Сұрыптау және селекциялық материалдарды бағалау әдістері.
Жоспар:
1. Селекциялық материялдар.
2. Материялдарды бағалау тәсілдері.
Селекциялық материал деп барлық селекциялық жұмыс процесінде алынған белгілерімен сорттарды айтады.
Сорттық немесе селекциялық номірдіңбасты корсеткіші-олардың өнімділігі мен сапасы. Бұл өте күрделі көрсеткіштер болып табылады.
белгілі бір климаттық жағдайға байланысты жүргізіліп жатқан селекциялық жұмыстың барысында сол дақылдың өнімділігімен сапасының қандай болатынын селекционер алдын ала болжап, көре білуі тиіс. Бұл көрсеткіштер негізінен дакылдың әр түрлі өнімділігіне, климаттық жағдаға ауруға төзімсіздігіне және т.б байланысты болып келеді.
Әрбір алынған және өндіріске өндірілген жаңа сорттар жыл сайын жоғары өнім беріп, сапасы жақсы болу үшін, селекциялық материялдарды мынадай негізгі көрсеткіштер бойынша бағалайды:
1) өнімділігі
2) қолайсыз климат жағдайына төзімділігі
3) ауруға төзімділігі
4) егу, күтү, жинау жұмыстарына техниканы пайдалануға бейімділігі
5) сапасы
селекция әдеттегі жағдайда жүргізіледі. Қарастырылған материялды екі түрлі белгісі бойынша бағалайды. Оларды тура және жанама деп атайды. Тура бағалау сорттар мен селекциялық нөмірлер, есептеу, өлшеу және т.б. жолдармен бағаланады. Ал, жанама тәсіл сорттардың кейбір қасиеттерін, биохимиялық және технологиялық көрсеткіштерін анықтауға негізделген. Көп жағдайда жаңа сортты бағалағанға қолайсыз жағдайға төзімділігі зерттеледі.
селекциялық материялдықы далалық тәсілмен бағалағанда құрғақшылыққа төзімділігі,аурулар және зиянкестермен зақымдалуы, жатып қалуы, т.б. белгілері есепке алынады. Селекциялық материялды сынаған кезде жан-жақтылық, дәлділік және бағаны тез уақыттың ішінде беру негізгі талап болып табылады.
2. Материялдарды бағалау тәсілдері.
материялдарды бағалау тәсілдерін 6 түрге бөліп қарастыруға болады.
1) өнімділігін бағалау
2) қысқы суыққа төзімділігін бағалау
3) құрғақшылыққа төзімділігін бағалау
4) ауруға төзімділігін бағалау
5) тат ауруына төзімділігін бағалау
6) зиянкес жәндіктерге төзімділігін бағалау
1. Өнімділігін бағалау
Өнімділік- бұл бір өсімдіктен алынған орташа өнім. Белгілі бір көлемдегі егістіктің өнімі екі түрлі көрсеткішке байланысты анықталады. Олар: өнімділігі және өсімдіктің орташа саны.
Астық тұқымдастарының анықтағанда әдетте, бір масақтағы дәннің орташа саны мен 1000 дәннің салмағын негізге алады. Көп жағдайда бұл көрсеткіштер сорттың өнімділігіне дәлірек баңа береді.
2.Қысқы суыққа төзімділігін бағалау
Күздік дақылдардың қысқы төзімділігі көп жағдайда сорттың агротехникалық және тұқым қуалаушылық ерекщеліктеріне байланысты болып келеді.
Қыстап шығу кезінде өсімдіктің өлуі әр түрлі жағдайға байланысты болады. Өсімдік қыстың алғашқы кезеңінде қар қалдығының аздығыныі немесе жетіспеуі салдарынан үсіп кетуі мүмкін. Сонымен қатар ерте көктемдегі төмен температурада әсер етеді. Күздік дақыл үшін күннің қыстағы кенеттен жылуы мен суып кету өте қауыпты. Сонымен өсімдіктің қыстап шығу қасиеті немесе төзімділігі биологиялық қасиеттерге байланысты өте күрделі белгі.
Қысқы суыққа төзімділігін бағалаудың егістік тәсілі. Селекциялық жұмыста қысқа төзімділікті бағалауда әр түрлі егістік тәсілдер қолданылады. Қысты күні мындай егістікте қолдан әр түрлі қолайсыз жағдайлар, мысалы : бөлшекке қарды жинау немесе қардан тазалау , бетінде мұз қату үшін су құю сияқты жұмыстар жүргізіледі.
3.Құрғақшылыққа төзімділігін бағалау.
Құрғақшылық біздің елімізде жиі болатын құбылыс. Кейбір жылдары ол үлкен жер көлемін алып, барлық ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін төмендетеді. Құрғақшылықпен күресудің бірден-бір жолы- оған төзімді сорттар егу болып табылады.
Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігі дегеніміз-жоғары тепературада, ауаның төменгі ылғалдылығын да , топырақта ылғалдылықтың жетіспеу кезінде өз бойындағы судың пайдалану алқылы сапасы жақсы, жоғары өнім беру мүмкіндігі.
Құрғақшылық үш түрде кездеседі.
