Адам денсаулығына мұнай және мұнай өнімдерінің әсерін түсіндіріңіз
Бұл жақын аудандағы халықтың денсаулығынада әсер етеді. Газ және мұнай өндірісінің үлкен кешендері табиға ортаға, халықтың өмір тіршілігіне, оның денсаулығына кері әсері тигізеді, жергілікті қорғау фактілеріне және жалпы төзімділік организмін төмендетуге әкеледі.
Адам үшін ең улысы бірталай ауруларды қоздыратын шикізат пен корғасынның байланысы болып табылады. Сонымен қатар, канцерогеннді эталон болып есептелетін бензапирен. Маңызы, атмосфераға ертерек енгенде олардың өзгеруі нәтижесінде қауіптілік туындайды. Кәсіби ұзақ байланыста және қауіпті аумақта болуы халықтың бір бөлігін психосоматикалық «стрессогенді» ішек қарын потологиясын асқындатады. Сонымен қатар терілік гипо және авитаминоз, бөлек алғанда С витамині, бірінші кезекте гранулоцит есебінде,асқазан секрециясы төмендейді.
Адам денсаулығына көптеген факторлар әсер етеді: тамақ, су басқа сапалары бойынша әлеуметтік тұрмыстық және климаттық жағдай. Бірақ адам денсаулығына әсер ететін ең басты фактор ауаның сапасы болып табылады. Өндіру көлемі өскен сайын атмосфераға улы заттарды тастауда өседі, ауру адамдардың саныда өсті. Жәнеде, жыл сайын, ауа атмосфераның ластануы және тасталған улы заттардың құрамы өсіп келеді. Мұнайдың және мұнай өнімдерінің булары улы болып табылады және адам организміне улы әсер етеді. Әсіресе, мұнай өнімдері және мұнай күкіртінің улы булары, этил жанармайлары, Әртүрлі маркадағы жанармай, әртүрлі сұйықтықтар жұмыскердің организмінде эндокриндтік аппарат,жүрек тамыр және нерв жүйесі сияқты ауытқуларды шақырады. Жұмыскерлердің мұнай өнімдерімен ұзақ кәсіби байланыста миокардпен клиникалык зақымдануы пайда болады. Шикі мұнайды өңдеудің өнімдері жоғарғы тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықтарына ушықтыру- ына әкеліп соқтырады. Анемия көбнесе әйел адамдарда кездеседі, Жұмыскерлердің аурулар құрылымында тыныс мүшелерінің ауруы 60.2 ден 66,8 % дейін өсті. Таралғандық жағынан екінші орынды жүрек тамыр жүйесінің потолгиясы алады - 7.0 - 8.7% 1985 - 1990 жылдар аралығында тері аурулары көп таралған еді 2.0 - 3.9 %.
Халық денсаулығының жағдайы, табиғи ортаның ластану көрсеткіші болып табылады. ВОЗ мәлімдесі бойынша, аурудың 80% биологиялық, физикалық, химиялық табиғаттың экологиялық факторлары адам ағзасына әсер ету салдары. Улы химиялық элементтердің барынша рұқсат етілген шоғырлануы, олардың байланысы, заттары, кемістігі және артылуы қоршаған ортада аурудың нақты бір түрлерін шақырады.
