Көсемнің бейнесі

Азақстан тарихы пәні бойынша

Жазба жұмысы

Тақырбы: «Аттила - ғұндардың көсемі»

Қабылдады:оқытушы

Теміржанова Ш.М.

Орындады:МАШ-15-1 тобы

Абеков У.К.

Еділ қаған

Еділ қаған немесе Аттила(көнетүркітілінде лат. Attila, гр. Ἀττήλας, туған жылы 400-453 жылы қайтыс болған)батыс ғұн тайпалар одағының аты аңызға айналған көсемі.Рейннен Қара теңіздің солтүстігіне дейін варвар тайпаларына өз билігін жүргізген, адамзат тарихында өзіндік орны бар тарихи тұлға.

Сол кезеңнің оқиғалары туралы тарихи шығармаларда, жылнамаларда және эпикалық туындыларда мәліметтер кездеседі. Сонымен қатар германдықтардың батырлар жырының 18 шығармасында ғұндар мен оның патшасының ұлы iстерi көрiнiс тапқан.

Еділдің тұсында империя өзінің шарықтау биігіне көтеріледі. Шығыста Кавказға, батыста Рейнге, терістіктеданиялық аралдарға, күнгейінде Дунай өзенінне (оң жағалауын қоса) дейінгі жерлерді Ғұндарға бағындырды.444 жылдан 453 жылы қайтыс болған күніне дейін Еділ жалғыз өзі Ғұндар мемлекетін басқарды.

Мазмұны

· 1.Тарихнамасы және дереккөздер..........................................................................3

· 2.Атилла есімі......... ................................................................................................3

o 2.1.Көсемнің бейнесі........................................................................................4

o 2.2.Әйелдері мен балалары..............................................................................4

· 3.Ататегі және билікке келуі..................................................................................4

· 4.Еуропаға жорық...................................................................................................5

o 4.1.Византияға алғашқы жорығы. 441 — 442 жж.........................................5

o 4.2.Византияға екінші жорығы. 447 жыл.......................................................5

o 4.3.Ғұндар мен Византияның арасындағы бітім шарты (448 — 450 жж.)..6

· 5.Батыс Рим империясымен соғыс (451—454 жж.).............................................7

o 5.1.Галлияға жорық (451 жыл)........................................................................7

o 5.2.Италияға жорық (452 жыл)........................................................................7

o 5.3.453 жылғы Галлияға шабуыл....................................................................8

· 6.Қайтыс болуы және ғұн империясының ыдырауы...........................................8

· 7.Тарихи зерде.........................................................................................................9

o 7.1.Нумизматикада Еділдің бейнесі..............................................................10

o 7.2.Еділдің аңыздардағы бейнесі...................................................................10

o 7.3.Еділдің әдебиеттегі бейнесі.....................................................................10

o 7.4.Еділдің музыкадағы бейнесі....................................................................10

o 7.5.Еділдің кинематографиядағы бейнесі....................................................10

· 8.Дереккөздер.........................................................................................................11

Тарихнамасы және дереккөздер

Тарихшылар Еділ қағанды тұлға ретінде сипаттағанда көптеген қиындықтарға тап болады. Себебі жазба түрінде біздің заманымызға дейін жеткен деректер көбіне грек немесе латын тілінде жазылған. Көсем туралы ең көп мәлімет берген римдік тарихшы әрі дипломат Приск Паний. Приск 449 жылы ІІ Феодосидің қасына еріп тарихи кездесуге қатысып сол кездегі болып жатқан оқиғалардың куәгері болған. 434 жылдан 452 жылдардың шежіресін 8 томдық шығармаға жазған Приск жалғыз өзі ғана Еділ қағанның сыртқы көрінісін бейнелеген.

