Биология кафедрасының меңгерушісі Китапбаева А.А.

Ілеспе анықтама

Пән бойынша тестік база: Зоология

Мамандық:5В060700-Биология

Курс:2

Семестр:3

Оқу тілі:қазақ

Студенттер саны:

Факультет:Экология және жаратылыстану ғылымдары

Кафедра: Биология

1. Құрастырған:

Аты-жөні Пән Қызметі Тапсырған күні Қолы
1. Бурунбетова Қ.К. Зоология Доцент
2. Карменова Б.К. Зоология Ст.преп.

Тестік база ____5В060700-Биология____ МЖББС негізінде құрылды

(шифр)

- Титік оқу бағдарламасы__Зоология _______

(аты, шыққан жылы)

- Жұмыс бағдарламасы;

Жылғы кафедра отырысының хаттамасы

3. Эксперттер:

Аты-жөні Қызметі Кафедра Тапсырған күні Қолы
Шарипханова А.С. Доцент      
Игисинова Ж.Т. Доцент      

4. Алғашқы экспертиза нәтижесі:

Тестік базаны емтиханда қолдануға болады ескертулер түзетілгеннен кейін.

5. Кейінгі экспертизаның нәтижесі:

Тестік базаны емтиханда қолдануға болады

Биология кафедрасының меңгерушісі Китапбаева А.А.

