Lt;ТEXTAREA> тәгі

HTML ТІЛІНІҢ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ 1Броузерлердің (Netscape Navigator, Internet Explorer) мульти­медия­лық файлдарды іске қосатын қосымша программалық модуль­дері бар. Олар LiveAudio (WAV, AU, AIFF және MIDI форматтарын­дағы дыбыстық файлдар), Live3D (VRML), LiveVideo (АVI бейнелік файлдары) және QuickTime (дыбыс пен мәтін қосылатын MIDI түріндегі MOV форматындағы файлдар) тәрізді технология­ларды сүйемелдей алады.

Lt;EMBED> тәгін пайдалану

Жоғарыдағы айтылған мультимедиалық мүмкіндіктердің бәрін web-құжатқа <EMBED> тәгі арқылы енгізуге болады. Оны жабу мін­дет­ті емес. Бұл тәгті пайдалану кезінде дыбыс ойнайтын құралдың басқару элементтерін сурет тәрізді көрсету мүмкіндігі бар.

Фондық дыбыс

Web-құжатты жүктеген соң, оны көру барысында өзіңіз ұнататын әнді тыңдап отырғыңыз келсе, <BGSOUND> тәгін төмендегідей түрде жазып пайдалануға болады:

<BGSOUND SRC=”ән аты” LOOP= “қайталану саны”>

Мысалы, “Ақбақай.mp3” әуендік файлын 3 рет қайталап тыңдау үшін, мынадай жол енгізілуі тиіс:

<BGSOUND SRC=”Ақбақай.mp3” LOOP=3>

Егер бір әуен шексіз түрде қайталанып айтылғанын қаласаңыз, соңғы атрибут LOOP=INFINITE деп жазылуы қажет. Әрине, әуен орнына жасалған web-сайт жайлы түсініктеме мәтін немесе оны қалай түрлендіруге болатыны жайлы кеңестерді де тыңдауға болатыны түсінікті шығар.

Әуенді web-құжат ашылғанда, бірден тыңдамай, өзіңіз қалаған сәтте ғана іске қосу үшін, дыбыстық файлға суреттік файлдарды шығару кезіндегі сияқты төмендегідей түрде гиперсілтеме жасау керек.

<A HREF=”Ақбақай.mp3”>өлең </A>

Мұнда экранға “өлең” атты гиперсілтеме шығып тұрады, соны тышқанмен шерткен кезде ғана ән ойнала бастайды.

Бейнекадрды пайдалану

Web-парақ ішіне бейнекадрды қою жай сурет орналастыру тәрізді орындалады. Мұны жүзеге асыру тәгінен мысал келтірейік:

<IMG DYNSRC=”FILE1.AVI” START=OPENFILE LOOP=2>

Мұнда DYNSRC атрибуты бейнефайлдың атын береді, ал START параметрі бейнероликті іске қосу тәсілін тағайындайды. Егер оның мәні OPENFILE болса – бейнефайл бірден жүктеледі, ал MOUSEOVER болса – онда тышқан курсорын сол роликтің бірінші кадрын іске қосатын суретте шерткенде барып жүктеледі. LOOP параметрі бейнефайлды қайталау санын береді.

Бейнефайлдарды гиперсілтеме арқылы да көрсетуге болады:

<AHREF=”VIDEO.MOV”>Бейнефильм көру (1,3МВ)</A>

Гиперсілтемені шерткенде, броузер файл типін оқып, бейне­филь­мді көрсететін плейерге қосымша құрылғы іске қосылады. Қандай плейер қолданылатыны тұтынушы броузерінің құрамы мен құрылымына (конфигурациясына) байланысты болады. Көбінесе бейнефильм басқару тақтасы бар жеке терезеде көрсетіледі.

<EMBED> тәгі арқылы бейнефайлды көру кезінде web-парақ­тағы плейерге қатысты құрылғы ізделеді де, іске қосылады. Мысалы:

<EMBED SRC=”cool.mov” AUTOPLAY=false WIDTH=160 HEIGHT=120></EMBED>

Мұндағы AUTOPLAY=false атрибуты бейнефильм PLAY батырма­сын шерткен соң, іске қосылатынын көрсетеді. Ол бірден іске қосы­луы үшін AUTOPLAY=true болуы тиіс. WIDTH=160 HEIGHT=120 атрибуттары бейнекадрдың ені мен биіктігін береді.

