Сынылатын Әдебиеттер тізімі
БЕКІТЕМІН
Физика-техникалық факультетінің
деканы Давлетов А.Е. ________________ «_______»____________________2014 ж.
«5В061100 – Астрономия» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БАКАЛАВРИАТТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ
АЛМАТЫ 2014
«5В061100 –Астрономия» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан эксперименттік білім беру бағдарламасы негізінде ф.-м.ғ.д., профессор Жаңабаев З.Ж., ф.-м.ғ.к., доцент м.а. Бейсебаева А.С., ф.-м.ғ.к., аға оқытушы Ізтлеуов Н.Т. дайындалды.
Бағдарлама қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасының мәжілісінде қарастырылды
Хаттама № _________________________2014 ж.
Кафедра меңгерушісі _________________Приходько О.Ю.
Факультеттің әдістемелік бюро кеңесінде мақұлданды
Хаттама № __________________ ____2014ж.
Әдістемелік бюро төрайымы______________Габдуллина А.Т.
Факультетің Ғылыми Кеңесінде бекітілді
«___» _________________ 2014 ж.
Ғылыми хатшы ____________________ Джумагулова Қ.Н.
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
«5В061100 –Астрономия» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын меңгеру мемлекеттік емтихан эксперименттік білім беру бағдарламасына сай мемелекеттік емтиханмен аяқталады. Мемлекеттік емтиханға жұмыс оқу жоспарына және бакалавриаттың жұмыс жоспарының талаптарына сәйкес білім үрдісін аяқтаған студенттер жіберіледі.
Мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмысты қорғауға 1 ай қалғанда мамандықтың академиялық күнтізбесінде және жұмыс оқу жоспарында көрсетілген мерзімде өткізіледі.
Мемлекеттік емтихан, бакалавриаттың білім беру бағдарламасының базалық және кәсіптендіру пәндерінің міндетті компонентті пәндерін құрайды.
Мемлекеттік емтиханды жақсы тапсырған студент дипломдық жұмысты қорғауға жіберіледі.
Қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер мемлекеттік емтиханды келесі қорытынды аттестаттау кезінде қайта тапсырады.
Пәндердің жалпы тізімі және кредит саны:
1. Механика- 3 кр;
2. Астрометрия- 3 кр;
3. Жалпы астрономия - 3 кр;
4. Астрофизика негіздері - 3 кр;
1.Базалық пәннің мазмұнына негізгі талаптар:
Студент білуі тиіс: заманауи эксперименттік, теориялық және сандық зерттеу әдістерін. Координаттар жүйесін, уақыт түсінігін, материалдық нүкте мен қатты дене кинематикасын, материалдық нүкте динамикасын, сақталу заңдарын, қатты дене динамикасын, айнымалы масса дене динамикасын, Лоренц түрлендіруін, тербелісті қозғалыстарды, сұйық, газ механикасын, акустика элементтерін.
Аспан коррдинаттар жүйесін. Уақытты өлшеу жүйесі мен күнтізбені. Атмосфераның Жерге әсерін. Кеплер заңдары мен планеталар қозғалысын. Аспан денелерінің массасын, өлшемін, формасы мен оған дейінгі арақашықтықты анықтауды. Жұлдыздар сәулеленуін талдау әдісін. Телескоптар мен әр түрлі спектлер диапазондағы сәулелену қабылдағыштарын. Күн белсенділігін. Күн жүйесіндегі үлкен планеталарды. Жұлдыздардың спектрлері мен жарқыраулары. Біздің Галактика. Жұлдыздардың шоғырлануы. Галактикалардың айналуы мен массасы. Жұлдызаралық шаң, газ, және ғарыштық сәулелер. Галактикалар типтері, олардың құрылымы мен физикалық сипаттамалары. Галактика ядролар белсенділігі мен квазарлар. Галактикалардың кеңістіктік таралуы мен эволюциясы. Әлемнің біртекті изотропты модельдері. Жұлдызаралық орта. Жұлдызаралық газдың әр түрлі бақылау күйлері. Жұлдызаралық магниттік өріс. Ғарыштық сәулелер. Синхротонды радиосәулелену. Жжинс тұрақсыздығы. Бұлттардың гравитациялық сығылуы. Бас тізбек. Газ-тозаңды дискілер. Жұлдыз энергия көздері. Ауыр элементтердің түзілуі. Азғындалған жұлдыздар. Масса мен радиустың байланысы, жұлдыздардың шектік массасы. Нейтрондық жұлдыздар. Пульсарлар. Стационралық емес және қос жұлдыздар. Жаңа жұлдыздар. Аса жаңа жұлдыздар. Олардың қалдықтары мен бақылау. Күн – жұлдыз тәріді. Әр түрлі галактикалардың құрамы м ен құрылысы. Жұлдыздық түзілулер. Қызыл ығысуға қарй объектттреді бақылау және галактикалар эволюциясы. Квазарлар.
