи өзгерістер фонында антропогендік мінездің өзгеруін анықтау үшін қажет. Ю.А. Израэль және бірлескен авторлар (1984) бойынша қоршаған орта жағдайын бақылаудың негізгі міндеттері келесілер болып табылады:
- қоршаған ортаға әсер ететін факторларды және орта жағдайын бақылау;
- қоршаған орта жағдайын нақты бағалау;
- қоршаған орта жағдайының болжамы және осы жағдайды бағалау.
- қоршаған ортаның жағдайын бақылау және үнемі назарда ұстау, ортаны қорғауға бағытталған шараларды тиімді өткізу және өңдеу мониторинг қызметінсіз мүмкін емес. МониторингМониторинг (ағылш. monіtor – қараушы, қадағалаушы, күні бұрын ескерту, сақтандыру)[1] – қоршаған табиғи орта жағдайының антропогендік факторлардың әсер-ықпалынан өзгеруін болжау мен бағалаудың, бақылаудың кешенді жүйесі. Мониторинг термині БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольмдегі конференциясыныңалдында (1972) “бақылау” ұғымына толықтыру ретінде пайда болды. Адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты Мониторингке деген қажеттілік артуда. Мыс., соңғы 10 жылдың ішінде 4 млн-нан артық жаңа хим. қосылыстар синтезделген, жыл сайын 30 мыңдай әр түрлі химиялық заттар өндіріледі. Мониторинг телевизор бейнелеу, фотография, көп спектрлі түсірілім және т.б. әдістер арқылы іске асырылады. Мониторингтің: базалық, ғаламдық, аймақтық, авиацалық, ғарыштық, т.б. деңгейдегі түрлері бар. Базалық Мониторинг – жалпы биосфераның табиғи құбылыстарына бақылау жүргізу. Ғаламдық Мониторинг – Жер биосферасы мен оның экосферасындағы жалпы әлемдік процестер мен құбылыстарды бақылау. Аймақтық Мониторинг – белгілі бір аймақтағы экологиялық процестер мен құбылыстарды бақылау. Авиациялық Мониторинг – экологиялық процестерді әуеден ұшақтар, тік ұшақтар және ұшатын аппараттар арқылы бақылау. Ғарыштық Мониторинг – экоқұбылыстарды ғарыштық құралдардың көмегімен бақылау. Бұл қоршаған ортаның өзгеру өзгешелігі мен ластану ошағын жедел анықтауға; экологиялық өзгерістің амплитудасы мен ондағы қарқынды процестерді бақылауға; техногендік жүйелердің бір-біріне әсер ету әрекетін анықтауға мүмкіндік береді.