Кесте 3 Статистикалық функциялар

Функция Функцияның толық түрі аргументтерімен Функция қайтарады (береді) Функция есептейді
Дисперсия ДИСП.В(число1;число2;…) Таңдаманың дисперсиясының мәнін Квадраттық ауытқудың 1-ге кемітілген тізімдегі сандар санына қатынасын
Сенімділік интервалы ДОВЕРИТ.СТЬЮДЕНТ(альфа;стандартное_откл; размер) Толық жиындықтың орта мәні үшін сенімділік интервалын Стьюдент коэффициентінің стандартты ауытқуға көбейтіндісінің тізімдегі сандар санының квадрат түбіріне қатынасын
Квадраттық ауытқу КВАДРОТКЛ(число1;число2,…) Таңдама мүшелерінің орта мәннен ауытқуының квадраттарының қосындысын Тізімдегі әр санның орташа арифметикалық мәннен айырмаларының квадраттарының қосындысын
Максимал мән МАКС(число1;число2,…) Аргументтер тізімінен максимал мәнін Аргументтер тізімінен максимал мәнді
Медиана МЕДИАНА(число1;число2,…) Берілген сандардан медиана мәнін Вариациалық* қатарды екі тең бөлікке** бөліп тұратын сан мәні
Минимал мән МИН(число1;число2,…) Аргументтер тізімінен минимал мәнін Аргументтер тізімінен минимал мәнді
Мода МОДА.ОТН(число1;число2,…) Берілгендерден мода мәнін Берілгендер тізіміндегі ең жиі кездесетін мән
Ең үлкен НАИБОЛЬШИЙ(массив;k) Берілгендердің к-тыншы максимал мәнін Рангтелген қатардағы максимал шамадан к-тыншы сан мәнін
Ең кіші НАИМЕНЬШИЙ(массив;k) Берілгендердің к-тыншы минимал мәнін Рангтелген қатардағы минимал шамадан к-тыншы сан мәнін
Орта мән СРЗНАЧ(число1;число2,...) Барлық аргументтер үшін орташа арифметикалық мәнін Тізімдегі сандардың қосындысының олардың санына қатынасын
Стандартты ауытқу СТАНДОТКЛОН.В(число1;число2,…) Таңдама үшін стандартты ауытқу мәнін Дисперсияның квадрат түбірін
Саны СЧЕТ(значение1;значение2;…) Аргументтер тізіміндегі сандар саны Аргументтер тізіміндегі сандар саны
Саны егер СЧЕТЕСЛИ(диапазон;условие) Қойылған шартқа сәйкес келетін аргументтер тізіміндегі сандар саны Қойылған шартқа сәйкес келетін аргументтер тізіміндегі сандар саны

1) * Вариацияланған (рангтелген) қатар өсу не кему бағытында сұрыпталған деректер қатары

2)** Егер вариация қатарындағы сандар саны жұп болатын болса, онда медиана осы қатардың ортасындағы екі санның орташа мәніне тең.

Функциялар көмегімен есептеулер жүргізуде жиі «Функция шебері» сұқбат терезесі қолданылады (сурет 4). Бұл терезені Excelдің мәзіріндегі «Формула» жолағындағы «Функцияны кірістіру» пиктограммасын не «Функциялар кітапханасы» тобындағы функциялар категориялары тізіміндегі «Функцияны кірістіру» бұйрығын, не формула жолындағы fx пиктограммасын шерту арқылы шақырып алуға болады.

«Функция шебері» сұқбат терезесімен жұмыс істегенде орындалады:

· «Категория» өрісіндегі стрелканы шертіп, пайда болған тізімнен қажетті категорияны таңдау керек;

· «Функцияны таңдаңыз» өрісінде пайда болған тізімнен қажетті функция есімін тауып, белгілеп, «ОК» батырмасын шерту керек. Осы кезде «Функция аргументтері» сұқбат терезесі шығады. Бұл тереземен жұмыс жүргізу жоғарыда қарастырылған.

3 кестедегі статистикалық функциялардың көмегімен, егер А1:А8 ұяшықтар диапазонында 6, 8, 7, 9, 6, 9, 9, 10 сандар енгізілген болса, олар өсу бағытында мынандай тәртіпте: 6, 6, 7, 8, 9, 9, 9, 10 – сұрыпталады және мынандай есептеу нәтижесін береді:

Кесте 4 Статистикалық функциялармен есептеу жүргізуге мысал

СЧЕТ(А1:А8)   СТАНДОТКЛОН.В(А1:А8) 1.511858
СЧЕТЕСЛИ(А1:А8;<8)   ДОВЕРИТ.СТЬЮДЕНТ(0,95;1.51;8) 0,033518
СЧЕТЕСЛИ(А1:А8;=8)   МАКС(А1:А8)
СЧЕТЕСЛИ(А1:А8;>8)   МИН(А1:А8)
СУММА(А1:А8)   НАИБОЛЬШИЙ(А1:А8;3)
СРЗНАЧ(А1:А8)   НАИМЕНЬШИЙ(А1:А8;3)
КВАДРОТКЛ(А1:А8)   МЕДИАНА(А1:А8) 8,5
ДИСП.В(А1:А8) 2,285714   МОДА.ОТН(А1:А8)

САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ

Наши рекомендации