HTML ҚҰЖАТТАРЫНДАҒЫ ФОРМАЛАР HTML формалары web-құжат жариялаушылар мен оқырмандар­ арасындаақпарат алмасуға мүмкіндік жасайды. Бұған дейін біз web-құжаттарды тек экранға шығару әдістерін талқылап келген болсақ, енді, керісінше оларға мәлімет енгізу әрекеттерін қарастырамыз. Формалар арқылы тұтынушыдан жалпы мәтін түрінде ақпарат сұрап алуға, "иә/жоқ" деген жауаптың бірін таңдауға немесе бірнеше жолдың біріне тоқтауға болады.

Формаларды әртүрлі мақсаттарда қолдану мүмкіндігі бар. Мысал ретін­де, сайтқа кірген оқырмандардың ол туралы өз пікірлерін форма­ға енгізуі туралы айтуға болады, жалпы HTML формаларын пайдалану аймағы алуан түрлі болып келеді.

Lt;FORM> тәгі

Әрбірформа осы тәгпен басталады. Оның қолданылатын форманы өңдеу программасын (скрипт) және мәліметтерді жөнелту әдісін көрсететін екі атрибутын анықтап алу қажет.

1 кесте

Атрибуты Атқаратын қызметі
ACTION Форма мәліметтерін қабылдап алып, оны өңдейтін URL-ды анықтайды. Егер бұл атрибут анықталмаса, онда мәліметтер форма орналасқан web-парақ адресіне жіберіледі
METHOD Форманы өңдеу программасына (скрипт) қалайша ақпарат жөнелтілетінін көрсетеді. Әдетте, оның мәні POST болады, мұндайда форма мәліметі URL-дан бөлек жеке жөнелтіледі. Ал оның мәні GET болса, онда мәлімет URL-мен бірге жіберіледі

Мысал:

<FORM METHOD="post" ACTION="/cgi-bin/comment_script">

</FORM>

Бұл мысалда броузерге мынадай нұсқау берілген: толтырылған форманы post әдісін қолдана отырып жөнелтіп, оны web-құжат орна­лас­қан сервердің cgi-bin каталогында орналасқан comment_script скрип­ті көмегімен өңдеу керек екендігі көрсетілген.Бір web-парақта орналасатын формалар саны шектелмейді, бірақ та бір форманың екінші бір форманың ішіне кіріп кетпеуін қадағалап отыру керек.

Форма жасау тәгтері

HTML тілінде формадағы әр түрлі өріс типтерін жасау үшін <TEXT­AREA>, <SELECT> және <INPUT> сыяқты үш түрлі тәг қолданылады. Олардың кез келген саны <FORM> ... </FORM> тәрізді қосарланған тәгтер ішінде, яғни контейнерде орналаса алады.

Төмендегі кестеде солардың қысқаша сипаттамалары көрсетілген, кейінірек олар толық қарастырылады.

2 кесте

Тәг Атқаратын қызметі
<TEXTAREA> Кез келген тұтынушы бірнеше жолдан тұратын мәтіндік ақпарат енгізе алатын өрісті анықтайды
<INPUT> Мәлімет енгізудің кейбір өзге түрлерін: бір жол мәтін енгізу, жалаушаларды көтеріп қою және түсіру (check boxes), ажыратып қосқышты таңдау (radio buttons) және мәліметтерді жөнелтуге немесе форма­ны тазартуға арналған батырманы басу сияқты әре­кет­терді орындауды қамтамасыз етеді
<SELECT> Тұтынушыға жылжымалы жолағы бар терезедегі немесе суырылып шығатын меню ішіндегі бір жолды таңдау мүмкіндігін береді

lt;ТEXTAREA> тәгі

Бұл тәг бірнеше жолдан тұратын мәтіндік ақпарат енгізуге арнал­ған өріс құру үшін қажет. <TEXTAREA> …</TEXTAREA> тәгтері ара­сына, алдын ала ке­лі­сім бойынша, енгізу өрісіне шығарылатын кез келген мәтін жолда­рын орналастыруға болады. Бұл тәгтің атрибуттары:

NAME – өріс атын анықтайды, міндетті түрде болуы тиіс;

ROWS – өріс биіктігі бойынша орналасатын жолдар санын береді;

COLS – өріс енін, яғни жол ұзындығын символдар санымен береді.

