Электроннограммадағы сүйек тінінің берілген жасушасының цитоплазмасында көптеген лизосомалары бар екені анықталды. Осы жасуша қайсы?
a. остеобласт
b. остеоцит
c. одонтобласт
d. +остеокласт
e. энамелобласт
204. Бас сүйектерінің тігістері мен сіңірдің сүйекке байланысқан жерлерінде кездесетін тін қайсы:
a. эластинді шеміршек тіні
b. талшықты шеміршек тіні
c. гиалинді шеміршек тіні
d. қабыршақ сүйек тіні
e. +ретикулофиброзды (ірі талшықты) сүйек тіні
205. Ірі(өрескел) талшықты сүйек тінінің жасуша аралық затының ерекшелігі:
a. +коллаген талшықтарының шоғырлары ретсіз орналасқан
b. коллаген талшықтары параллель орналасқан
c. коллаген талшықтары тор түрінде
d. кезектесе орналасқан параллель және айналымалы орналасқан коллаген талшықтарының жігі
е. коллаген талшықтары айналымалы орналасқан
206. Қабыршақ сүйек тінінің жасуша аралық затының ерекшелігі:
a. коллаген талшықтарының жігі ретсіз орналасқан
b. +коллаген талшықтары параллель орналасқан
c. коллаген талшықтары тор түрінде
d. кезектесе орналасқан параллель және айналымалы орналасқан коллаген талшықтарының жігі
е. коллаген талшықтары айналымалы орналасқан
207. Жілік сүйегінің тығыз затындағы қыстырма пластинкалары мыналардың қайсысының арасында орналасады:
a. +көршілес остеондардың арасында
b. периост пен сыртқы жалпы пластинкаларының арасында
c. эндост пен ішкі жалпы пластинкаларының арасында
d. периосттың сыртқы және ішкі қабаттарының арасында
e. остеон пластинкаларының ішінде
208. Түтікше сүйектің шеміршектен бастау алуы немесе энхондральді сүйектену процесі мыналардың қайсысына байланысты:
a. диафиздің сыртында сүйек тінінің қалыптасуына
b. +шеміршек бастамасының ішінде қабыршақ сүйек тінінің қалыптасуына
c. шеміршек тіні құрамындағы қан тамырларының сыртында ірі талшықты сүйек тінінің қалыптасуына
d. сүйектегі сүйек майы қуысының пайда болуына
e. эпифиздің үстіндегі сүйек тінінің қалыптасуына
209. Шеміршектен сүйек тінінің дамуы мыналардың қайсысынан басталады:
a. энхондральді сүйектенуден
b. +перихондральді сүйектенуден
c. шеміршек тінінің бұзылуынан
d. эпифиздің сүйектенуінен
e. шеміршек тінінің известеліуінен
210. Тура остеогенездің бірінші сатысы мыналардың қайсысының пайда болуымен ерекшеленеді:
a. сүйек трабекулаларының
b. +остеогенді аралшықтарының
c. остеоидтың
d. сүйек пластинкаларының
e. известелінген остеоидтың
211. Даму барысында түтікше сүйектің қалыңдап өсуіне қатысатыны:
a. +периост
b. эндост
c. метаэпифизарлық шеміршек пластинкасының өсуі
d. эпифиз
e. диафиз
ЕТ ТІНДЕРІ
212. Көптеген мүшелері мен қан тамырларының құрамында болатын тегіс салалы ет тінінің шығу тегі:
a. +мезенхима
b. эктодерма
c. энтодерма
d. нерв түтігі
e. мезодерманың сомиттері
213. Мезенхимадан пайда болған тегіс салалы ет тінінің жасушаларының пішіні:
a. куб тәрізді
b. призмалы
c. пирамида тәрізді
d. +жіп тәрізді
e. алмұрт пішіндес
214. Тегіс салалы ет тінінің жасушасының қай құрылымында кальцийдің ионы болады:
a. митохондрияда
b. актин филаменттерінде
c. миозин филаменттерінде
d. Гольджи комплексінде
e. +түйіршіксіз эндоплазмалық торының көпіршіктерінде
215. Тегіс салалы ет тінінің жасуша плазмалеммасымен актин филаменттері не арқылы байланысады:
a. +тығыз денешіктері
b. митохондриялары
c. лизосомалары
d. түйіршікті эндоплазмалық тордың қапшықтары
e. тегіс эндоплазмалық тордың түтікшелері
216. Тегіс салалы ет жасушаларынан көршілес жасушаларға нерв импульсі не арқылы беріледі:
a. десмосомалар
b. интердигитациялар
c. +нексустар
d. адгезиялық белдеулер
e. тығыз байланыстар арқылы
217. Ет тінінен дайындалған препаратта көптеген ет талшықтарының плазмоллемасының астында көптеген ядролары бар екені көрінеді. Осы берілген препараттағы ет тіні мыналардың қайсысына жатады:
a. +көлденең-жолақты қаңқа ет тіні
b. мүшелер мен тамырлардың қабырғасындағы ет тіні
c. жүректің ет тіні
d. миоэпителий
e. көздің нейральді ет тіні
218. Қаңқа ет тініндегі миосателлитоциттердің пішіні және орналасқан жері:
a. куб тәрізді, дәнекер тінімен қоршалған
b. призмалы, базальді мембрананың үстінде, ет талшықтарымен қоршалған
c. +жалпақ, ет талшықтарының плазмолеммасы мен базальді мембрананың арасында орналасқан
d. шар тәрізді, плазмолемманың астында орналасқан
e. пирамида тәрізді, ет талшықтарының ішінде орналасқан
Электронды микросуретте ет талшығының шеткі бір бөлігінде органеллалары аз, пішіні жалпақ ет талшығының базальді мембранасы мен плазмолеммасының арасында орналасқан шағын ғана жасуша көрінеді. Осы жасушаны анықтаңыз.
