Рал – саймандар панельінің батырмалары.

Жоғарғы сол жақтағы екі батырма Windows ортасының басқа қосымшаларынан белгілі файлды ашуға (Open) және файлды сақтауға (Save) тағайындалған.  
Рал – саймандар панельінің батырмалары. - student2.ru

Файл жобасын ашу (Open Project) және файл жобасын сақтауа (Save Project As…).  
Рал – саймандар панельінің батырмалары. - student2.ru

Файлды жобаға қосу (Add file to project) және файлды жобадан жою (Remove file from project).  
Рал – саймандар панельінің батырмалары. - student2.ru

New Items диалогтық терезесін ашады. Ол алдын – ала даярланған элементтер жиынынан тұрады және сіздер ол элементтерді өздеріңіздің жасап жатқан қосымшаларыңызға қолдана аласыздар.
Рал – саймандар панельінің батырмалары. - student2.ru

Тізімнен модульді таңдау (View Unit).  
Рал – саймандар панельінің батырмалары. - student2.ru

Ағымды жобадағы пішіннің тізімін шақыру (View Form). Сіз пішінді таңдаған кезде ол активтенеді, ал онымен байланысты модуль Кодтар редакторында активтенеді.  
Рал – саймандар панельінің батырмалары. - student2.ru

Бағдарламаның орындалуы (Run).  
Рал – саймандар панельінің батырмалары. - student2.ru

Бағдарламаның орындалуын тоқтату (Pause).  
Рал – саймандар панельінің батырмалары. - student2.ru

Пішіннің өзіне сәйкес бағдарламаның кодында жазылған модульге ауыстырып қосу және керісінше (Toggle Form / Unit).  
Рал – саймандар панельінің батырмалары. - student2.ru

Пішіннің жобаға қосылуы (New).  
Рал – саймандар панельінің батырмалары. - student2.ru

Бағдарламаны жөндегенде оның қадаммен орындалуын қамтамасыз ететін батырмалар (Trace into, Step over).  
Рал – саймандар панельінің батырмалары. - student2.ru

Кейбір батырмалар мен терминдердің не үшін тағайындалғаны Delphi ортасымен жан – жақты танысқанда меңгеріледі.

Осы батырмалардың біреуіне біраз уақыт тышқанның курсорын апарып қоя тұрсақ , онда көмек өрісінде анықтама жолы пайда болады, онда берілген батырманы таңдап алғанда қандай әрекет орындалатыны жазылады.

Құрауыштар палитрасы — пішінге қосуға болатын көптеген объектілер жиынтығынан тұрады. Delphi ортасында қосымшаны құруға осы құрауыштар қолданылады. Олардың әрқайсысы үшін орындауға болатын бағыныңқы бағдарлама немесе Windows интерфейсінің элементі белгіленген. Құрауыштар ортақ қасиеттері бар топтарға біріктірілген (Standard, Additional және т.б.), олардың әрқайсысы өздеріне сәйкес бетбелгіге тышқанның көмегімен шерткенде шақырылады.

Құрауыштар палитрасының кейбір парақтарын қарастырайық:

Standard –Windows – де қосымшасы бар стандартты басқару элементтерін жүзеге асыратын құрауыштар жиынынан тұрады. (батырмалар, тізімдер және т.б.).

Additional – қосымша басқару элементтері (графиктер мен диаграммаларды салуға арналған құрауыштар, графикалық көріністерді бейнелеу және т.б.).

Data Access – деректер базасына қатынауды жүзеге асыратын арнайы құрауыштар жиынынан тұрады.

Data Controls – қолданушымен қарым – қатынас орнататын көрнекілік құрауыштардан тұрады және деректер базасы үшін берілгендерді басқару үрдісін орындайды.

Dialogs – стандартты қарым - қатынас құратын құрауыштар (қаріпті таңдау, файлдармен операциялар жасау және т.б.).

System – операциялық жүйемен қарым – қатынасты орнататын құрал.

VBX –Visual Basic стиліндегі құрауыш.

Ø Бетбелгіде жазылған сөздерді оқыңыздар және сөздердің мағынасын аударыңыздар. Әрбір топты шақырыңыздар, көмек кеңесін қолдану арқылы әрбір құрауышты қараңыздар.

Бұл құрауыштардың көбі сіздердің алда құратын бағдарламаларыңызда қолданылады.