Зоология
Зоология пәнінің мақсаты мен міндеттері. Омыртқасыздар зоологиясы. Бірклеткалы патшалық асты. Губкалар типі. Ішекқуыстылар типі. Жалпақ құрттар типі. Жұмыр құрттар типі. Буылтық құрттар типі. Буынаяқтылар типі. Желілілер типі. Омыртқалылар зоологиясы.
Сұрақ Жауаптары Күрделілігі (3- деңгейге дейін) Жауаптар саны Сұрақтар түрі Жауапқа түсіндірме
Екіжақтысимметриялы (Bilateria) келесі типтерді біріктіреді: А) Тип Жалпақ құрттар (Plathelminthes) В) Тип Нематгельминттер (Nemathelminthes) С)Тип Немертиндер (Nemertini) D) Тип Буылтық құрттар (Annelida) E) Тип Моллюскалар (Mollusca) F) Тип Онихофорлар (Onychophora) G) Тип Буынаяқтылар (Arthropoda) H) Тип Погонофорлар (Pogonophora) A,D,C  
А. В. Иванованың жүйесі бойынша Metazoa үш бөлімге бөлінеді: A) Біржасушалылар (Protozoa) B) Фагоцителлотәрізділер (Phagocytellozoa) C) Паразоилар (Раrazoa) D) Сәулелілер (Radiata) E) Эуметазоилар (Eumetazoa) F) Екіқабаттылар (Diblastica). G) Погонофоралар (Pogonophora) H) Екіншіреттік ауыздылар (Deuterostomia) В,С,Е  
Саркомастигофоралардың қазіргі заманғы жүйесіне байланысты үш типке бөлінеді: A) Талышқтылар (Mastigophora) B) Опалиналар (Ораlinata) C) Саркодтылар (Sarcodina). D) Сәулелілер (Radiata) E) Эуметазоилар (Eumetazoa) F) Екіқабаттылар (Diblastica). G) Погонофорлар (Pogonophora) H) Екіншіреттік ауыздылар (Deuterostomia) А,В,С  
Губкалардың морфологиялық құрылысына байланысты үш типін анықтайды: А)шартәрізділер В) шөміштәрізді C) аскон D) сикон E) бұтатәрізді F) лейкон G) таспатәрізді H) колбатәрізді C, D,F  
Ішекқуыстылар (Coelenterata) типі үш класқа бөлінеді: А)талшықтылар B)Опалиналар C) Гидроидтылар (Hydrozoa) D) Саркодтылар E) Сцифоидтылар (Scyphozoa) F) Сәулелілер G) екіқабаттылар H) Маржан полиптері (Anthozoa) C,E,H  
Саркодтылар типтармағында үш класты ажыратуға болады: A)Екіншіреттік ауыздылар B)класс Тамыраяқтылар (Rhizopoda) C) класс Сәулелілер (Radiolaria) D) Погонофорлар E) класс Күнтәрізділер (Heliozoa). F) Эуметазоилар G) Deuterostomia H) Pogonophora В,С,Е  
Фораминиферлердің бақалшақтары үш түрлі болады: A)жалғанаяқты B)құрастырылған C) сазды, балшықты D) органикалық зат псев­дохитин E) ұсақ құм мен тастардан құрастырылған F) ізвесті G)тасты H)сәулелі D,E,F    
Губкалардың үш класын анықтауға болады: A)Mastigophora B) класс Ізбесті губкалар (Calcispongiae) C) класс Шынылы губкалар (Hyalospongiae) D)класс Кәдімгі губкалар (Demospongiae) E) класс Гребневиктер (Ctenophora) F) Класс Сорғыштар (Trematoda) G) Класс Моногенеиялар (Monogenea) H) Класс Жалпақ құрттар (Cestoda) В,С,D  
Қуыссыздар тармақастына (Acoelomata) келесі құрттар типі жатады: A)Diblastica B)Eumetazoa C) Radiata D) Sarcodina E) Ораlinata F) тип Жалпақ құрттар (Plathelminthes), G) тип Біріншіреттік қуыстылар, немесе жұмырқұрттар (Nemathelminthes) H) тип Немертиндер (Nemertini) F, G,H  
Сцифоидты медузалар класын бес отрядқа бөледі, үш артығын ата... A) Отырықшы медузалар отряды (Stauromedusae) B) Кубомедузалар отряды (Cubomedusae) C) Корономедузалар отряды (Coronata D) Тамырауызды медузалар отряды (Rhizostomida) E) Флагомедузалар отряды (Semaeostomeae) F) Альционариилер отряды (Alcyonaria) G) Мүйізді маржандар (Роговые кораллы) отряды (Gorgonacea) H) Теңіз қауырсындары (Морские перья) (Pennatulacea) отряды F,G,H  
Бастұмсықтылар (Cephalorhyncha) типі келесі кластардан тұрады: A)Киноринхалар (Kinorhyncha) B)Приапулидалар (Priapulida) C) Nematomorpha D) Құрсақкірпікшелілер E)Гастротрихалар (Gastrotricha) F) Нематодалар (Nematoda) G) Коловраткалар (Rotatoria) H) Скребнилер (Acanthocephala) А,В,С  
Қосжақтаулылар (Bivalvia) класының өкілдерінің бақалшақтарының қаабырғалары үш қабатын ата: A)торлы B)сыртқы — конхиолинді (периостракум) C) ортаңғы — ізбесті (остракум) D) ішкі — перламутр немесе інжу E) тегіс F)тасты G)құмды H) борлы В,С,D  
Целомды тармақтылар (Coelomata) А. В. Иванованың жүйесі бойынша бес типүстіне біріктіріледі, осы тармаққа жатпайтынын ата: A)типүсті Трохофоралылар (Trochozoa) B) типүсті Погонофорылар (Pogonophora) C) типүсті Қармалауыштылар (Tentaculata) D) типүсті Қылтанақтыжақтылар (Chaetognatha) E) типүсті Екіншіреттік ауыздылар (Deuterostomia) F) типүсті Буылтық құрттар (Anneli­da) G) типүсті Моллюскалар (Mollusca) H) типүсті Буынаяқтылар (Arthropoda) F, G,H  
Буынаяқтылардың негізгі белгісі гиподерма бөлетін хитинді кутикула. Осы кутикула қандай қабаттардан тұрады? А) экзокутикулы В) бағаналы құрылымды эндокутикула С) липидті құрылымнан тұратын эпикутикула D)микрокутикулалар E) гипокутикуллалар F) мезокутикулалар G) гиперкутикуллалар H) кутикулалар А,В,С  
