Ет тіндері» таҚырыбына арналҒан кейс-материалдарына Қосымша

1.Білуге керекті, білім деңгейін тексеретін сұрақтар мен есептер:

· Тегіс салалы, көлденең-жолақ қаңқа және жүректің ет қабығындағы ет тіндерінің шығу тегі.

· Осы аталмыш ет тіндерінің құрылыс қызметін атқаратын бірлігін атаңыз.

· Бұлшықет мүше, осыған байланысты негізгі құрамдық элементтерін атаңыз.

· Ет талшықтарының көлденең жолақтарын немен байланыстырасыз.

· Миофибриллдағы жиырылғыш қызметін атқаратын негізгі белоктарын атаңыз. Бұларды қандай белок жіпшелері қалыптастырады.

· L-жүйесінің қызметтерін атаңыз.

· Ет талшықтарының құрамындағы «триада» не «үштік» болып саналатын компоненттері.

· Тез немесе шапшаң және баяу қозғалысқа келетін талшықтардың ерекшеліктері.

· Жүректің қаңқалық көлденең-жолақ ет тіндерінің морфологиялық ерекшеліктері.

· Көлденең- жолақ ет тінінің эмбриональді гистогенезінің негізгі сатылары.

· Көлденең- жолақ ет тінінің репаративті гистогенезінің негізгі сатылары: тегіс салалы ет жасушаларының қызметтерін атаңыз.

· Миоциттердің сыртындағы қандай морфологиялық құрылымы бір жасушадан келесі бір жасушаға өте тез импулсьті беруге септігін тигізеді.

2.Бақылау есептері:

1.Екі гистологиялық препарат берілген. Бірінші препаратта оксифилді боялған, талшықтары мен көптеген ядролары талшықтың қабығының астында көрінсе, ал екіншісінде ет жасушасы жіп тәрізді, ядросы таяқша пішінді болып жасуша ортасында орналасқан. Осы тіндердің қайсысы?

2.Ет тіндерінің екі электронды микросуреттері берілген. Бірінші суретте өте анық паралель орналасқан миофибрилдерінде A мен L дискілері көрінеді, ал миофибриллалар арасында митохондриялар тізбектерімен түйіршіксіз эндоплазмалық тор көрінеді. Ал, екінші суретте митохондриялар мен эндоплазмалық тор болғанмен , миофибриллаларында A мен L дискілері көрінбейді. Бұл суреттердегі ет тіндерінің түрлерін атаңыз.

3.Препараттарда мыналар көрінеді:

а) гематоксилин-эозинмен боялған оксифилді талшықтардың саркоплазмасының астында көптеген ядролары көрінеді. б) бұл препаратта гематоксилин-эозинмен боялған-түсі оксифильді бірақ ядросы ортасында және «талшықты» сегменттерге бөліп жатқан перделері көрінеді. Осы аталған ет тіні түрлерін атаңыз. (254-263 беттер)

4.Берілген электронды микросуреттен ет талшығының шетіндегі плазмолеммасы мен базальді мембрана арасында шағын ғана жасууша көрінеді. Осы жасушаның қызметін анықтап атын атаңыз.

5.Мына тіндерді анықтаңыз.а)тегіс болып орналасқанжасушалар , бәріде базальді мембранамен тысталған.

б)екіншілерінде бірақ базальді мембранаға

6.Екі элекетронды микросурет тер берілген. а) бірінші суретте жасушалар өте тығыз орналасып, бір-бірімен десмосомалар арқылы байланысса, ал екінші суретте де тығыз байланысқан, арларында базальді мембрана болады, бірақ байланысы нексустар арқылы жүзеге асады. Осы суреттегі жасущшалар қандай тінге қатысты екенін анықтаңыз?

7.Ет тінін гематоксилин-эозинмен бояғанда көлденең жолақтары көрінеді. Ал жүректің ет тінін қандай ерекшеліктеріне ажыратуға болады?

8.Электронды микросуреттің бірінен көлденең жолақ етінен: жіңішке миофиламенттері Z,A дискісіне жылжып жақындағаны соншалықты саркомерде I дискісі тіпті көрінбейді, ал екінші суреттегі саркомерлерінде I дискісі өте жалпақ, анық көрінеді.Осы екі суреттен ет талшықтарының функционалді жағдайларын анықтаңыз.

9.Ет тіндерінің регенерациясын көрсететін екі препарат ұсынылған. Бірінші препаратта ұзынша созылған, түтікше тәрізді ірі құрылым жақсы көрінеді, сонымен қатар бұлардың құрамында тізбектесе орналасқан бірнеше ядроларының бар екені белгілі болды. Ал, екінші препаратта пішіні жалпақ фибробласттарға ұқсас жасушалар жиынтығы болатыны байқалады.Осы препараттардың қайсы көлденең-жолақ ет тінінің регенерациясына қатысады.

