Акмеологияның пәнаралық байланысы

Акмеологиялық өзге ғылымдармен байланысы оның ішінде психология және педагогикамен күрделі және көпжақты.Психологиялық ғылымдар жүйесіне мынадай себептерге сай қосыла алмайды. Психологиялық ғылымдар адам психикасында объективтік шыңдықтың бейнелеу заңдылығын мамандыққа, кәсіби іс - әрекетіне, іс - әрекеттің нәтижелілігі деңгейіне қатыссыз зерттейді.Онда қабылдаудың кәсіпке байланысы, ойлаудың кәсіпке байланысы, іс - әрекеттің, тұлғаның байланысы қарастырылмайды, акмеология психология нәтижелері есепке алады да, бірақ кәсіби шеберлікке жету үшін қолданады.Өзінің қоғамдық-гуманитарлық табиғатына және аксиологиялық-гносиологиялық мәртебесіне сай акмеология сонымен қатар тарих, мәдениеттану, әлеуметтану, экономика, саясаттану, педагогика мен экология ғылымдарымен тікелей байланысады. Бұл байланыстың күре тамырында адамның өзінің таңдаған жұмысының саласындағы кәсіби-экзистенционалдық өзін-өзі іске қосуы, жылдам өзгеріске ұшырап жатқан экологиялық және экономикалық ортада өтіп жатқан өнер мен ғылым, еңбек пен демалыс саласындағы, отбасындағы, іскерлік өмірдегі серіктестерімен өзара байланыста іске асатын адамның тұлға ретіндегі өмір сүретін әлеуметтік-мәдени және білімдік кеңістігі жатады. Дәл осы саналы еңбектің жаратушылық категориясы акмеологияның қоғамдық ғылымдармен байланысына негізделе отырып, еңбекке қатысты әрекет, кәсіби шеберлік, ұйымдастыру және басқару сияқты тірек ұғымдарының әлеуметтік астарларын қарастырады.Акмеологияның қоғамдық ғылымдармен және оның адам жөніндегі басқа да салаларымен байланысының негізгі өзегі - шығармашылық болып табылады. Дәл осы категория акмеологияға тән: кемелдену, акмеологиялық орта, кәсібилік, акмеологиялық технологиялар, акмеологиялық позиция және тағы басқа түсініктерді анықтайды және оларды төмендегіше түсіндіреді:

- кәсібилік - еңбектің субъектісі ретінде адамның дамуының жоғарғы деңгейі. Егер «кемелдену» өмірдегі әрекеттің келесі кезеңіне дайындық болса, ал кәсібилік сол дайын болуды тиімді деңгейде жүзеге асыра алу;

- акмеологияльқ технологиялар-өзін-өзі дамытуға, шығармашылыққа бағытталған технологиялар;

- мұғалімнің акмеологиялық позициясы - өзінің педагогикалық әрекетін жаңашылдық тұрғыда табысты болуға бағыттай алуы.

Психология ғылымында бейнелеу процестері бөлініп қарастырылады, яғни, түйсік, қабылдау, елес, есте сақтау т.б.Акмеология бүтіндей кәсіби ұжымдылық, топтық, дара тұлғалардың жалпы кәсіби нәтижеге жетуін талдайды.Психология ғылымында қате нәтиже алмау үшін сыналушыдағы зерттеу аппараты жасырын түрде сақталады. Акмеология кәсіби шеберлілікке адам өзі жетеді деп есептейді, әдістері ғылыми – зерттеушіні және ғылыми – практикалық болып бөлінеді. Сонымен қатар кәсіби шеберлілік ғылыми әдістерді практикалық әдістерге түрлендіру кезінде мүмкін. Акмеология педагогикамен тығыз байланысты, бірақ оның саласына жатпайды. Өйткені педагогика балалар туралы ғылым ретінде қалыптасты.Педагогика балалар мен жастарды тәрбиелеу туралы нормативтік ғылыми, принцип пен ережелерді айқындайтын, оқу – тәрбие процесін ұйымдастыру құрамы, әдісі, формасын айқындайды.Педагогика сипаттамалы ғылым, оқу – тәрбие процесінің нәтижелілігі өңдеу тәсілін іс - әрекет нәтижелілігі технологиясын, іс - әрекетті жетілдіру мен түзету тәсілін айқындаудың, өлшеудің тәсілін тапқан жоқ.Акмеология осы салада жаңа технологияны жасады, эксперимент жүзінде тексеріп және қажетті нәтиже алды.Педагогика – императивті ғылым. Акмеология практиктерге кәсіби ойлау мен іс - әрекетті жетілдіру мен өзіндік жетілдіру үшін бағдарлама және құралдар ұсынады, олар:

мамандардың, еңбек субъектілерінің өз еңбегінің нәтижелілігін зерттеу;

модельдеу нәтижелі, аз нәтижелі, нәтижесіз кәсіби іс - әрекетті модельдеу және маманның өзгелерден жақсы немесе нашар әрекет етуінің себепі көре білуге үйрету;

басшы, орындаушы, оқушының кәсіби іс - әрекетті оқыту мен түзету арқылы салыстыра модельдеуді қолдану;

іс - әрекет процесі мен оның нәтижемен байланысты зерттеу үшін; өлшеу үшін стандартталған аппаратты қолдану;

үш топ болып акмеология топта ғылымын талқылау, жұмыс 1 – топ – акмеология өкілдер, 2 – топ акмеологияға қарсы өкімедр; 3 – топ жас ғалымдар.

Наши рекомендации