Жоба диспетчері -жобаға кіретін пішіндер мен модульдердің аттарын көруге, жобаға пішіндер мен модульдерді қосуға, жобадан жоюға және т.б. орындауға мүмкіндік береді.

Диалог терезесінде келесі бағандар бар:

Unit – жоба модульдері.

Form – жоба пішіндері.

Path – модульдерге жол.

Қарым – қатынас терезесіндегі батырмалар:

Add – файлды жобаға қосу.

Remove – файлды жобадан жою.

View unit –модульді көру.

View form – пішінді көру.

Options – жоба параметрлері.

Код редакторыбағдарлама кодынан тұрады, олар бағдарлама кодын құруға және редакциялауға тағайындалған.Код редакторының ағымды менюінің командаларын қарастырайық.

Open File at Cursor – атына тышқанның көрсеткіші орналасқан файлды ашады

Browse Symbol at Cursor – терезедегі кез – келген модульді, объектіні және айнымалыны көруге мүмкіндік береді

Toggle Breakpoint – тоқтату нүктесін тағайындайды

Run to Cursor – қосымшаны тышқанның көрсеткішіне дейін орындайды

Debug – Evaluate/Modify – айнымалыны өзгерту және көру үшін қарым – қатынас терезесін ашады

Debug – Add Watch to Cursor – айнымалыларды бағдарламаның орындалуы барысында көру үшін қосады

Read Only – файлда мәтінді редакциялауға тиым салады

Объект инспекторы қосымша құрамындағы объектілерді қадағалауға мүмкіндік береді.. Оның көмегімен объектінің қажетті қасиеттері және олардың стандартты оқиғаларға әрекеті тағайындалады (пернеге басу, екі рет шерту, өзгерту және т.б.).

Объект бұтақтары Delphi 6 ортасында пайда болған жаңалық болып табылады. Бұл терезеде пішінде, берілгендер модулінде немесе фреймде орналасқан құрауыштар бейнеленеді және олардың арасындағы логикалық қарым – қатынас, мысалы «аталық» – «еншілік» қарым - қатынасы.

Ø Delphi 6 ортасының құрылымын баптаңыздар.

Tools – Environment Options меню командасын таңдаңыз. Келесі өрістерге қарама – қарсы таяқшалар қойыңыздар, егер олар Preferences қалташасында тұрмаса:

Autosave options тобында (автосақтау опциясы):

- Рал – саймандар панельінің батырмалары. - student2.ru Editor files ( Run командасын таңдағанда немесе Delphi – ден шыққанда кодтар редакторында өзгертілген файлдарды сақтайды.);

- Project Desktop ( Егер сіз Delphi – ден шықсаңыз немесе жобаны жапсаңыз сіздің жұмыс стөліңіздің орналасуын сақтайды).

Compiling and running тобында(компиляторлау және іске қосу):

- Show Compiler Progress (Сіздің жобаңыздың компиляциясы туралы есепті көруге мүмкіндік береді);

- Minimize On Run (Сіз қосымшаңызды іске қосқанда Delphi – ді кішірейтеді. Егер сіз қосымшаңызды жапсаңыз Delphi орнына қайта келеді);

- Hide Designers On Run (Қосымша іске қосылып тұрған кезде Object Inspector және Form window типіндегі жобалау терезелерін тығып қояды. Қосымша жабылғанда терезе пайда болады.).

OK батырмасына басыңыздар.

Тапсырма 3. Delphi – дің негізгі терезелерінің қасиеттерін оқып – үйрену.

Delphi – де он негізгі терезе бар. Delphi іске қосылғанда біз төртеуін көреміз: негізгі терезе, негізгі пішіннің терезесі, Объект бұтақтарының терезесі және Объект Инспекторытерезесі. Төртінші терезе — Бағдарламалау Кодының Редакторы — ол ашық тұрады, бірақ пішін терезесінің артына тығылған, оны көру үшін құрал – саймандар панельіндегі Toggle Form/Unit батырмасына шерту керек.

Пішін терезесі — Құрауыштар палитрасындағы құрауыштардан бағдарлама жинақталатын негізгі орын. Пішіннің өзі орындауға болатын дайын бағдарлама.

Ø Тышқанның көмегімен Run батырмасына шертіңіз және осы бағдарламаны орындаңыз.