10.Ет талшықтарының көлденең кесіндісінен дайындалған микросуреттерден, бір жуан миофиламенттің сыртында 6 жіңішке миофиламенттердің көрінетіні кесінді миофибриллдің қай дискісінің аймағынан (бөлігінен) алынған.

3. Бақылау тесттері:

1. Көптеген мүшелері мен қан тамырларының құрамында болатын тегіс салалы ет тінінің шығу тегі:

a. мезенхима

b. эктодерма

c. энтодерма

d. нерв түтігі

e. мезодерманың сомиттері

2. Мезенхимадан пайда болған тегіс салалы ет тінінің жасушаларының пішіні:

a. куб тәрізді

b. призмалы

c. пирамида тәрізді

d. жіп тәрізді

e. алмұрт пішіндес

3. Тегіс салалы ет тінінің жасушасының қай құрылымында кальцийдің ионы болады:

a. митохондрияда

b. актин филаменттерінде

c. миозин филаменттерінде

d. Гольджи комплексінде

e. түйіршіксіз эндоплазмалық торының көпіршіктерінде

4. Тегіс салалы ет тінінің жасуша плазмалеммасымен актин филаменттері не арқылы байланысады:

a. тығыз денешіктері

b. митохондриялары

c. лизосомалары

d. түйіршікті эндоплазмалық тордың қапшықтары

e. тегіс эндоплазмалық тордың түтікшелері

5. Тегіс салалы ет жасушаларынан көршілес жасушаларға нерв импульсі не арқылы беріледі:

a. десмосомалар

b. интердигитациялар

c. нексустар

d. адгезиялық белдеулер

e. тығыз байланыстар арқылы

6. Ет тінінен дайындалған препаратта көптеген ет талшықтарының плазмоллемасының астында көптеген ядролары бар екені көрінеді. Осы берілген препараттағы ет тіні мыналардың қайсысына жатады:

a. көлденең-жолақты қаңқа ет тіні

b. мүшелер мен тамырлардың қабырғасындағы ет тіні

c. жүректің ет тіні

d. миоэпителий

e. көздің нейральді ет тіні

7. Қаңқа ет тініндегі миосателлитоциттердің пішіні және орналасқан жері:

a. куб тәрізді, дәнекер тінімен қоршалған

b. призмалы, базальді мембрананың үстінде, ет талшықтарымен қоршалған

c. жалпақ, ет талшықтарының плазмолеммасы мен базальді мембрананың арасында орналасқан

d. шар тәрізді, плазмолемманың астында орналасқан

e. пирамида тәрізді, ет талшықтарының ішінде орналасқан

8. Электронды микросуретте ет талшығының шеткі бір бөлігінде органеллалары аз, пішіні жалпақ ет талшығының базальді мембранасы мен плазмолеммасының арасында орналасқан шағын ғана жасуша көрінеді. Осы жасушаны анықтаңыз?

a. фибробласт

b. миосателлитоцит

c. май жасушасы

d. плазмоцит

e. гистиоцит

9. Көлденең- жолақты ет талшықтарының регенерациясы мыналардың қайсысы арқылы жүзеге асады:

a. сарколеммасы

b. миосателлитоциттері

c. саркоплазмасы

d. саркоплазмалық торы

e. миофибриллдері арқылы

10. Көлденең-жолақты ет талшықтарының қоректенуі мыналардың қайсысы арқылы жүреді:

a. ядролары мен жалпы қызмет атқаратын органеллалары арқылы

b. фибриллалары

c. телофрагма мен мезофрагмалары

d. сарколеммасы

e. үштігі

1.1 Негізгі әдебиеттер:

· Афанасьев Ю. И., Юрина Н. А., Гистология. М., 2004. 253-268 б.

· Улумбеков Э. Г., Челышев Ю. А., Гистология (введение в патологию). Казань, 2001, 167-192б.

· Абильдинов Р.Б., Аяпова Ж.О., Юй Р.И. Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии «Эффект» Алматы, 2006, 165-178б.

· Юй Р.И., Абильдинов Р.Б. Атлас гистологических препаратов по гистологии, цитологии и эмбриологии 2012, 89-94б.

1.2 Қосымша әдебиеттер:

· Волкова О. В., Елецкий Ю. К., Дубовая Т. К., Гистология, цитология и эмбриология: Атлас. М., 1996, 87-105б.

· Быков В.Л. Цитология и общая гистология Сотис. С-П., 2000, 402-432б.

· Кузнецов С.Л., Пугачев М.К. Лекции по гистологии, цитологии и эмбриологии. Москва, 2004, 110-120б.

  • Юй Р. И., Наумова Л. И., Калинина М. С. и др. Гистология-1 бойынша тесттер жинағы, 323-337б.

Наши рекомендации