1. Топырақтағы құрғақшылық;
2. Ауадағы құрғақшылық
3. Аралас құрғақшылық
Құрғақшылыққа төзімділікті бағалаудың егістік тәсілі.
Егістік тәсілдің көмегімен сорттар қолдандың құрғақшылыққа төзімділігін тек қана құрғақ жылдары бағалауға болады.
Өсімдінтің құрғақшылыққа төзімділігін анықтау “қолдан жасалған құрғақшылық” тәсілін қолданыды. Зерттеуге алынған сорттарды қолдан құрғақшылық жасау арқылы бақылаймыз.
4. Ауруға төзімділігін бағалау.
Ауруға қарсы күресте агротехникалық және химиялық жолдармен қатар, төзімді сорттар шығарудың да маңызы зор. Селекциялық материалдардың ауруға төзімділігін зерттегенде, көбінесе, оларға қолдан ауру егу тәсілі қолданылады. Сорттарды бағалағанда арнайы ауру жұқтыратын питомниктерде өршіту тәсілін пайдаланады.
5. Тат ауруына төзімділігін бағалау.
Белгілі бір климаттық жағдайда тат ауруы жиі, әрі өте қатты байқалса, сорттың төзімділігін оның шалдығу тәрежесі бойынша егіс алқабында анықтауға болады. Егер мұндай жағдай болмаса, қолдан ауруға шалдықтыру бетінде тат дақылдарының көлемін пайызбен есептеу арқылы анықтайды.
6. Зиянкес жәндіктерге төзімділігін анықтау.
Өсімдіктің зинкестерге төзімділігі дегеніміз- оның жәндіктермен залқымдаған мүшелері мен ұлпларын қалыпқа келтіру мүмкіндігі немесе зақымданбас қасиеті.
Ауылшаруашылық дақылдарының әр түрлі сорттарының зақымдану ерекшеліктері мынадай себептерге байланысты.
1.Анатомиялық-морфологиялық ерекшелігі
2.Өсіп-жетілу ерекшеліктері
3. Сорттардың зақымданған мүшелері мен ұлпаларын қалыпқа келтіру мүмкіндігі.
4. Өсімдіктердің ұлпалары мен мүшелерінің биохимиялық құрамы жөніндегі ерекшелігі.
Көптеген өсімдіктердің жекелеген органдары мен ұлпаларының өзінің құрылысы бойынша жәндіктердің қоректенуіне немесе зақымдануына кедергі келтіретін мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, кейбір сорттар өзінің өсіп-өну кезеңінде жәндіктердің көбею уақытынан кеш немесе ерте өсіп, аз зақымданады. Мысалы, арпа немесе жаздық бидай сорттары өзінің шығуы және түптену кезеңі бойынша швед шыбынының жұмыртқа салу уақытынан ерте өсіп өтеді де, бұл зиянкеспен аз зақымданады.
Жатып қалуға төзімділігін бағалау.
Дәнді дақылдың жатып қалуы оны механиқалық жолмен жинаудың қиындатуымен қатар, көптеген шығынға ұшырады.
Интенсивті сорттар үшін бұл көрсеткіш міндетті талап болып табылады.
Дәнді дақылдардың жатып қалуын екі түрге бөлінеді:
1. Дақылдардың сабақтан жатып қалуы
2. Тамыр түйінен жатып қалуы.
Бірінші жағдайда масақ өзінің бойынан майысса, екінші жағдайда сабақтың түбінен майысады.
Дәннің төгілуіне төзімділігін бағалау.
Сорттың төгілуге төзімділігін анықтайды өте қарапайым, әрі кең тараған тәсілі-оны егіс алқабында , өсіп тұрған кезінде бағалау болып табылады. Ол үшін әрбір 5,10 және 15 күн сайын зерттеу жүргізілген бөлімшеден масақтар алып, ондағы төгілген дәнді есептен пайызын шығарады.
Өнімінің сапасын бағалау.
Кез келген сорттың шаруашылықтың құндылығы тек қана белгілі бір жерден алынған құндылығы өнімнің көлеміне емес, сонымен қатар оның сапасымен анықтайды.Ұн шығаруға арналған астық тұқымдастарының дәндері (бидай, қара бидай және т.б.) жақсы ұндық-нандық қасиетке ие болуы тиіс. Оларды бағалау үшін 1000 дәннің салмағы, пішіні, өзіндік салмағы, пішіні, мөлшерлігі, нан пісіретін сапасы сияқты белгілерін пайдаланады. Ұнның нан пісірлік қасиетін бағалағанда 100г ұннан шыққан нанның мөлшері, піскен нанның сыртқы кескіні, түсі, дәмдік сапасы бойынша анықтайды. Бидайдың барлық сортары дәннің сапасы бойынша мынадай үш топқа бөлінеді: А-ең жоғарғы сапа; В-орташа сапа; С-төменгі сапа.
Тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерінің сапасын бағалағанда түйнектегі крахмалдың пайызы, дәнде ұзақ сақталуы, қант қызылшасында қанттың құрамы есепке алынады.
Бақылау сұрақтары:
1. Селекциялық материал дегеніміз не?
2. Материалдық бағалау әдістерін ата?
Дәріс № 10