a. фибробласт
b. +миосателлитоцит
c. май жасушасы
d. плазмоцит
e. гистиоцит
220. Көлденең- жолақты ет талшықтарының регенерациясы мыналардың қайсысы арқылы жүзеге асады:
a. сарколеммасы
b. +миосателлитоциттері
c. саркоплазмасы
d. саркоплазмалық торы
e. миофибриллдері
221. Көлденең-жолақты ет талшықтарының қоректенуі мыналардың қайсысы арқылы жүреді:
a. +ядролары мен жалпы қызмет атқаратын органеллалары арқылы
b. фибриллалары
c. телофрагма мен мезофрагмалары
d. сарколеммасы
e. үштігі
222. Көлденең-жолақты ет талшықтарының саркомеріндегі жіңішке миофиламенттерінен түзілетін:
a. телофрагма
b. мезофрагма
c. +изотропті дискі
d. анизотропті дискі
e. Т-түтікшелері
223. Көлденең-жолақты ет талшықтарының саркомеріндегі жуан миофиламенттерінен түзілетін:
a. телофрагма
b. мезофрагма
c. изотропті дискі
d. +анизотропті дискі
e. Т-түтікшелері
224. Көлденең-жолақты ет талшықтарының миофибриласындағы саркомер мыналардың қайсысының арасындағы бөлігі:
a. екі М сызығының арасы
b. +екі Z сызығының арасы
c. М және Z сызығының арасы
d. айқасу аймағы және М сызығы
e. айқасу аймағы мен Z сызығы
225. Көршілес саркомерлердің арасындағы шектеушілік құрылымы қайсы:
a. мезофрагма (М сызығы)
b. +телофрагма (Z сызығы)
c. Н ашық түсті жолағы
d. Т-түтікшелері
e. айқасу аймағы
226. Көлденең-жолақты ет талшығының саркомерінің қай бөлігінде бір жуан филаментті алты жіңішке филамент қоршайды:
a. телофрагмада
b. мезофрагмада
c. +айқасу аймағында
d. изотропты дискісінде
e. А дискісінің Н- аймағында
227. Көлденең-жолақты ет талшығының миофибрилласындағы саркомердің И-дискісі мыналардың қайсынан тұрады:
a. миозинді миофиламенттерден
b. +актинді миофиламенттерден
c. микротүтікшелерден
d. 1-реттік талшықты коллаген белогынан
e. 2-реттік талшықты коллаген белогынан
228. Көлденең-жолақты ет талшығының миофибрилласының А дискісінің Н – аймағы (ашық түсті) мыналардың қайсысынан түзіледі:
a. +миозинді миофиламенттерден
b. актинді миофиламенттерден
c. микротүтікшелерден
d. 1-реттік талшықты коллаген белогынан
e. 2-реттік талшықты коллаген белогынан
229. Көлденең-жолақты ет талшығының миофибрилласындағы Z сызығының (телофрагма) орналасқан жері:
a. +И дискісінің ортасында
b. айқасу аймағының ортасында
c. А дискісінің ортасында
d. айқасу аймағы мен М сызығының арасында
e. М сызығының екі бүйірінде
230. Көлденең-жолақты ет талшығының миозин филаменттері Z-сызығына мына белок молекулаларының қайсысы арқылы бекінеді:
a. актинмен
b. а-актинмен
c. тропомиозинмен
d. тропонинмен
e. +титинмен
231. Көлденең-жолақты ет талшығының жиырлу кезеңінде миозин молекуласының басы мына белок молекулалардың қайсысымен әрекеттеседі:
a. +тропомиозин және тропонинмен
b. небулин және миомезинмен
c. а-актинмен
d. небулин және титинмен
e. титин және миомезинмен
232. Көлденең-жолақты ет талшығының миофибрилласындағы М сызығының (мезофрагма) орналасқан жері:
a. И дискісінің ортасында
b. айқасу аймағының ортасында
c. +А дискісінің ортасында
d. айқасу аймағы мен М сызығының арасында
e. М сызығының екі бүйірінде
233. Көлденең-жолақты ет талшығының М сызығы мыналардың қайсынан түзіледі:
a. актиннен
b. а-актининнен
c. тропомиозиннен
d. +миомизиннен
e. миозиннен
234. Ет талшықтарындағы Т-түтікшесі болып саналатын:
a. микротүтікшелер
b. пішіні ұзынша болып келген митохондриялар
c. +талшық плазмолеммасының ішіне қарай енуі
d. саркоплазмалық тордың түтікшелері
e. базальді мембрананың талшығының ішіне қарай енуі
235. Көлденең-жолақты ет талшығының үштігінің құрамындағы комплексі болып саналатын:
a. +бір Т-түтікшесі мен екі саркоплазмалық тордың қапшықтары
