Күн атмосферасының активтілігі және оның периоды 5 страница
1-сурет. Герцшпрунг-Рессел диаграммасындағы жұлдыздардың тізбектері
Диаграммадағы жұлдыздың орны оның физикалық табиғаты мен даму сатысымен анықталады. Сол себептен диаграмма қарастырылатын жұлдыздар жүйесінің барлық тарихын көрсетеді. Осыған қарай «спектр-жарқырау» диаграммасының астрономиядағы маңызы өте зор. Осы диаграмма физикалық табиғаты жақын жұлдыздарды ұйымдастырып, жеке-жеке топтарға бөліп, әрбір осындай топтағы жұлдыздардың әртүрлі физикалық сипаттамаларының арасындағы тәуелділіктерді анықтауға, жұлдыздардың химиялық құрамы және дамуы туралы мәліметтер табуға мүмкіншілік береді.
Диаграмманың жоғарысында жарқырауы өте зор, төменінде – жарқырауы өте аз жұлдыздар, ыстық жұлдыздар диаграмманың сол жағында, температуралары төмен жұлдыздар диаграмманың оң жағында орналасады. Диаграммадағы жұлдыздардың орналасуы біркелкі емес, диаграмманың диагоналі бойынша жұлдыздардың саны өте көп және осындай орналасуы жұлдыздардың температураларымен жарқырауы өзара тәуелді екенін көрсетеді. Осы тәуелділік бірдей болатын жұлдыздар белгілі жарқырау тізбектерін құрады. Жарқырау тізбектері рим цифрімен белгілінеді және бұл белгі спектрлік класстың белгісінен кейін қойылады. Мысалы, Күннің толық классификациясы G2V. Күн сары, температурасы 5780 К. V жарқырау тізбегіне жататын жұлдыз. Осындай қазіргі кезде қолданылатын классификация МК классификация деп аталады (Морган, Кинанның классификациясы).
Жарқырау тізбектері 1-суретте көрсетілген.
І Жарқырау классы – төтенше алып жұлдыздар, диаграмманың жоғарғы жағында орналасып, бірнеше тізбектерге бөлінеді.
ІІ Жарқырау классы – жарық алыптар.
ІІІ Жарқырау классы – алыптар.
IV Жарқырау классы – алып тәріздес.
V Жарқырау классы – бас тізбек.
VI Жарқырау классы – субкарликтер (ергежейлы тәріздес).
VII Жарқырау классы – ақ ергежейлілер.
Жұлдыздың қай жарқырау классына жататындығын оның спектріндегі арнаулы ерекшеліктерінен табылады. Төтенше алып жұлдыздардың спектрлік сызықтары өте жіңішке алып (с-белгі) келсе, ақ ергежейлердің спектрлік сызықтары жалпақ болады. Ергежейлілердің спектріндегі кейбір металлдардың спектрлік сызықтарының интенсивтілігі дәл осындай спектрлік класстағы алып жұлдыздардың спектіріндегі сызықтардың интенсивтілігін бәсеңдеу, ал басқа бір металлдардың сызықтарының интенсивтілігі керісінше күштірек болады. Субкарликтердің спектрінде барлық металлдардың сызықтары бәсеңдеу келеді. Осындай спектрлік зерттеулердің нәтижелерінде жұлдыздық шама табылады. Абсолюттік жұлдыздық шама бойынша жұлдыздың қашықтығы және жылдық параллаксы есептелінеді. Қашықтықты осы жолмен анықтау – спектрлік параллакс әдісі деп аталады. Тригонометриялық параллакс тек жақын (6000 мыңға жуық) жұлдыздарға бақылаудан анықталатын болса, спектрлік параллакс әдісін өте алыс объектілерге қолдануға болады. Сондықтан бұл әдістің астрономияда маңызы өте зор.
Жұлдыздардың температурасының шкаласы.Жұлдыздардың температурасы деп олардың эффективтік температурасын айтады. Эффективтік температура жұлдыздың бетінен шығатын толық энергия ағыны бойынша анықталады. Негізінен, эффективтік температура жұлдыздың жарқыраған бетінің не фотосфераның температурасы. Көптеген жағдайда жұлдыздың толық энергия ағынын бақылаудан өлшеп табуға мүмкіншілік болмайды, себебі жұлдыздар нүкте тәрізді объектілер. Осы шаманы тек Күн және өте жақын төтенше алып жұлдыздар үшін өлшеуге болады. Көптеген жұлдыздардың эффективтілік температурасын спектрлерін зерттеп температуралық шкала бойынша анықтайды. Эффективтілік температураның шкаласы деп жұлдыздың түс көрсеткішінің немесе спектрінің эффективтік температураға тәуелділігі айтылады. Бұл шкала белгілі жұлдыздар бойынша және теория жүзінде анықталады. Төменгі таблица эффективтік температураның шкаласы.