Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
№ | Тақырыптары | Тапсыру түрі | Бақылау кестесі | Сағат саны |
№1 - кредит | V семестр | |||
Гемпротеиндердің, гликопротеиндердің және нуклеопротеиндердің құрылысы мен биологиялық функциялары. | Реферат Презентация Глоссарий | 1-2 апта | ||
Жеке нәруыздар құрылысының ерекшеліктері. Доменді және фибриллярлы ақуыздардың құрылысының ерекшеліктері және биологиялық маңызы. | Реферат Презентация Глоссарий Кроссвордтар | 2 апта | ||
Коферменттердің құрылысы мен биологиялық функциясы. Медицинадағы ферменттер. Тұқым қуалаушы энзимопатиялар. | Реферат Презентация Глоссарий | 3 апта | ||
Нуклеин қышқылдарының құрылысы мен биологиялық функциялары. Генетикалық мәліметтің берілу жолдары. ДНҚ биосинтезі (репликация). Гендік инженерия және оның медицинадағы маңызы. | Реферат Презентация Кроссвордтар НҚ формулаларын жазу | 4 апта | ||
Транскрипция мен трансляцияның молекулалық негіздері. Эукариоттар мен прокариоттардағы нәруыз биосинтезінің реттелуі. Мутациялар және молекулалық патологиялар. | Реферат Презентация Глоссарий | 5 апта | ||
Тиімді қоректенудің биохимиялық негіздері. Қоректік заттар катаболизмінің жалпы жолдары. Адам тағамының органикалық және минералды компоненттерінің биологиялық маңызы. | Реферат Презентация Мылқау картамен жұмыс | 6 апта | ||
Аралық бақылау. | Коллоквиум: ауызша және жазбаша сұрау, тестілеу | 7 апта | ||
Барлығы: 28 сағат | ||||
№ 2 - кредит | V семестр | |||
Трансмембранды тасымалдаудың кинетикасы. Биомембрана арқылы заттардың тасымалдану жолдары. Тотығып фосфорланудың ажыратқыштары мен тежеушілері. Митохондрийден тыс НАДН2 тотығуы. | Реферат Презентация Глоссарий Мылқау картамен жұмыс | 8 апта | ||
Аэробты және анаэробты энергия түзілу жолдарының өзара байланыстылығы. Фотосинтездеуші организмдегі энергияның түзілуі. | Реферат Презентация Глоссарий Шағын топпен жұмыс | 9 апта | ||
Витаминнің жетіспеушілігі. Гипо-, гипер- және авитаминоздар. Суда еритін витаминдердің коферменттік функциялары. | Реферат Презентация (G-Global плат-формасында жұмыс – оқытушымен бірге ком-ментарий жасау) | 10 апта | ||
Тағамда және суда жетіспейтін микроэлементтермен байланысты болатын регионарлық патологиялар. Микроэлементоздар. | Реферат Презентация (G-Global плат-формасында жұмыс – оқытушымен бірге ком-ментарий жасау) | 11 апта | ||
Адам тіндерінің негізгі көмірсуларының құрылысы мен биологиялық рөлі. Гликолиздің және глюкозаның пентозафосфаттық жолмен ыдырауының өзара байланысы. | Реферат Презентация Көмірсулардың формулаларын жазу Мылқау картамен жұмыс | 12 апта | ||
Глюконеогенез және гликолиздің өзара байланысы. Гликогеннің биосинтезі, оның фосфоролиз және амилолиз жолдарымен ыдырауы. | Реферат Презентация Глоссарий Шағын топпен жұмыс | 13 апта | ||
Көмірсу алмасуының бұзылуына байланысты болатын патологиялар. Моносахаридтердің және дисахаридтердің алмасуының тұқым қуалаушылық бұзылулары. | Реферат Презентация Глоссарий | 14 апта | ||
Аралық бақылау. | Коллоквиум: ауызша және жазбаша сұрау, тестілеу | 15 апта | ||
Барлығы: 32 сағат | ||||
№ 3 - кредит | VІ семестр | |||
Тін липидтерінің құрылысы мен биологиялық функциялары. Өт қышқылдары және олардың рөлі. Қандағы тасымалдаушы липопротеиндердің құрамы, құрылысы және физиологиялық рөлі. | Реферат Презентация Глоссарий Өт қышқылдарының формулаларын жазу | 1 апта | ||