Пішіннің бағдарламасы откомпилируется, экрандағы көмекші терезелер жойылады, пішіннің координаталық торы жоғалады және ол кәдімгі Windows терезесінің қасиетін меңгереді.

Осы терезенің қасиетін зерттеңіз. Оның өлшемін өзгертіңіз, экран бойынша жылжытыңыз, жоғарғы сол жақтағы батырманы активтеңіз, терезені бүкіл экранға дейін үлкейтіңіз.

Сіз байқағандай, пішін терезесі «жанданды».

Alt+F4 батырмаларының комбинациясы Delphi ортасын алғашқы қалпына әкеледі.

Инспектор Объектісінің терезесі құраушы немесе пішіннің өзіне тышқанмен шерткенде активтенетін қасиеттерден тұрады. Активтенген құрауштың аты терезенің тақырыбынан кейін орналасады (сурет 1.3. жағдайында ол пішіннің өзі). Терезе екі парақтан тұрады:Properties (қасиеттер парағы)және Events (оқиғалар парағы).

Ø Құрауыштардың стандартты палитрасындағыButton батырмасына басып, содан кейін пішіннің кез – келген жеріне шертіңіз.

Пішінде батырманың бейнесі пайда болады (сурет 1.4).

Бұндай іс-қимыл пішінге құрауышты қосу деп аталады.

Ø Қойылған құрауышқа шертіңіз.

Оның айналасында квадраттары бар тіктөртбұрыш жақтау пайда болды. Бұл дегеніміз құрауыш активтенді дегенді білдіреді және Объект Инспектіріндеқұрауыштың аты пайда болдыButton1: TButton. Бұл жағдайда Button TButton типіндегі айнымалы, бастапқы T әрібі тип дегенді білдіреді.

Рал – саймандар панельінің батырмалары. - student2.ru

Сурет 1.4 Пішінге құрауышты қосу

TButton типі объект ретінде сипатталған және оның барлық құрауыштары да объект ретінде сипатталған, сондықтан құрауыштардың қасиеттерін басқаратын терезе Объект Инспектірі терезесі деп аталады. Properties парағы 2 бағанаға бөлінген: қасиеттер аты бағанасы және қасиеттер мәні бағанасы. Сол жақ бағанада құрауыштың қасиеттерінің аттарының тізімі, оң жақта — қасиеттердің нақты мәні көрсетілген. Қолданушы кез – келген қасиеттің мәнін өзгерте алады..

Тапсырма 4. «Программа "Тест"» жобасын құру.

Ø Form1 пішінін ерекшелеңіз.

Ø Объект Инспектіріндегі Captionқасиетіне «Программа «Тест»» деп жазыңыз.

Ø MainMenuқұрауышының көмегімен (сурет 1.5. көрсетілгендей) меню құрыңыз, ол құрауыштың стандартты палитрасында бірінші орын алады:

Ø соған шертіңіз, одан кейін пішінге шертіңіз;

Ø пайда болған MainMenu пиктограммасына екі рет шертіңіз.

Экранда «Программа “Тест”» пішінінің үстіне Form1.MainMenu1тақырыбымен тағы бір терезе пайда болады;

Объект Инспектіріндегі Captionжолына бірінші элемент менюТестті енгізіңіз , ол меню жолағының оң жақ жоғарғы шетінде орналасқанкөк тіктөртбұрышқа жазылады.

Enter батырмасын басу арқылы менюдің бірінші элементінің бірінші командасын жазуға кірісіңіздер;

Caption жолына Тестирование деп жазып, Enter – ді басыңыз.

Ø Аналогиялық түрде келесі командалар үшін Результат және Выход сөздерін жазыңыздар.

Меню командаларын бөлуші сызық арқылы топтарға бөлуге болады, ол үшін Результат командысынан кейін , Captionжолына тақырып ретіндеалу белгісін енгізіңіздер – “-”.

Ø Менюдің келесі элементін құрыңыздар — Помощь:

Меню Тест командасыныңоң жағында орналасқантіктөртбұрышты тышқанның көмегімен активтеңіз;

Caption жолына Помощь деп жазып, Enter – ді басыңыз;

Аналогиялық түрде келесі операцияларға Инструкция және О программе командаларын жазыңыздар.

Ø Тышқанмен негізгі пішінге шерту арқылы негізгі пішінге Form 1. MainMenu1терезесінде құрылғанменюді орналастырыңыз.

