Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Әріппен белгіленген баға | Бағаның цифрлік эквиваленті | Пайыздық мөлшері | Дәстүрлі түрде бағалау |
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | Қанағаттанарлық |
C | 2.0 | 65-69 | |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 50-54 | ||
F | 0-49 | Қанағаттанарлықсыз |
Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
Бағаланатын бағдар (позиция) | 1-8 аптадағы бағалау мөлшері | 9-15 аптадағы бағалау мөлшері | Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері | Электронды журналға балл қоюдың кезеңі |
Ағымдық бақылау | Әрбір бағалауға 100 баллдан | Апта сайын (бірінші аптадан басқа) | ||
СӨЖ | Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан | 4,7,11, 14 апталарда | ||
Аралық бақылау | Әр аралық бақылауға 100 баллдан | 8 және 15 аптада | ||
Кіру рұқсатының рейтенгісі | R1 | 8 апта | ||
Кіру рұқсатының рейтенгісінің | R2 | 15 апта | ||
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі | R= (R1 + R2)/2 | 15 апта | ||
Емтихан | Е | 16-19 апта | ||
Қорытынды баға | І = R*0.6+E*0.4 |
Баға қоюдың критерилері
Бақылау түрі | Максималдық баға | Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі |
Ағымдық бақылау: Қатысу: 1сағат – 5 балл Үй тапсырмасын орындауы Практикалық сабақтың орындалуы Белсенділігі (лекция барысындағы жауаптары, т.с.с.) | Әр аптада | |
СӨЖ 1 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 | 4- апта | |
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 | 7- апта | |
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 | 11- апта | |
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 | 14-апта | |
Аралық бақылау 1: Коллоквиум Сұрақ 1 – баға 1 Сұрақ 2 – баға 2 Сұрақ 3 – баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 | 8 - апта | |
Аралық бақылау 2: Бақылау жұмысы Есеп 1 Есеп 2 Есеп 3 Есеп 4 Есеп 5 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3+баға4+баға5)/5 | 15 - апта |
Лекция кешені:
Лекция
Дәрістің тақырыбы:Кіріспе.ЭМБРИОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Жоспар
1.Қысқаша тарихи мәліметтер
Эмбриология (гректің embryon – ұрық, logos - ғылым) ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым. Адам мен жануарлар ұрығының құрылысы жөніндегі мағлұматты көне Индия, Қытай және Египет ғалымдарының шығармаларынан кездестіреміз.
Көне Грецияның ғалымдары (Эппидокл, Анаксагор, Демокрит, Плутарх, Гипократ т.б.) пайда болу мен эмбриондық даму фактілерін түсіндіруге әрекет істеген. Бұл ғалымдардың көзқарастары анайы – материалистік болған. Эмбриондық дамуды жүйелі зерттеу XVII ғасырдан басталады. Италиялық ғалым Фабриций адамның және түрлі жануарлардың – қоянның, теңіз шошқасының, иттің, мысықтың, қойдың, шошқаның, жылқының, сиырдың т.б. ұрықтарын зерттеген. Жеке органдардың қалыптасу әдістері мен олардың пайда болу кезеңі жөніндегі өз пікірін баяндаған Декарттың «Жануардың қалыптасу жөнінде» (1648) деген кішкене трактатында атаған орнынды.
Эмбриология тарихындағы маңызды кезең «Жанурлардың пайда болуы жөнінде» (1651ж.) деген В.Гарвейдің кітабынан басталады. Ол бұл еңбегінде ұрықтың даму процесінде органдардың жаңадан пайда болу мәселесін қарастырған, эмбриогенез жөніндегі кейбір ескі көзқарастарды да санаған. «Тірінің бәрі жұмыртқадан дамиды»,-деген афоризм де В.Гарвейдікі.