42. Биоиндикаторлардың типтерін жазыңыз. Биоиндикация- биоиндикатор организм дерінің даму ерекшеліктері, кездесу немесе мүлде болмау факторына қарап қоршаған орта жағдайларына баға беру әдісі. Биоиндикаторлар көмегімен анықталынатын жағдайлар- биоиндикацим объектісі деп аталынады. Мұндай объект ретінде табиғи объктілердің белгілі типтері (топырақ, су, ауа) мен осы объектілердің әртүрлі қасиеттері (механикалық, химиялық құрамы), қоршағаи ортада жүріп жатқан белгілі бір процестер (эрозия, дефляция, батпақтану т.б.) мен адам әрекетінің әсер нәтижелері де алынуы мүмкін.Биоиндикатор таңдауда атақты американ ғалымы Ю. Одум келесі жағдайларды ескеруді ұсынды:Қауымдастықта сирек таралған стенотипті түрлер (белгілі бір жағдайларда ғана тіршілік етуге бейімделген организмдер) эвритиптерге (кең таралған, экологиялық төзімділік диапазоны кең организмдер) қарағанда көбінесе жақсы индикатор болып саналады.Майдаларға қарақанда ірілеу түрлерін биоиндикатор ретінде таңдаған жөн, себебі майда организмдерінің биоценоздағы айналым жылдамдығы жоғары болып келеді және де зерттеу кезінде сынауға алынған объектіге түсіп кету қауіптілігі бар (ұзақ периодты бақылаулар жүргізу кезінде).Индикатор ретінде алынатын түрді (немесе түр тобын) таңдауда эксперименталды немесе далалы жағдайларда алынған түрдің толеранттылығы, түрге әсер етуші факторлар, бүл факторлардың шектеуші (лимиттеуші) мәні, организнің компенсациялау реакциялары сияқты мәліметтер болуы тиіс.Әртүрлі түрлердің (популяция, қауымдастық) сандық қатынасы бір түрдің санына қарағанда көрнекті және сенімді индикатор болады (бір бөлігіне қарағанда бүтіні жағдайдың жалпы көлемін көрсетеді)Жинақтаушы индикаторларластаушы заттарды өздерінің үлпаларында, белгілі бір дене мүшелерінде концентрациялайды. Кейін олар химиялық анализ көмегімен қоршаған ортаның ластану деңгейін анықтауда қолданылады. Қоршаған ортадағы қоспалардың зияндылығын анықтау мен ластануды бақылауда қолданылатын аппараттар қазіргі заманға сай дамыған болса да, Күрделі «тірі аспаптармен» тең бола алмайды. Бірақ, «тірі аспаптарда» бір маңызды кемшілігі бар. Олар Күрделі көп құрамды қоспалардың барлық жиынтық комплексіне жауап беріп, сол қоспадағы белгілі бір затың концентрациясын анықтай алмайды. Сонымен катар физикалық, химиялық әдістер әсер етүші фактордың сандық, сапалық мінездемесін береді. Ал биологиялық әсер жайында жанама түрде ғана мағлұмат алынады. Биоиндикаторлар көмегімен биологиялық салдары жөніндегі информацияны алып, әсер етуші фактордың өзінің ерекшеліктері туралы тек жанама қорытынды жасауға болады. Биоиндикатор ретінде қолданылатын организм тобының, биоиндикация мәселесін шешуде колданылатын шекарасын анықтаушы өзіне тән артықшылығы мен кемшіліктері болады.
43. Қоршаған ортаның мутагендік тератогендік және канцерогендік қасиеттері бар физикалық және химиялық табиғатты факторлармен ластану, генетикалық салдарын зерттеу мәселелерін көрсетіңіз. . Мутагенді факторлар немесе мутагендер - мутация санын арттыратын химиялық немесе физикалық әсер. Мысалы, электромагнитті сәуле шығарудың кейбір түрлері физикалық мутаген болатыны бүгінгі күні нақты белгілі. Ультра күлгін, рентген, сондай-ақ радиоактивті сәуле шығарудың барлығы да мәлім. Бұдан басқа мутагенді әсер туғызатын химиялық заттар да, мысалы, азотты кышқыл бар. Қазіргі кезде қоршаған ортаның ластану деңгейінің артуына байланысты адамда және ғаламшарымыздағы өзге ағзада мутагенездің (әсіресе ауру тудыратын ұсақ ағзалардың) кездейсоқ жағдайларға ұшырату қаупі туралы сөз өріс алуда. Тұтастай алғанда мутацияның рөлі өте зор. Ағзаға негативті әсер етуші мутациялардың орасан жиі (шамамен 10 000 есе) кездесетініне қарамастан, олардың тірі ағзалардың жаңа сапалары мен қасиеттерінің пайда болуына бірден-бір қайнар көз екенін атап айтқан жөн. Тірі жүйелер эволюциясының