b. екі Т-түтікшесі мен бір саркоплазмалық тордың қапшықтары
c. үш Т-түтікшелері
d. үш саркоплазмалық тордың қапшықтары
e. бір Т-түтікшесі мен екі митохондрия
236. Көлденең-жолақты ет талшықтарындағы саркоплазмалық торының түтікшелерінде мыналардың қайсысы болады:
a. +кальций иондары
b. фосфордың иондары
c. АҮФ молекулалары
d. қышқылдық фосфатазаның молекулалары
e. сілтілік фосфатазаның молекулалары
237. Қаңқа мускулатурасындағы ақ ет талшықтарының ерекшеліктеріне жататыны:
a. +миофибриллалары көп
b. миоглобиннің мөлшері жоғары
c. миофибриллалары аз
d. миофибриллалары жоқ
e. қышқылдық ферменттерінің мөлшері жоғары
238. Қаңқа мускулатурасындағы қызыл ет талшықтарының ерекшеліктеріне жататыны:
a. миофибриллалары көп
b. +миоглобиннің мөлшері жоғары
c. миофибриллалары аз
d. миофибриллалары жоқ
e. қышқылдық ферменттерінің мөлшері аз
239. Көлденең-жолақты ет мускулатурасы эндомизиінің құрамындағы тіні қайсы:
a. +борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні
b. тығыз қалыптаспаған
c. тығыз қалыптасқан
d. кілегейлі тін
e. ретикулярлы тін
240. Көлденең-жолақты ет мускулатурасы перимизиінің құрамындағы тіні қайсы:
a. +борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні
b. тығыз қалыптаспаған
c. тығыз қалыптасқан
d. кілегейлі тін
e. ретикулярлы тін
241. Көлденең-жолақты ет мускулатурасы эпимизиінің құрамындағы тіні қайсы:
a. борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні
b. +тығыз қалыптаспаған дәнекер тіні
c. май тіні
d. кілегейлі тін
e. ретикулярлы тін
242. Бұлшық еттерді сіңірмен байланыстыратын талшықтар қайсы:
a. +коллаген талшықтары
b. пісіп жетілген эластин талшықтары
c. окситаланды талшықтары
d. ретикулярлы талшықтары
e. элаунинді талшықтары
243. Ет тінінен дайындалған препаратты гематоксилин-эозинмен өңдегенде құрамында параллельді орналасқан ет талшықтарының сарколеммасының астында көптеген ядролары көрнеді. Гистогенетикалық құрылысы жағынан бұл ет тінінің қай түріне жатады:
a. мезенхимальді
b. эпидермальді
c. нейральді
d. целомдық
e. +сомалық
244. Ет тінінен дайындалған препаратты гематоксилин-эозинмен өңдеп, зерттеу барысында цитоплазмасы оксифильді боялған ет жасушалары көрінеді. Бұл жасушалардың ядролары цитоплазмасының ортасында орналасқан. Жасушалардың байланысқан жерінде қыстырма дискілері көрінеді. Гистогенетикалық құрылысы жағынан бұл ет тінінің қай түріне жатады:
a. мезенхимальді
b. эпидермальді
c. нейральді
d. +целомдық
e. сомалық
245. Миоэпителиоциттердің шығу тегі:
a. спланхнотомның висцеральді жапырақшасы
b. сомиттердің миотомы
c. мезенхима
d. энтодерма
e. +эктодерма
246. Көздің нұрлы қабығының етті жасушаларының шығу тегі:
a. спланхнотомның висцеральді жапырақшасы
b. сомиттердің миотомы
c. мезенхима
d. +нейроглия
e. энтодерма
247. Ет тінінен дайындалған препаратты темірлі гематоксилинмен өңдегенде көлденең-жолақты сызықтары көрінеді. Жүректің ет тінін тағы қандай қосымша морфологиялық ерекшеліктері арқылы ажыратуға болады:
f. дәнекер тінді қабыршақтары арқылы
b. плазмолемманың астындағы көптеген ядролары арқылы
c. +қыстырма дискілері арқылы
d. тығыз денешіктері арқылы
e. қан тамырлары арқылы
НЕРВ ТІНІ
248. Нерв тінінің құрамында болатындар:
a. +нерв жасушалары мен нейроглия
b. фибробласттар мен ретикулярлы талшықтар
c. ретикулярлы және май жасушалары
d. гистиоциттер мен коллаген талшықтары
e. эпителиалий жасушалары мен окситаланді талшықтары
249. Нерв тінінің эмбриональді шығу тегі:
a. энтодерма
b. +эктодерманың дорзальді қалыңдауы – нерв пластинкасы
c. мезодерманың сомиттері
d. мезодерманың спланхнотомы
e. мезенхима