Левенгук пен Гам жануарлар шәуетіндегі (спенрмдағы) сперматозоидтарды көрген. Анатом М.Мальпиги 1672жылы тауық ұрықтарын жазып, суретін салған, бірақ оның бұл еңбегінің тарихи ғана маңызы бар. Мальпиги профармация теориясын шығарған. Бұл теория ересек адамға тән ұрықта та болады, даму кезінде олар сапалық өзгерістерге ұшырамастан сандық жағынан өркендейді деп түсіндіреді. Преформизиді қуаттаушылар Джузеппе Ароматари, Сваммердам, Левенгук, Бонне, Галлер т.б. Преформизмді қолдаушылар екі лагерге бөлінген: овистілер (Сваммердам т.б.) мен анималькулистлер (Левенгук т.б.) болып. Біріншілері, ұрық жұмыртқада, екіншілері сперматозоидта болады деп түсінген. Профермизмге қарсы көзқарас – эпигенетика. Эпигенетикалық көзқарастың механикалық түсіндірмесін XVII ғ. Декерт қалыптастырған. Эпегенетикалық терорияға Гарвейдің көзқарасы жақын болған, бірақ ол эпигенді виталистік тұрғыдан түсіндірген. Эпигенетиктер мен преформистер арасындағы таласты шешуде және эмбриологияны ғылым ретінде қалыптастыруда С.-Петербург Ғылым академиясының кейін академигі болған К.Ф.Вольфтың «Дүниеге келу теориясы» (1759ж.) деген жұмысының маңызы ерекше болды. Жануарлар мен өсімдіктердің дамуын зерттеу үшін Вольф микроскопты қолданған және ұрықтың жеке органдарының пішінін, пайда болу уақытын т.б. зерттеген. Вольфтың пікірі бойынша, органдар бір мезгілде емес кезекпен гомоендік субстанциядан дамиды. К.Вольфтың пікірлері жаңа және антиметафизикалық бағытта болғандықтан, XVIIІ ғ. кең тарамаған. К.Ф.Вольфтың зерттеулерін онан әрі жалғастырған Х.И.Пандер мен К.М.Бэр. Падер тауық ұрығының екі қабаттан: сыртқы – серозалық, ішкі – кілегеә қабаттан тұратынын, кейін бұл қабаттарға тамырлы қабаттың қосылатынын анықтады. Пандердің пікірі бойынша блатодерманың бұл қабаттарынан ұрықтың түрлі органдары мен төл қабықшалары пайда болды. Сонымен, преформация теориясына бірінші болып күмән туғызған К.Ф.Вольф болатын.
Қазіргі эмбриологияның негізін қалаушы К.М.Бэрдің сүтқоректілер мен тауық ұрықтарының дамуын егжей – тегжейлі эерттеудің нәтижесінде жазған «Жануарлар дамуының тарихы» деген (1828ж. шыққан) еңбегі әлемге белгілі . К.М.Бэр «Ұрықтық ұқсастық» жөніндегі ілімді шығарған. Ол екі алғашқы жапырақшаларды – анимальдық және вегетативтік жапырақтарды ажыратқан. Бэр бойынша, анимальдық жапырақша дамуының аяқ кезінде жабындыны, нерв системасын және сезім органдарын беретін тері қабатына және бұлшық ет пен сүйектерді құраушы бұлшық еттік қабатқа бөлінеді. Вегетативтік жапырақша мезентерий мен тамырларды беретін тамырлы қабат пен кілегей қабатқа ажырайды. Осы қабаттардан тұрақты органдарға айналатын алғашқы органдар пайда болады. Бэр көптеген жаңалықтар ашты. Олардың бірі – адам мен тауық ұрықтарының хордасы, ұрықтық ұқсастық заңы. Бұл зан бойынша ұрықта алдымен типтің, сонан кейін кластың, туыстың, түрдің ең ақырында организмнің өз белгілері пайда болады. Бэрдің еңбегі қаншама көп болғанмен ол бірізді эволюционист болған жоқ. Эволюциялық эмбриологияның негізін қалғандар А.О.Ковалевский мен И.И.Мечников. жануарлардың барлық типтерінің эктодермасын және мезодермасын байқаған да А.О.Ковалевский. Бірақ та термидтерді енгізген Э.Геккель болатын. Дарвиннің пікірлері мен Меккель және Бэр еңбектері Ф.Мюллер мен Э.Геккельге биогенетикалық заң деп аталған заңдылықты қалыптастыруға негіз болған. Бұл заң бойынша, онтогенез филогенездің қысқаша қайталамасы. Онтогения мен филогенетикалың арақатынастары жөніндегі пікір эмбриологияның дамуына үлкен әсерін тигізді. Бұл ілімге А.Н.Северцовтың қосқан үлесі зор. А.Н.Северцов филоэмбриогенез теориясын қалыптастырған. П.П.Иванов организдердіңметамериялық құрылыс теориясының авторы. Г.Қ.Шмидт омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың эмбриондық дамуын зерттеп, эмбриологияның дамуына елеулі үлес қосқандардың бірі. Қазақстан эмбриологтары пофессор И.Чагиров пен профессор Қ.Беймұхамбетовтың және т.б. эмбриология ғылымына қосқан еңбектері аз емес.
Эмбриологияның зерттеу әдістері тірілей байқау, микрокиноға түсіру, электрондық микроскопия, радиоавтография әдісі т.б.
Лекция