Тақырыбы: Митоздық цикл. Митоз. Гаметогенез. Мейоз
6.2. Мақсаты: студенттерде сомалық және жыныс жасушаларының пайда болу ерекшелігі, патологиялық жасушалардың пайда болуындағы бөліну үдерісінің бұзылуының рөлі жайлы білімді қалыптастыру.
6.3. Оқыту міндеттері:
- митоз және мейоз ұрпақ жалғастығын қамтамасыз етудегі маңызын ашу;
- гаметогенездің сатыларын және ретін түсіндіру;
- мейоздың сатылары мен ретін түсіндіру;
- патологиялық жасушалардың пайда болуындағы бөліну үдерісінің бұзылуының рөлін түсіндіру.
6.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
6.4.1. Митоздық цикл, анықтамасы, кезеңдері.Сипаттамасы.
*6.4.2. Гаметогенез (оогенез, сперматогенез), сатылар сипаттмамасы
Gametogenesis (oogenesis, spermatogenesis), characteristic of phases
Гаметогенез (оогенез, сперматогенез), характеристика периодов
6.4.3. Мейоз – ағзаның жынысты көбеюі мен комбинативті өзгергіштіктің негізі.
6.4.4. Мейоз кезіндегі генетикалық материалдың динамикасы.
6.4.5.Митоз және мейоздың генетикалық және медициналық маңызы.
* Ағылшын және орыс тілдерінде талдау үшін
6.5. Оқытудың әдістері:сабақтың мақсаты мен міндетіне сай студенттердің түсінігін қалыптастыруға бағыттай отырып ауызша сұрау, нақты, логикалық тұрғыда мазмұндау және игерген материалды сызба, кесте, сурет, тест түрінде сипаттай алу, топпен жұмыс жасай білу; тапсырмаларды орындап, түсіндіру, сызбаларды толтыру; тақырып бойынша бейнефильмдер көру
6.6. Әдебиеттер:
Негізгі:
6.6.1. Генетика. Под.ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. с.25-28.
6.6.2.Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М.: Медицина, 2003. с. 168-175.
6.6.3. Медицинская биология и генетика. Учебное пособие под ред. проф. Куандыкова Е.У. Алматы, 2004. с.53-77.
6.6.4. Куандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Жалпы медициналық генетика негіздері (дәрістер жинағы). Алматы: Эверо, 2009. с. 69-79.
6.6.5. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003. с. 405-412.
6.6.6.Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық –генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі Алматы: Эверо, 2012. 112 б.
Қосымша:
6.6.7. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. Алматы,
2006. б. 78-95.
6.6.8. Биология. Под ред. Ярыгина В.Н. В 2-х томах. М.: Высшая школа, 2004. Т.1. с.192-206
6.6.9. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск: Сиб.унив. изд-во, 2007. С.118.
6.6.10. Медицинская генетика: учеб.пособие/ Роберт Л. Ньюссбаум, Родерик Р. Мак-
Иннес,Хантингтон Ф. Виллард: пер.с англ. А.Ш. Латыпова; под.ред. Н.П.Бочкова. –
М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010. с.26-27.
6.6.11. Фаллер Д. М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. М., 2006. с. 126-129,139-144.
6.6.12. Щипков В.П., Кривошеина Г.И. Общая и медицинская генетика. М., 2003. 85-97.
Бақылау
6.7.1. Когнитивті (білім) құзыреттілікті бағалау:
6.7.1.1.Тақырып сұрақтары бойынша ауызша сұрау.
6.7.1.2.Тест бақылау –10 сұрақтан 3 нұсқа.
6.7.1.3. Тақырып бойынша кәсіби терминдерді ағылшын және екінші тілде игеруін тексеру
6.7.2. Тәжірибелік дағды құзыреттілігін бағалау:
6.7.2.1. Митоздық цикл сызбасын сызу және генетикалық материалдың мөлшерінің өзгерісін түсіндіру.
6.7.2.2. Гомологты хромосомалар жұбы мен ондағы орналасқан аллельді емес гендерді мейоз кезеңдеріне сай бөліңіздер.
А а
В в
6.7.2.3. Сперматогенез және оогенездің сызбасын сызып белгілеу қажет:
- кезеңдерін;
- әр сатыдағы жасушалардың аталуын;
- хромосомалар жиынтығын (n– хромосомалар, с – ДНҚ санын).
6.7.2.4. Типтік есептер шығару:
- Егер Мм генотипті аналық ағзадағы М гені мейоз кезінде жұмыртқа жасушасына түссе, м гені қайда түседі?
- Егер Аа генотипті аталық ағзадағы А гені мейоз кезінде сперматозоидқа түссе, а гені қайда түседі?
6.7.3. Бақылау сұрақтары:
6.7.3.1. Митоздық циклдың бұзылу механизмдері және себептері.
6.7.3.2. Митоздық циклдың бұзылуының медициналық зардаптары.