Рал – саймандар панельінің батырмалары. - student2.ru

Сурет 1.5 «Тест» бағдарламасының негізгі менюі

Ø Выходкомандасы орындалу үшін оған бағдарлама жазыңыздар:

- Выход командасына шертіңіз.

Кодтар Редакторытерезесінде жанып - өшіп тұрған тышқанның көрсеткіші бар бағдарламаның коды пайда болады (Delphi ортасы осы оқиғаны өңдеу үшін автоматты түрде бос процедураны құрды );

Тышқанның көрсеткіші тұрған позицияға пернетақтаның көмегімен төмендегі сөзді енгізіңіз:

Close;

Сонда мынаны аламыз:

procedure TForm1.N5Click(Sender: TObject);

Begin

Close;

end;

Ø 5 – тапсырмада көрсетілген ереже бойынша жобаны сақтаңыздар.

Ø Runбатырмасының көмегімен бағдарламаны орындаңыздар.

Біз «Программа “Тест”» жобасының құрылымдық негізін құрдық. Егер жобаның жұмыс істеу қабілетін тексеретін болсақ, онда менюдің Выход (оған біз арнайы бағдарламалық кодты жаздық) командасынан басқа командалары орындалмайтынын көрдік. Менюдің қалған командаларын әрекетке келтіруді келесі тәжірибелік жұмыстарда қарастырамыз.

Тапсырма 5. Жобаны және пішіннің модулінің файлын сақтау.

Ø «Мои документы» папкасында өзіңіздің меншік папкаңызды келесі түрде құрыңыз: Топ_Фамилия_Delphi (Мысалы, 3ПМИ-1_Ахметов_Delphi).

Ø Оған салынған «Программа_Тест_» папкасын құрыңыз.

Ø Delphi – дің негізгі менюінде келесі командалар тізімін орындаңыз: File – Save Project As… немесе құралдар панельіндегі Save Project Asбатырмасына тышқанмен шертіңіз.

Ø «Save Unit1 As» тақырыбы бар диалогтық терезе пайда болады, ол бағдарлама кодының файлын сақтауға арналған (сурет 1.6). Үнсіздікпен файлға «Тип файла» өрісінде көрсетілгендей .PASкеңейткіші беріледі.

Рал – саймандар панельінің батырмалары. - student2.ru

Сурет 1.6 Негізгі пішіннің модулінің файлын сақтайтын терезе

Ø Папканы таңдаңыз C:\…\Мои документы\…\Программа_Тест_.

Ø «Имя файла» өрісіне – MainFormсөзіненгізіңіз және Сохранить батырмасына басыңыз.

Осыдан кейін жоба файлын сақтау үшін «Save Project1 As» тақырыбымен келесі қарым – қатынас терезесі пайда болады (сурет 1.7). Үнсіздікпен ол файлға .DPR (Delphi PRoject) кеңейткіші беріледі.

Ø «Имя файла» өрісіне – Test сөзін енгізіңіз және Сохранить батырмасына басыңыз.

Енді сіздің жобаңыз «Test» деп аталады , ал оның файлдары «Программа_Тест_» папкасында орналасады.

Файлдарды жазудың мұндай тізбегі жоба файлы алдын – ала пішіннің бағдарламалық модулінің денесінен тұратын файл сақталмағанша сақталмайтынын білдіреді.

Ø Жобаны жабыңыз.

Рал – саймандар панельінің батырмалары. - student2.ru

Сурет 1.7 Жоба файлын сақтау терезесі

Сонымен сіздер Delphi ортасымен таныстыңыздар: негізгі терезенің құрама бөліктерімен – құрал – саймандар панельімен, құрауыштар палитрасымен, Delphi ортасының негізгі терезелерімен: пішіндер,Объект Инспектіріжәне Код Редакторы;пішіннің тақырыбын жазуды үйрендіңіздер, меню командаларын енгізу, менюдің Выход командасын шерткенде орындалатын оқиғаның бірінші өңдеуішін құрдыңыздар;жобаны жәнеоның әзірше жалғыз бағдарламалық модулін сақтауды үйрендіңіздер.

Зертханалық жұмыс № 2 «Негізгі пішіннің жобасы мен модулінің бағдарламалық коды»

№2 зертханалық жұмыста негізгі пішіннің жобасы мен модулінің бағдарламалық коды қарастырылады; Delphi ортасы пішінге құрауышты қосқан кезде оның бағдарламалық кодын автоматты түрде қосады, «оқиға» деген түсінік кіргізіледі және оның оқиғаны өңдеу прцедурасының көмегімен қалай өңделетіні көрсетіледі.