Trichinella spiralis биогельминттерге жатады, тіршілік циклі толығымен иесінің ағзасында өтеді. Трихинелланың иесі... болуы мүмкін. А) шошқалар В) егеуқұйрықтар С) адамдар D) жәндіктер E) былқылдақденелілер F) құрттар G) балықтар H) құстар А,В,С  
Власоглав (Trichocephalus trichiurus) — адамның қауіпті паразиті. Власоглавтар соқыр ішекте паразиттік тіршілік етеді және де ... тудырады. А) жүрек ауруларын В) асқортудың бұзылуын С) анемияны D) склерозды E) аппендицитті F) эндокринді жүйесінің бұзылуын G) жүйке жүйесінің бұзылуын H) таз болуды В,С,Е  
Панцирлі моллюскалар, немесе хитондар, — теңіз жануарлары. Сезім мүшелері нашар дамыған. Мантия қабатында эпибрахиальды валиктері бар – химиялық сезім мүшесі және арқа бөлімінде көптеген эстеттері бар, солардың арасында келесілерді ажыратуға болады: А) Статоцистер В) целомодуктар С) тактильді D) бүйрек E) жарықсезгіш F) көз G) қылшықтар H) жылусезгіш С,Е,Н  
Қарапайымдылардың губкаларға қарағандағы айырмашылығы... А) ұлпалық ұйымдасуы жоқ В) миксотрофтты және гетеротрофты қоректенеді С)тек гетеротрофты өоректенеді D) жыныстық үрдіс жоқ E) кейбір өкілдеріне конъюгация тән F) митохондриялары жоқ G) тек миксотрофты қоректенеді H) қоректенбейді А,В,Е  
Қарапайымдылардың жасушаларына өсімдік жасушасына қарағанда ... тән. А) митохондриялар В) пластидтер С) хроматофорлар D) вакуолдер E) жиырылғыш вакуолдер F) гликокаликстер G) поралар H) тесіктер С,Е,Ғ  
Қосжақтаулылар класы Bivalvia, қазіргі жүйе бойынша, үш отрядүтіне ажыратылады: А) отрядүсті Біріншіреттік желбезектілер (Protobranchia) В) отрядүсті Желбезектілер (Autobranchia) С) отрядүсті Бөлінген желбезектілер (Septi­branchia). D) Наутилидтер (Nautiloidea) E) Колеоидеилер (Coleoidea) F)класстармағы Аммонит ер(Ammonoidea) G) Бактриттер (Bactritoidea) H) Белемниттер (Belemnoidea). А,В,С  
Буынаяқтылардың дене сегменттері гетерономды. Дене сегменттері морфофункционалды жағынан ажыратылады және дене бөлімдеріне бөлінген. Әдетте буынаяқтылардың денесінде үш сегмент бар: А) баскеуде В) тұлға С) бас D) құйрық E) кеуде F) арқа G) дене H) құрсақ С,Е,Н  
Дене қуысын толтырып тұратын сұйықтық миксоцель гемаломфа деп аталады. Миксоцель екі диафрагмамен синустарға бөлінеді: А) құрсақ В) перикардиальды С) висцеральды D) кеуде E) периневральды F) арқа G) алдыңғы H) артқы В,С,Е  
Дене сегменттерінде жұп аяқтары болады. Шаянтәрізділердің аяқтары базальды бөлімнен —... тұрады, одан екі тармақ шығады: сыртқы — ... және ішкі —.... А) протоподит В) экзоподит С) эндоподит D) апода E) коксоподит F)базоподит G) параподия H) биподит А,В,С  
Шаянтәрізділер класын бес класстармағына бөледі, осы класқа жатпайтындарын ата: А) Желбезекаяқтылар (Branchiopoda), В) Цефалокаридтер (Cephalocarida), С) Максиллоподалар (Maxillopoda), D) Ракушкалыра (Ostracoda), E) Жоғары сатыдағы шаяндар (Malacostraca), F) Аммониттар (Ammonoidea), G) Бактриттер (Bactritoidea), H) Белемниттер (Belemnoidea). F,G,H  
Хелицерлер типіне келесі үш класс жатады: А) Цефалокаридтер (Cephalocarida), В) Семсерқұйрықтылар (Xiphosura), С) Ракоскорпиондар (Gigantostraca) D) Желбезекаяқтылар (Branchiopoda), E) Ракушкалылар (Ostracoda), F) жоғары сатыдағы шаяндар (Malacostraca), G) Аммониттер (Ammonoidea), H) Өрмекшітәрізділер (Arachnida). В,С,Н  
Жәндіктердің аяқтары бес бөлімнен тұрады: ..., олар бірнеше буынға бөлінген, соңғысында екі тырнақ болады. Дұрыс емес жауаптарды көрсет. А) жамбас (соха), В) ұршықбас (trochanter), С) сан (femur), D) сирақ (tibia), E) табан (tarsus), F) төмпешік G) тізе H) саусақ F,G,H  
Жәндіктердің қаны плазма және қан денелерінен немесе гемоциттерден тұрады, оларды ... бөлуге болады. А) гемоглобин В) гемолимфа С) фагоциттер D) эриторциттер E) лейкоциттер F) амебоциттер G) гемоциттер H) қан С,Е,Ғ  
Жәндіктердің миы, немесе жұп жұтқыншақүсті түйіндері, үш бөлімнен тұрады: А) протоцеребрумнан В) акроннан С) дейтоцеребрумнан D) мидан E) тритоцеребрумдардан F) коннективтерден G) ганглийлерден H) жүйке тізбегінен А,С,Е  
Жәндіктердің сезім мүшелері бес рецепторлар түріне жіктеледі, дұрыс емес жауапты тап: А) механорецепторлар В) гетерорецепторлар С) гоморецепторлар D) хеморецепторлар E) бирецепторлар F) терморецепторлар G) гигрорецепторлар H) фоторецепторлар В,С,Е  
Жәндіктердің постэмбриональдық дамуында негізгі үш түрін анықтайды: 1) метаморфозсыз тура даму — ... 2) толық түрленбей даму— ... 3) толық түрленіп даму— ... А) метоболизм В) аметаболия, или протометаболия; С) гемиметаболия; D) постметоболизм E) голометаболия; F) метоморфоз G) метоболизмсыз H)қуыршақ В,С,Е  