Мысалы, әр жолына 15 символ мәтін сиятын, екі жолдан тұра­тын өріс былай жасалады:

<HTML>

<BODY>

<FORM>

<TEXTAREA Name="Студент" ROWS=2 COLS=15>

Қабдиева Әйгерім

</TEXTAREA>

</FORM>

</BODY>

</HTML>

Мұның нәтижесі 9 суретте көрсетілген.

ROWS және COLS атрибуттары арқылы кез келген көлемдегі өріс құруға болады. Бұл атрибуттар міндетті түрде қажет болмағанмен, олардың алдын ала келісім бойынша бекітілген белгілі бір мәні жоқ (кез келген броузер үшін бұл мәндер әр түрлі), сондықтан олардың мәнін әрқашанда ашық көрсетуге тырысу керек.

    9 сурет

SELECT тәгі

Бұл тәг суырылып шығатын меню немесе айналдыру жолағы бар опциялар (командалар) тізімін құру үшін қолданылады. Опциялар тізімі мен меню пункттері SELECT контейнерінің ішінде орналасады. <TEXTAREA> тәгі сияқты <SELECT> тәгінде де берілген атты анықтайтын NAME атрибуты міндетті түрде болуы тиіс. Опциялар саны SIZE атрибутында көрсетіледі. Төменгі кестеде <SELECT> тәгінің атрибуттарының атқаратын қызметтері жайлы айтылған.

3 кесте

Атрибут Атқаратын қызметі
NAME Ақпарат атын анықтайды
SIZE Таңдау опциялары үшін терезенің биіктігін (вертикаль көле­­мін) анықтайды. Егер атрибут көрсетілмесе немесе оның мәні 1-ге тең болса, онда қалқымалы опциялар тізі­мі шығады. Егер оның мәні 1--ден артық болса, онда опция­лар айналдыру жолағы бар тере­зеде көрінеді. Ал егер атри­бут мәні тізім элементтерінің нақты санынан артық болса, онда бос жолдар қосылады. Оларды таңда­ған кезде, бос жолдар қайтарылады.
MULTIPLE Бірден бірнеше опциялар таңдауға мүмкіндік береді.

Опциялар тізімі <OPTION> тәгі арқылы <SELECT> контейне­ріне кіргізіледі. Бұл тәгтің екі атрибуты болады, олар төмендегі кестеде сипатталған.

4 кесте

Атрибут Атқаратын қызметі
VALUE Тұтынушы опцияны таңдаған жағдайда, өңдеу бағдар­ла­ма­сына (скриптіге) қайтарылатын мәнді көрсетеді
SELECTED Алдын ала келісім бойынша таңдалған опцияны көрсетеді

Мысал:

Төменде ұқсас формалары бар екі HTML құжаттарының мәтіндері көрсетілген. Екінші құжатта тізімнен алдын ала бір элемент таңдалып алынған (SELECTED атрибуты қосылған).

<HTML>

<BODY>

Жыл мерзімін таңдаңыз:

<FORM>

<SELECT NAME=YEAR>

<OPTION SELECTED VALUE="winter">қыс

<OPTION VALUE="spring">көктем

<OPTION VALUE="summer">жаз

<OPTION VALUE="autumn"> күз

</SELECT>

</FORM>

</BODY>

</HTML>

    10 сурет

<HTML>

<BODY>

Жыл мезгілін таңдаңыз:

<FORM>

<SELECT MULTIPLENAME="YEAR">

<OPTION SELECTEDVALUE="WINTER">қыс

<OPTION VALUE="spring">көктем

<OPTION VALUE="summer ">жаз

<OPTION VALUE="autumn "> күз

</SELECT>

</FORM>

</BODY>

</HTML>

    11 сурет

Lt;INPUT> тәгі

<INPUT> тәгі <TEXTAREA> мен <SELECT> тәгтеріндей контей­нер емес, жалқы тәг болып есептеледі. Ол әр түрлі тәсілдерді пайда­ла­нып, ақпарат жинақтауға арналған. Сол тәсілдерге мәтіндік өрістер, пароль енгізу өрісі, ажыратып-қосқыштар, жалаушалар, мәліметтерді жө­нелту (Submit) және формаларды тазарту батырмалары (Reset) жатады.

INPUT тәгінің төмендегі кестеде көрсетілгендей бірсыпыра атри­бут­­тары болады.

5 кесте

Наши рекомендации