Тақырыбы: Тұқымқуалаушылықтың молекулалық негіздері. Нуклеин қышқылдары. Геннің молекулалық биологиясы

5.2. Мақсаты: студенттерде ағза қызметінің негізгі молекулалық-генетикалық және жасушалық механизмдері, тұқым қуалау материалының құрылысы,қызметі мен құрылымдарының молекулалық деңгейі (ДНҚ).Геннің құрылысы және қызметі жайлы заманауи көзқарастарды қалыптастыру.

5.3. Дәріс тезистері:

5.3.1. Молекулалық биология және генетиканың медицинадағы рөлі және маңызы.

5.3.2.Нуклеин қышқылдары – жіктелуі, құрылысы, қызметі.

5.3.3. Геннің анықтамасы, жіктелуі.

5.3.4. Про- және эукариот гендерінің құрылысы. Геннің реттеуші және кодталатын суббірліктері, құрылысы, қызметі.

5.3.5. Реттеуші қатарлар, қызметі.

5.3.6. Кодтаушы қатарлар (кодондар), қызметі.

5.3.7. Эукариот гендерінің экзон – интрондық құрылысы.

5.3.8. Мутон, рекон, цистрон жайлы түсініктер.

Молекулалық биология және генетика тірі ағзалардың генетикалық материалының (ДНҚ) құрылымы мен қызметін молекулалық, гендік, геномдық, хромосомдық және популяциялық деңгейде зерттейді.

Молекулалық биология – биология ғылымының алдыңғы қатарлы, ең бір қарқынды дамып келе жатқан ғылымдарының бірі.

Тірі ағзалардың барлық жасушаларындағы тұқым қуалау материалын тасымалдаушы нуклеин қышқылдары (НҚ) болып табылады. Бұлар молекулалық массасы өте үлкен күрделі биополимерлер. НҚ монөмерлері нуклеотидтер болып табылатындықтан да НҚ полинуклеотидтік тізбек түзеді. Әрбір нуклеотидтің құрамына: бес көміртекті моносахарид (пентоза), фосфор қышқылының қалдығы және азотты негіздер аденин (А), тимин (Т), гуанин (Г), цитозин (Ц), урацил (У) кіреді. Екі азоттық негіздер пуриндер (А және Г), ал үшеуі (Т,У, және Ц) пиримидиндер класына жатады.

Фосфор қышқылының қалдығы пентозаның 3′-көміртегімен, ал азоттық негіздер көміртегінің 1′ атомымен байланысады. Нуклеотидтер бір-бірімен тізбектеліп бір нуклеотидтің фосфорлық тобы екінші бір нуклеотидтің дезоксирибозасымен ковалентті байланысады. Нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі жағынан ажыратылатын екі түрі бар: ДНҚ және РНҚ.

Молекулалық-биологиялық көзқарас бойынша, ген реттеуші және кодтаушы бөлімдерден тұратын ақуыз өнімі - полипептид синтезін бақылайтын құрылысы күрделі ДНК бөлігі болып табылады. Геннің бойында бір полипептидтік тізбектің синтезін бақылайтын және көптеген мутация және рекомбинация (мутон және рекон) сайттарынан тұратын бірнеше функционалдық бірлік – цистрон болады.

Геннің кодталатын бөлігінің функционалдық белсенділігіне әсер ететін реттеуші гендер қатары, эукариоттарда кодталмайтын (интрондар) және мағыналы қатарлар (экзондар) болады.

Гендер құрылымдық және реттеуші деп ажыратады. Құрылымдық гендер құрылымдық ақуыздар мен ферменттердің синтезін бақылайды. Реттеуші гендер құрылымдық гендердің белсенділігіне әсер ететін ақуыздардың синтезін бақылайды.

5.4. Көрнекілік материал:1-мультимедиялық дәріс, тақырып бойынша бейнефильмдер.

5.5. Әдебиеттер:

Негізгі:

5.5.1. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. 638 с.

5.5.2. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М.: Медицина, 2003. 446 с.

5.5.3. Медициналық биология және генетика. Е.Ө. Қуандықовтың ред. Алматы, 2004. 427 б.

5.5.4. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы).

Алматы: Эверо 2008. 224 б.

5.5.5. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. Алматы,

2006.

5.5.6. Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. Алматы, 2002.

5.5.7. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006. 320 б.

5.5.8. Муминов Т.А., Куандыков Е.У. Основы молекулярной биологии (курс лекций). Алматы: Эверо, 2009. 208 с.

5.5.9. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003. 544 с.

5.5.10. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. М., 2003. 272 с.

5.5.11. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012. 112 б.

Қосымша:

5.5.12. Введение в молекулярную медицину. Под ред. Пальцева М.А. М., 2004.

5.5.13. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л. Ньюссбаум, Родерик Р, Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. акад.РАМН Н. П. Бочкова. М.,ГЭОТАР-Медиа, 2010. 620 с.

5.6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

5.6.1. Адамның тұқым қуалайтын ауруларының молекулалық негіздері және даму механизмдері.

5.6.2. Тұқымқуалаушылықты қамтамасыз етудегі нуклеин қышқылдарының рөлі.

5.6.3. ДНҚ және РНҚ құрылысы.

5.6.4. ДНҚ және РНҚ қызметі.

5.6.5. Геннің құрылысы және қызметі жайлы заманауи көзқарастар.

5.6.6. Гендердің жіктелінуі.

5.6.7. Геннің реттеуші бөлігінің құрылысы және қызметі.

5.6.8. Геннің кодтайтын бөлігінің құрылысы және қызметі.

5.6.9. Экзон деген не?

5.6.10. Интрон деген не?

5.6.11. Мутон, рекон, цистронның анықтамалары.

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
Тұқымқуалаушылық Наследственность Heredity
Биополимерлер Биополимеры Biopolymers
Нуклеин қышқылдары Нуклеиновые кислоты Nucleic acids
Нуклеотид Нуклеотид Nucleotide
ДНҚ ДНК DNA
РНҚ РНК RNA
Пурин Пурин Purine
Пиримидин Пиримидин Pyrimidine
Пентоза Пентоза Pentose
Нуклеозид Нуклеозид Nucleoside
Чаргафф ережесі Правило Чаргаффа Chargaff's rules
Ген Ген Gene
Ақуыз Белок Protein
Фермент Фермент Enzyme
Полипептидтік тізбек Полипептидная цепь Polypeptide chain
Цистрон Цистрон Cistron
Мутон Мутон Muton
Рекон Рекон Recon
Реттеуші қатарлар Регуляторная последовательность Regulatory sequences
Кодтаушы бөлік Кодирующий участок Coding region
Экзон Экзон Exon
Интрон Интрон İntron
Промотор Промотор Promoter
Оператор Оператор Operator
Аттенуатор Аттенуатор Attenuator
Энхансер Энхансер Enhancer
Сайленсер Сайленсер Silencer
Терминатор Терминатор Terminator
Модификаторлық гендер Гены модификаторы Modifier genes
Супрессорлық гендер Гены супрессоры Suppressor genes
Леталды гендер Летальные гены Lethal genes
Сублеталды гендер Сублетальные гены Sublethal genes
Нейтралды гендер Нейтральные гены Neutral genes

Дәріс

Наши рекомендации