Аметаболия, немесе протоморфоз барысында дамудың келесі сатылары байқалады: А) жұмыртқа В) нимфа С) имагоға ұқсайтын D) қуыршақ E) имаго F) имагоға ұқсамайтын G) дернәсіл H) зигота А,С,Е  
Гемиметаболия барысында — түрленбеген даму, келесі даму сатылары болады: А) ұрпақ В) жұмыртқа С) нимфа D) қуыршақ E) имаго F) имагоға ұқсамайтын G) дернәсіл H) зигота В,С,Е  
Жәндіктердің қуыршақтары: А) қуыршақ В) имагоға ұқсас С) имагоға ұқсамайтын D) жалған кокон E) бос F) жабылған G) пупарии H) жасырынған Е,Ғ,Н  
Ертеректе кенелер мен өрмекшілерді бір-кенелер отрядына біріктірген. Кейін бұл топтар әртүрлі екендігі анықталды, кенелерді қазір үш жеке отрядқа бөледі: А)Көпаяқтылар (Myriapoda) В) Алтыаяқтылар (Hexapoda) С) Симфиллалар (Symphyla) D)Пауроподалар (Pauropoda) E) акариформалылар F) паразиттік кенелер G) Кивсяктар (Diplopoda) H) сенокос кенелер Е,Ғ,Н  
Жәндіктердің тіршілік циклін екіге бөледі: I. Ұрпақ алмасуынсыз; II. Ұрпақ алмасуымен. Ұрпақ алмасуымен дамитын жәндіктердің цикліне не жататындығын анықта: А) қосжынысты көбею (зауза қоңызы); В) партеногенетикалық көбею (биіктау қоңыздары, шегірткелер); С) гермофродиттті дарабастардың жынысты көбеюі (америка шыбыны); D) полиморфты түрлердің жартылайпартеногенез және жыныстық көбеюі (аралар). E) гетерогония: жынысты және бірнеше партеногенетикалық ұрпақтардың алмасуы (өсімдік биті, филлоксера); F) гетерогония: жыныстық ұрпақтардың және бірнеше партеногетеикалық ұрпақтардың алмасуы (кейбір галлицылар немесе бұзғыншылар); G) метагенез: жынысты көбею полиэмбриониямен (наездниктер). H) жынысты көбею; Е,Ғ,G  
Жартылайқаттықанаттылар қоректенеді … А) өсімдіктер шырынымен немесе жыртқыштық жолмен В) жәндіктердің гемолимфасымен С) құстар мен сүтқректілердің қанымен D) қатты қорекпен E) су ішеді F) эндопаразиттер G) жұмыыртқамен қоректенеді H) бұлшықетпен қоректенеді А,В,С  
Биологиялық жағынан қаттықанаттылар алуан түрлі. Олар барлық ландшафтық аймақтарда кездеседі, биоценоздың барлық ярустарын мекендейді. Қоңыздар арасында қоректені түрі бойынша болмайтындар ... А) эндопаразиттер В) жыртқыштар С) фитофагтар D) сапрофагтар E) эктопаразиттер F)қоректенбейтіндер G) некрофагтар H) копрофагтар А, Е,Ғ  
Scarabaedae тұқымдасына келесі қоңыздар кіреді ... А) марал қоңыз В) шытырлақ С) қи қоңыз D) су қоңызы E) бронзовка F) кокцинеллидтер G) хан қызы H) қара қоңыз В,С,Е  
Қосқанаттылар (Diptera) отряды мұртшаларының пішінімен, қанаттарының жүйкеленуімен, ауыз аппаратының құрылысмен, дернәсіл және қуыршақ пішіндерімен ажыратылатын үш отрядтармағына бөлінеді:... А) отрядтармағы Ұзынмұрттылар, немесе Масалар (Ncmatoccra). В) отрядтармағы Туратігісті қысқамұрттылар (Brachycera-Orthorrhapha) С) отрядтармағы домалақтігісті қысқамұрттылар (Brachycera-Cyclorrhapha). D) Алтыаяқтылар (Hexapoda) E) Симфиллалар (Symphyla) F) Пауроподылылар (Pauropoda) G) Кивсяктар (Diplopoda) H) паразиттік формалар А,В,С  
Екіншіреттік ауыздылар типүсті целомды жануарларыдң ерекше филогенетикалық тобы. Оларға бірнеше тип жатады: А) Тікентерілер (Echinodermata) типі В) Жартылайхордалылар (Hemichordata) типі С) Желілілер (Chordata) типі D) Буылтыққұрттар (Annelida) типі E) Моллюскалар (Mollusca) типі F) Онихофоралар (Onychophora) типі G) Буынаяқтылар (Arthropoda) типі H) Погонофоралар (Pogonophora) типі А,В,С  
Келесі терминдердің анықтамасын тап: Автогамия— Автотомия— Агамогония— А) бір жасушалы ағзалардың (қарапайымдылардың) өздігінен ұрықтануы В) өзін-өзі жарақаттандыру С) агаметалары пайда болу арқылы қарапайымдылардың көптеп жыныссыз көбеюі D) қарапайымдылардың жыныссыз көбейетін дарабасы E) бейімделу F) буынаяқтылардың денесінің алдыңғы бөлігі G) сәулетәрізді жалғанаяқтар H) ерекше су қозғаушы жүйе А,В,C  
Келесі терминдердің анықтамасын тап: Агамонт — Адаптация — Акрон — А) өзін-өзі ұрықтандыру В) өзін-өзі жарақаттандыру С) көптеген жыныссыө көбею D) қарапайымдылардың жыныссыз көбейетін дарабасы E) бейімделу F) буынаяқтылардың денесінің алдыңғы бөлігі G) сәулетәрізді жалғанаяқтар H) ерекше су қозғаушы жүйе D,E,F  
Келесі терминдердің анықтамасын тап: Амебоцит— Аксоподия— Амбулакральлы жүйе— А) өзін-өзі ұрықтандыру В) өзін-өзі жарақаттандыру С) көптеген жыныссыө көбею D) қарапайымдылардың дарабасы E) бейімделу F) амебойдты қозғалысқа бейім жасуша G) қарапайымдылардың сәулетәрізді остік өзекшесі бар жалғанаяқтары H) теңіз жұлдыздарының ерекше суқозғаушы жүйесі F,G,H  