Тапсырма 1.№1зертханалық жұмыста құрылған жобаны іске қосу және жоба мен модульдің бағдарламалық кодын көру.

Ø Delphi – ді іске қосыңыз.

Ø Негізгі менюдің командасын орындаңыз:File \ Open Project

Ø Ашылған терезенің жобалар тізімінен (.DPR кеңейткіші бар файлдар) TEST.DPR аты бар жобаны тауып алыңыздар, оған тышқанның сол жағымен бір рет шертіп, ОК - ді таңдаңыз немесе пернетақтадан Enter пернесіне басыңыз.

Экранда «Программа «Тест»» тақырыбымен пішін пайда болады.

Ø Жобаның бағдарламалық кодын көру үшін негізгі менюдің Project\View Sourceкомандасын орындаңыздар.

Ø Көңіл қойып жобаның бағдарламалық кодын қараңыздар (Сурет 1.8).

Рал – саймандар панельінің батырмалары. - student2.ru

Сурет. 1.8. Жобаның бағдарламалық коды

Жобаның бағдарламалық коды бағдарламаның тақырыбынан, модульді қосу бөлімінен, компилятор директивасынан және бағдарламаның негізгі денесінен тұрады.

Бағдарламаның тақырыбы Programқызметші сөзінен тұрады, одан кейін жобаның атымен сәйкес келетін бағдарламаның аты орналасады. Жобаның аты оны сақтар кезде беріледі және ол Delphi ортасында орындалатын файлдың атын анықтайды.

Модульді қосу бөлімі Formsжүйелік модулі мен Mainformмодулінен тұрады, олардың бағдарламалық коды Mainform.pas. файлында жазылады.

Компилятор директивасы{$R*.RES} бағдарламалық файлдың орындалуы үшін берілгендерден тұратын (мысалы, қосымшаның пиктограммасын сипаттау) файлдық ресурсты жүктеу үшін тағайындалады. Жұлдызша белгісінің тұруы ресурс файлының аты жоба файлының атымен дәл келеді, бірақ кеңейткіші .res болатындығын білдіреді.

Бағдарлама денесі beginсөзінен басталады жәнеendсөзінен аяқталады. Ол үш жолдан тұрады: бірінші жол қосымшаны инициализациялау үшін, ал екінші жол Form1 негізгі пішінді құру және оны Application қосымшасының құрамына қосу, ал соңғы үшінші жол - қосымшаны іске қосу үшін тағайындалған.

Ø Mainform модулінің бағдарламалық кодын көріп шығыңыздар (сурет 1.9). Ол үшін құрал – саймандар панельінің View Unit (тізімнен модульді таңдау)батырмасына басыңыздар.

View Unit (модульдерді көру)терезесі пайда болады. ( Бұл терезені негізгі менюден View\Units… командасын орындау арқылы немесе Ctrl+F12 пернелерінің комбинациясын басу арқылы шақыруға болады.)

Ø Тізімнен Mainformатын таңдап, OKбатырмасына басыңыздар.

Модульдер Object Pascal бағдарламалық тілінде қарастырылған стандартты конструкциядан тұрады (бөлімдердің тізбегі мен аттары). Жалпы түрдегі модульдің құрылымы:

Unit < модульдің аты>;

Interface

Implementation

Initialization

Finalization

end.

Рал – саймандар панельінің батырмалары. - student2.ru

Сурет 1.9 Модульдің бағдарламалық коды

Модульдің тақырыбы Unitқызметші сөзінен тұрады, ол сіздің алдыңызда модульдің бағдарламалық коды тұр дегенді білдіреді, одан кейін модульдің аты орналасқан. Модуль онымен негізгі бағдарлама немесе басқа модуль қолданылуы үшін құрылады (біздің жағдайда модуль TEST.DPR жобасына қосылған).

Модульдің бағдарламалық кодымодульдің тақырыбы мен төрт бөлімнен тұрады: интерфейс, жүзеге асыру, инициализация және қорытынды бөлім.