мутациялық үдеріссіз жүзеге асуы мүмкін емес. Бір кезде пайда болған тіршіліктің өзгермей қалуы мүмкін емес. Сондай-ақ тіпті егер мұндай ағзалар өзгеретін қоршаған ортада сақталып қалған күннің өзінде де олар өз көшірмесін ғана ұрпаққа қалдыратын жаңа формаларды ешқашан бере алмас еді. Сондықтан тұқым қуалау ақпаратының берілуі айтарлықтай дәлме-дәл болуы қажет, тіпті болмашы мүмкіндікте өзгеріс болуы тиіс. Тіршілік мутациялары арқасында жер бетіндегі өздерің көріп жүрген әр алуан ағзалар өмір сүруде. Мутагендер физикалық және химиялық факторлар. Олардың әсерінен организмде пайда болатын мутациялар саны табиғи мутациялар санынан көп жоғарылайды. Физикалық мутагендерге иондайтын сәулелердің барлық түрлері, УК-сәулесі, жоғары және төмен температура жатады. Химиялық мутагендерге көптеген алкилдейтін заттар, азот негіздері, кейбір биополимерлер (нуклеин қышқылдары), алкалоидтар т.б. жатады. Мутациялар санын жүздеген есе кобейте алатын мутагендерді супермутагендер деп атайды. Көбіне мутагендердің канцерогендік және тератогендік қасиеттері болады. Көп елдерде жаңадан түзілетін химиялық қосылыстардың мутагендік касиетін тексеретін арнайы зерттеу орталықтары құрылған. Табиғи өзгерістер (гендегі және хромосомадағы) физикалық және химиялық әсер ету арқылы пайда болады. Мутагендер - мутациялық процестің отуіне әсер ететін заттар. Мутагендерге әсер етуші сыртқы әсерлер физикалық, химиялық және биологиялық (вирустар) факторлар тірі организмдерге әсер етіп мутация жиілігін (әжептәуір жоғарылатады) және спонтандық мутация деңгейін жоғарылатады.Сонымен, физикалық мутагендерге иондық сәулелердің барлық түрлері (гамма және рентген сәулесі, протон, нейтрон, т.б.) ультракүлгін сәулелер, жоғарғы және төменгі температуралар жатады. Химиялық мутагендер - көптеген алкилдеуші қосылыстар, нуклеин қышқылдарының азотты туындылары, алколоидтар және басқалар. Мутация жиілігін жүз есе ұлғайтушы мутагендер - супермутагендер деп аталады. Оларға - нитрозоалкилмочевина, N-нитрозоалкиламин, N-нитрозоалкиламид, диалкилсульфат, этиленимин және басқада туындылар жатады. Мутагендердің әсері, олардың табиғатына, мөлшеріне әсер ету жағдайына сондай-ақ организмнің генотипіне, даму сатысына және физиологиялық жағайына байланысты. Генетикалық тәжірибелерде химиялық мутагендерді микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар селекциясында, медицина салаларында пайдалануға мүмкіншілік туады.Сондықтан микроорганизмдердің биохимиялық мутанттарының генетикалық аппараттарын толық зерттеудің үлкен мәні бар. Химиялық мутагенсіз антибиотиктерді, витаминдерді, аминқышқылдарын, белоктар мен ферменттерді синтездейтін микробиологиялық өндірістерді алу мүмкін емес. Олардың көмегімен әртүрлі синтездерге қатысатын жүздеген өндірістік микроорганизмдер штамдары алынған. Ауылшаруашылық селекциясында қазіргі кезге дейін, гибридизация әдісі қолданылып, көптеген жақсы сорттар алынған. Мутагендер организм өзгергіштігін кенет жеделдетеді, бұл селекция жұмысының нәтижелі өтуіне жағдай туғызады. Табиғи мутагендерді пайдаланып селекциядағы пайдалы түрлердің сапасын арттыруға болады. Химиялық мутагеннің әсерінен майының құрамындағы олеин қышқылының мөлшері жағынан оливка майынан кем түспейтін күнбағыстың жаңа сорттары алынған. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде адамды қоршаған орта әжептәуір өзгеріске ұшырады. Адамның тірішілік ортасындагы физикалық және химиялық факторлардың едәуір бөлігі адамның тұқымқуалаушылығына және басқа қасиеттеріне әсерін тигізеді. Мұндай жағдайларды туғызбауға қарсы Күрес жургізуі тиіс. Мутагендер, жасушаға әсер ете отырып, оның өліміне әкелмейді, олар мембрана арқылы кіріп, протоплазмаға кейін кариоплазмаға енеді және геннің радикалдарымен әсерлесе отырып, гендік жасушаның химиялық құрылымын өзгертіп, жаңа тұракты құрылымды туғызады.
