Физика және астрономия 8-сынып

Тақырыбы: Жылу машиналары. Электр құбылыстары. Тұрақты электр тогы.

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тексеру,

жүйелеу, қорытындылау.

Б.Б.Д:Оқушылар газдың жұмысы, Кулон заңы, электр өрісі кернеулігі

формулаларын білуі, жылу қозғалтқышының ПӘК формуласын

қолдана алуы, Кулон заңындағы тұрақты мен электр тұрақтысы

мәндерін білуі тиіс.

I- нұсқа

I.Газдың көлемі 0,3 м³-тен 650 л-ге дейін ұлғайғанда 450 Дж жұмыс

жасалған. Егер газ жұмыс жасау процесінде өзгермесе, онда оның қысымы

қандай?

II.ПӘК-і 40 % жылу қозғалтқышы газ қыздырғыштан 5 кДж жылу алған.

Қозғалтқыштың жасаған жұмысы неге тең? Қанша жылу мөлшері

жоғалған?

III. Сұйық диэлектриктегі 4 нКл зарядтан 3 см қашықтықтағы өрістің

кернеулігі 20 кВ/м. Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі қандай?

II- нұсқа

1. Көлемі 20 л, қысымы 80 кПа-ға тең газ ұлғайғанда, 496 Дж жұмыс

жасалған. Газдың соңғы көлемін анықтаңдар.

1. ПӘК-і 35 % жылу қозғалтқышы 1 с ішінде 12 кДж энергияны босқа

жоғалтқан. Оның қыздырғыштан алған жылу мөлшерін анықтаңдар.

III. 1мкКл және 10 нКл екі заряд 9 мН күшпен біріне-бірі қандай қашықтықтан

әсер етеді?

Бағалау параметрі:

  • I деңгейдің сұрақтарына толық және II деңгейдің бір ғана сұрағын немесе толық орындамаған кезде, тек қана III деңгейді орындаған, оны толық орындай алмаған, тек қана II деңгейді орындаған оқушы «3» бағасымен бағаланады.
  • I және II деңгейдің сұрақтарын толық орындаған, III деңгейдің сұрағын толық орындай алмаған оқушы, тек қана III деңгейді және I деңгейді орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.
  • I, II, III деңгейлерді толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады.

IY -тоқсандық бақылау жұмысы

Физика және астрономия 8-сынып

Тақырыбы: Ток күші. Электр кернеуі. Ом заңы. Жылу құбылыстары. Электр

құбылыстары.

Мақсаты: Оқушылардың алған білімі мен іскерліктерін тексеру, оларда

қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау.

Б.Б.Д:Оқушылар денені қыздырғанда, балқытқанда, сұйықты буландырғанда

бөлінетін жылу мөлшері формулаларын электр тогының жұмысы, қуаты

формулаларын, тізбектің бөлігі үшін Ом заңы формулаларын білуі, кес-

теден заттың меншікті жылу сыйымдылығы, заттың балқу жылуы, булану

жылуы, өткізгіштің меншікті кедергілерін тауып, есеп шығаруда қолдана

алуы тиіс.

I- нұсқа

1. Көлденең қимасының ауданы 0,1 мм² никелин жасалған электр қыздырғыштың спираліндегі кернеу 220 В болғанда ток күші 4 А. Сымның ұзындығы қандай?

1. II. Егер темірдің бастапқы температурасы 390 С-қа тең болса, онда массасы 4 т

темір сынықтарын балқыту үшін қанша энергия қажет?

1. Электр құралы 45 минут ішінде 5 А токпен 162 кДж жұмыс жасайды.

Құралдың кедергісі қандай?

II- нұсқа

1. Массасы 0,75 кг суды 200 С-тан 1000 С-қа дейін ысытуға және 250 г будың

пайда болуына қанша энергия жұмсалған?

1. 6,8 В кернеу кезінде ұзындығы 100 м және көлденең қимасының ауданы 0,5

мм2 мыс сымынан өтетін ток күшін есептеңдер.

  • Электр қозғалтқыштың қуаты 3 кВ. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс

істесе, онда оның электр қозғалтқышының тұтынатын ток күшін анықта.

Бағалау параметрі:

  • I деңгейдің сұрақтарына толық және II деңгейдің бір ғана сұрағын немесе толық орындамаған кезде, тек қана III деңгейді орындаған, оны толық орындай алмаған, тек қана II деңгейді орындаған оқушы «3» бағасымен бағаланады.
  • I және II деңгейдің сұрақтарын толық орындаған, III деңгейдің сұрағын толық орындай алмаған оқушы, тек қана III деңгейді және I деңгейді орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.
  • I, II, III деңгейлерді толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады.

IY-тоқсандық бақылау жұмысы

Физика және астрономия 8-сынып

Тақырыбы: Жылу құбылыстары. Электр құбылыстары

Мақсаты: Оқушылардың алған білімі мен іскерліктерін тексеру, оларда

қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау.

Б.Б.Д:Оқушылар денені қыздырғанда, балқытқанда, сұйықты буландырғанда

бөлінетін жылу мөлшері формулаларын электр тогының жұмысы, қуаты

формулаларын, тізбектің бөлігі үшін Ом заңы формулаларын білуі, кес-

теден заттың меншікті жылу сыйымдылығы, заттың балқу жылуы, булану

жылуы, өткізгіштің меншікті кедергілерін тауып, есеп шығаруда қолдана

алуы тиіс.

I- нұсқа

1. I. Егер темірдің бастапқы температурасы 39 ºС-қа тең болса , онда массасы

4т темір сынықтарын балқыту үшін қанша энергия қажет?

1. II. Электр құралы 45 минут ішінде 5 А токпен 162 кДж жұмыс жасайды.

Қүралдың кедергісі қандай?

III Көтергіш кран 6 т жүкті 2 мин ішінде 12 м биіктікке көтереді. Егер жүкті

көтерген кезде кранның электр қозғалтқышының ток күші 51 А, кернеуі

380 В болса, онда кранның ПӘК-і қандай болады?

II– нұсқа

I.Массасы 0,75 кг суды 20 ºС-тан 100 ºС-қа дейін ысытуға және 250 г будың

пайда болуына қанша энергия жұмсалған?

1. Электр қозғалтқыштың қуаты 3 кВт. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс

істесе, онда оның электр қозғалтқышының тұтынатын ток күшін

анықтаңдар.

III. Қуаты 600 Вт, ПӘК-і 80 % электр шәйнегіндегі бастапқы температурасы

20ºС болатын 1,5 л су қанша уақытта қайнайды?

Бағалау параметрі:

  • I деңгейдің сұрақтарына толық және II деңгейдің бір ғана сұрағын немесе толық орындамаған кезде, тек қана III деңгейді орындаған, оны толық орындай алмаған, тек қана II деңгейді орындаған оқушы «3» бағасымен бағаланады.
  • I және II деңгейдің сұрақтарын толық орындаған, III деңгейдің сұрағын толық орындай алмаған оқушы, тек қана III деңгейді және I деңгейді орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.
  • I, II, III деңгейлерді толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады.

Наши рекомендации