ИҚ астрономия тарихы

1800ж. Уран планетасын ашқан және жұлдыз астрономиясының атасы болып табылатын Уильям Гершель Күннен келген жарық түрлі түсті фильтр арқылы өткен кезде өзінің қызу қабілетін өзгергенін байқады. Ол шыны призманың көмегімен Күн сәулесін спектрге бөледі және әр түсті аймаққа бірдей термометр орнатты. Қызыл сәулемен жарықталған термометр бағаны басқаларына қарағанда ең жоғары көтерілді, ал ең төменгі көрсеткіш күлгін түсті жарықталған тормометр болып табылды. Бақылау үшін Гершель көрінетін жарық аймағының екі жақ шекарасына градусниктер қойды. Термометр қызыл аймаққа жақын қараңғы зонада максималды қызыды. Гершель көзге көрінбейтін жарықты тапқанын түсінді, содан көрінетін жарық сияқты шағылысатынын және сынатынын айтты. Ол бұл сәулеленуді калорифиялық, яғни жылулық деп айтты, кейінірек оны инфрақызыл деп өзгертті(infra латынша төмен дегенді білдіреді).

ИҚ астрономияның қалыптастырушысы британиялық ғалым Чарльз Пиацци Смит деп есептеледі, ол1856ж. Термопардың көмегімен Айдың жылулық сәулеленуін тіркеді. Ол сондай-ақ жер атмосферасының ИҚ диапазонның бірнеше жиілігін өкізбейтінін алғаш байқады. 1878ж. Америкалық астроном және физик Самюел Ленгли сәулелену түсетін термосезімталды элементтің электр кедергісінің өзгерісін қабылдайтын балометр-жылулық детекторды ойлап тапты. Оның көмегімен астрономдар Күннің, Юпитер және Сатурнның, сосын ең жарық жұлдыздар-Вега мен Арктурдың жылулық сәулеленуін өлшеді. 1915ж. Америка Ұлттық Стандарттау бюросының қызметкері Уильям Кобленц олардың сезімталдығын арттырғаны соншалық біздің Галактиканың жүздеген шырақтарының ИҚ сәулеленуін детектирлей алды. 1920жылдары америкалық астрономдар Сет Николсон және Эдисон Петтит алғаш рет түнгі аспанды систематикалық инфрақызыл мониторингтеуге кірісті.

иҚ астрономия тарихы - student2.ru
Назад во времени: К рождению Вселенной
 
1-сурет. Ғаламның пайда болуы  

Бұл ғасырдағы ИҚ астрономияның жетістіктері көп болмады. Мұның басты себебі – атмосфераның кедергісі еді. Азот және оттегі ИҚ сәулеленуді таратып жіберді. Ал көміртек газы, озон және су булары белсенді түрде оны сындара алады. Жақын ИҚ аймақта 3 атмосфералық “ терезе” бар, олар 1.2, 1.6 және 2.2мкм толқын ұзындықтары үшін мөлдір болып табылады, сондықтан бұл диапазонда еш кедергісіз Жер берінен астрономиялық бақылауларды жүргізе беруге болады. “ Терезе” орта ИҚ- зонада бар,(мысалы 5 және 10мкм), бірақ олар тек құрғақ ауада ғана ашылады. Ұзақ ИҚ диапазонда Жерден тыс бақылаулар үшін еш мүмкін емес: ол үшін тек стратосфера мен ғарыш қалды.

ИҚ астрономия сәйкесінше ғарыштық құрылғылардың пайда болуымен ғана белсенді дами бастады. 90-жылдары орта ИҚ диапазонда Галактика жазықтығының едәуір бөлігінің суреттері алынды. Бұл суретттерден Галактика дискінің фондық сәлеленуін жұтатын, жеткілікті тығыз суық бұлттармен түзілетін көп мөлшердегі қараңғы бөліктер табылды. Бірден үлкен массалы жұлдыздар түзілуі мүмкін массивті жұлдызға дейінгі бұлттық болуы мүмкіндігі туралы болжам айтылды. Соңғы жылдары ИҚ қара бұлттар (IRDC) әр түрлі толқын ұзындықтарындағы бөлшектеп зерттеу мәні болып табылады, мұның көмегімен олардың басты физикалық сипаттамалары мен химиялық құрамы анықталған. 24 мкм толқын ұзындығындағы мұндай бұлттың суретінің мысалы 2 суретте келтірілген (2-сурет).

иҚ астрономия тарихы - student2.ru

2-сурет. Spitzer ИҚ ғарыштық телескоптың көмегімен алынған, 24 мкм толқын ұзындығындағы IRD 351.78-0.54 аймағының суреті.

Наши рекомендации