Тақырыбы: «Дамудың туа біткен ақаулары: себептері, жіктелуі, медициналық маңызы.
7.2. Мақсаты: студенттерде дамудың туа біткен ақаулықтарыныңсебебі, даму механизмдері, диагноз қою және алдын алу жайлы және денсаулық сақтауда заманауи медицинасында олардың рөлі жайлы білімдерін қалыптастыру.
7.3. Оқытудың міндеттері:
- студенттерді тератология, тератогендік факторлар, тератогенді терминациялық кезеңдер, дамудың туа біткен ақаулықтары, микроаномалиялардың дамуы және туа біткен кемістіктер, эмбриопатия, фетопатия терминдерімен таныстыру;
- адамның онтогенезіндегі қауіпті кезеңдерінің маңызын және мәнін ашу
- дамудың туа біткен ақаулықтарының қалыптасуында генетикалық факторлардың рөлін ашу;
- дамудың туа біткен ақаулықтарының қалыптасуындағы орта факторлардың рөлін ашу;
- адамның онтогенезіндегі қауіпті кезеңдерінің маңызы мен мәнін ашу;
- мультифакторлық дамудың туа біткен ақаулықтарының қалыптасуындағы ішкі орта факторларының және генетикалық өзара әсерлерінің рөлін ашу
- студенттерді дамудың туа біткен ақаулықтарының Қазақстанның денсаулық сақтаудағы перинатальды және жаңа туылған нәрестелердің өлім - жітім көрсеткіштері үлесіндегі маңызымен таныстыру;
- дамудың туа біткен ақаулықтарын алдын-алудағы салауатты өмір салтының маңызы мен рөлін көрсету;
- студенттерді дамудың туа біткен ақаулықтарына диагноз қою және алдын алудың заманауи әдістерімен таныстыру;
- жүрек – қантамырлар жүйесі бойынша туа біткен ақаулықтарының қалыптасуында орта және генетикалық факторлардың рөлін ашу.
7.4. Өткізу түрі: «кейс» әдісімен (сценариі 2-ші қосымшада), тақырып бойынша бейнефильмдер көру.
7.5. Тақырып бойынша тапсырма:
7.5.1. Адам онтогенезінің қатерлі кезеңдерінің мәні мен маңызын түсіндіру және сызбасын сызу.
7.5.2. Дамудың туа біткен ақаулықтарының жіктелуі:
- кездесу жиілігіне қарай;
- көріну дәрежесіне қарай;
- көрінуіне қарай;
- этиологиясына қарай;
- онтогенездің пренатальді кезеңіне байланысты
7.5.3. Дамудың туа біткен ақауларының типтерін түсіндіру:
1. мальформация
2. дизрупция
3. деформация
4. дисплазия
мүше бастамасы қалыптасқан мүше
даму жолдары
ҚАЛЫПТЫ
МАЛЬФОРМАЦИЯ
ДИЗРУПЦИЯ
ДЕФОРМАЦИЯ
ДИСПЛАЗИЯ
7.5.4. Жүрек – қантамырлар жүйесінің туа біткен ақаулықтарының пайда болуының мүмкін болатын себептерін анықтап, олардың даму механизмдерін түсіндіру арқылы кейсті талдау.
Жүрек – қантамыр жүйесінің ақаулықтарын талдауға арналған алгоритмдер:
- Клиникалық жағдай
- Ақпарат
- Даму ақаулықтарының мүмкін болатын себептері:
· Генетикалық факторлар
· Экологиялық факторлар
· Мультифакторлы жағдай
· Биологиялық мутагендер
· Физикалық мутагендер
- Қосымша ақпарат
- Қосымша ақпаратты талдау
- Туа біткен ақаулықтардың мүмкін болатын себептерін анықтау.