Сурет. Өмір деңгейінің, сипатының және сапасының схемалық байланысы

 
  Сурет. Өмір деңгейінің, сипатының және сапасының схемалық байланысы - student2.ru

Өмір сапасымен сондай-ақ, еркіндік, адам құқықтары, және бақыт сияқты ұғымдар жиі байланыстырылады. Алайда, бақыттың таза субъективтік субстанция болып табылатындығына және оны өлшеу қиын болуына байланысты әдетте басқа да өлшеуіштерге басымдық беріледі. Констанза сондай-ақ, бақыт өлшемін, оны қаншалықты өлшеуге болатындығы, өз кезегінде табыстар деңгейіне байланысты жайлылыққа байланысты емес екендігін дәлелдеуге тырысты. Нәтижесінде, өмір сүру деңгейі бақыт өлшеуіш ретінде пайдаланылуға тиіс емес. Бұған дәлел ретінде қазіргі заман тарихынан мысалдар келтіруге болады. КСРО-дағы тұрмыста эскимостар обадан ыңғайлы пәтерлерге қоныс аударғанда олардың өмір деңгейі көтерілді, бірақ өлім-жітім деңгейі оның ішінде алкоголизм нәтижесінде күрт өсті және әлеуметтанушылардың бірі айтқандай «олар құсадан өле бастады». ГДР-да ГФР-ге қосылғаннан кейін материалдық жағдайлар 3-5 есеге көтерілді, алайда, өзіне қол жұмсау, қылмыс және өлім-жітім деңгейлері күрт өсіп кетті.

Өмір сапасы проблемасына бірнеше еңбегін арнаған Ресей ғалымы А.И. Суббето, өмір сапасын өмірдің рухани, материалдық әлеуметтік-мәдени, экологиялық және демографиялық құрамдауыштары сапаларының жүйесі ретінде анықтайды. Өмір сапасы– ол арқылы өркениеттердің, мемлекеттердің, этностардың, адамзат пен адамның тұрмыс мәні әлеуметтік және экономикалық саясаттың нысаналы функциялары көрсетілетін негізгі санаттардың бірі. Өмір сапасы өмірдің материалдық және рухани-шығармашылық жақтарының, адамның тектік күшін іске асыру деңгейінің, оның интеллекті, өмірдің шығармашылық мәнінің синтезін білдіреді. Ол тек қана өмірдің материалдық деңгейіне енгізілмейді, дегенмен «материалдық өмір сүру деңгейі» елеулі рөл атқарады. Өмір сапасы жеке адамның, отбасының, халықтың және жалпы адамзат қоғамының рухани, зияткерлік, материалдық, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-білім беру, экологиялық және демографиялық құрамдауыштарының бірлігінің күрделі және қарама-қайшы жүйесі болып табылады. Ол осылайша, жеке және қоғамдық (әлеуметтік) өмір сапасын білдіреді, онда адамның қажеттіліктерінің және қабілеттерінің, оның жанжақты, үйлесімді, шығармашылық даму әлеуетінің әртүрлілігі көрініс табады [5]

Бірақ сонымен қатар, Суббето барлық ұлттар, халықтар және өркениеттер үшін өмір сапасының бірыңғай үлгісі жоқ деген қорытындыға келеді. Адамзаттың әлеуметтік прогрессивті эволюциясының қолданыстағы заңы – мәдениеттер, этностар және өркениеттер әртүрлілігі заңы жергілікті өркениеттер, мемлекеттік құрылымдардың «қоректендіруші ландшафттарының» (Л.Н. Гумилев), әралуандығымен сипатталған өмір сапасы үлгілерінің әралуандығын анықтайды.

Ресей экономисі Н.М Римашевская өмір сапасының ең алдымен, адамның қоғамдық өмірі субъектісінің өзінің жай-күйін сипаттайтынын анықтайды. Бірқатар авторлар «әл-ауқаты» және «өмір сапасы» ұғымдарын теңестіреді. Неміс ғалымы-теоретик И. Штиффен «өмір сапасы» ретінде экономиканың көпшілік мүдделерінеде саналы қалыптастуын түсінеді.[4]

Осылайша, барлық аталған зерттеушілер өмір сапасы – бұл «өмірлік маңызды құндылықтар қатарының жиынтығы деген тұжырымға келеді. Адам қалай өмір сүруде, оның жоғары қатарлардағы қажеттіліктері қалай қанағаттандырылуда, ол не үшін өмір сүруде, оның өмірінің мәні қандай, ол өзінің өміріне қанағаттана ма».

Егер осы өзара байланысты графикалық тұрғыда қарасттыратын болсақ, өмір сапасы және оның негізгі құрамдауыштарымен өзара іс-әрекет жүйесін мынадай түрде көрсетуге болады:

Наши рекомендации