Интерфейс бөлімі interfaseсөзінен басталады. Бұл бөлімде негізгі бағдарламаға немесе басқа модульдерге қатынау мүмкіндігі бар модульдің барлық ауқымды объектілерін жариялау жатыр (типтер, тұрақтылар, айнымалылар және бағыныңқы бағдарлама) Ол мыналардан тұрады:

а) модульді қосу бөлімі, usesсөзінен басталады. Біз көріп отырғанымыздай біздің модулімізге бірнеше жүйелі модульдер қосылған, олардың әрқайсысы белгілі функцияны атқарады;

б) типтерді сипаттау бөлімі, typeсөзінен басталады. Оның құрамында Delphi ортасында құрылған форма типін сипаттау жатыр (TForm1 класы). Бұл класс құрауыштар типтерінің тізімі мен қандай да бір оқиғаны өңдеу процедураларының сипатталуынан тұрады. Біздің класс мыналардан тұрады: TmenuItemтиптес меню элементтері N1, N2, .... N8 ,олардың екеуі негізгі менюдің «Тест» және «Помощь» элементтері, ал қалған алтауы меню командаларына сәйкес келеді: «Тестирование», «Результат», «----», «Выход», «О программе» және «Инструкция». Delphi құрауыштарды пішінге орналастырған кезде автоматы түрде осы элементтерді бағдарламалық кодқа қосады; процедураны сипаттау Procedure N5Click(Sender: Tobject);

в) ауқымды айнымалыларды жариялау бөлімі var сөзінен басталады.

Жүзеге асыру бөлімі implementationсөзінен басталады. Ол меню командасына тышқанмен шерту, қарым – қатынас терезесінің батырмасына басу, пернетақтадағы пернеге басу және т.б. оқиғаларды өңдеу процедурасының денесінен тұрады. Сонымен бірге программистің меншік процедурасы мен функциясының сипаттамасынан тұруы мүмкін, олар өз кезегінде оқиғаны өңдеу процедурасынан шақырылады.

Нақ осы жағдайда бұл бөлімде біз бір ғана процедурамен жұмыс істейміз:

procedure TForm1.N5Click(Sender: TObject);

Begin

Close;

end;

Бұл процедура меню элементі «Выход» - қа тышқанмен шерту оқиғасын өңдейді.

Компилятор директивасы{$R *.DFM}, жүзеге асыру бөлімінің басында орналасады, ол компиляторға жүзеге асыру бөліміне модульдің атымен сәйкес келетін .dfm кеңейткіші бар файлда орналасқан пішіннің қасиетінің мәнін орнататын команданы қою туралы бұйрық береді.

Инициязациялау және қорытындылау бөлімдері міндетті емес.

Инициялизациялау бөлімімодульдің аяғында болады және міндетті емес. Егер ол бар болса, онда ол initialization сөзінен басталады немесе begin ... endоператор жақсаларыменаяқталады.Бұл бөлімнің операторлары негізгі бағдарламаның басқаруына дейін орындалады және оның жұмыс істеуіне дайындық ретінде қолданылады.

Қорытындылау бөлімі finalizationсөзінен басталады және бағдарламаның аяқталуы кезінде орындалатын операторлардан тұрады.

Ø Тест орындалуы үшін қосымшаның негізгі модулі «Tест» -тің бағдарламасына қажетті оқиғаларды өңдейтін процедуларды атап өтіңдер.

Біз жасап отырған қосымша өзіміз қосқан менюі бар негізгі пішіннен тұрады. «О программе» меню командасының көмегімен біз анықтама терезі ретінде тағы бір қосымша пішінді шақыруымыз керек. Дайын шаблонды біз New Items қарым – қатынас терезесінен таңдап аламыз, ол үшін құрал – саймандар панельінің Newбатырмасына басу керек.

Тапсырма 2. Aboutbox пішінінің шаблонының негізінде «О программе» (сурет 1.10.) терезесін құру.

Ø Fileнегізгі менюінен Newпунктін таңдап алыңыз, осы пункттің ағымды менюінен Other...таңдаңыз, сонда New Itemsқарым - қатынас терезесі пайда болады, Forms вкладкасынан Aboutboxпішінін таңдаңыз.

Келесі элементтерден тұатынAboutboxстандартты терезесі пайда болады:

- графикалық сурет, ол пішінге Additional құрауыштар палитрасының Image (кескін) батырмасының көмегімен қойылады;

- мәтіндік құрауыштар (TLabel);

- ОК батырмасы.

