Мемлекеттік сорт сынау және сорттар мен будандарды аудандастыру.
1. Мемлекеттік сорт сынаудың міндеті мен түрлері
2. Сорт туралы түсінік және оларға қойылатын талаптар
3. Жаңа сорттарды мемлекетік сорт сынауға енгізу тәртібі
Мемлекеттік сорт сынаудың міндеті - ауыл шаруашылығындағы дақылдардың барлық сыналатын сорттары мен будандарын аудандастыру және өндіріске енгізу.Сорт сынау телімдері мен сорт сынау станцияларының жүйелері топырақ – клиамат жағдайларының барлық түрлерін қамтиды.Жұмыстарының түріне қарай мемлекеттік сорт сынау телімдері мынадай түрлерге бөлінеді:егістік дақылдарының телімдері;көкөніс дақылдарының телімдері.Көптеген сорт телімдерінде дәнді дақылдар сорттарына өсімдіктердің татпен,шаңмен,қаракүйемен жасанды зақымдауы кезеңінде бағалайды.
Мемлекеттік сорт сынау кезінде сорттардың агротехникасына көп көңіл бөлінеді.500-ден аса сорт сынау телімдері мен сорт сынау станцияларының болашағы бар және аудандастырылған сорттарды ауыспалы егістің әр түрлі алғы дақылдарының себу мен қоректендіруі,себу мерзімдерін,тыңайтқыштардың зерттеу нормаларын анықтайды.
Сорт сынау мен жаңа сорттарды көбейту үшін,шаруашылықты тұрақты жер телімін бөледі,оған өзінің ауыспалы егісін енгізеді.Барлық жұмысты ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткенбірыңғай әдіс бойынша жүргізіледі.Сыналатын сорттарды осы облыстағы ең жақсы аудандастырылған сортпен салыстырады,ол сорт бақылаушы қызметін атқарады.Тәжірибелердегі қайталау – төрт алты дүркін.Мөлдектің есептеу алаңы қағида бойынша 100 м 2.Шағын габаритті техниканы пайдаланған кезде мемлекеттік сорт сынау әдістемесі дақылдардың қатары бойынша мөлдектер мөлшері 25,тіпті алты дүркін қайталану кезінде 10 м2 дейін қысқартуға мүмкіндік береді және мемлекеттік сорт сынауға берілетін жаңа сорттарды бір мезгілде,ірі топырақ – климаттың барлық сынау телімдерін тез сынауға мүмкіндік береді.Сорттар шаруашылық – биологиялық қасиеттерінің жиынтығы бойынша былай бағаланады:өнімділігі,тыңайтқыштарға реакциясы,өнім сапасы,аурулар мен зиянкестерге төзімділігі,механизацияны пайдалануға жарамдылығы.Сорттарды бағалау әдісі әр жыл сайын жетілдіріліп отырады.
Сорт сынау әрбір сорт сынау теліміне 3 жылдан кем болмайды.Негізгі сот сынаумен бір мезгілде мөлдектерде ең жақсы,анағұрлым болашағы бар сорттарды 2 – 3 жыл ішінде өндіріс жағдайларына сынайды.Бұдан кейін бағалы сорттарды ауданджастырады,ал болашағы жоқ әрі қарайғы сынаудан алып тастайды.Кейбір ерекше жағдайларда бағалы сорттар екі жылдық сынаудан кейін аудандастыруға рұқсат етіледі.
Өндіріс үшін болашағы бар сорттардың жарамдылығын дұрыс және тез анықтау үшін өндірістік сорт сынау жолымен жүргізілуі мүмкін Мөлдектерге бір – екі жылдық сорт сынау мәліметтері бойынша сот сынау телімдері өз аумағының шаруашылықтарында жаңа болашағы бар сортты аудандастырылған стандартты сортсенсалыстыра отырып сынауды ұйымдастырады.Дәнді дақылдар үшін мөлдек алаңы 2 – 4,катоп үшін 1 – 2 гектар болады.Сорт сынау телімдерінің басым көпшілігі төңірегіндегі шаруашылықтар үшін,егіншілік мәдениетінің үлгісі қызметін атқарады.
Сорт сынау мекемелері жаңа болашағы бар сорттың тұқымдарын көбейтеді және оларды өздерінің аумағында тұрған шаруашылықтарға,сондай – ақ қатар орналасқан шаруашылықтарға егу үшін береді.
