Гликогеннің (крахмалдың )глюколиз жолымен ыдырауы,түзілетін аралық өнімдері мен энергия мөлшері
Майлардың көмірсуларға айналуы. Липазаның әсерімен май гидролизденеді. Глицерин өзінің альдегидіне тотығып, соңғысы фосфорланып, 3-фосфоглицерин альдегидіне айналады да глюкоза және гликоген пайда болады.Гликогеннің ыдырау реакциясы фосфоролизден басталады, бұл кезде гликогеннің шеткі глокозасы фосфоролиздік жолмен ажырайды да, оған бейорганикалық фосфат қосылады. Бұл реакцияны гликоген -фосфорилаза ферменті катализдейді және глюкоза -1-фосфаттүзіледі.Гликогеннің синтезделуі АТФ энергиясы есебінен босглюкозаның фосфорлануы арқылы басталады, бүл реакцияныгексокиназа ферменті катализдейді, бүл фермент барлық клеткалардабар. Глюкоза, глюкозо-6-фосфатқа айналады. Гликоген синтезінің
қортынды кезеңінде гликоген-синтетаза ферменті УДФ-глюкозаданглюкозаны шығарып полисахаридтердің өсіп бара жаткан тізбегінеқосады.
Көмірсулар негізінен энергия беруші қызметін атқарады. Энергияның ағзадағы негізгі шығу көзіне глюкоза мен гликоген жатқызылады. Көмірсулардан липидтер, кейбір аминоқышқылдар, пентоза және т.б. синтезделеді. Көмірсулар жасушаның құрылымдық -қызметтік компоненті ретінде - гликолипид, гликопротеин, дәнекер ұлпасының құрамына кіреді. Гепарин антикоагулянт болып табылады.Бұлшықетте гликогенолиздің активтенуі нәтижесінде түзілген лактат бауырға түседі және гликогенолиз процессіне қатысады. Бауырдағы гликогенолиздің активтенуі қандағы глюкозаның қосымша көзі болып табылады.Гликогенолиз (Glycogenolysis - гликоген + грек. Lysis - ыдырау) - гликогенолиз, гликогеннің ыдырауы. Тканьдерде гликогеннің анаэробты ферментативтік ыдырау процесі. Гликогеннің тағы да 2/5 немесе 150г бұлшық етте қорын түзеді, қалған 5/1 басқа органдарға жиналады. Көмірсулардың қор ретінде сақталуының маңызы бар, себебі оның молекуласы үлкен клетканың осмосын өзгертпейді. Ал глюкозаның өзі кристаллоид осмосты активті зат.Қандағы глюкозаның мөлшері азайса, гликоген қоры ыдырап қандағы мөлшерін нормаға айналдырады. Бұл процесс – гликогенолиз деп аталады.Гликогеннің ыдырау реакциясы фосфоролизден басталады, бұл кезде гликогеннің шеткі глокозасы фосфоролиздік жолмен ажырайды да, оған бейорганикалық фосфат қосылады. Бұл реакцияны гликоген -фосфорилаза ферменті катализдейді және глюкоза -1-фосфаттүзіледі.Гликогеннің синтезделуі АТФ энергиясы есебінен босглюкозаның фосфорлануы арқылы басталады, бүл реакцияныгексокиназа ферменті катализдейді, бүл фермент барлық клеткалардабар. Глюкоза, глюкозо-6-фосфатқа айналады. Гликоген синтезінің
қортынды кезеңінде гликоген-синтетаза ферменті УДФ-глюкозаданглюкозаны шығарып полисахаридтердің өсіп бара жаткан тізбегінеқосады.
42.Оксидоредуктаза мен изомераза класының ферменттері,катализдейтін реакцияларының ерекшеліктерін көрсетіңіз(мысал)
Тотықтырушы-тотықсыздандырушы ферменттер,бұлар сутегі атомдарын электрондарды қосып алу немесе бөліп шығару арқылы субстраттың тотығу және тотықсыздану процестерін катализдейді.Оксиредуктазалар ферменттердің үлкен класы болып табылады,олар оттегі бар кездегі немесе ол жоқ кездегі биологиялық тотығуға қатысады.Дегидрогеназаның аэробты және анаэробты түрі болады. Аэробты дегидрогеназалар тотықтырушы-тотықсыздандырушы ферменттер,олар сутегі атомдарын немесе электрондарды субстраттан молекулалық оттегіні тасымалдайды.Олароксидазалар деп те аталады.Оксидоредуктазалар құрамына кофакторлар бар,оларға көбіне мыналар жатады:НАД,НАДФ,ФАД,ФМН және металл иондары.Оксиредуктазаларға 200 шамадан астам ферменттер жатады,олардың ішінде алкогольдегидрогеназа,лактатдегидрогеназа,цитохромоксидаза,каталаза,пероксидаза.Аэробтық дегидрогеназалараға жататындар:Флавиндік дегидрогеназа,ксантиноксидаза,альдегидоксидаза т.б
Мысалы флавиндік дегидрогеназалар сутек атомдарын оттегіне беріп,сутегінің асқын тотығы түзеді:
Белок- ФADH2+ O2→ H2O2+ белок-ФАД
Каталаза сутегінің асқын тотығын ыдыратып,су молекуласы және молекулалы оттегі пайда болады:
2H2O2 → 2H2O + O
Каталаза,пероксидаза-үш валентті темір атомы бар ферменттер.Бұлар қан плазмасында,жануралар,өсімдіктер ұлпасында,сүтте болады.Пероксидаза органикалық асқын тотығын,полифенолдарды жеңіл ыдыратады.