Ø AboutboxпішінініңОбъект Инспектірінің Captionқасиетіне О программе терезенің тақырыбын жазыңыздар.

Ø Imageқұрауышына тышқанмен шерту арқылы активтеңіз.

Суреттің маңайында қара квадраттары бар жақтау пайда болады.

Ø Жақтаудың қара кадраттарын тышқанмен ұстай отырып Image құрауышының шекарасын қойылатын графикалық объектінің шекарасына дейін өзгертіңіз.

Ø ImageқұрауышыныңОбъект Инспектірінің Picture қасиетінің үш нүктесі бар батырмасына шертіңіз.

Picture Editor(Сурет редакторы)терезесінің Loadкомандасын орындаңыздар.

Load Picture терезесінің «Папка:» өрісінен 256color каталогқа өтіңіздер (C:\Program Files\Common Files\Borland Shared\Images\Splash).

Каталог файлының тізімінен SHIPPING.BMP таңдаңыз (қалауларыңа қарай басқасын таңдауға болады) және «Открыть» басыңыз.

Ø Picture Editor терезесінің OK батырмасына басу арқылы суретті «О программе» пішінінің дайындалып жатқан жақтауына орналастырыңыздар.

Ø Инспектор Объектісін Image құрауышына бейімдеңіз және Stretch (масштабтау) қасиетіне true параметрін қойыңыз.

Сурет жақтауға толығымен орналасады.

Рал – саймандар панельінің батырмалары. - student2.ru

Сурет 1.10 «О программе» пішінінің терезесі

Пішіндегі барлық мәтіндік құрауыштарды ( TLabel) жойыңыздар. Ол үшін әрбір құрауышты тышқанмен шерту арқылы белгілеңіз және Delete батырмасына басыңыз.

Ø Aboutbox пішініне Labelқұрауышын қосыңыз (Standartпалитра құрауышынан). Оған мәтінді кіргізесіздер.

Ø Label1құрауышы үшін Объект Инспекторінінің AutoSizeқасиетіне falseпараметрін орнатыңыз (бұл қасиет Label - дің ұзындығын енгізілген мәтіннің ұзындығы бойынша алады). Alignmentжәне Layoutқасиеттеріне taCenter, tlCenterпараметрлерін орнатыңыздар, ол мәтінді құрауыштың центрі бойынша орналастыруға қолданылады. WordWrapқасиетіне – True (сөзді буынға бөлуге рұқсат етіледі).

Ø Caption қасиетінеПрограмма Тест © Copyrighte by Makeew S. деп жазыңыздар (өз фамилияңызды көрсетіңіз).

Ø Тышқанның көмегімен Label1құрауышына қажетті өлшемді беріңіз және оны терезенің оң жақ жоғарғы бұрышына орналастырыңыз.

Ø Color қасиетіне фонның түсін орнатыңыз.

Ø Fontқасиетінің үш нүктесі бар батырмасына басу арқылы Қаріп қарым – қатынас терезесін шақырып, қаріптің түсін, өлшемін және түрін белгілеңіздер.

Әртүрлі қаріпі бар мәтінді енгізу үшін тізбекпен бірнешеLabel қолданылады және әрбіреуі үшін өз қасиеті орналастырылады. ӘрбірLabel – ге 256 символ орналастырылады.

Ø Пішіндегі ОКбатырмасын активтеңіздер.

Ø Объект Инспектірініңосы батырмасыныңCaptionқасиетін Продолжитьдеп өзгертіңіздер.

Ø Осы батырманың «О программе» терезесінде орналасуы мен өлшемін өздеріңіз белгілеңіздер.

Тапсырма 3. «О программе» пішінінің бағдарламалық модулін MainFormнегізгі пішінінің модуліне қосу.

Ø Ағымды терезе ретінде «Программа «Тест»» неізгі пішінінің терезесін алыңыздар (терезенің бос жеріне тышқанмен шерту арқылы немесе 1 – ші зертханалық жұмыста көрсетілген әдісті қолдану арқылы).

Ø «Помощь» менюін ашыңыздар және «О программе» командасына тышқанмен шертіңіздер.

«О программе» меню командасына тышқанмен шерткенде өңделетін процедурасы бар редактор терезесінің бағдарлама коды ашылады.