Бір облыстағы аудандастырылған сорттардың саны туралы мәселе өте маңызды.Әр жылдары,сондай – ақ әр түрлі облыстардың,аудандар мен шаруашылықтардың ішінде қашанда әркелкі жағдайлар қалыптасады.Сондықтан,бір облыста немесе аймақта биологиялық даму кезеңі әр түрлі,бір – бірін қайткендеде толықтыратын сорттарды аудандастыру пайдалы ғана емес,қажетті де.
2.Өсімдіктерді жүйелеуде «форма» және «сорт» бір ұғымды білдіреді.Алайда,сорттар мен ботаникалық формалар арасында түбірлді өзгерістер бар.
Сорт деп,селекция тәсілімен алынған морфологиялық,биологиялық және тұқым қуалау ерекшеліктерімен шаруашылыққа құнды белгілері бар мәдени өсімдіктің жиынтығын айтады.
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары шығу тегі бойынша жергілікті және селекциялық болып бөлінеді.
Жергілікті сорт деп,дақылдардың нақөты бір жерде өсірілуіне орай ұзақ,табиғи және жасанды сұрыптаудың қарапайым әдістерімен жасалған сорттарды айтады.
Селекциялық сорт деп,селекциялық ғылыми әдістері негізінде ғылыми – зерттеу мекемелерінде шығарылған сорттарды айтады.
Сорттардың шығу тәсілі бойынша сорт- популяция,линиялық,сорт- клон,буданнан шыққан сорт,мутант сорты болып бөлінеді.
Осы заманғы ауыл шаруашылық өндірісі сорттарына жоғары талаптар қойылады.Олрадың маңыздылары мыналар:
1.Жыл сайын жоғары және тұрақты өнім беру.
2.Кеткен шығынды ақтауы керек
3.Даму барысында ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімді болу.
4.Аурулар мен зиянкестерге төзімді болу керек.
5.Механикалық баптауға икемділігі.
6.Өнімнің жоғары сапасы
3.Егер селекциялық – тәжірибе мекемесінде жаңа шығарылған сорт өзінің өнімділігі мен сапасы жөнінен ең жақсы аудандастырылған сорттан асып түссе,онда ол мемлекеттік сортт сынауға берілуі мүмкін.Сонымен бірге тағы да мынадай негізгі бағалы шаруашылық белгілерімен биологиялық қасиеттеріне ерекше назар акдарылады:өнімнің сапасы мен өнімділігі,қысқы суыққа,құрғақшылыққа төзімділігі,интенсивті технология бойынша егіп өсіруге жарамдылығы.
Жаңадан шығарылған сорттарды ғылыми – зерттеу мекемесі үш жылдық конкурстық сорт сынау мен бір – екі жылдықөндірістік сорт сынауға береді.Жаңа сортты мемлекеттік сорт сынауға бергенде белгіленген үлгі бойыншаоған сипаттамаұсынылады,онда сынау нәтижелері келтіріледі және сорттың агтотехнакаға қоятын талабы көрсетіледі.
Ғылыми – зерттеу мекемесі жаңа сортты мемлекеттік сорт сынауға берген кезде бірнеше сорт сынау телімдеріне жіберу үшін өндірістік сорт сынауға қажетті оның тұқымдарының белгі қорын жинау қажет.Бірінші жылғы барлық сот телімдері жаңа сорт тұқымын оны шығарған ғылыми – зерттеу мекемесінен тікелей алады.Кейінгі жылдары өздігінен тозаңданатын сорттардың тұқымын сорт сынау телімдерін өсіреді.Айқас тозаңданатын дақыл сорттың тұқымдарын сорт сынау телімдері жыл сайын өз облысының селекциялық – тәжірибе мекемелерінен алынады. Немесе оларды көбейту жұмысы сорт сынау телімдерінің бірінде ұйымдастырылады.Әрбір сорт сынау учаскесі барлық сыналатын сорттардың өзінің тұқымдық және қамсыздандару қорларын жасайды.
Мемлекеттік сорт сынау жүйесінің жұмыстары сорттардың егілетін аудандарын белгілеумен және оларды аудандастырумен аяқталады.
Бақылау сұрақтары:
1.Мемлекеттік сорт сынаудың міндетін ата.
2.Сортқа қойылатын талаптар
3.Жаңа сорттарды мемлекеттік сорт сынауға енгізу тәртібі қандай?
Дәріс №11