Тапсырма

1. Сәл қышқылдандырылған пастерленбеген сыраны (сыраға өзінің көлемінен 10 немесе 20%, күштілігі 6%-дық асханалық сірке қышқылы), сіркеқышқылды бактериялардың жинақтаушы дақылдарын алу үшін қоректік орта ретінде пайдаланады. Көлемі 100-150 мл конусты колбаларға қоректік ортаның 30-50 мл құяды (бақылау ретінде: 30-50 мл қышқылданбаған сыра алынады).

2. . Пастерленгбеген сыра ортаны сіркеқышқылды бактериялармен зақымдауға мүмкіндік туғызады. Субстраты бар колбаны 25-30оС термостатқа қояды. Сіркеқышқылды бактериялардың жинақтаушы дақылын алу кезінде температураны ескеру керек.

3. Йодпен байланысын анықтау

4. Сапалық реакцияжүргізу

Лабораториялық жұмыстың орындалу тәртібі

Қолданылатын материалдар: жаңа немесе балғын (свежее) сырасы; шарап сіркесі; этил спирті; йод; 50 немесе 500 мл колбалар; 1 мл пипеткалар; 50мл шкаласы бар цилиндр; шыны таяқшалары; микроскоп; заттық және беттік шыны.

Тәжірибелік жұмыс екі этап бойынша жүреді:

Бірінші сабақтың жұмыс жоспары:

1. Сыра және шарап құрамынан - сірке қышқыл бактерияларының жинақтама дақылдар алу.

2. Зерттеу үлгілерін алдын ала микроскопиялық зерттейді. Мысалы, сыра, шарап, алма сығындысы және т.б.

Екінші сабақтың жұмыс жоспары:

1. Ашыған сұйықтықтарда түзілген беттік қабатын (пленка) микроскоптау.

2. Acetobacter туыстарын анықтау және суреттерін салу.

Зерттеу объектілері:

1. Сыра және шарап құрамынан сірке қышқыл бактерияларының жинақтама дақылын бөліп алу.

Бірінші сабақ жоспары:

Жұмыс жасау әдісі:

1. Сірке қышқыл бактерияларының жинақтама дақылын алу үшін - 100 мл балғын сыра алынып, оны колбаға 2 см мөлшерде құяды және оны сірке қышқылымен (1 мл) қышқылдандырады (шарап сіркесімен). Кейін колбадағы ортаны энергетикалық материалмен байыту үшін, үстіне тағы да 0,5 мл этил спиртін (40%) құяды. Колбаларды пахталы тығындымен жауып, 30-350C температураға термостатта дақылданады.

2.Орам жапырақ + сыра + өндірістік сірке қышқылы алынады. Кейін колбадағы ортаны энергетикалық материалмен байыту үшін, үстіне тағы да 0,5 мл этил спиртін (40%) құяды. Колбаларды пахталы тығындымен жауып, 30-350C температураға термостатта дақылданады немесекачалкада өсіру.

Ескерту: техникалық спирт қолданылса, онда ортаға қосылады: MgSO4 немесе (NH4)2HPO4

Екінші сабақтың жұмыс жоспары:

1. Ашыған сұйықтықтарда түзілген беттік қабатын (пленка) микроскоптау.

2. Acetobacter туыстарын анықтау және суреттерін салу.

Жұмыс жасау әдісі:

Нәтижесінде 5 тәуліктен соң, сыра бетінде сіркеқышқыл бактерияларының негізінде түзілген ақ сұр қабат пайда болады. Түзілген қабатты микроскоп арқылы бақылау және сіркеқышқыл бактерияларының морфологиясын жоғарыда берілген қосымша сурет 1 бойынша салыстырамыз, тәжірибелік жұмыс барысында бақыланған сіркеқышқыл бактерияларының суретін дәптерге түсірміз.

Сіркеқышқыл бактерияларын анықтау үшін микроскоптық препарат йодпен боялады.

Бұл кезде:

- Йодпен өңделген Acetobacter aceti клеткалары сары түске боялады.

- Acetobacter pasteurianum көк түске боялады және сұйықтық бетінде (колбада) жиырылған құрғақ қабат түзеді.

- A. xylinum түрішырышты қабат түзіп, колбаның түбіне тұнбаға отырады, ал оның клеткалары йодпен көк түске боялады.

Наши рекомендации