Рубеждік бақылау сұрақтары

1.Аспан сферасының анықтамасын бер: Радиусы қалауымызша алынатын, бетіндегі шырақтардың орналасуы табиғаттағыдай, центрі кеңістіктің кез-келген нүктесінде орналасқан жорамал сфера.

2.Тік сызық қалай анықталады? Жүк ілінген созылмайтын, жылжымайтын жіп бағыты.

3.Шын (математикалық) горизонт деп нені айтады?Жазықтықтағы тік сызыққа перпендикуляр аспан сферасының үлкен шеңбері.

4.Аспан сферасы қай бағытта айналады? Шығыстан батысқа қарай.

5.Дүние осі қалай анықталады.Солтүстік және оңтүстік дүние полюстарын қосатын жорамал сызық.

6.Дүние полюстарының анықтамасын беріңдер.Аспан сферасының тәуліктік айналуы кезіндегі қозғалмайтын екі нүктенің бірін солтүстік, екіншісін оңтүстік дүние полюстары деп аталады.

7.Аспан экваторы дегеніміз не ?Жазықтықтағы дүние осіне перпендикуляр аспан сферасының үлкен шеңбері аспан экваторы деп аталады.

8.Шығыс және батыс нүктелері қалай анықталады: Аспан экваторы мен шын горизонттың қиылысқан нүктелері.

9.Аспан меридианының анықтамасын бер.Солтүстік, оңтүстік дүние полюстары және зенит, надир арқылы өтетін аспан сферасының үлкен шеңбері.

10.Оңтүстік және солтүстік нүктелері дегеніміз не?

Аспан меридианы мен шын горизонттың қиылысқан нүктелері.

11.Шын горизонттың және аспан меридианының нүктелері аспан сферасының тәуліктік айналысына қатынаса ма? Қатынасады.

12.Дүние полюсінің биіктігі туралы теорема.

Жер бетінің кез келген нүктесіндегі дүние полюсінің горизонттан биіктігі сол нүктенің жағырапиалық ендігіне тең.

13.Биіктік доғалары (н/е вертикальдар) деген не?

Зенит және надир арқылы өтетін доғалар (аспан сферасының үлкен шеңберлері)

14.Альмуконтораттар деген не?

Шын горизонтқа параллель кіші шеңбер.

15.Шырақтың азимуты дегеніміз не және оның өзгеру шегі қандай?

Оңтүстік нүктеден батысқа қарай шырақтың биіктік доғасына дейін шын горизонт бойымен есптейтін бұрыш А=0:360°.

16.Шырақтың биіктігі (шын горизонтың) Һ деп нені айтады және оның өзгеру шегі:

Шын горизонттан шырақтың биіктік доғасының бойымен шыраққа дейінгі доға және оған сәйкес орталық бұрыш.

17.Шырақтың зениттік қашықтығы деген не және оның өзгеру шегі:

Зениттен шыраққа дейінгі доғасының бойымен есептелетін доға Z=0÷180°.

18.Еңісу доғалары деген не?

Солтүстік және оңтүстік дүние полюстары арқылы өтетін үлкен шеңберлер.

19.Аспан параллельдері деген не?

Аспан экваторына параллель шеңберлер.

20.Көктемгі және күзгі күн теңелу нүктелері қалай анықталады?

Аспан экваторы мен эклиптиканың қиылысу нүктелері.

21.Аспан экваторы деген не?Жазықтығы дүние осіне перпендикуляр аспан сферасының үлкен шеңберлері.

22.Эклиптика деген не?Күннің 1жыл ішінде жүретін көрінерлік жолы (жұлдыздар арасында).

23.Тік көтерілу бұрышы деген не және оның өзгеру шегі:

Көктемгі күн теңелу нүктесінен,экватор бойымен, батыстан шығысқа қарай шырақтың еңісу доғасына дейінгі бұрыш ά=0÷360°.

24.Шырақтың еңісуі δ деген не жіне оның өзгеру шегі?