Ксантосидаза пуриндік негіздерді тотықтырып,зәр қышқылын түзеді.
Цитохромдар тыныстану тізбегінде электрондарды оттегіне тасымалдайды.
Анаэробты дегидрогеназаға жататындар-лактатдегидрогеназа,пируватдегидрогеназа,малатдегидрогеназа.Коферменттері НАД,НАДФ.Бұл ферменттер субстрат тотыққанда бөлініп шыққан сутек атомдарын оттегіне бере алмайды,басқа субтратқа тасымалдайды.
Изомеразалар-бұл ферменттер изомерлер түзілуі арқылы заттардың молекула ішіндегі өзгерістерін катализдейді.Олар сутегі атомдарының,фосфаттардың және ацильдік топтардың молекула ішінде алмасуына катализдейді,цис-изомерлену және транс-изомерлену құбылыстарын тудырады,қос байланыстарды ауыстырады.Мысалы:триозофосфатизомераза 3-фосфоглицерол альдегиді молекуласындағы сутегі атомын көсіртегінің екінші атомынан бірінші атомына ауыстырады және фосфодиоксиацетонға айналдырып изомерлейді.
43.Гидролаза мен трансфераза класының ферменттері,катализдейтін реакцияларының ерекшеліктерін көрсетіңіз(мысал)
Гидролазалар-бұл ферменттер химиялық байланыстарды үзеді де суды қосады.Гидролазалар мынадай топтарға бөлінеді:
а)Эстеразалар-күрделі эфир байланыстарын гидролиздейді де,қышқыл және спирт түзеді:
Этил спирті |
Сірке қышқылы |
Сірке этил эфирі |
б)Липазалар-триацилглицеролдарды ыдыратып,глицерол мен май қышқылдарын түзеді.
в)Гликозидазалар-көмірсулардағы гликозидтік байланыстарды гидролиздейді.Оларға амилаза,лактаза,мальтаза,целлобиаза т.б. жатады
г)Пептидгидролазалар-белок,полипептидтер молекуласында пептидтік байланыстарды үзеді. Пептидгидролазалар екі топқа бөлінеді:экзопептидаза мен эндопептидаза.
Экзопептидаза-бұлар полипептид тізбегінде соңғы пептидтік байланысты үзетін ферменттер.Оларға жатады:карбоксопептидаза,аминопептидаза,дипептидаза,трипептидаза,кейбір катепсиндер жатады.
Эндопептидаза-полипептид тізбегіндегі ішкі пептидтік байланысты үзетін ферменттер.Олар:пепсин,трипсин,химотрипсин,папин тағы басқалар.
Трансферазалар-биохимиялық реакцияларда атомдар тобын және молекула қалдықтарын алмастырып ауыстыратын ферменттер.Олар мынадай топтарды бір субстраттан екінші субстратқа ауыстырып жеткізеді:метил,карбоксил,амино,сульфо формил фосфат және басқалар.Трансферазалар өздері тасымалдайтын топтарға байланысты метилтрансфераза,ацилтрансфераза,фосфотрансфераза деп аталады.
Мысалы:аспартатаминотрансфераза ферменті амин тобы амин қышқылынан α-кетоқышқылына тасымалдап жеткізеді,бұл кезде жаңа амин қышқылы түзіледі.
Фосфотрансфераза ферменттері ішінде киназа деп аталатын ферменттің ерекше маңызы зор.Киназа фосфат тобын тасымалдап,АТФ-тан басқа субтраттарға,көмірсуларға,белоктарға т.с.с тасымалдайды.
Глицеролдың активтенуіглицеролкиназа әсерінен іске асады.Фермент АТФ-тан фосфар тобын тасымалдап глицерол-3-фосфат туады.