Емтихан сұрақтары
Механика
1. Координат жүйелеріне түсінік беріңіз. Векторлық және координаттық формаларда материялық нүктенің орын ауыстыруын, жылдамдығын және үдеуін сипаттау. Орташа және лездік жылдамдық және үдеу. Бірқалыпты айнымалы қозғалыстың кинематикасының формулалары.
2. Шеңбер бойынша нүктелердің қозғалысын түсіндіріңіз. Элементар бұрыштық орын ауыстыру векторы. Бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу векторлары. Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтардың векторлық байланыстары. Жазық траектория бойынша қозғалыс кезіндегі тангенциаль және нормаль үдеулер.
3. Инерциалды санақ жүйелері дегеніміз не? Галилей түрлендірулері және оның инварианттары. Жылдамдықтарды қосудың классикалық заңы.
4. Салыстырмалық принципін айтып беріңіз. Жарық жылдамдығының тұрақтылық принціпі. Лоренц түрлендірулері.
5. Табиғаттағы күштер және әсерлесулер қандай болады? Дененің массасы, күші және импульсы. Ньютонның үш заңы.
6. Материялық нүктелер жүйесінің импульсін айтыңыз. Тұйық жүйе импульсының сақталу заңы. Массалар центрі.
7. Импульс моменті және күш моментіне анықтама беріңіз. Нүкте үшін және материялық нүктелер жүйесі үшін моменттер теңдеуі. Жүйенің импульс моментінің сақталу заңы.
8. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы қалай тұжырымдалады? Күн жүйесіндегі планеталардың қозғалысы үшін Кеплер заңдары.
9. Қатты дененің қозғалмайтын өстің маңайындағы айналуы қандай? Өске қатысты дененің инерция моменті. Гюйгенс-Штейнер теоремасы. Айналмалы қозғалыс динамикасының теңдеуі.
10. Физикалық маятник деген не? Физикалық маятниктың тербеліс периоды үшін формулаларды қорыту.
11. Қатты дененің ілгерілемелі, айналмалы және жазық қозғалыстарының кинетикалық энергиясын түсіндіріңіз.
12. Күш жұмысын анықтау. Потенциал және потенциал емес күштер. Потенциалды энергия және оны нормалау. Энергияның сақталу заңы.
13. Релятивистік және релятивистік емес жағдайлардағы бөлшектің энергиясы мен импульсінің арасындағы байланысты көрсетіңіз. Масса мен тыныштық энергия арасындағы қатынас. Байланыс энергиясы. Массаның дефектісі.
14. Инерциалды емес санақ жүйелері және инерция күштерге анықтама. Жер бетіндегі инерция күштерінің көрінуі.
15. Қатты денелердегі деформациясы қандай? Гук заңы. Юнг модулі
16. Идеал сұйықтың стационар ағысы үшін Бернулли заңын түсіндіріп беріңіз.
17. Көлденең қимасы дөңгелек құбыр ішіндегі тұтқыр сұйықтың стационар ағысын түсіндіріңіз. Пуазейл формуласы.
18. Гармоникалық тербелістердің заңдарын жазыңыз. Өшетін тербелістердің заңдары.
19. Мәжбүр тербелістердің заңдары айтыңыз. Резонанс.
20. Тұтас ортадағы толқындар үшін Доплер эффектісін түсіндіріп беріңіз.
Жалпы астрономия
1. Географиялық координаттарға түсінік беріңіз.
2. Аспан сферасының негізгі элементтерін айтыңыз.
3. Аспан сферасының горизонталды координаттар жүйесін түсіндіріңіз.
4. Шырақтардың көрінелік орындары қандай? Шоқжұлдыздар.
5. Шырақтардың шығуы, батуы және кульминациясы дегеніміз не?
6. Аспан сферасының экваториалды координаттар жүйесін айтып беріңіз.
7. Аспан сферасындағы координаттар түрленуін жазып көрсетіңіз.
8. Күннің жылдық қозғалысын айтыңыз. Эклиптика.
9. Уақыт санау жүйелері деген не? Шын күндік тәулік, шын күндік уақыт.
10. Аспан сферасындағы планеталардың көрінелік қозғалыстары қандай?
11. Планетелардың негізгі конфигурацияларын түсіндіріңіз.
12. Төменгі және жоғарғы планеталар қозғалысының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
13. Птолемей және Коперник әлемдерінің жүйесін салыстырыңыз.
14. Синодтық қозғалыс теңдеуі айтыңыз. Кеплер заңдары.
15. Астрономияда қашықтықты анықтау әдістерін анықтаңыз.
16. Бүкіләлемдік тартылыс заңын түсіндіріңіз.
17. Екі дене есебін түсіндіріп беріңіз.
18. Шардың тартылуын айтыңыз.
19. Тасу күштері деген не?
20. Потенциалдық энергия және вириал теоремасын салыстырыңыз.
21. Жұлдыздық шамалар деген не?
22. Спектрлік талдау әдісін айтыңыз.
23. Жұлдыздардың спектрлік классификациясын түсіндіріңіз.
24. Герцшпрунг-Рессел диаграммасын салыңыз.
25. Жұлдыздардағы радиус-жарықтылық-масса тәуелділігін анықтаңыз.
26. Жұлдыздар құрылымы және жұлдыздар қойнауындағы физикалық шарттарды түсіндіріңіз.
27. Қалыпты жұлдыздардың спектрлері және спектрлік классификациясын айтып беріңіз.
28. Қос жұлдыздар дегеніміз не? Қос жүйелердің жалпы сипаттамалары
29. Физикалық айнымалы жұлдыздар, негізгі сипаттамалары қандай?
