Уақыттық детектор
Уақытттық детектор (УД) – уақыттық топ құру жабдығында жазу және есептеу мезеттерінің арасындағы уақыттық интервалды УИ бақылауға арналған.
Асинхронды ұластыру блогының беруші бөлімінде бір қалыпсыздықтың мезетін және белгісін анықтау үшін цифрлық уақыттық детектор қолданылады. Бұндай детекторда (сурет 8.2) аталған есептеу және жазу таратқыштарының шығысы триггердің жеке кірістеріне жалғанған. Триггердің жеке кірістері ЖӘНЕ1 және ЖӘНЕ2 логикалық элементтерімен жалғанған, логикалық элементтердің басқа кірістеріне есептеу таратқышынан бақылау импульстік кезектіліктері беріледі.
8.2 – сурет. Цифрлық уақыттық детектор
Бақылау кезектіліктерінің уақыттық орналасуы жазу және есептеу арасындағы уақыттық интервал шамасы жылдамдықтарды келістіруге жеткілікті етіп таңдалады. ЖӘНЕ элементтерінің біреуінің (келістіру белгісіне байланысты) кірісінде Т триггерінің шығысындағы оң импульстің және бақылау импульсінің сәйкес келуі жүреді.
8.3,а суретінде Е2 ағынын құрудағы УД жұмысының уақыттық диаграммасы көрсетілген (жылдамдықтардың келіспеу жағдайы).
Триггер Т жазу және есептеу таратқыштарының бесінші шығысындағы сигналдармен басқарылады. Бақылау кезектіліктері есептеудің үшінші және бесінші шығыстарынан алынады, есептеу таратқышының бесінші шығысынадғы бақылау кезектілігі жарты тактылы интервалға бөгеледі. Таратқыштың үшінші шығысынадғы импульстік кезектілік уақыт бойынша триггердің бірінші иығының нольдік жағдайына сәйкес келеді, ал тартақыштың бесінші шығысындағы импульстік кезектілік – триггердің екінші иығының нольдік жағдайына. Нәтижесінде ЖӘНЕ1 және ЖӘНЕ2 логикалық элементтерінің шығысында нольдік сигнал қалыптасады.
8.3 – сурет Цифрлық уақыттық детектордың жұмыс диагарммасы;
жылдамдықтардың келіспеуі (а), жылдамдықтардың теріс келісуі (б)
және жылдамдықтардың оң келісуі (в)
Жылдамдықтардың теріс келісуі жағдайында (сурет 8.3,б) есептеу таратқышының бесінші шығысындағы импульстік кезектілік триггердің Т екінші иығының бірлік жағдайымен сәйкес келеді, нәтижесінде ЖӘНЕ2 сұлба шығысында сигнал құрылады.
Жылдамдықтардың оң келісуі жағдайында (сурет 8.3,в) есептеу таратқышының үшінші шығысындағы импульстік кезектілік триггердің Т бірінші иығының бірлік жағдайымен сәйкес келеді, және ЖӘНЕ1 сұлбасы шығысында сигнал құрылады.
Жылдамдықтарды бір жақты келістіру жүйелерінде бір сәйкес келу сұлбасы қарастырылады.
8.4 – сурет. Аналогты уақыттық детектор
Асинхронды ұластыру жабдығының қабылдау трактысында жазу және есептеу мезеттерінің арасындағы ағымды мағынаны анықтау үшін аналогты уақыттық детектор қолданылады (сурет 8.4). Бұндай детекторда, цифрлықтағы сияқты, жазу және есептеу таратқыштарының аталған шығыстарындағы импульстік кезектілік триггердің Т бөлек кірістеріне беріледі, оның шығысынадғы импульстердің скважності жазу және есептеу сигналдарының өзара уақыттық орналасуын сипаттайды.
Триггер шығысындағы сигнал төменгі жиілікті фильтрдің (ТЖФ) кірісіне беріледі. ТЖФ шығысында кернеу қалыптасады, оның белгісі және шамасы триггер Т шығысындағы теріс және оң импульстердің ұзақтықтарының айырмасымен анықталады.
8.5 – сурет. Аналогты уақыттық детектор жұмысының диаграммасы
Жазу және есептеу мезеттерінің арасындағы уақыттық интервал қажетті мағынаға тең болғанда, триггер шығысындағы (сурет 8.5, а) сигнал скважності екіге теі, ал ТЖФ шығысындағы кернеу . Жазу және есептеу мезеттерінің арасындағы уақыттық интервал мағынасы қажетті мағынадан басқа болса, триггер шығысынадғы сигнал скважності ұлғаяды немесе кішірейеді (уақыттық интервалдың өзгеру белгісіне байланысты), және уақыттық детектор шығысында осы ауытқудың белігісін және шамасын сипаттайтын, сигнал (сурет 8.5,б,в) құрылады.