Келесі терминдердің анықтамасын тап: Базальды мембрана— Бентос— Жыныссыз көбею— А) эпителийді қаптап жатқан аморфнлы қабат В) су қоймасының түбінде тіршілік етеін ағзалар С) мейоз бен гаметалардың қосылуы болмайтын көбею түрі D) симметрия түрі E) бірегей телімше F) жер қабаты G) гаструла қасындағы қуыс A,B,C  
Келесі терминдердің анықтамасын тап: Билатеральды симметрия — Биогеоценоз — Биосфера — А) эпителийді қаптап жатқан аморфнлы қабат В) су қоймасының түбінде тіршілік етеін ағзалар С) мейоз бен гаметалардың қосылуы болмайтын көбею түрі D) симметрияның түрі, денені тура екі бөлікке бөледі, жануар денесі бойынша бір ғана симметрия өткізуге болады E) тіршілік ету жағдайлары ұқсас, белгілі аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің (популяциялардың) тыныс-тіршілік ортасы F) Жердің тірі ағзалар мекендеген бөлігі G) гаструла қасындағы қуыс D,E,F  
Келесі терминдердің анықтамасын тап: Мезентерий - Бластопор— Бластоцель— А) эпителийді қаптап жатқан аморфнлы қабат В) су қоймасының түбінде тіршілік етеін ағзалар С) көбею формасы D) симметрия түрі E) жер бетінің бірегей қабаты F)буылтық құрттардың әр сақинасында целломдық қапшықтарының арасында болатын бойлық қабырға G) эмбриональды ішекке немесе алғашқы ауызға апаратын гаструла қуысы H) бластула ішіндегі қуыс F,G,H  
Келесі терминдердің анықтамасын тап: Гамогония— Гамонт— Ганглий— А) қарапайымдылардың жыныстық көбеюі В) қарапайымдылардың жыныстық дарабасы С) нейрондары бар жүйке ұлпаларының шоғыры D) хромосома жиынтығы E) гаструла қуысы F) көпжасушалылардың гаструлаға ұқсас ата тегі G) көпжасушалылардың ата тегі H) күрделі ішек (гастральды) қуысы A,B,C  
Келесі терминдердің анықтамасын тап: Гаструла— Гастральды қуыс— Гастрея— А) қарапайымдылардың жыныстық көбеюі В) қарапайымдылардың жыныстық дарабасы С) жүйке ұлпаларының шоғыры D) бластуладан кейін болатын екіқабатты эмбриональды саты E) гаструла қуысының, энтодермамен қапталған бөлігі; ішекқуыстылардың ішек қуысы F) көпжасушалылардың гаструлаға ұқсас ата тегі G) көпжасушалылардың ата тегі H) күрделі ішек (гастральды) қуысы D,E,F  
Келесі терминдер анықтамасын тап: Диапауза— Диморфизм— Диплеврула— А) қарапайымдылардың жыныстық көбеюі В) қарапайымдылардың жыныстық дарабасы С) жүйке ұлпаларының жиынтығы D) екіқабатты эмбриональды сатысы E) гаструла қуысы F) түрдің тіршілік цикліндегі тіршілікке қолайсыз жағдайларға бейімделу фазасы G) түрдің екі формасыны болуы. Көбіне жыныстық өзгерістер: аталық пен аналық арасындағы морфологиялық айырмашылықтар. H) теңіз жұлдыздыларының екіжақтысимметриялы дернәсілі F,G,H  
Хордалылар типіне жататын тип тармақтары? A) Бассүйексіздер (Acrania) B) Қабықтылар (Tunicata) немесе Личинкахордалылар (Urochordata) C) Омыртқалылар (Vertrbrata) немесе Бассүйектілер (Craniota) D) Жақсыздар (Agnatha) E) Жақтылар (Gnathostomata) F) Асцидиялар (Ascidiae) G) Сальпылар (Salpae) H) Аппендикуляриялар (Appendiculariae) A,B,C  
Қабықтылар (Tunicata) немесе Личинкахордалылар (Urochordata) тип тармағына жататын класстар? A) Бассүйексіздер (Acrania) B) Дөңгелек ауыздылар (Cyclostomata) C) Омыртқалылар (Vertrbrata) немесе Бассүйектілер (Craniota) D) Жақсыздар (Agnatha) E) Жақтылар (Gnathostomata) F) Асцидиялар (Ascidiae) G) Сальпылар (Salpae) H) Аппендикуляриялар (Appendiculariae) F,G,H  
Омыртқалылар (Vertrbrata) немесе Бассүйектілер (Craniota) тип тармағына жатпайтын класстар? A) Бассүйексіздер (Acrania) B) Дөңгелек ауыздылар (Cyclostomata) C) Қабықтылар (Tunicata) немесе Личинкахордалылар (Urochordata) D) Жақсыздар (Agnatha) E) Жақтылар (Gnathostomata) F) Асцидиялар (Ascidiae) G) Сальпылар (Salpae) H) Аппендикуляриялар (Appendiculariae) F,G,H  
Омыртқалылар (Vertrbrata) немесе Бассүйектілер (Craniota) тип тармағына жататын класстар? A) Басхордалылар (Cephalochordata) B) Дөңгелек ауыздылар (Cyclostomata) C) Қабықтылар (Tunicata) немесе Личинкахордалылар (Urochordata) D) Құстар (Aves) E) Сүйекті балықтар (Osteichthyes) F) Асцидиялар (Ascidiae) G) Сальпылар (Salpae) H) Аппендикуляриялар (Appendiculariae) B,D,Е  
Шеміршекті балықтардың нейрокраниумының сүйекті балықтардың нейрокраниумынан қандай айырмашылықтары бар? A) рострум B) фонтанель C) платибазальды бас сүйек D) тропибазальды бас сүйек E) парасфенойд F) шүйде бөлімі G) есту қапшықтары бөлімі H)иіс сезу бөлімі А,В,С  
Cүйекті балықтардың посткраниальды қаңқасының шеміршекті балықтардың посткраниальды қаңқасымен салыстырғандағы айырмашылықтары қандай? A) омыртқа жотасы амфицельді омыртқалардан тұрады B) құйрық қанаты гетероцеркальды C) құйрық қанаты гомоцеркальды D) кеуде жүзбе қанаттарында клейтрум (субклейтрум) сүйектері дамыған E) жүзбе қанаттарында базалиялары бар (көксеркеден басқа) F) жүзбе қанаттарында радиялиялары бар(көксеркеден басқа) G) уростиль сүйегі пайда болған H) жұп жүзбе қанаттары бар С,D,G  