30. Тұтылған айнымалы жұлдыздар, негізгі сипаттамаларын көрсетіңіз.
31. Сәуелелік тепе-теңдікті анықтаңыз.
32. Күн – жұлдыз деген ұғымға анықтама беріңіз. Жалпы мағлұматтар. Күн спектрі және химиялық құрамы
33. Күн құрылысын және атмосферасын түсіндіріңіз.
34. Күннің ішкі қабаттары сипаттаңыз. Күн ішіндегі конвекция.
35. Күннің магнит өрісі және оның ерекшеліктерін ескеріңіз.
36. Ақ ергежейлілер мен нейтронды жұлдыздар дегеніміз не? Қара құрдымдар.
37. Галактикалар классификациясын түсіндіріңіз.
38. Галактикалар шоғырларының классификациясын сипаттаңыз.
39. Галактикалардың активті ядролары деген не? Квазарлар.
40. Космология элементтерін көрсетіңіз. Хаббл заңы.
Астрофизика негіздері
1. Астрофизикада зерттелетін электромагниттік сәулелену аймағы қандай?
2. Жұлдызаралық орта дегеніміз не?
3. Жұлдызаралық газдың әртүрлі бақыланатын күйлерін сипаттаңыз.
4. Жұлдызаралық магнит өрісін түсіндіріңіз.
5. Космостық сәулелер, пайда болуы және удетілу мәселелерін түсіндіріп беріңіз.
6. Синхротронды радиосәулелену деген не?
7. Жұлдыздар түзілуі: Гравитациялық орнықсыздық түсінігі.
8. Жұлдыздар түзілуі: Айналудың сығылуға әсері қандай?
9. Жұлдыздардағы энергия көздерін сипаттаңыз.
10. Джинс орнықсыздығын айтыңыз.
11. Герцшпрунг-Рессел диаграммасын салыңыз.
12. Жұлдыздардағы ядролық реакцияларды түсіндіріңіз.
13. Газтозаңдық дискілер дегенміз не?
14. Тозғындалған жұлдыздар. Жұлдыздар энергиясының көздерін түсіндіріңіз.
15. Масса мен радиус арасындағы байланыс, жұлдыздардың шекті массаларын түсіндіріңіз.
16. Нейтронды жұлдыздар дегенміз не?
17. Пульсарлар дегенміз не?
18. Қалыпты емес және қосжұлдыздар дегенміз не?
19. Жаңа жұлдыздар дегенміз не?
20. Аса жаңа жұлдыздар. Жұлдыздардың спектрлік классификациясын түсіндіріңіз.
21. Аса жаңа жұлдыздардың қалдықтары және оларды бақылау
22. Күн – жұлдыз. Жалпы сипататтамалары. Спектрі мен химиялық құрамы
23. Күннің ішкі қабаттары. Күн ішіндегі конвекция..
24. Күн атмосферасы. Күн тәжінің қыздырылу механизмдері.
25. Күн белсенділігі туралы түсінік. Күн белсенділігінің циклдары.
26. Күннің магнит өрісі және оның ерекшеліктері.
27. Күн спектрі. Хромосфера және күн тәжі.
28. Астрофизикадағы колориметрия негіздері.
29. Қара құрдымдар.
30. Жұлдыздар үшін Вириал теоремасы
31. Әртүрлі типтес галактикалардың құрамы мен құрылымы
32. Ақ ергежейлілер. Нейтронды жұлдыздар мен қара құрдымдар
33. Үлкен қызыл сызықты ығысуы бар объектілерді бақылау және галактикалар эволюциясы. Ғалам құрылымы
34. Галактикалар классификациясы
35. Квазарлар
36. Галактикалар шоғырларының классификациясы
37. Стандартты космологиялық сценарий
38. Космология элементтері. Хаббл заңы.
39. Телескоптар және сәуле қабылдағыштар: Оптикалық телескоптар мен қабылдағыштар
40. Радиотелескоптар. Рентген телескоптары және детекторлар
Астрометрия
1.Астрометрияның пәні, оның негізгі міндеттері.
2.Сфералық геометрия негіздері: негізгі ұғымдары, сфералық координаттар жүйесі, сфералық тригонометрияның негізгі формулалары. |
3.Жер пішіні: Жерді шартәрізді деп. алғандағы географиялық координаттар |
4.Жер пішіні:геоид, орташа жер эллипсоидтері, жергілікті референц-эллипсоидтер. |
5.Географиялық координаталардың астрономиялық, геодезиялық және геоцентрлік жүйелері. |
6.Аспан. Аспан денелерінің көрінетін қозғалыстары |
7.Аспан сферасы. Аспан сферасындағы негізгі сызықтар мен нүктелер. |
8.Горизонталь координаттар жүйесі. |
9.1-ші экваторлық координаттар жүйесі. |
10.2-ші экваторлық координаттар жүйесі. |
11.Эклиптикалық координаттар жүйесі. |
12.Галактикалық координаттар жүйесі |
13.Параллакстық үшбұрыш және аспан координаттарын өзара түрлендіру |
14.Аспан сферасының тәуіліктік айналуы, шырақтардың тәуіліктік қозғалыс кезіндегі координаттар өзгерісі |
15.Шырақтың кульминациясы. Әртүрлі параллелдегі жұлдызды аспанның көрінісі |
16.Күннің экваторлық координаттарының өзгерісі |
17.Қазіргі заманғы астрометрияда координат жүйелерін анықтау |
18.Каталог дәуірі, күн мен түннің теңелу дәуірі, стандарт дәуірі |
19.Қазіргі заманғы астрометрияда аспан координаттар жүйелерін жүзеге асыру |
20.Жер осінің прецессиялық қозғалысы |