Присктің көптомды шығармасынан басқа бізге дейін жазба түрінде Прокопий және Иордан атты алтыншы ғасырдың тарихшыларының мәліметі жеткен. Оларда көбіне Присктің еңбегіне сүйене отырып мәлімет қалдырған. Византиялық тарихшы Марцелин Комит және канцлер Юстианин аздап, фрагмент ретінде өз жұмыстарында ғұндардың көсемі туралы деректер жазған. Тағы бір дереккөздер ол VI - XII ғасырлардағы шіркеу шығармалары. Бұлар тарихтың ағынымен ғұндардың қарсыластары жағында болған. Сол себепті көбіне жағымсыз жағынан, негативті сипаттаған.

Ғұндардың өзі көсемді каһарман ретінде ауызба-ауыз өздерінің аңыздарында жырлаған. Олардың үзінділері бізге дейін скандинавтардың және немістердің сагалар арқылы эпос түрінде жеткен. XII ғасырда мажар жазушылары ғұндарды өз бабалары деп көптеген шығармаларында құрметтеп, ұлттың батыры ретінде пір тұтқан.

Уақыт өте Еділ қағанды варварлықтың нышаны ретінде сипаттап, батыс өркениетіне қауіп төндірген адам ретінде қаралған.

Атилла есімі

Қазіргі заманның ғылымдарында Атилла есімінің этимологиясы туралы бірнеше болжам бар. Еділді Еуропа тарихшылары «Атыра», «Аттила»,«Атыл», «Аттылы», «Этцель», «Этли» деп те атайды. Аттила (Этцель) есiмi уақыт өте келе пайда болған лингвистикалық өзгерiстерге қарамастан орта ғасырлардан берi Германия топонимикасында сақталған. Мысалы, «Hetzelistal» («Hetzelinstall») атауының сөзбе-сөз аудармасы «Этцел даласы», бұл Оффенбург жерiнде, сонымен қатар «Hetzelhof» («Etzelhof»), «Atzelhof» («Этцел ауласы»), Гейдельбергте, Atzelbach («Этцель бұлағы») Оттенхефенде, «Attlisberg» («Аттли тауы»).

Көптеген басқа да ғұн есімдері сияқты Аттила есімінің түпнұсқасы түркі тілдерінен алынған деген де болжам бар (atta/ata - әке, el/il - ел, өлке).

Тағы бір болжам бойынша, Аттила есімі Еділ Хазар тілінде Еділ өзенің атауынан алынған (Attil/Atil/Atel/Atal).

«Аттила» есiмi қазiр түркi тектес халықтарда (қазақша — «Едiл») кең тараған.

Көсемнің бейнесі

Тарихшы Иордан Присктің сөздеріне сүйене отырып, Еділдің бір ерекше тұлға болғаны туралы айтады.

Бойы шағын ғана, кеудесі енді, көзі кішкентай, жыпсық. Үлкен басында сирек енді ақ түскен сақалы бар, мұрны кішкене жалпайған, көздері кішкентай. Осы түріне қарамай көсем өз асқақ жүрісімен, ауыр көзқарасымен өзінің құдыретті тұлға екенін білдіріп ғиззат сезімін тудыратын. Соғыс – кәсібі болса да, ашушаң емес, өте ақылды, мейірімді кісі тұғын.

Бұл сипаттама азиялық немесе моңғолоидтық нәсілге келеді.

448 жылы Присктің берген мінездемесіне сәйкес ол қарапайым, кішпейіл адам болғанға ұқсайды. Қарапайым киімді ұнататын, ағаш ыдыстан тамақ жейтін, қаруын алтынмен әшекейлемеген қолбасшы. Жалпы Приск Еділді шығыстан шыққан көшпенділердің көсемі сияқты емес, германдық орта ғасырлық король сияқты сипаттаған.

Йелдері мен балалары

Еділ қағанның некесі де көп болған, балалары да көп болған[8]. Балаларының арасында Эллак есімді үлкен ұлының аты шыққан. Осы ұлын көсем көзі тірі кезінде ізбасары деп жариялаған. Әйелдерінің арасында тарихта қалған Ильдико атты ең соңғы әйелі. Осы әйелінің қасында алғашқы неке түнінде Еділ қаған осы күнге дейін белгісіз себептен қайтыс болған

Наши рекомендации