Келесі жүзбеқанаттардың анықтамасын тап: Моносериальды – Дифицеркальды – Бисериальды - A) ... сыртынан симметриялы, ал ішінен асимметриялы тең қалақты құйрық жүзбе қанаты B) ... алғашқы тең қалақты, әдіпті құйрық жүзбе қанаты C) ... алғашқы асимметриялы қалақты, әдіпті құйрық жүзбе қанаты D) ... қалақтары тең емес құйрық жүзбе қанаты E) ... бір жерден жалғыз болып жеке шығатын жүзбе қанат типі F) ... қосымша ортаңғы жүзбе қалағы бар сырттай және іштей симметриялы құйрық жүзбе қанаты G) ... сырттай және іштей симметриялы құйрық жүзбе қанаты H) ... бір жерден қос-қос болып шығатын жүзбе қанат типі Е,Ғ,Н  
Бекіретәрізділер отрядының өкілдеріне жататындар: A) Кумжа B) Қортпа C) Ақбалық D) Кета E) Шоқыр F) Қызыл албырт G) Албырт-таймень H) Сүйрік B,E,H  
Майшабақтәрізділер отрядының өкілдері: A) Ескектұмсық B) Калуга C) Қаражон D) Кәдімгі килька E) Шоқыр F) Құнысбалық G) Атлантика сардинасы H) Ақбалық C,D,G  
Албырттәрізділер отрядының құрылысындағы ерекшеліктер: A) Дене тұрқы кіші балықтар B) Майлы жүзбеқанатары болады C) Көпшiлiк түрлерi өрiстегiш балықтар D) Тiршiлiгiнде бiр-ақ рет уылдырық шатшып, өледi E) Бұлар жылы су қаймаларында кездеседі F) Қабыршағы ктеноидты G) Бүйір сызығы жоқ H) Ми сауыты толық сүйектенген B,C, D  
Трескалар отрядының ерекшеліктері: A) Денесін ктеноидты қабыршақ жапқан B) Денесін циклоидты қабыршақ жапқан C) Құрсақ жүзбеқанаттары кеуде қанатының алдында орналасқан D) Торсылдағы тұйық емес E) Трескатәрізділерде бір арқа және үш аналь жүзбеқанаттары болады F) Олардың етi, бауыр майы қымбат бағаланады G) Отряд өкілдерінің жүзбеқанаттарындатікенді талшықтар бар H) Денесі ірі қабыршақтармен жабылған В,C,F  
Тұқытәрізділер отрядының өкілдері: A) Аққайран B) Кумжа C) Пелядь D) Сібір хариусы E) Алабұға F) Сазан G) Шортан H) Қаракөз A,F,H  
Тұқытістілер отрядын сипаттайтын белгілер: A) Денесі ктеноидты қабыршақпен қапталған B) Денесі циклоидты қабыршақпен қапталған C) Бүйір сызығы жоқ D) Басы екі бүйірінен қысыңқы E) Арқа жүзбеқанаты аналь қанатының үстінде орналасқан F) Арқа жүзбеқанаты басына өте жақын орналасқан G) Жүзбеқанаттарында тікенді талщықтары жақсы жетілген H) Ашық торсылдақтылар B,C,E  
Аталық бақаның жыныс мүшелерінің құрамына... кірмейді. A) тұқым безі B) майлы дене C) бүйрек D) несепағар E) тұқым көпіршігі F) клоака G) тұқым шығару каналы H) бүйрек үсті безі С, D,H  
Құйрықсыз қосмекенділердің зәр шығару мүшелері... A) жұп мезонефридиялық бүйректер B) жұп метонефридиялық бүйректер C) Вольфов өзегі (несепағар) D) жұп протонефридиялық бүйрек E) қуық F) Генле тұзағы G) каналдар H) түйіндер А,С,Е  
Бақаның ас қорту жүйесінің суретіндегі 2,3,5 номерлармен қандай бөлімдері көрстілген? Биология кафедрасының меңгерушісі Китапбаева А.А. - student2.ru A) өңеш B) қарын C) 12-елі ішек D) ащы ішек E) тік ішек F) клоака G) тік ішектің клоакаға енген жері H) қуық В,С,Е  
Бауырымен жорғалаушылар класы қандай клас тармақтарына жіктеледі: A) Анапсидтер B) Тұмсықбастылар C) Лепидозаврлар D) Тасбақалар E) Қабыршақтылар F) Қолтырауындар G) Хамелеондар H) Архозаврлар A,C,H  
Теңіз тасбақалар отрядтармағының өкілдері: A) Африка триониксі B) Үнді қалақаяқты тасбақасы C) Жасыл немесе сорпалық тасбақа D) Бисса E) Лаггерхед F) Аррал G) Австралия жыланмойын тасбақасы H) Сопақбас тасбақа C,D,E  
Хамелеондар отрядтармағының ерекшеліктері A) Денесі мүйізді түйіршіктер жабады B) Дабыл жарғағы болмайды C) Мойны ұзын D) Үш саусақтары қысқа E) Денесі өте күшті ісіне алады F) Көздері қозғалмайды G) Моногамдар H) Ұрықтануы сыртай A,B, E  
Жыландар отрядтармағының ерекшеліктері: A) Жыландар бауырымен жылжып қозғалуға, көлемді заттарды тұтасымен жұтуға бейімделген жануарлар B) Жыландар жануар және өсімдік тектес заттармен қоректенеді C) Жыландардың денесі мүйізді қабыршықтармен қапталған D) Жыландардың жақ аппаратының оң және сол жақ бөлімі жылжымалы болып байланысқан E) Оң және сол жақ өкпесі жақсы жетілген. F) Омыртқалары амфицельді G) Төс сүйегі және жабық көкірек қуысы бар H) Жыныс бездері бүйректерінің артқы жағында орналасқан A,С,D  
Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген жыландар: A) Сарыбауыр абжылан B) Торлы питон C) Қызылжолақ абжылан D) Теңбіл абжылан E) Кәдімгі сарыбас жылан F) Құм айдаһаршасы G) Сұр кобра H) Оқ жылан A,C,D  
Аспидтер тұқымдасының өкілдері: A) Көзілдірікті жылан B) Құм атпа жыланы - эфа C) Бозша жылан D) Теңіз жыланы E) Қара мамба F) Қызылжолақ абжылан G) Мысыр кобрасы H) Теңбіл абжылан A,E,G  
