Тақырып. Бірөлшемді жиындар.

Жоспар:

1. Жиындар.

2. Жиындарға қолданылатын амалдар.

3. Жиын конструкторы.

1. Жиындар –бір-бірімен логикалық байланысқан бір типті обьектілер жиыны. Обьектілдердің арасындағы байланыстардың сипатын программист көрсетеді,оны Object Pascal тілі ешқандай да бақыламайды. Жиынға кіретін элементтер саны 0 мен 256 аралығында өзгеруі мүмкін.Бірде бір элементі болмайтын жиын бос жиын деп аталады. Элементтер санының тұрақты болмайтындығы арқылы жиындарды массивтер мен жазулардан ажыратамыз.

Екі жиын эквивалентті деп есептеледі, сонда тек сонда ғана олардың элементті тең болса (яғни бірдей болса), жиын элементтерінің орналасу ретіне ешқандай мән бермейді (қалай орналасса да бәрі бір).

Енді жиындардың берілуі мен анықталуына мысалдар келтірейік:

Type

Digitchar=set ‘0’…’9’;

Digit=set of 0..9;

Var

Begin

S1,s2,s3: DigitChar;

S4,s5,s6: digit;

Begin

S1:=[‘1’,’2’,’3’];

S2:=[‘3’,’2’,’1’];

S3:=[‘2’,’3’];

S4:=[0…3,6];

S6:=[3..9];

End.

Бұл мысалдарға S1 мен S2 жиындар эквиваленті, ал S3 жиыны S2 жиынының ішіне кіреді.

Жиын типтерінің жазылу форматы төмендегідей:

<тип аты>= set of <базалық тип>;

Мұндағы <тип аты> - жиын типінің идентификаторы, set ,of- қызметші сөздер, <базалық тип> - жиын элементінің базалық типі ретінде word,integer,LongInt, Intb типтерінен басқа кез келген реттелген тип алынады.

Жиын элементтерін беруде жиын констркуторы пайдаланылады: бір-бірінен үтір арқылы ажыратылған жиын элементтерінің тізімі, тізім квадрат жақшаның ішіне орналасады.

Жиындарға төмендегідей операцияларды қолдануға болады:

1) Жиындардың қиылысуы - (*); екі жиынның қиылысу нәтижесінде

алынған жиынға екі жиынның ортақ элементтері де кіреді. Мысалы, S4* S6-ның нәтижесі [3] болады; S4* S5-тың нәтижесі бос жиын болады.

2) Жиындардың бірігуі (+). Екі жиынның бірігуі бір мезгілде екі

жиынға да кіретін ортақ элементтерден тұратын үшінші жиын болып табылады.

3) Жиындардың айырымы. Екі жиынның айрымы екінші жиын

элементтері кірмейтін,бірінші жиын элементтерінен тұратын үшінші жиын болып табылады.

2. Жиындарға қолданылатын амалдар.

Жиындық типтердің берілгендері үшін қиылыстыру,біріктіру, айырымдық және in амалдары анықталған.Сондай-ақ, ‘<’,’>’,’<=’,’>=’,’=’ және ‘<>’ қатынас белгілері пайдаланылады. ‘=’ қатынас белгісі.Егер А және В жиындары бірдей элементтерден тұратын болса,онда бұл жиындар тең болып есептеледі.Салыстрылатын жиындардағы элементтердің орналасу ретінің теңдік шартына әсері болмайды.

А жиынының мәні В жиынының мәні Өрнек нәтиже

[1,2,3,4] [1,2,3,4] A=B True

[‘a’,’b’,’c’] [‘c’,’a’] A=B False

[‘a’,..’z’] [‘z’..’a’] A=B True

Тең емес қатынас белгісі (<>). A және B жиындарының кем дегенде бір элементі өзгеше болатын болса, онда олар тең емес болып есептеледі.

А жиынының мәні В жиынының мәні Өрнек нәтиже

[1,2,3] [3,1,2,4] A<>B True

[‘a’..’z’] [‘b’,’z’] A<>B True

[‘c’..’t’] [‘t’..’c’] A<>B False

Үлкен немесе тең қатынас белгісі (>=).Егер В жиынының барлық элементтері А жиынының құрамына кіретін болса, A>=B қатынасының нәтижесі ақиқат болады, ал кері жағдайда жалған болады.

