Тұтылатын айнымалы жұлдыздардың классификациясына тоқталыңыз
Жұлдыздардың жарқырау айнымалылығы тек екі себептен болады: олар бірін –бірі айналғанда тұтылады, немесе қойнауларында өтіп жатқан физикалық процестер құбылтады. Сондықтан айнымалы жұлдыздардың өздері де тұтылмалы айнымалы және физикалық айнымалы деп екіге бөлінеді. Тұтылмалы айнымалы жұлдыздарды, көбінесе тұтылмалы қосарлы жұлдыздар деп атайды, бұл шындығында, жарықтары тұрақты болатын компанеттері Жер арқылы өтетін жазықтықта жатқан орбитасы бойымен массаның жалпы центрі төңірегінде айналатын спктрлі қос жұлдыздар болып табылады. Сондықтан тұтылмалы қос жұлдыздардың компанеттері айналу процесінде бәрі-бірін бақылаушыдан периодты жартылай немесе түгелдей тұтылғандай болады. Тұтылу болмай тұрған кезде бақылаушыға екі компанеттің де жарығы көрінеді, ал тұтылу кезінде тұтылдырушы компанеттің көлегейлеуінен жарық азаяды және бақылаушы жұлдыз жарқырауының көмескіленген байқайды. Айнымалы жұлдыздың көрінетін жарығының өзгеруі жалтырау қисығы деп аталатын график түрінде бейнеленеді. Бұл қисықтың көрінісі айнымалы жұлдыз компанеттерінің өлшемі, пішіні, массасы, жарқырауы мен өзара ара қашықтығына, сондай-ақ олардың орбиталарының созылыңқылығына және бақылаушымен (Жермен салыстырғандағы) салыстыра қарағанда бағдарына байланысты. Тұтылмалы айнымалы жұлдыздар екі компаненттен тұрады. Екі компаненттің де температурасы 9000-11000К-ге жуық ақ түсті, не бас жұлдыз ақ түсті , ал серігінің температурасы 5000-8000 К-ге дейін жететін сары түсті жұлдыз болуы мүмкін. Тұтылу болмай тұрған кезде жұлдыздардың жалтырауы өзгермейді. Серігі көмескілеу бас жұлдыз тұтылған кезде, оның жалтырауы күрт азаяды(бас минимум), ал серігі бас жұлдызға тасаланған кезде болмашы жалтырайды (екінші минимум) әсер байқалады немесе мүлдем көрінбейді. Жалтыраудың бірдей минимумдары дәл белгілі бір уақыт аралығында болады, оны айнымалы жұлдыздың периоды деп атайды.
Ос жұлдызды жүйелердің эволюциясын сипаттаңыз.
Қос жұлдыз– кеңістікте бір-біріне жақын орналасқан және құраушылары өзара тартылыс күштерімен байланысқан физикалық жүйе құрайтын екі жұлдыз. Оның құраушылары ортақ масса центрі маңайынан эллипс бойынша айналып, Галактика кеңістігінде бірге қозғалады. Бірнеше құраушылардан тұратын қос жұлдыздар еселі жұлдыздардың дербес тұрған түрі болып саналады. Ашылу методикасы бойынша қос жұлдыз:
1. көрінерлік (визуальды) қос жұлдыздар (олардың құраушыларын телескоптың көмегімен визуальды бақылауға немесе суретке түсіруге болады);
2.спектрлі қос жұлдыздар (қосарлану периоды ығысуы бойынша немесе олардың спектрлік сызықтарының жіктелуі кезінде байқалады);
3.фотометриялық қос жұлдыз(беттік құраушылар арасында температура айырмашылығы болғанда, көп түсті дәл электрфотометрия тәсілі оның жеке жұлдыздардан өзгешеліктерін көрсетеді) болып ажыратылады. Физикалық жүйе құрайтын қос жұлдыздар тобы физикалық қос жұлдыздар деп аталады. Физикалық жүйе құра алмайтын жұлдыздар оптикалық қос жұлдыздар деп аталады. Жұлдыздардың массасын бағалайтын тәсілдер қос жұлдыздардың массасын анықтауға негізделген. 17 ғасырдың орта кезінде Г.Галилей бірнеше қос жұлдызды ашты. 18 ғасырдың ортасына дейін не бары 20 шақты қос жұлдыз ашылса, 20 ғасырдың ортасына дейін шамамен 60000 көрінерлік қос жұлдыз белгілі болды. Қазақстанда қос жұлдыздарды зерттеумен Астрофизика институтының ғалымдары айналысады. Қос жұлдыздар компоненттерінің қозғалысы Кеплер заңына сәйкес жүреді. Егер бас жұлдыз қозғалмайды десек, онда серік – жұлдыздың эксцентриситеті де КЕплер заңына сәйкес алынады. Серік жұлдыздың бас жұлдызға қатысты салыстырмалы қозғалыс орбитасының үлкен жарты осі екі жұлдыздың ортақ масса центріне қатысты қозғалыс орбитасының үлкен жарты осьтерінің қосындысына тең. Екінші жағынан, бұл екі эллипстің үлкен жарты осьтерінің шамасы жұлдыздар массасына кері пропорционал. Қос жұлдызды зерттеудің маңыздылығы, негізгі шамалардың бірі – жұлдыз массасын анықтауға көмектеседі, ал масса арқылы жұлдыздың ішкі құрылысын және оның атмосферасын зерттеуге болады.