Микробиология, вирусология, иммунология пәні және міндеттері...
Микробиология- (лат. microbiologia) микроб және микроағзалар деп аталатын, көзге көрінбейтін ұсақ ағзалар туралы ғылым. XVII ғасырда микроағзаларды анықтаса. Ал микробиология жеке ғылым саласы ретінде XIX ғасырдың II жартысында, атақты француз ғалымы Луй Пастердің ұшқыр ойларынан кейін қалыптасты.
Пәні: Медициналық микробиология көзге көрінбейтін ұсақ ағзалармен қатар инфекция механизімін, зертханалық диагностика әдістерін, спецификалық терапияны және инфекциялық аурулардың алдын алу шаралары туралы оқытады.
Міндеті: Микробиология өзі жеке ғылым саласы ретінде зерттеулердің ерекше әдістерін ұсынды, яғни денсаулық сақтау үшін керекті сұрақтарға жауап берді. Бұл әдістер теориялық және клиникалық медицина саласында кеңінен қолданылуда.
Вирусология- вирустар туралы ғылым- микробиология және иммунология салаларымен қатар медико-биология комплексінің құрамына кіреді. Вирусология тек медицина саласымен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар биология, генетика, молекулалық биология, фитопатология салаларында да елеулі орында.
Пәні: Вирусология клеткасыз микробты, яғни вирустың шығу тегін, химиялық құрамын, иесінің жасушасымен қарым-қатынасын, клеткаішілік паразиттіліктің механизмдерін және т.б зерттеп оқытады.
Міндеті: Медицина және биология ғылымында вирусология көрнекті орын алады, өйткені вирустар адам ағзасында, жануарларда, өсімдіктерде көптеген ауру тудырады. Осы аурулардың алдын алу негізгі міндеті.к
Иммунология - (иммунитет және грек. logos – ілім) – организмнің әр түрлі антигендерге (организмге түскен жат текті агенттер) молекулалық, клеткалық және басқа физиологиялық реакцияларын және осыған байланысты организмде пайда болатын өзіндік ерекше және өзіндік емес құбылыстарды зерттейтін медицина және биология ғылымдарының сабақтас саласы. Иммуналогия организмнің қорғаныш қабілетін және онда пайда болатын иммунитетті зерттейді. Иммуналогия медицина, ветеринария, биология, т. б. көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты.
Пәні: Иммунитет сұрақтарына толық жауап беріп, оқытатын ғылым иммунология деп аталады; ол жеке дара ғылым саласына айналған, және де ол инфекциялық ауру қоздырғыштардан қорғау механизімінің, ісіктердің, өсімдіктер мен жануарлар әлемі арасындағы генетикалық байланысты орнатудың, иммуногемотологияның, иммуногенетиканың, иммуногистохимияның, иммунодиагностиканың, иммунотерапияның, иммунопрофилактиканың, эмбриогенездің иммунологиясының және иммунопотологиясының , биологиялық өзгерістерінің сұрақтарын қарастырады.
Иммуналогияның мақсаты: қалыпты және патологиялық жағдайларда иммундық жүйе қызметінің жалпы заңдылықтарын, нақты аурулардың (әсіресе, жұқпалы індеттердің) пайда болуында, дамуында және оны емдеуде иммундық жүйенің атқаратын рөлін анықтау, диагноз қою, емдеу және алдын ала сақтану үшін Иммуналогиялық тәсілдерді қолдану және оларды жетілдіру. Иммуналогияда микробиол., серологиялық, аллергиялық, иммундық-хим., иммундық-морфол., иммундық-генетик., иммундық-молек., эксперименттік, т. б. әдістер қолданылады. Иммуналогияның тәжірибелік ғылыми-зертеулік жетістіктерін қазір медицинада, ветеринария мен жалпы биология саласында қолданып, жұқпалы ауруларды анықтау, емдеу, алдын алу шараларын жүргізуде зор табысқа жетіп отыр.
Міндеті: Келешекте Иммуналогия ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, ғасыр індеті – жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы (СПИД) ауруына қарсы вакцина жасау; орган алмастырғанда жиі кездесетін басқа адамның органын қабылдамаушылықты болдырмау; эндокринді (қант диабеті) және әр түрлі аллергиялық ауруларды тиімді емдеу әдістерін табу; ауыл шаруашылығы малдарының жаңа тұқымдарын шығарып, өсімдіктердің жоғары сорттары мен түрлерін анықтау міндеттері қойылып отыр.
Иммунологияға келетін болсақ:
Иммунитет терминінің (лат. Immunitas- бір нәрседен арылу т.с.с) түп астарында ағзаның инфекциялық және инфекциялық емес агенттерге сезімтал болмауы, яғни генетикалық гетерогендігі бар.
Иммунологияның қалыптасу тарихы кезінде ең көп көңілді оның қолданбалы бөліміне бағыттаған, яғни инфекциялық ауруларды алдын алумен емдеу үшін вакцина мен иммуноглабулиндерді, сонымен қатар иммундік әдісті осы ауруларды диагностикалау және сыртқы орта қоздырғыштарын индикациялау үшін құрастырылып, қолданылуда.
Медициналық микробиология, вирусология және иммунологияның ең қажетті мақсаты болып- адамның әртүрлі ауруларының этиологиясы мен потогенезіндегі потогенді агенттерінің бөлек түрлерінің рөлін қарастыру, сонымен қатар туа біткен және қалыптасқан иммунитеттің құрылу механизімін, химиотерапевтикалық заттың және спецификалық әдістер арқылы инфекциялық аурулардың алдын алуын және емделуінің әдістерін құрастыру, яғни экспресс-әдіс.