HTML құжаты ішіне сурет енгізу қалай орындалады?
Суреттер өздерінің көлемдерін сақтай отырып WEB - парағына орналасады. Егер суретті ықшамдап бейнелеу кезінде оның масштабын өзгерту қажеттігі туса, суреттің қажетті көлемін widh, height атрибуттарының көмегімен беруге болады. Осы 2 атрибуттың мәні WEB - парақтағы суреттердің биіктігі мен енін бүтін санмен берілген пиксельмен көрсетеді.
Мысалы: width=500 height=250> суретті 500×250 нүктелерден тұратын төртбұрышты аймаққа орналастырады. Сурет айналасындағы жақтау (border) сызығының қалыңдығын да параметр ретінде көрсетуге болады.
Суреті бар мәтінді жолда түзету ALIGN атрибутының көмегімен жүзеге асырылады. Айтылмаған жағдайда, суретті жолға қойғанда мәтін суреттің төменгі жағы бойынша түзетіледі. Сіздің бұл түзетуді өзгерткіңіз келуі мүмкін, себебі бұл жағдайда көп бос орын қалады. Мұны IMG дискрипторындағы түзету ALIGN атрибутының көмегімен жүзеге асыруға болады.
Мәні Сипаттамасы
Align=TOP
Align=MIDDLE
Align=BOTTOM
Align=left
Align=right Мәтінді суреттің жоғарғы жағымен туралайды.
Мәтінді суреттің ортасымен туралайды.
Мәтінді суреттің төменгі жағымен туралайды.
Суретті сол жағы бойынша туралау. Мәтін суреттің оң жағына орналасады.
Суретті оң жағы бойынша туралау. Мәтін суреттің сол жағына орналасады.
<html>
<body>
<p>
Қарапайым сурет қою:
<img src="skype.jpeg"
width="111" height="111">
</p>
<p>
Қозғалмалы сурет (анимация):
<img src="sun.gif"
width="62" height="62">
</p>
</body>
</html>
42. Сырғымалы жолдар қалай ұйымдастырылады?<MARQUEE> … </MARQUEE> тәгтері мәтіндерді үздіксіз жылжып отыратын «сырғымалы жол» түрінде экранға шығарады. Бұл тәгтәң ашылуы кезінде тізбектеліп жазылатын бірсыпыра атрибуттері бар, олар сырғымалы жолдың жылжу жылдамдығын, бағытын, әріптері түсін, т.б. өзгертеді. Параметрлерді өзгертпеуге, яғни жазбауға да болады, онда олардың алдын ала келісім бойынша бұрын орнатылған мәндері іске қосылады.
Енді жиі өзгертілетін параметрлерді және олардың мүмкін мәндерін қарастырайық.
BEHAVIOR –мәтіннің бір бағыты (SCROLL) немесе қос бағытта да (ALTERNATE) жылжыуын, әйтпесе жылжымай тоқтап тұруын (SLIDE) қамтаммасыз етеді. Оның мүмкін мәндері: SCROLL \ SLIDE \ ALTERNATE.
BGCOLOR - «сырғымалы жолдың» фон түсін анықтайды, он алтылық RGB форматында немесе ағылшынша белгілі бір түс аты беріледі.
DIRECTION – жолдың сырғу бағытын анықтайды, оның мүмкін мәндері: LEFT (солға) және RIGHT (онға), келісім бойынша LEFT мәні іске қосылады.
HEIGHT -«сырғымалы жолдың» биіктігін пиксель арқылы көрсететін бүтін сан, оны пайызбен де көрсетуге болады.
WIDHT – экрандағы «сырғымалы жолдың» енін пиксель арқылы көрсететін бүтін сан, оны пайызбен де көрсетуге болады.
Келесі мысал осы<MARQUEE> тәгі мен оның параметрлерін пайдалану жолын көрсетеді.
<HTML>
<HEAD> <TITLE>Мысал</TITLE> </HEAD>
<BODY text= red> <CENTER>
<H2>Сырғымалы жолдар мысалдары </H2> <HR>
<H3>< MARQUEE BGCOLOR = “blue” BEHAVIOR = “SCROLL”
DIRECTION = “RIGHT” HEIGHT = 30>Бұл алғашқы сырғымалы жол </MARQUEE > </H3>
<P> < MARQUEE BGCOLOR = “green” HEIGHT = 30 WIDHT = “90 %”>
Бұл екінші сырғымалы жол </MARQUEE>
<P> < MARQUEE BGCOLOR = “green” HEIGHT = 30 BEHAVIOR = “ALTERNATE” DIRECTION =”LEFT” HEIGHT = 30 WIDHT = “90 %”>
Бұл үшінші сырғымалы жол </MARQUEE>
<HR>
Lt;/CENTER> </BODY></HTML
43. Логикалық стильдердің физикалық стильден айырмашылығы неде? Қаріптерді форматтау
HTML-да қаріптерді форматтаудың екі жолы бар. Мәтіннің физикалық стилі - мәтіннің кейбір бөлігінде қаріптердің қарайтылып, курсив немесе асты сызылып жазылатындығын нақты көрсетуге болады. Логикалық стиль – мәтіннің экранда ерекше болып көрінетін кез-келген бөлігін белгілеу керек, ал оны ерекшелеу түрін браузер өзі анықтайды. Мысал:
Физикалық стиль
Физикалық стиль деп қаріптің сызылымы жайлы браузерге берілетін нақты нұсқауларды айтады.
Мысалы, және белгілерінің арасындағы мәтінқарайтылған қаріппен жазылады. <І>және І> белгілерінің арасындағы мәтін курсив қаріппен, ал және белгілерінің арасындағы мәтін асты сызылған қаріппен жазылады. және белгілерінің қызметі ерекше. Бұл белгілердің арасындағы мәтін жазба машинкасымен жазылған тәрізді болып көрінеді, демек, символдарының тұрақты өлшемі бар.
Логикалық стильдер
Логикалық стильдерді пайдаланғанда, құжаттың экранда қандай түрде көрінетіндігін алдын ала білу мүмкін емес. Логикалық стильдің белгілерін әр баузер әр түрі қабылдайды. Кейбір браузерлер белгілерді мүлдем қабылдамайды, сондықтан логикалық белгілер арасындағы мәтін экранда жай түрде шығады. Көп тараған логикалық стиль белгілері:
– ағылшыннның emphasіs – акцент деген сөзінен, демек курсив.