А жиынының мәні В жиынының мәні Өрнек нәтиже

[1,2,3,4] [3,2,4] A>= B True

[‘a’..’z’] [‘b’..’t’] A>= B False

[‘c’,’x’,’t’] [‘t’..’c’] A>= B True

Кіші немесе тең(<=) қатынас белгісі.Алдыңғы операцияда пайдаланылғанындай, егер А жиынының барлық элементтері В жиынының құрамына кіретін болса, онда A <= B өрнегінің нәтижесі ақиқат болады, кері жағдайда жалған болады.

А жиынының мәні В жиынының мәні Өрнек нәтиже

[1,2,3] [2,3,4] A<=B True

[‘d’..’h’] [‘b’..’t’] A<=B False

[‘c’,’x’,’t’] [‘t’..’c’] A<=B True

In операциясы.Бұл операция қандай да бір мәннің көрсетілген жиында жататындығын тексеру үшін пайдаланылады. Әдетте шартты операторда пайдаланылады.

А жиынының мәні Өрнек Нәтиже

2 if A in [2,3,4]then… True

‘v’ if A in [‘a’..’n’] then false

xl if A in [x0,x1,x2,x3] True

Қосалқы программаны шақырғанда ашық , жиын түріндегі формальды параметрдің орнына жиын конструкторы көрсетуге болады. Жиын конструкторы дегеніміз үтір арқылы ажырытылып, квадрат жақшаға алынған жиын элементтерінің мәндері. Алдыңғы мысалдағы:

const

a:array[-1..2] of integer=(0,1,2,3);

b:array[5..7] of integer=(4,5,6);

begin

ArrayPrint(A);

ArrayPrint(B);

End;

жазуының орнына

begin

ArrayPrint([0,1,2,3]);

ArrayPrint([4,5,6]);

End; деп жазуға болады.

5.12.тақырып. Басқару компоненттері.

Жоспар:

1. Standard панеліндегі компоненттер.

2. Компоненттердің негізгі қасиеттері.

1. Компонент деп белгілі –бір қасиеттері бар және форма терезесінде кез келген объектіні орналастырумүмкіндігін туғызатын функционалды элементті атайды. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды парақтар деп атайды. Компоненттер көмегімен программаның негізгі қаңқасы құрылады (терезелер, батырмалар, таңдаутізімдері және т.с.с.). Батырмалар тақташасы сияқты компоненттер палитрасына икемдеуге болады. Ол үшінкомпоненттер палитрасына кіретін кез келген пиктограммада тышқантетігінің оң батырмасын таңдау арқылы, арнайы редакторды іске қосукерек. Ашылған менюдегі Настроить пунктін таңдағанда,палитра компонентерінің оң жақ терезесі шығады.

тақырып. Бірөлшемді жиындар. - student2.ru тақырып. Бірөлшемді жиындар. - student2.ru

Палитра компоненттерінің қосымшаларының мағынасы.

Standard (Стандартты) қосымшасы Windows-тың стандартты басқару элементтерін құрайды;

Additional (Қосымша) қосымшасына Windows-тың стандартты емес, қосымша элементтері кіргізілген;

Win32 тақтасыWindows9х жүйесінің жаңа басқару элементтерін құрайды;

System (Жүйе) қосымшасы таймер, музыкалық ойнатушы және т.б. сияқты жүйелік объектілерден тұрады.

DataAccess (мәліметтермен жұмыс) қосымшасы берілгендер базасымен қатысатын ұйымдардың компоненттерінен тұрады.

Data Controls (Берілгендермен жұмыстың басқару элементтері) тақтасында берілгендер базасымен жұмыс кезінде қолданылатын, басқарушы элементтер орналасқан.

ADO тақтасы Microsoft ADO (OLE DB) технологиясында берілгендер базасына доступ компоненттерін ұсынады.

Midas қосымшасында бірнеше компьютерде жұмыс істеу мүмкіндігі бар, үлестірілген қосымша программаларды құру компоненттерінен тұрады.

InternetExpress қосымшасының көмегімен, программаны қолмен құруды мүлдем қажет етпейтін мәліметтерді Интернетте жариялау құрылғыларын жасайды.