3. Базалық пәндер бойынша кешенді емтиханға дайындық сұрақтарының тізімі:
МЕХАНИКА
1. Координат жүйелері. Векторлық және координаттық формаларда материялық нүктенің орын ауыстыруын, жылдамдығын және үдеуін сипаттау. Орташа және лездік жылдамдық және үдеу. Бірқалыпты айнымалы қозғалыстың кинематикасының формулалары.
2. Шеңбер бойынша нүктелердің қозғалысы. Элементар бұрыштық орын ауыстыру векторы. Бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу векторлары. Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтардың векторлық байланыстары. Жазық траектория бойынша қозғалыс кезіндегі тангенциаль және нормаль үдеулер.
3. Инерциалды санақ жүйелері. Галилей түрлендірулері және оның инварианттары. Жылдамдықтарды қосудың классикалық заңы.
4. Салыстырмалық принціпі. Жарық жылдамдығының тұрақтылық принціпі. Лоренц түрлендірулері.
5. Табиғаттағы күштер және әсерлесулер. Дененің массасы, күші және импульсы. Ньютонның үш заңы.
6. Материялық нүктелер жүйесінің импульсі. Тұйық жүйе импульсының сақталу заңы. Массалар центрі.
7. Импульс моменті және күш моменті. Нүкте үшін және материялық нүктелер жүйесі үшін моменттер теңдеуі. Жүйенің импульс моментінің сақталу заңы.
8. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Күн жүйесіндегі планеталардың қозғалысы үшін Кеплер заңдары
9. Қатты дененің қозғалмайтын өстің маңайындағы айналуы. Өске қатысты дененің инерция моменті. Гюйгенс-Штейнер теоремасы. Айналмалы қозғалыс динамикасының теңдеуі.
10. Физикалық маятник. Физикалық маятниктың тербеліс периоды үшін формулаларды қорыту.
11. Қатты дененің ілгерілемелі, айналмалы және жазық қозғалыстарының кинетикалық энергиясы
12. Күш жұмысын анықтау. Потенциал және потенциал емес күштер. Потенциалды энергия және оны нормалау. Энергияның сақталу заңы.
13. Релятивистік және релятивистік емес жағдайлардағы бөлшектің энергиясы мен импульсінің арасындағы байланыс. Масса мен тыныштық энергия арасындағы қатынас. Байланыс энергиясы. Массаның дефектісі
14. Инерциалды емес санақ жүйелері және инерция күштері. Жер бетіндегі инерция күштерінің көрінуі
15. Қатты денелердегі деформация. Гук заңы. Юнг модулі
16. Идеал сұйықтың стационар ағысы үшін Бернулли заңы
17. Көлденең қимасы дөңгелек құбыр ішіндегі тұтқыр сұйықтың стационар ағысы. Пуазейл формуласы.
18. Гармоникалық тербелістердің заңдары. Өшетін тербелістердің заңдары.
19. Мәжбүр тербелістердің заңдары. Резонанс
20. Тұтас ортадағы толқындар үшін Доплер эффектісі
СЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі:
1. Матвеев А.Н. Механика и теория относительности. «Высшая школаң М. 1976, 416 б. 1986. 320 б.
2. Стрелков С.П. Механика, М. 1975, 560 б.
3. Сивухин Д.В. Общий курс физики., Т.1. Механика, М., 1974, 520 б.
4. Иродов И.Е. Основные законы механики., М. 1985, 248 б.
Қосымша:
1. Киттель Г., Найт У., Руермен М., Механика «Наукаң М., 1971, 480 б.
2. Джанколи Д.Физика т.1, М. «Мирң,1980, 653 б.
3. Фейнман Р., Лейтон Р., Сэндс М., фейнмановские лекции по физике., т.1, «Мирң, М., 1965, 268 б.