Үш тілдегі түсіндірме сөздер:
Қазақ тілінде | Орыс тілінде | Ағылшын тілінде |
Интерфаза - жасушаның тіршілік циклындағы екі митоздық бөлінудің арасындағы кезең | Интерфаза -стадия жизненного цикла клетки между двумя последовательными митотическими делениями | Interphase –the stage of the life cycle of a cell between to sequential mitotic divisions |
Пресинтездік кезең (G1)-жаңа түзілген жасушаның белсенді өсуі жүретін, онда цитоплазмалық құрылымдардың,РНҚ түрлері мен ақуыздардың белсенді синтезі жүретін интерфаза кезеңі | Пресинтездік кезең (G1)-жаңа түзілген жасушаның белсенді өсуі жүретін, онда цитоплазмалық құрылымдардың,РНҚ түрлері мен ақуыздардың белсенді синтезі жүретін интерфаза кезеңі | Pre-synthetic period (G1) –the period of interphase during which a cell actively grows, new cytoplasmic structures are formed, and active synthesis of proteins and various RNAs occurs. |
Синтездік кезең (S)- ДНҚ синтезделеді. Репликация нәтижесінде жасушада ДНҚ молекуласының саны артады және ірбір хромосома екі хроматидтен тұратын интерфаза кезеңі | Синтетический период (S) период интерфазы, во время которого проходит синтез ДНК. Врезультате репликации молекул ДНК число их в клетке удваивается, и каждая хромосома становится двухроматидной. | Synthetic period (S) – the period of interphase during which synthesis of DNA takes place. As a result of replication of DNA each chromosome becomes double-chromatid. |
Постсинтездік кезең (G2)- жасушаның бөлінуге даярлық кезеңі: ақуыздардың белсенді синтезі, энергия қоры жинақталады бөлінуге қажетті құрылымдармен заттар қалыптасуымен қатар бөліну ұршығының компоненті ахроматин жіпшесі –микротүтікшелердің түзілуі жүретін интерфаза кезеңі | Постсинтетический период (G2)- период интерфазы, в котором осуществляется подготовка клетки к делению: происходит активный синтез белков и накопление энергии, формируются структуры и вещества,непосредственно участвующие в делении, в том числе компоненты нитей ахроматинового веретена деления– микротрубочки | Post-synthetic period (G2) –the period of interphase during which preparation for division occurs: active synthesis of proteins, accumulation of energy, formation of structures participating in divisions, including threads of mitotic spindle – microtubules. |
Интеркинез- бірінші және екінші мейоздық бөліну арасындағы кезең. Интерфазадан айырмашылығы ДНК репликацияланбайды яғни хромосом материалы екі еселенбейді | Интеркинез -период между первым и вторым делениями мейоза. В отличие от интерфазы в интеркинезе не реплицируется ДНК, т.е не удваивается материал хромосом | Interkinesis –the period between the first and second meiotic divisions. In contrast to interphase, DNA is not replicated in interkinesis, i.e. chromosomal material is not doubled. |
Кариокинез- жасушаның бөліну кезінде цитоплазманың бөлінуінің алдында жүретін жасуша ядросының бөлінуі | Кариокинез-деление клеточного ядра, происходящее во время деления клетки перед началом деления цитоплазмы | Karyokinesis –division of the cellular nucleus which occurs during cell division before division of the cytoplasm. |
Цитокинез- митоз немесе мейоз телофазасында бастапқы жасуша денесінің екіге бөлінуі | Цитокинез- разделение в телофазе митоза или мейоза тела материнской клетки на две дочерние. | Cytokinesis –division of a cell into two daughter cells during telophase of mitosis or meiosis. |
Мейоз – жетілген гаплоидты гаметалардың түзілуіне әкелетін жыныс жасушаларының бөліну тәсілі | Мейоз – способ деления половых клеток, приводящих к появлению зрелых гаплоидных гамет | Meiosis – type of division of sex cells resulting in formation mature haploid gamets |
Мейоз І (гр. сөзінен μείωσις — азаю) немесе редукциялық бөліну -эукариот жасушаларының ядросының хромосомаларының екі есе азайып бөлінуі | Мейоз І (от др.-греч. μείωσις — уменьшение) или редукцио́нное деле́ние клетки — деление ядра эукариотической клетки с уменьшением числа хромосом в два раза | Meiosis I(from Greekμείωσις for reduction) – reduction division of cell – division of the nucleus with two times reduction of the number of chromosomes. |
Мейоз ІІ(лат. сөзі aequatio — теңесу) немесе эквациялық бөліну- -хроматидтердің ажырауы жүретін (митоздағыдай )мейоздың екінші бөлінуі | Мейоз ІІ(от лат. aequatio — уравнивание) или эквационное деление - второе деление мейоза, когда происходит расхождение хроматид (как в митозе). | Meiosis II(from Latinaequatio – equation) second meiotic division when separation of chromatids (like in mitosis) occurs. |
Гаплоидия – хромосомалар санының екі есе азаюы | Гаплоидия – уменьшение числа хромосом вдвое | Haploidy – reducing by half of number of chromosomes |
Гаметогенез – жыныс жасушаларының дамуы мен пайда болу үдерісі | Гаметогенез – процесс образования и развития половых клеток | Gametogenesis – process of formation and development of sex cells |
Гамета – ағзалардың жынысты көбеюін қамтамасыз ететін жетілген арнайы жасушалар | Гамета - зрелая специализированная клетка, обеспечивающая половое размножение организмов | Gamete – mature, specialized cell taking part in sexual reproduction of organisms |
Оогенез – аналық жыныс жасушаларының (жұмыртқаның) түзілу үдерісі | Оогенез – процесс образования зрелых женских половых клеток (яйцеклеток) | Оogenesis - process of forming mature female sex cells (eggs) |
Сперматогенез - аталық жыныс жасушаларының (сперматозоидтың) түзілу үдерісі | Сперматогенез - процесс образования зрелых мужских половых клеток (сперматозоидов) | Spermatogenesis - process of forming mature male sex cells (spermatosoids) |
Гендер рекомбинациясы –І-ші мейозда хромосомалардың айқасуының нәтижесінде ата- ана гендерінде жаңа үйлесімдердің пайда болуы | Рекомбинация генов – возникновение новых комбинаций родиельских генов в результате кроссинговера хромосом в мейозе I | Recombination of genes – origin of new combination of parent genes resulting from crossingover of chromosomes during meiosis I |
Құрастырушы: аға оқыт.Таракова Қ.А.
№ 11 тәжірибелік сабақ