Шырақтың еңісу доғасының бойымен аспан экваторы мен шырақ арасындағы бұрыш немесе доға δ=0÷ ±90°.

25.Сағаттық бұрыш деген не және оның өзгеру шегі:

Аспан меридианы мен экватордың қиылысу нүктесінен батысқа қарай шырақтың еңісу доғасына дейінгі бұрыш t=0÷24сағ.

26.Шырақтардың кульминациясы деген не?

Шырақтардың меридианасын қиып өту құбылысы.

27.Шырақтың жоғарғы кульминациясы деген не?

Шырақтың аспан сферасының оңтүстік бөлігін қиып өту құбылысы.

28.Шырақтың төменгі кульминациясы деген не?

Шырақтың аспан меридианының солтүстік бөлігін қиып өту құбылысы.

29.Эклиптикалық бойлық және оның өзгеру шегі:

Көктемгі күн теңелу нүктесінен эклиптика бойымен, батыстан шығысқа қарай шырақтың бойлығына (қарай) дейінгі бұрыш λ=0÷360°.

30.Эклиптикалық ендік және оның өзгеру шегі:

Бойлық бойымен есептелетін эклиптикадан шыраққа дейінгі бұрыш β=0÷ ±90°.

31.Эклиптиканың негізгі төрт нүктесін анықта:Жазғы күн тоқырау, күзгі күн теңелу, қысқы күн тоқрау, көктемгі күн теңелу нүктелері.

32.Көктемгі күн теңелу нүктесінің экваториалды координатасын тап:α=0, δ=0

33.Жазғы күн тоқырау нүктесінің экваториалды координатасын тап:α=90°=6сағ . δ=+23°, 26´

34.Күзгі күн теңелу нүктесінің экваториалды координаталары:α=180°=12сағ . δ=0

35.Қысқы күн тоқырау нүктесінің экваториалды координатасын тап:

α=270°=18ⁿ δ=-23°, 26´.

36.Көктемгі күн теңелу нүктесінің эклиптикалық координаталары: λ=90° β=0

37.Жазғы күн тоқырау нүктесінің эклиптикалық координаталары: λ=90° β=0

38.Күзгі күн теңелу нүктесінің эклиптикалық координаталары:λ=180° β=0

39. Қысқы күн тоқырау нүктесінің эклиптикалық координаталары: λ=270° β=0

40.Күн көктемде қандай зодиак шоқ жұлдыздарынан өтеді және олардың таңбалары:Балықтар, тоқты, торпақ.

41.Күн жазда қандай зодиак шоқ жұлдыздарынан өтеді және олардың таңбалары:Егіздер, шаян, арыстан.

42.Күн күзде қандай зодиак шоқ жұлдыздарынан өтеді және олардың таңбалары: Бикеш, таразы, сарышаян.

43.Күн қыста қандай зодиак шоқ жұлдыздарынан өтеді және олардың таңбалары:Мерген, тауешкі, суқұйғыш.

44.Жұлдыздық тәулік деген не?Көктемгі күн теңелу нүктесінен қатар 2 жоғарғы кульминациясының ара-ғы уақыт.

45.Жұлдыздық уақыт деген не?Күн теңелу нүктесінің (Аспан меридианы-ң оңтүстік бөлігінен батысқа қарай есептелетін) сағаттық бұрышы S=t

46.Шын күн тәулігі деген не?Күн дискісі центірінің қатар 2 жоғарғы кульминациясы арасындағы уақыт.

47.Шын күн уақыты деген не?Күн дискісі центірінің сағаттық бұрышы қосылған 12 сағат Т=t+12

48.Орта нүкте уақыты:Орта күн центірінің сағ-қ бұрышы ж/е қосылған 12 сағат Тג=t ג +12

49.Жер беті неше сағаттық белдеулерге бөлінген? 24.

50.Бір сағаттық белдеудің ені қанша градус? 15° 1 сағат.

Наши рекомендации