Қолтырауындар отрядының өздеріне тән ерекшеліктері: A) Денесі ұзын және арқасынан құрсағына қарай жалпақтау B) Тістері жақ аралық, үстіңгі жақ және тіс сүйектеріне альвеолға орналасқан C) Денесі мүйізденген қабыршақтармен қапталған, олардың астыңғы жағынан сүйекті пластинкалар дамиды D) Алдыңғы аяғының бес саусағының арасында жарғақ болады E) Төменгі жағының астында, иығының үстінде және клоаканың маңайында тері бездері жойылған F) Крокодилдерде сүйекті таңдай болмайды G) Иық белдеуінде бұғана болады H) Омыртқа бөлімдері айқын байқалмайды A,B,C  
Алигаторлар тұқымдасының өкілдері: A) Ганга гавиалы B) Ниль крокодилі C) Батпақ қолтырауыны D) Келтектұмсық қолтырауын E) Африкалық тартұмсық қолтырауын F) Қытай аллигаторы G) Қара кайман H) Қолтырауын түсті кайман F,G,H  
Бауырымен жорғалаушылардың мойын омыртқаларының 1,3, 4 номерлерінде қандай бөлімдері көрсетілген? Биология кафедрасының меңгерушісі Китапбаева А.А. - student2.ru   A) эпистрофейдің тіс тәрізді өсіндісі B) жұлын өтетін өзек C) үстіңгі өсінді D) жоғарғы доға E) омыртқа денесі F) эпистрофей G) атлан H) төменгі өсінді А,С,D  
Бауырымен жорғалаушылардың (кеселдің) жамбас белдеуінің құрамына қандай сүйектер кіреді? A) сегізкөз омыртқалары B) мықын сүйегі C) шонданай D) бел омыртқалары E) байланыс шұңқыры F) шат сүйегі (немесе қасаға) G) жамбас шұңқыры H)ортан жілік басы В,С,Ғ  
Құстар класының ұшуға бейімділігі A) Құстардың терісі жұқа, құрғақ, тері бездері жоқтың қасы B) Нағыз тері қабатында қан тамырлары жоқ C) Терінің эпидермис қабатында қауырсындардан басқа мүйізді туындылары болмайды D) Жақ сүйектерінде тістері болады E) Кеуде бұлшық еттері жақсы жетілген F) Терінің эпидермис қабатының мүйізді туындылары қауырсындар G) Атқаратын қызметіне байланысты қауырсындар жабын және қағушы деп екіге бөлінеді H) Қауырсынның теріге еніп тұрған бөлімі сояу деп аталады A,С,E  
Ұшуға бейімделгендіктен құстардың қаңқасындағы өзгерістер: A) Сүйектері жеңіл, іші қуыс онда ауа болады B) Төсінде қыр сүйегі болмайды C) Иық белдеуінде коракоидтар дамымаған D) Жамбасы жабық E) Жамбас сүйектері бірігіп күрделі сегізкөз сүйекті құрайды F) Құйрық бөлімі де бірігіп кеткен, ең соңғысы пигостиль G) Диапсидты типті бассүйегінде үстіңгі шықшытдоғасы бар H) Екі шүйде ілмекшегі болады A,E,F  
Кептердің аталық жыныс жүйесінің құрылысына келесі бөлімдер енеді... A) тұқым безі B) бүйрек үсті безі C) тұқым жолы D) тұқым көпіршігі E) несеп ағар F) жатыр G) жұмыртқа жолының шанағы H)клоака А,С, D  
Құстардың зәр-жыныс жүйесінің суретінен (А-аталық, Б-аналық) 4,7,9 номерлерімен қандай бөліктері белгіленген? Биология кафедрасының меңгерушісі Китапбаева А.А. - student2.ru A) бүйрек B) тұқым безі C) несеп аған D) жұмыртқа жолы шанағы (воронкасы) E) оң жұмыртқа безінің қалдығы F) сол жұмыртқа жолы G)тұқым жолы H)сол жұмыртқа безі В,D,Е  
Құстардың алдыңғы аяқтарының белдеуі келесі үш жұп сүйектен тұрады: A) жауырын B) төс қыры C) қарға сүйек (каракойд) D)қабырға E) бұғана (аша сүйек) F) тоқпан жілік G) шыбық, шынтақ сүйек H) алақан, саусақ А,С,Е  
Құстардың алдыңғы аяқтарының қаңқасы келесі сүйектерден тұрады: A) жауырын B) төс қыры C) қарға сүйек (каракойд) D)қабырға E) бұғана (аша сүйек) F) тоқпан жілік G) шыбық сүйек, шынтақ сүйек H) алақан, саусақ сүйектері Ғ,G,Н  
Ширақ балапан шығаратын құстар A) Тауықтәрізділер B) Жыртқыш құстар C) Торғай тәрізділер D) Кептерлер E) Қазтәрізділер F) Түйеқұстар G) Тоқылдақтар H) Ескекаяқтылар A,E,F  
Қызылшақа балапанды құстар A) Тауықтәрізділер B) Жыртқыш құстар C) Торғай тәрізділер D) Кептерлер E) Қазтәрізділер F) Түйеқұстар G) Дуадақтар H) Тырнатәрізділер B,C,D  
Африка түйеқұстары отрядының ерекшеліктері: A) Отрядта қазіргі кезде тіршілік ететін бір түр бар B) Қаңқасында ауа қуыстары бар C) Бұлар үшін төстің үлкен болуы тән D) Ең ірі құстар, ұшпайды E) Мойны мамықпен жабылған, аяқтары қауырсынданбаған F) Қыр сүйегінің болады және төс бұлшық еті жақсы дамыған G) Артқы аяқтарында үш саусағының болуы H) Жамбасы ашық A,D,E  
Кивитәрізділер отрядының ерекшеліктері: A) Австралия зоогеографиялық облысының құстары B) Жаңа Зеландияның аралдарында тараған C) Тұмсығы ұзын әрі жіңішке, танаулары тұмсығының ең ұшында орналасқан D) Иіс-сезу қуысы нашар дамыған E) Сезгіш қылшықтары-вибристері болмайды F) Тілі өте жақсы жетілген G) Аналығы 4-тен 5-ке дейін жұмыртқа салады H) Аяқтары төртсаусақты B,C,H  
Сұңқартәрізділер немесе Күндізгі жыртқыштар отрядының өкілдері: A) Ителгі B) Қасқалдақ C) Ақ ләйлек D) Көк құтан E) Лашын F) Ақсұңқар G) Үлкен сұқсыр H) Зымыран A, E, F  