44. Селекцияның негізгі әдістерін өз сөзіңізбен тізбектеп жазыңыз. Селекцияның негізгі әдістеріне сұрыптау, будандастыру, полиплоидия, мутагенез, жасушалық және гендік инженерия жатады.Сұрыптау табиғи және қолдан сұрыптау болып екіге бөлінеді. Қолдан сұрыптау мақсатқа сай және мақсатсыз болады. Адамның белгілі мақсатсыз ең жақсы дараларды көбеюге қалдырып, нашар дараларды қорекке қолданып бағалы іріктемелер және тұқымдарды дамытуын мақсатсыз сұрыптау дейміз. Іріктемелер мен қол тұқымдардың құнды бір немесе бірнеше белгілерін барынша дамытуға мақсатқа сай сұрыптау деп аталады. Сұрыптау үрдісінде қолдан сұрыптау мен қатар ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімділігін арттыратын табиғи сұрыптаудың да әсері бар.Сұрыптау жаппай және жеке болып екіге бөлінеді. Жаппай сұрыптау дегеніміз бастапқы материялдардан сұрыптаушыға пайдалы, тиімді белгілері бар даралар топтарын бөліп алу. Жеке сұрыптау адамның назарын аударатын белгілері бар және олардан ұрпақ алуға болатын жекелеген дараларды бөліп алуға негізделген.
Будандастыру (гибридизация). Сұрыптау әдістерімен жаңа генотиптер түзілмейді. Жаңа пайдалы белгілердің комбинациясы түзілуі үшін гибритизация жүргізіледі. Гибритизацияны түріші және түраралық деп бөледі.
Түріші гибридизация кезінде бір түрге жататын дараларды будандастырады. Туыстас ағзаларды және туыс емес ағзаларға гибридизация жүргізуге болады.
Генетика - ағзалардың тұқымқуалаушылық және өзгергіштікті зеріттейтін ғылым. Тұқымқуалаушылық - ағзалардың ұрпақтан ұрпаққа өздерінің белгілерін (кұрылысы, даму, қызметінің ерекшеліктерін) беру қабілеті. Өзгергіштік деп ағзалардың жаңа белгілерді иемдену қабілетін айтамыз. Тұқымқуалаушылықпен өзгергіштік тірі ағзалардың бір-біріне қарама-қарсы, сонымен қатар бір-бірімен тығыз байланысты қасиеттері.
Мутаген (латын тілінде mutatio - өзгерту және ген) - клетканың генетикалык материалын бұзатын және мутациялық өзгерістердің пайда болуына ықпал ететін әртүрлі факторлар. Олар химиялық, физикалык және биологиялық болып бөлінеді. Химиялық мутагенге: көптеген алкилдеуші қосылыстар, нуклеин кышқылдарының азотты негіздерінің аналогтары, алкалоидтар, і.б.; физикалық мутагенге: иондаушы сәулелердің барлық түрлері (гамма, рентген сәулелері, протондар, нейтрондар), ультракүлгін сәулелері, жоғарғы және төм. температура, т.б.; ал биологиялық мутагенге: көптеген вирустар жатады. мутагендердің әсерінен клетканың, қала берді организмнің қалыпты тіршілік ету жағдайы бұзылады. Соның нәтижесінде мутацияның барлық типтері (гендік, хромосомдық, геномдық) көрінеді. Организмде мутация жиілігін жүздеген есе өсіретін мутагендерді «супермутагендер» деп атайды. Кейбір мутагендер канцерогендік те әсер етеді.Эмбриологиялық дәлел әр алуан ағзалардың ұрықтық даму сатысын зерттеумен байланысты. Бұл саладағы ойдағыдай алғашқы маңызды зерттеулердің бірін Э. Геккель және Ф. Мюллер іске асырды. Олар биологияға биогенетикалық ұқсастық заңын анықтады. Оны қысқаша былай жазуға болады: «Онтогенез дегеніміз фило- генезді қысқаша және толық емес қайталау». Онтогенез - бұл бір дарақтың туу үдерісінен өлгенге дейінгі жеке дамуы. Ал филогенез - бұл барлық тіршілік атаулының тарихи даму үдерісі. Биогенетикалық заң биологиялық терминсіз былай тұжырымдалады: «Әрбір тірі ағза ғаламшарда тіршіліктің даму тарихын тұтасымен қайталайды». Әрине біз өсімдіктердің даму сатыларын қайталамаймыз, сондай-ақ саңырауқұлақтар жануарлардың пайда болу жолын қайталамайды. Алайда тірі ағзалардың барлығына өздерінің ата тектерінің негізгі қалыптасу кезеңдері тән қасиет.
