Жүрек қан тамыр жүйесі. 1. Пейсмекерлік жасушалардың автоматиясы мен автоматия градиентінің механизмі немен сипатталады?+

1. Пейсмекерлік жасушалардың автоматиясы мен автоматия градиентінің механизмі немен сипатталады?+

Жүректің өткізгіш жүйесі бөліктеріне – өздігінен қозатын автоматиялық қасиет тән. Бірақ олар бірдей емес, жүрек автоматиясында айырмашылық – градиент болады.

Автоматиялық градиент заңы бойынша: СА түйінінен ... сайын өткізгіш жүйе бөлімшелерінің автоматиялық дәрежесі төмендейді. Бұлардың автоматиялық дәрежесі өздігінен туатын қозу санына байланысты. Демек, СА-де бұл көп. Бұл сан ЖСЖ-не сай келеді. Әдетте СА-дан басқа бөлімдер өздігінен қозбайды. СА олардың авт. қызметін басып тастайды да, өздігінен қозуға жол бермейді. Олар тек СА түйінінен шыққан қозуды өткізеді. СА-ның АВ-ге әсер етуін тоқтатса АВ өздігінен қозады, бірақ ЖСЖ өте төмен болады. Осыған орай СА –түйін жүректің пеймекері деп аталады. Ағылшынша pacl- қадам, maker- алып жүреді, жетектейді.

Сырттан ешқандай тітіркеніс әсер етпесе де СА түйіні қозады, мембраналық потенциал – әрекет потенциялына айналады.

2. Уақыт бойынша әрекет потенциалының, кардиомиоциттердің жиырылуы мен қозғыштығының арақатынасы қандай? Суретін салыңыз.-

Жүрек қан тамыр жүйесі. 1. Пейсмекерлік жасушалардың автоматиясы мен автоматия градиентінің механизмі немен сипатталады?+ - student2.ru Жүрек қан тамыр жүйесі. 1. Пейсмекерлік жасушалардың автоматиясы мен автоматия градиентінің механизмі немен сипатталады?+ - student2.ru

3. Жүрек циклының құрылымы қандай? Оның кезеңдеріне сипаттама беріңіз.+

Жиырылу- систола, босаңсу- диастола. Осыған кететін мерзім жүрек циклы д/а. Жүрек минутына 70-72 рет соқса, жүрек циклы 0,8-0,9сек. болады. Цикл уақыты көбіне диастолаға байланысты. Яғни жүрек соғуы жиілесе онда диастола қысқарады, ал систола көбіне өзгермейді.

Жүрек циклы 0,1 секундты жүрекше систоласынан басталады. Оң жүрекше СА түйіні болғандықтан 0,01сек. ерте басталып оң қарыншаға ертерек тарайды(5-8мм). Бұл уақытта қарыншалар диастолада болады, АВ қақпақ ашық болғаннан қан қарыншаға құйылып тұрады. Жүрекше жиырылғанда оған қан жеткізетін вена өзегі қысылып, жабылып қалады. Сондықтан қан венаға кері ақпайды. веналарда қысым төмен болғанмен де өтпейді. Систоладан соң жүрекше диастоласы мен қарынша систоласы 1 мезгілде басталады. Ол 0,33сек.: ширығу 0,08сек., қан айдау 0,05сек.

Жүрек циклы:

1.Систола: жүрекше-0,1сек.

қарынша-0,33сек.

2.Диастола: жүрекше-0,7сек.

қарынша-0,47сек.

Қарынша кезеңдері:

Систола: 1.ширығу 0,08сек.(асинхронды жиырылу-0,05с; изометриялы жиырылу-0,03с)

2.қан айдау 0,25сек. (тез айдау-0,12с; баяу-0,13с)

Диастола: 1.протодиастола 0,04сек.

2.изометриялық босаңсу-0,008сек.

3.қан толу-0,25сек.(тез толу-0,08с; баяу-0,17с)

4.пресистола -0,1сек.

4. Жүрек қызметінің сыртқы көріністері қандай? –

Жрек жұмысының көрсеткіштеріне жүректің систолалықжәнеминуттық көлемі жатады. Жүректің систолалық немесе соққы көлемідегеніміз — әр жиырылу кезінде сәйкес тамырларға жүректің ығыстырып шығаратын қанының мөлшері. Систолалық көлемнің шамасы жүректің өлшеміне, миокард күйіне және ағзаға байланысты. Салыстырмалы тыныштықтағы ересек сау адамның әр қарыншасының систолалық көлемі шамамен 70—80 мл- ді құрайды. Сөйтіп қарыншалар жиырылуы кезінде артериялық жүйеге қанның 120—160 мл көлемі келіп түседі.

Жүректің минуттық көлемі дегеніміз – жүректің өкпе өзегі мен аортаға 1 минутта ығыстырып шығаратын қанының мөлшері. Орташа минуттық көлем 3- 5 л құрайды.

Жүректің систолалық және минуттық көлемі қанайналымның барлық аппаратының қызметін сипаттайды.

Наши рекомендации