Емтихан сұрақтары. 1. Орта ылғалдылығы дегеніміз не

1. Орта ылғалдылығы дегеніміз не. Су белсенділігі, оны анықтайтын формула.

2. Гидрофитер, мезофиттер, ксерофиттер жалпы түсінік беріңіз.

3. Оттекке, температураға және орта мәніне байланысты микроорганизмдердің топтастыруы қалай болады түсіндіріңіз.

4. Қоректік орталар жалпы түсінік, қоректік орталардың жіктелуін қарастырыңыз.

5. Микроорганизмдердің қоректенуінің ғылыми принциптерін түсіндіріңіз.

6. Микроорганизмдерді дақылдаудың негіздерін сипаттаңыз.

7. Микроорганизмдердің өсу ерекшелігін баяндаңыз.

8. Элективтік қоректік орталар және элективтік жағдайлардың себептерін түсіндіріңіз.

9. Микроб клеткасының физиологиясына жалпы түсінік беріңіз

10. Табиғи жағдайларда микроорганизмдер арасындағы байланыстарға түсінік беріңіз.

ВN 2309 Биотехнология негіздері. 6 кредит.

Сімдіктер биотехнологиясы» пәні

Өсімдіктер биотехнологиясының пәні және оның негізгі бағыттары мен міндеттері. Өсімдік клеткаларын өсірудің қысқаша тарихы. Өсімдік клеткаларын in vitro жағдайында өсіру әдістері, Қоректік орталар. Клеткаларды өсіруге қажетті жағдайлар. Каллусты алу және оны өсіру. Клеткаларды сұйық қоректік ортада өсіру. Жасанды қоректік ортада өсетін клеткалардың биологиясы. Дифференциация, морфогенез және регенерация. In vitro жағдайында өсірілетін клеткаларда өтетін морфогенез және регенерация процестері. Жасанды қоректік ортада өсірілетін клеткаларды өсімдіктер биологиясының теориялық мәселелерін зерттеу үшін пайдалану. In vitro жағдайында өсірілетін клеткаларды биотехнологияда пайдалану. Өсімдік клеткаларын биосинтездік өнеркәсіпте пайдалану. Экономикалық маңызды заттарды өндірудің клеткалық технологиялары. Өсірілетін клеткаларда қосымша заттардың қоры жинақталуына әсер ететін факторлар. Клеткаларды өсіру жүйелері. Қосымша заттарды алу үшін клеткалық технологияларды дайындау жұмысының кезеңдері. Өсімдіктерді клондық микрокөбейту. Өсімдіктерді сауықтыру технологиясы. Прогамдық және постгамдық сәйлессіздікті іn vitro жағдайында жеңу. Гаплоидтық технология негіздері. Клеткалық инженерия негіздері. Сомалық бұдандастыру негіздері. Өсімдік клеткаларының іn vitro жағдайында өзгергіштігі және оны селекцияда пайдалану. Клеткалық селекция. Сомоклондық варианттар. Гендік инженерия негіздері. Гендік инженерияның мүмкіндіктері мен даму болашағы. Генофондты іn vitro –да сақтау. Өсімдік биотехнологиясының болашағы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Уәлиханова Г.Ж. Өсімдік биотехнологиясы. Алматы: ЖШС «Дәурен», 2009. -336 б.

2. Уәлиханова Г.Ж., Есмағұлов Қ.Е. Өсімдіктер биотехнологиясының негіздері. Алматы, Республикалық баспа кабинеті, 1999.

3. Уәлиханова Г.Ж., Есмағұлов Қ.Е. Өсімдіктер биотехнологиясында пайдаланатын терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы, Қазақ университеті, 1997.

4. Полымбетова Ф.А., Сәрсенбаев Б.Ә. Өсімдіктер физиологиясы мен биотехнологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы, Сөздік-Словарь, 1999.

5. Бутенко Р.Г. Биология клеток высших растений іn vitro и биотехнологии на их основе. М., ФБК-ПРЕСС, 1999.

6. Шевелуха В.С., Калашникова Е.А., Дегтярев С.В. и др. Сельскохозяйственная биотехнология. М., Высшая школа, 1998.

7. Глик Б., Пастернак Дж. Молекулярная биотехнология. Принципы и применение. М., Мир, 2002.

8. Рахимбаев И.Р., Колумбаева С.Ж.., Джокебаева С.А. Культура клеток и клеточная инженерия растений. Алматы: Изд. КазГУ, 1993.

9. Муромцев Г.С., Бутенко Р.Г., Тихоненок Т.И., Прокофьев М.М. Основы сельскохозяйственной биотехнологии. М.: ВО Агропромиздат, 1990.

10. Катаева В.Н., Бутенко Р.Г. Клональное микроразмножение растений. М., Наука, 1983.

Емтихан сұрақтары

1. Өсімдік клеткаларын in vitro жағдайында өсіру әдістері мен принциптері

2. Прогамдық және постгамдық сәйкессіздікті in vitro жағдайында жеңу.

3. Гаплоидты технология

4. Клеткалық инженерия

5. Протопластарды бөліп алу және in vitro өсіру

6. Өсімдіктер сомалық будандастырудың принциптері

7. Өсімдіктер гендік инженерияның әдістер

8. Өсімдік клеткаларын мұздатып сақтау әдістері

Наши рекомендации