Сүйектің құрылысы мен дамуына еңбектің, дене шынықтыру мен әлеуметтік жағдайлардың әсері

Адам еңбек үрдісінде қол, аяқ, саусақ, бақай және т.б. осы сияқты өзінің табиғи құралдарын іс-қимылға қосады. Еңбек құралдарын жасау арқылы ол дененің табиғи мүшелерінің құрылысын өзгерте отырып, оларды толықтыра, ұзартатын жаңа жасанды құралдар алады және адамның өзі «.. сонымен бір мезгілде өз табиғатын өзгертеді» (Маркс К., 2-басылым, 23-том, 188-бет). Демек, еңбек үрдістері тұтастай адам денесіне, сүйек жүйесін қоса, оның қозғалыс аппаратына едәуір әсерін тигізеді.

Қаңқаға бұлшықеттердің жұмысы күшті әсер етеді. Сіңірлердің бекитін жерлерінде бұдырлар (төмпешік, өсінді, бұдыр), ал бұлшықет будаларының бекіген жерлерінде тегіс немесе ойыс беттер (шұңқырлар) түзіледі. Бұлшықет неғұрлым дамыса, олардың бекіген жерлері сүйекте соғұрлым айқын білінеді. Міне, сондықтан бұлшықеттің бекуімен байланысты сүйек бедері балаға қарағанда, ересек адамда, әйелге қарағанда еркек адамда күштірек байқалады.

Бұлшықеттің дене жаттығулары мен кәсіби жұмыс кезіндегідей ұзақ және жүйелі жиырылуы біртіндеп нерв жүйесінің рефлекстік механизмі арқылы сүйектегі зат алмасуын өзгертеді, соның салдарынан сүйек затының жұмыстық гипертрофиясы деп аталатын ұлғаюы байқалады. Бұл сүйектердің үлкен-кішілігі, пішін және құрылысының өзгеруіне себеп болады, оны тірі адамдардан рентген арқылы оңай анықтауға болады.

Дене шынықтырумен айналысатындардың қаңқасы онымен шұғылданбайтындарға қарағанда едәуір тәуір дамыған. Дене бітімі мықтылау балаларда дене бітімі әлсіздеу балаларға қарағанда қаңқа жүйесі әлдеқайда жақсы жетіледі. Тиімді дене жаттығулары, қималдары арқасында баланың қаңқасы, кеуде торына қоса барлық бөлімдері жақсы дамып, мұның өзі олардың ішіне жайғасқан өмірлік маңызды ағзалардың (жүрек, өкпе) дамуына қолайлы әсер етеді. Демек, қаңқаның дамуы туралы деректер мектеп гигиенасы үшін өте маңызды.

Сүйек сырты жұқа қабықпен қапталған. Ол сүйек сырты жұқа қапталған. Ол сүйек затымен байланысқан. Ол қабық екі қабаттан тұрады: сыртқы мықты қабат тамырлармен және жүйкелермен байланысқан (қантамыр және лимфалық тамырлар). Ал ішкі қабаты сүйектүзуші клеткалардан, яғни сүйектіңені мен ұзындығына өсуін қамтамасыз етеді. Осы клеткалардың арқасында сынған сүйектер қалпына келеді. Шет жағында орналасқан шеміршек есесіне сүйекті ұзындығына өсуін қамтамасыз етеді.

Буындар сүйектің қозғалысын қамтамасыз етеді. Олар жұқа шеміршекпен қапталған, сондықтан олар үйкелісті жеңілдетеді. Әр буын буын сөмкесіне жұмылған. Осы қалтаның қабырғалары буын сұйықтығын бөледі, яғни ол үйкелу қызметін атқарады. Капсулды байланыс аппарат және оның бұлшықеттері оны қатайтып фиксациялайды. Буцындары қамтамасыз ететін негізгі қозғалыс бағыттарына: иілу – жиырылу, әкелу - әкету, айналу және шеңбер жасап қозғалу.

Адам сүйектері: бас сүйегі, кеуде сүйегі және қол-аяқ сүйектері деп бөлінеді. Бастың қаңқасы бассүйек деп аталады, ол күрделі құрылысты болып келеді. Бассүйекте ми және кей сенсорлы жүйелер: көру, есту, сипап-сезу жүйелері орналасқан. Физикалық жаттығу жасағанда контрфорстық маңызы зор, ол тербеліс пен бассүйектің жүгіру, секіру барысындағы зақымдануына төтеп береді.

Бассүйек кеуде сүйектерімен 2 мойын омыртқа арқылы байланысқан. Кеуде қаңқасы омыртқа жотасы және кеуде клеткаларынан тұрады. Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады және 5 бөлімге бөлінеді: мойын (7 омыртқадан), кеуде (12), бел (5), сегізкөз (5), құйымшақ (4-5). Омыртқалар бір бірімен омыртқа аралық дисктермен, буын өскіндерімен, шеміршекпен байланысқан. Дисктердің қалыңдығы неғұрлым қалың болса, омыртқалардың иілгіштігі соғұрлым көп болады. Егер омыртқа жотасының иілген жерлері айқын көрінсе (скалиоз кезінде) кеуде клеткаларының қозғалысы төмендейді. Омыртқа жотасын қалыпқа келтіру үшін жиырылуға арналған жалпы жаттықтырушы жаттығулар пайдаланылады.

Бас қаңқаға кеуде де жатады, ол 12 жұп қабырғалардан тұрады, ол ішкі органдарға қорғаныш қызметін атқарады. Қабырғалар доға тәрізді ұзын сүйектер соңында шеміршек арқылы төс сүйегіне бөлінген. Бұл сүйектер дем алуға қатысады. Қол сүйектері – иық белдеуі мен қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуіне екі бұғана және екі жауырын сүйектері жатады. Қол сүйектері: тоқпан жілік, кәрі жілік пен шынтақ сүйегі, қол басы сүйектері. Қол басы сүйектері: ьілезік, алақан, саусақ сүйектері жатады.

Аяқ сүйектері: ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйегі, толарсақ, табан және башпай сүйектері жатады.

Орытынды

Қорыта келе, дұрыс ұйымдастырылған дене шынықтыру жаттығулары сүйектің дамуына зияны жоқ, керісінше сүйек мықты болып нәтижесінде сүйектің жабыны қататяды. Дұрыс ұйымдастырылмаған жаттығулар тірек аппаратына жүк түсіруі мүмкін. Бір жаққа ғана бағытталған жаттығулар да қаңқаның дефорфизіміне әкеп соғуы мүмкін. Дене шынықтыру сүйектерді қатайтады да бұлшықет корсетін қалпына келтіріп, нәтижесінде дұрыс қалыптасқан омыртқа жотасы пайда болады. Дене шынықтырумен айналысатындардың қаңқасы онымен шұғылданбайтындарға қарағанда едәуір тәуір дамыған. Дене бітімі мықтылау балаларда дене бітімі әлсіздеу балаларға қарағанда қаңқа жүйесі әлдеқайда жақсы жетіледі. Тиімді дене жаттығулары, қималдары арқасында баланың қаңқасы, кеуде торына қоса барлық бөлімдері жақсы дамып, мұның өзі олардың ішіне жайғасқан өмірлік маңызды ағзалардың (жүрек, өкпе) дамуына қолайлы әсер етеді. Демек, қаңқаның дамуы туралы деректер мектеп гигиенасы үшін өте маңызды.

Наши рекомендации