3. Савельев И.В. Æàëïû ôèçèêà êóðñû. т.1., Механика, М., «Наукаң, 1989. 350 б.
4. Хайкин С.Э. Физические основы механики. М., 1971. 772 б.
5. Крауфорд Ф. Волны М., «Наукаң, 1974, 527 б.
7. Биченков Е.И., Тельнов В.И. Лекции по теории относительности. Учебное пособие., “Новосибирский государственный университет”, Новосибирск, 1995,62 с.
8. Тейлор Э.Ф., Уилер Дж.А. Физика пространства-времени. М.,”Мир”, 1971.
9.Козел С.М., Рашба Э.И., Славатинский С.А. Сборник задач по физике. М., “Наука”, 1978,191 с.
10. Бабаджан Е.И. и др. Сборник качественных вопросов и задач по общей физике. М., “Наука”, 1990, 396 с.
11. Волькенштейн В.С. Сборник задач по общему курсу физики. М., “Наука”, 1990,380 с.
12. Воробьев И.И. Теория относительности в задачах. М., «Наукаң, 1989. 350 б.
13. Бутиков Е.И., Быков А.А., Кондратьев А.С. Физика в примерах и задачах. М., “Наука”, 1989, 462 с.
14. Меледин Г.В. Физика в задачах . М., “Наука”, 1989, 270 с.
15. Задачи по фиизке. Под. ред. Савченко О.Я. М., “Наука”, 1988, 451 с.
16. Тарасов Л.В., Тарасова А.Н. Вопросы и задачи по физике. М., “Высшая школа”, 1990, 256 с.
4. Мемлекеттік емтиханға дайындалу үшін кәсіптендіру пәндері бойынша сұрақтар тізімі:
ЖАЛПЫ АСТРОНОМИЯ
1. Географиялық координаттар.
2. Аспан сферасының негізгі элементтері.
3. Аспан сферасының горизонталды координаттар жүйесі.
4. Шырақтардың көрінелік орындары. Шоқжұлдыздар.
5. Шырақтардың шығуы, батуы және кульминациясы.
6. Аспан сферасының экваториалды координаттар жүйесі.
7. Аспан сферасындағы координаттар түрленуі.
8. Күннің жылдық қозғалысы. Эклиптика.
9. Уақыт санау жүйелері. Шын күндік тәулік, шын күндік уақыт.
10. Аспан сферасындағы планеталардың көрінелік қозғалыстары.
11. Планетелардың негізгі конфигурациялары.
12. Төменгі және жоғарғы планеталар қозғалысының ерекшеліктері.
13. Птолемей және Коперник әлемдерінің жүйесі.
14. Синодтық қозғалыс теңдеуі. Кеплер заңдары.
15. Астрономияда қашықтықты анықтау әдістері.
16. Бүкіләлемдік тартылыс заңы.
17. Екі дене есебі
18. Шардың тартылуы.
19. Тасу күштері.
20. Потенциалдық энергия және вириал теоремасы.
21. Жұлдыздық шамалар.
22. Спектрлік талдау әдісі.
23. Жұлдыздардың спектрлік классификациясы.
24. Герцшпрунг-Рессел диаграммасы.
25. Жұлдыздардағы радиус-жарықтылық-масса тәуелділігі.
26. Жұлдыздар құрылымы және жұлдыздар қойнауындағы физикалық шарттар.
27. Қалыпты жұлдыздардың спектрлері және спектрлік классификациясы.
28. Қос жұлдыздар. Қос жүйелердің жалпы сипаттамалары
29. Физикалық айнымалы жұлдыздар, негізгі сипаттамалары.
30. Тұтылған айнымалы жұлдыздар, негізгі сипаттамалары.
31. Сәуелелік тепе-теңдік.
32. Күн - жұлдыз. Жалпы мағлұматтар. Күн спектрі және химиялық құрамы
33. Күн құрылысы және атмосферасы.
34. Күннің ішкі қабаттары. Күн ішіндегі конвекция.
35. Күннің магнит өрісі және оның ерекшеліктері.
36. Ақ ергежейлілер мен нейтронды жұлдыздар. Қара құрдымдар.
37. Галактикалар классификациясы.
38. Галактикалар шоғырларының классификациясы.
39. Галактикалардың активті ядролары. Квазарлар.
40. Космология элементтері. Хаббл заңы.