Internet (Интернет) тақтасы объектілердің Интернет арқылы байланысу құралын қамтиды.

Decision Cube (Шешімдерді іздеу) тақтасы мәліметтердің анализдер жүйесіне қатысты компоненттермен қамтамасыз етеді.

QReport қосымшасындағы компоненттер әртүрлі есептеулерді құруға арналған.

Diologs (Сұхбат терезесі) қосымшасы программадағы Windows– тың стандартты сұхбат терезесімен байланысты қамтиды.

Win 3.1 компоненттер тақтасыWindows3.1. операциялық жүйенің басқарушы элементтерімен сәйкес келеді.

Samples (Мысалдар) қосымшасында компоненттер мысалдары бар.

ActiveX қосымшасының көмегімен ActiveX форматындағы компоненттер құрылады.

Servers(Серверлер) қосымшасы өңделген программалар мен офистік қосымша программалар (Word, Excel, Access) арасында документтерді алмастыру компененттерін қамтиды.

2. Button компоненті батырма жасау үшін қолданылатын Delphi қосымшаларында көп пайдаланылатын объектілердің бірі болып табылады. Button – компоненттер палитрасында Standard панелінде орналасқан.

Негізгі қасиеттері:

Caption – батырманың бетіне жазу орнатады.

Cancel – esc клавишын қолдану мүмкіндігін орнату

Default – Enter клавишын қолдану мүмкіндігін орнату.

ModalResult – форманы жабу әдістері

Button объектілерінің Default және Cancel қасиеттеріне мән бере отырып, қосымшаларда батырмалардың атқаратын қызметтерін Enter және esc клавиштарын басу арқылы орындатуға болады. Enter клавишына батырманың атқаратын қызмеін орындату үшін батырма объектісінің Default қасиетіне True мәнін орнату қажет.

Edit – қосымшаға әртүрлі информацияға енгізу және шығару үшін қолданылатын компонент.

Қосымша орындалғанда пайдаланушы бұл объектіде жазылған жазуды редакциялауына болады. Edit – компоненттер палитрасында Standard панелінде орналасқан.

ComboBox - компоненті ашылмалы тiзiмнен таңдау мүмкіндігін береді. Есептің қойылымына назар аударсақ, апта күндеріне байланысты төлем ақы да өзгереді, яғни ашылмалы тізімнен таңдаған қолайлы болады. Объектілер инспекторының терезесінен Items қасиетін таңдап, оң жағындағы тақырып. Бірөлшемді жиындар. - student2.ru батырма арқылы String List Editor терезесін ашып, оған апта күндерінің тізімін жазу керек.

Негізгі оқиғасы – Change. Көбінесе таңдау оқиғасы ретінде Click оқиғасы алынады. Standard панелінде орналасқан.

ComboBox компонентінің негізгі қасиеттері:

Тізімнің сыртқы түрін өзгертетін Style – дан басқа қасиетттері мен әдістері List box объектісіндей, ал көрініп тұратын алаңның қасиеттері Edit объектісі сияқты.

 
  тақырып. Бірөлшемді жиындар. - student2.ru

Негізгі оқиғасы – Change, символ енгізгенде пайда болады.

Негізгі қасиеттері:

Text – алаңға текст енгізу, тексті тікелей қасиеттер терезесінде немесе программалық кодта төмендегідей меншіктеу операторының көмегімен енгізуге болады:

Edit2.text = ‘информация’

Edit1.clear // текстік алаңды тазарту

AutoSelect - объектідегі жазуды таңдап белгілеу/ алып тастау.

Charcase – әріптерді әртүрлірежимдерде шығару

readOnly – құлып, алаңға текст енгізу мүмкіндігін алып тастайтын немесе орнататын бульдік шама.

MaxLength – енгізілетін символдар санына шектеу қою, үндемеген жағдайда шектеу қойылмайды.

BolderStyle – жақтау орнататын бульдік шама.

Taborder – объектілердің табуляция тәртібіндегі ретттік номерін орнату

TabStop – табуляция тәртібінен алып тастау

PasswordChar – парольдік символ орнату

Бақылау сұрақтары :

1. ComboBox компонентіне тоқталыңыз?

2. ComboBox компонентінің негізгі оқиғаларын сипаттаңыз?

Наши рекомендации