Құс қауырсынының құрылысындағы 1,2,5 нөмір арқылы қандай бөлімдері көрсетілген? Биология кафедрасының меңгерушісі Китапбаева А.А. - student2.ru A) сабақ B) қаламұш C) қаламұш тесігі D) доғашықтар E) сыртқы желпуіш F) желпуіштің мамық бөлімі G) ішкі желпуіш H)қосымша өзек А, В,G  
Cуретте 1,2,3 нөмірлермен қандай қауырсындар түрлері белгіленген? Биология кафедрасының меңгерушісі Китапбаева А.А. - student2.ru A) қалыпты қауырсын B) мамық қауырсын C) мамық D) қылтәрізді қауырсын E) қылшық F) қосымша мамық қауырсын G) бағыттаушы қауырсын H) желпуіш қауырсын А,F,С  
Күйіс қайыратын сүтқоректі жануарлардың қарын құрылысындағы 5,6,7 нөмірлі бөлімдері қалай аталады? Биология кафедрасының меңгерушісі Китапбаева А.А. - student2.ru A)өңеш B) өңеш сайшасы C) тазқарынның үстіңгі қапшығы D) тазқарынның астыңғы қапшығы E) тазқарынның сағасы F) жұмыршақ (тақия қарын) G) қатпаршақ (жалбыршақ) қарын H)ұлтабар Е,Ғ,G  
Тасбақаның қаңқа құрылысының элементтерін ата: 3,4,7-? Биология кафедрасының меңгерушісі Китапбаева А.А. - student2.ru A) бас сүйегі B) мойын C) қабырғалар D) омыртқа жотасы E) карапакс F) құйрық G) пластрон H)арқа қалқаншасы C, D,G    
Желіліер типінің даму ерекшеліктеріне қатысты келесі терминдер анықтамасын көрсетіңіз: Амнион – ;Амниоттар – ; Анамниялар –. A) ...дамып келе жатқан ұрықтың айналасын қоршап тұратын іші сұйықтыққа толы қуыс. B) ...ұрықтық дамулары жер бетінде жүретін омыртқалы жануарлар. C) ...ұрықтық дамулары сулы ортада жүретін омыртқалы жануарлар. D) ...өңешпен өмір бойы байланысын сақтайтын жүзу торсылдақтары. E) ...өкпені жарып өтіп іші ауаға толы қапшықтарға айналған ауа жолдары. F) ... дамып келе жатқан ұрықтың газалмасуын қамтамасыз ететін ұрықтық қабықша. G) ... екі жағынан ойық омыртқа денелері. H)... ағзалардың өздерін-өзі жарақаттандыруы. А,В,С  
Құстардың қауырсындарының келесі түрлерінің анықтамасын көрсетіңіз: Контурлы қауырсындар – ; Қақпа қауырсындар – ; Бұлқын қауырсындар –. A) ...тері жабынының эпителий жасушаларынан қалыптасқан үстіңгі қабаты. B) ...жануарлардың жыл маусымына байланысты түк жабындарын алмастыру. C) ...сезімтал талшықтар. D) ...екі бүйірінде пәрлер орналасқан іші қуыс қауырсындар. E) ...иық және иықалды сүйектеріне бекінген қауырсындар. F) ...құйымшақ сүйегіне бекінген құйрық қауырсындары. G) ...құстардың тұмсығының түбінде орналасқан сары түсті терінің жалаңаш бөлігі. H) ...көкірек және құрсақ қанаттарының түбінде орналасқан шеміршек тақташалары. D,E,F  
Приматтар отрядына (Primates) тән белгілер A) Табан басып жүреді, аяқтары он саусақты B) Тері жамылғысы жұқа C) Тері жамылғысы қалың әрі жұмсақ D) Қорек талғайтындар E) Табан басып жүреді, аяқтары бес саусақты F) Әдеттте бес ұрпақ туады G) Тырнақтары болмайды H) Тұқым безі ұмада не тері астында орналасады С, Е, Н  
Келесі жүзбеқанаттардың анықтамасын тап: Гомоцеркальды – Гетероцеркальды - Протоцеркальды - A) ... сыртынан симметриялы, ал ішінен асимметриялы тең қалақты құйрық жүзбе қанаты B) ... алғашқы тең қалақты, әдіпті құйрық жүзбе қанаты C) ... алғашқы асимметриялы қалақты, әдіпті құйрық жүзбе қанаты D) ... қалақтары тең емес құйрық жүзбе қанаты E) ... бір жерден жалғыз болып жеке шығатын жүзбе қанат типі F) ... қосымша ортаңғы жүзбе қалағы бар сырттай және іштей симметриялы құйрық жүзбе қанаты G) ... сырттай және іштей симметриялы құйрық жүзбе қанаты H) ... бір жерден қос-қос болып шығатын жүзбе қанат типі А,В,D  
Көрсетілген балықтардың қайсысы өткінші балық? A) Сазан B) Майшабақ C) Ласось (албырт балық) D) Шортан E) Жайын F) Кета G) Құнысбалық H) Табан C,F,G  
Бақаның асқорту жүйесіне тән емес мүшелер... A) өңеш B) қарын C) 12-елі ішек D) ащы ішек E) тік ішек F) қуық G) соқыр ішек H) жұмыршақ Ғ,G,H  
Нағыз қолтырауындар тұқымдасының өкілдері: A) Ганга гавиалы B) Ниль крокодилі C) Батпақ крокодилі D) Миссисипий алигаторы E) Африкалық тартұмсық қолтырауын F) Қытай аллигаторы G) Қара кайман H) Қолтырауын түсті кайман B,C,E  
Көртышқандар тұқымдасына жататын өкілдері? A) Жұлдызтұмсық B) Ергежейлі ақтісті жертестер C) Кәдімгі тенрек D) Куба ойықтісі E) Могера F) Жұпар G) Қысқақұлақ H) Алтай көртышқаны A, Е, Н  
Жұпарлар тұқымдасына (Desmanidae) тән белгілер A) Дене тұрқы 25 см-ден 50 см-ге дейін B) Құлақ қалқаны бар C) Жүзу жарғағы болмайды D) Дене тұрқы 15 см-ден 22см-ге дейін E) Құлақ қалқаны жоқ F) Саусақтарының арасында жүзу жарғағы бар G) Топырақ арасында тіршілік етеді H) Су өсімдіктерімен қоректенбейді D, E, F  

Наши рекомендации