Организмдегі холестериннің тасымалдануы. Организмнен холестерин мен оның метаболиттерінің шығарылуы. Гиперхолестеринемия және өт-тас ауруы дамуының механизмдері. | Реферат Презентация Глоссарий Холестериннің формулаларын жазу Кроссвордтар | 2 апта | ||
Тақ санды май қышқылдарының тотығуының ерекшеліктері. Липидтердің алмасуының патологиясы. Атеросклероз биохимиясы. Атеросклерозды және гиперхолестеринемияны емдеудің биохимиялық негіздері. | Реферат Презентация Кроссвордтар | 3 апта | ||
Тіндердегі нәруыздардың амин қышқылдарына дейін ыдырауы. Фенилаланин, тирозин, глицин, серин және пролин алмасуының ерекшеліктері. Аммиакты залалсыздандыру жолдары. Креатиннің, медиаторлардың, гистаминнің, γ-аминомай қышқылының (ГАМК) және катехоламиндердің амин қышқылдарынан түзілуі. | Реферат Презентация Глоссарий Мылқау картамен жұмыс | 4 апта | ||
Биогендік аминдер. Биогенді аминдердің тотығуы және моноаминоксидазаның (МАО) тежеушілері. Қабынудың және аллергиялық реакциялардың дамуындағы гистаминнің рөлі. Антигистаминдік препараттар. | Реферат Презентация Биогенді аминдердің түзілу реакциясының схемасын жазу. | 5 апта | ||
Амин қышқылдарының дәрілік препараттар ретінде қолданылуы. Организмдегі амин қышқылдарының алмасуының реттелуі. Пуриндік және пиримидиндік негіздерінің алмасуының патологиясы. | Реферат Презентация Глоссарий Алмасу реакцияларының схемасы | 6 апта | ||
Хромопротеиндердің алмасуы.Гемпротеиндердің синтезі мен ыдырауы. Өт пигменттерінің алмасуының патологиясы. Гемоглобиннің қалыпты және патологиялық түрлері. Бауырдағы билирубинді заласыздандыру жолдары. | Реферат Презентация Глоссарий | 7 апта | ||
Аралық бақылау. | Коллоквиум: ауызша және жазбаша сұрау, тестілеу | 8 апта | ||
Барлығы: 32 сағат | ||||
№ 4 - кредит | VІ семестр | |||
Гипоталамус және гипофиз гормондары. Глюкагон мен инсулиннің әсер ету механизмдері және ұйқы безінің гормондық қызметінің бұзылуы. Кортикостероидтық гормондар. | Реферат Презентация Глоссарий | 9 апта | ||
Көмірсулар, липидтер және амин қышқылдары метаболизмінің гормондық реттелуі. Фосфат-кальций алмасуының гормондық реттелуі. Тұз-су алмасуы. | Реферат Презентация Глоссарий Кроссвордтар | 10 апта | ||
Эритроциттер мен лейкоциттер метаболизмінің ерекшеліктері. Қан ұюының биохимиясы. Гомеостаздың реттелуі. Организмдегі темірдің алмасуы. | Реферат Презентация Глоссарий Кроссвордтар | 11 апта | ||
Бұлшық ет биохимиясы. Жүйке ұлпасының биохимиясы. Жүйке тінінің жасушалары алмасуының ерекшеліктері. | Реферат Презентация Глоссарий Кроссвордтар | 12 апта | ||
Табиғи және бөгде заттардың тотығуының монооксигеназды тізбегі. Липидтердің пероксидтық тотығуы. | Реферат Презентация Глоссарий Кроссвордтар | 13 апта | ||
Химиялық канцерогенездің негіздері. Биотрансформация өнімдерін анықтаудағы ксенобиотиктер метаболизмін және дәрілер айналуындағы қатысатын ферменттердің активтілігін зерттеу әдістері. Фармацевтикалық биохимияның медицинадағы рөлі. | Реферат Презентация (G-Global плат-формасында жұмыс – оқытушымен бірге ком-ментарий жасау) | 14 апта | ||
Аралық бақылау | Коллоквиум: ауызша және жазбаша сұрау, тестілеу | 15 апта | ||
Барлығы: 28 сағат | ||||
Жалпы сағат саны: 120 сағат |
*Ескерту: Студенттерге СӨЖ тақырыбы оқытушының қалуымен беріледі.