45. Қоршаған орта мутагендерінің адам популяциясына, тұрғындардың денсаулығына экогенетикалық әсерін зерттеу проблемаларын айқындаңыз. Адам генетикасы. Адам генетикасының ерекшеліктері. Генетика ғылымы қарастыратын тұкымқуалаушылық пен өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән болып есептеледі. Себебі ол да тіршіліктің бір түріне (Homo Sapiens) жатады. Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпактан-ұрпаққа хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады. Адамның жануарлардан айырмашылығы оның саналылығы мен екінші сигналдық жүйесінің (системасының) болатындығында, соған байланысты оның сыртқы ортаға бейімделу мүмкіндігі де мол болып келеді.
Жалпы адамзат қоғамда өмір сүретіндіктен оның эволюциялық дамуында әлеуметтік факторлардың да рөлі бар. Бірақ, біз тек биологиялық жағын қарастырамыз.
Адамның генетикалық объект ретіндегі ерекшелігі - оның генетикасын зерттеуді қиындататын көптеген қайшылықтар бар. Олар: жыныстық жағынан кеш-пісіп жетілетіндігі; әр отбасынан тарайтын ұрпақ санының аздығы; барлық ұрпақтың тіршілік ортасын теңестірудің мүмкін еместігі, хромосома санының көп болатындығы, адамға тәжірибе жасауға болмайтындығы және басты бір қайшылық -адамның кейбір тұқым қуалайтын қасиеттерінің мысалы, қабілеті мен мінез-құлқының дамып қалыптасуына кедергі келтіретін ұлтшылдық, нәсілшілдік сияқты әлеуметтік теңсіздіктің болатындығы. Осы аталған қиыншылықтарға қарамастан, кейінгі кездерде адам генетикасы жедел қарқынмен дамуда. Ең соңғы жаңалықтардың бірі - XXI ғасырдың басында адамның генетикалық кодының шешілуі. Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның генетикасын зерттеудегі кездесетін қиыншылықтар туралы жоғарыда айтылды. Соған қарамастаи оның тұқым қуалаушылығын зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер бар. Олар: будандастыру, генеологиялық, цитогенетикалық, егіздік, онтогенетикалық, популяциялық және биохимиялық әдістер Будандастыру (гибридизация) әдісі бойынша бір немесе бірнеше белгі бойынша айырмашылығы бар екі ағзаны будандастырады. Будандастырудың нәтижесінде алынған ұрпақ гибридтер деп аталады.
Жыныс генетикасы. Гаметалар (аналық, аталық) арқылы ағза екі топқа бөлінеді: гомогаметалы - егер де гаметалары біркелкі; гетерогаметалы - егерде екі түрлі. Мысалы:
- ZW, ZZ - құстарға, бауырымен жорғалаушыларға, кейбір қосмекенділерге және балықтарға, кейбір бунақденелерге тән, Бұл ағзаларда керісінше аналықтары гетерогаметалы, аталықтары гомогаметалы.
- XX, Х0-(О арқылы хромосома болмауын белгілейді) кейбір бунақ денелерге тән. Аналықтар гомогаметалы, аталықтарыныц жыныс гаметасының біреуі мүлде жоқ.
- гаплоидті тип (2n, n) араларда және құмырсқаларда кездеседі: аталық даралар ұрықтанбаған гаплойдті (n) жұмыртқа жасушасынан дамиды (партеногенез), аналық даралар ұрықтанған диплойдті (2п) жұмыртқа жасушаларынан дамиды.
- ХО, ХХ-кейбір бунақденелерде кездеседі.
Жыныс хромосомаларында X- және У- хромосомаларында орналасқан гендердің тұқымқуалауы жыныспен бірге тұқым қуалау деп аталады. Жыныс хромосомаларында жыныс белгілерінің қалыптасуына ешқандай қатысы жоқ гендер болуы мүмкін.
Жыныс хромосомасы ХУ типіне жататын ағзалардың X- хромосомасындағы көптеген гендердің аллельді жұбы У- хромосомасында болмайды. Сол сияқты, У- хромосомасының аллельді жұбының екіншісі X- хромосомасында болмауы мүмкін. Мұндай ағзалар гемизиготалы деп аталады. Мұндай жағдайда генотиптегі дара рецессивті ген бірден фенотипте көрінеді. Мысалы, гемофиля (қанның ұйымауы) ауруының гені (бұл белгіні рецессивті ген қалыптастырады) X- хромосомада орналасқан болуы мүмкін. Бұл жағдайда аталық дара ауру болады, өйткені оның У- хромосомасында бұл геннің доминантты (қанның ұйыуы доминантты белгі) аллелі жоқ.
Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы. Томас Морган және оның шәкірттері тіркес тұқым қуалауды зеріттеу бағытында жүргізген тәжірибелерінің нәтижесін қорытындылай келіп тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясын жариялады. Теорияның негізгі қағидалары:
- Тұқым қуалауда негізгі рөлді хромосомалар атқарады;
Гендер хромосомалар бойымен белгілі кезекпен тізбектеле орналасады;
Әр геннің хромосомада нақты белгілі орында (локуста) орналасады; аллельді гендер гомологтық хромосомалар бірдей локустарда орналасады;
- Бір хромосомада орналасқан гендер тіркесу топтарын құрайды;
- Гомологтық хромосомалардың арасында гендер мен алмасуы (кроссиговер) болуы мүмкін.
Кроссиговер жиілігі гендердің арақашықтығына тура пропорционалды.
Өзгергіштік. Өзгергіштік деп ағзаларда жаңа белгілердің пайда болуы үрдісін айтамыз. Фенотиптің өзгеруінің себебі сыртқы ортаның геннің экспрессиясына әсері немесе генетикалық затта болған өзгерістер болуы мүмкін. Осыған байланысты тұқым қуаламайтын (модификациялық) өзгергіштік және тұқым қуалайтын (генетикалық) өзгергіштікті ажыратады.
Модификациялық өзгергіштік. Модификациялық өзгергіштік:
- Тек фенотипке әсер етеді, генотиппен байланысы жоқ
- Тұқым қуаламайды
- Ағзаның сыртқы ортаға бейімделуі үшін маңызы зор
Модификациялық өзгергіштіктің негізінде белгінің өзі емес, белгінің қалыптасуы шегінің тұқым қуалауы жатыр. Сыртқы ортаның жағдайына байланысты белгі әртүрлі дәрежеде қалыптасады. Белгінің өзгергіштік шегі реокция мөлшері деп аталады.
Белгінің өзгергіштігін анықтау үшін көптеген дараларды зерттеу қажет. Бұл үшін вариация қатарын құрып, белгінің орташа көрсеткіші анықталады. Белгі орташа дәреже қалыптасқан даралардың саны ең көп кездеседі. Белгі қаншалықты орташа көрсеткіштен ауытқитын болса, оны таситын даралар саны да аз болады.
Тұқым қуалайтын өзгергіштік:
- Генотипке әсер етеді
- Тұқым қуалайды
46.Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеуде қолданылатын әдістерді тұжырымдаңыз.
Жалпыадамзатқоғамдаөмірсүретіндіктеноныңэволюциялықдамуындаәлеуметтікфакторлардың да рөлі бар. Бірақ, біз тек биологиялықжағынқарастырамыз.
Адамның генетикалық объект ретіндегі ерекшелігі - оның генетикасын зерттеуді қиындататын көптеген қайшылықтар бар. Олар: жыныстықжағынанкеш-пісіпжетілетіндігі; әр отбасынантарайтынұрпақсаныныңаздығы; барлықұрпақтыңтіршілік ортасынтеңестірудіңмүмкінеместігі, хромосома саныныңкөпболатындығы, адамғатәжірибежасауғаболмайтындығыжәнебастыбірқайшылық -адамныңкейбіртұқымқуалайтынқасиеттерініңмысалы, қабілеті мен мінез-құлқыныңдамыпқалыптасуынакедергікелтіретінұлтшылдық, нәсілшілдіксияқтыәлеуметтіктеңсіздіктіңболатындығы. Осы аталғанқиыншылықтарғақарамастан, кейінгікездердеадамгенетикасыжеделқарқынмендамуда. Еңсоңғыжаңалықтардыңбірі - XXI ғасырдыңбасындаадамныңгенетикалықкодыныңшешілуі. Адамныңтұқымқуалаушылығынзерттеуәдістері. Адамныңгенетикасынзерттеудегікездесетінқиыншылықтартуралыжоғарыдаайтылды. Соғанқарамастаионыңтұқымқуалаушылығынзерттеугемүмкіндікберетінәдістер бар. Олар: будандастыру, генеологиялық, цитогенетикалық, егіздік, онтогенетикалық, популяциялықжәнебиохимиялықәдістерБудандастыру (гибридизация) әдісібойыншабірнемесе бірнешебелгібойыншаайырмашылығы бар екіағзаныбудандастырады. Будандастырудыңнәтижесіндеалынғанұрпақгибридтер депаталады.