Ø Тышқанның көрсеткіші жанып - өшіп тұрған жерге мынаны жазыңыздар:

AboutBox.ShowModal;

Бұл команда бағдарламаның орындалуы барысында модальдық режимде экранға «О программе» терезесін шығарады.

Ø Құрылған модульді сақтаңыздар: құрал – саймандар панельінің Save All батырмасына басыңыздар; модульді сақтау терезесінің «Имя файла» өрісіне about_x деп жазып, «Сохранить» батырмасына басыңыздар, ал жоба мен қалған модульдер автоматты түрде сақталады.

Ø Toggle Form/Unit батырмасына тышқанмен шерту арқылы код редакторы терезесінен MAINFORM.PAS негізгі пішінінің модулінің кодын шақырыңыздар(пішіннің өзіне сәйкес бағдарламалық модульге ауыстырлып қосылуы және керісінше). Бағдарламаның мәтінінің uses модульді ауыстырып қосу бөліміне үтір арқылы about_xдеп жазыңыздар.

Ø Бағдарламаны орындаңыздар. «Tест» бағдарламасының менюіндегі «О программе» командасының жұмыс істеу қабілетін тексеріңіздер.

Бұл зертханалық жұмыста біз қосымша қарым – қатынас терезелерін құруды үйрендік, оқиғаларды өңдеу, модульдерді негізгі бағдарламаға қосу, пішіндерге құрауыштарды орналастыру ( мәтіндер, графикалық суреттер және т.б.), сонымен бірге бағдарламалық модульдердің және жоба файлдарының құрылымдарын қарастырдық.

Зертханалық жұмыс № 3 ««Тест» қосымшасын құру»

№3 – ші зертханалық жұмыста №1 – ші зертханалық жұмыста ұсынылған көлемдегі «Tест» қосымшасын құруды аяқтаймыз; «Тестирование» және «Результат» пішіндерін құру үрдістерін қарастырамыз; негізгі модульдің бағдарламалық кодында бағдарлама құрудың қарапайым әдістерін көрсетеміз.

Тапсырма 1. Жобаны іске қосу. «Тестирование» пішінін құру.

Ø Алдыңғы зертханалық жұмыста құрылған (TEST.DPR) бағдарламасын іске қосыңыздар және оның жұмыс істеу қабілетін тексеріңіздер. Жұмыс бағдарламасынан Выход командасын таңдап, жобалау режіміне қайтып оралыңыздар.

Енді «Тестирование» пішінін құруға кірісеміз.

Біздің тест 3 – 4 варианттан тұратын жауабы бар 5 сұрақтан тұрсын. Бізге осы 5 сұрақ жауабымен сиятындай пішін керек. Бұл мақсатта бізге парақтар тобынан тұратын жазба кітапша түріндегі пішін қажет, әрбір парақ парақтың нөмірі бар бетбелгіден тұрады. Delphi ортасындағы мұндай пішін шаблон түрінде болады. Бұл пішінді біздің жобамызға қосамыз.

Ø Құрал – саймандар панельінің New командасын орындаңыздар, New Items терезесінен Forms қалташасын таңдаңыз, одан кейін Tabbed pagesпішінін таңдап(Tabbed Notebook Dialog – бетбелгісі бар диалогтық жазба кітапша), ОКбатырмасына басыңыздар.

Ø Пішінді оқып – үйреніңіздер. Ол бетбелгісі бар үш парақтан және үш басқару батырмаларынан тұрады. Пішіннің әрбір парағы жұмыс істеп тұрған бағдарламада сәйкес бетбелгіге тышқанмен шерткенде шақырылады. Қайта таңдалған пішіннен Cancelжәне Неlрбатырмаларын жойыңыздар. Объект Инспектіріненқұрауыштар тізімін ашыңыздар. Бұл құрауыштар тізімінде әрбір құрауыш объект ретінде көрсетілген. Тізім келесі объектілерден тұрады: PagesDlgпішіні, PageControl1жазба кітапшасы,үш парақ TabSheet1, TabSheet2, TabSheet3,Panel1,Panel2екі панельдері және ОКBtn батырмасы.

Ø Пішінге тақырып және объектілерге қысқартылған ат тағайындаңыздар: PagesDlg –ды таңдаңыздар, CaptionқасиетінеТестирование деп жазыңыздар, Nameқасиетіне— TestDlg және Enter – ді басыңыздар. Енді қарым – қатынас терезесі «Тестирование» деген тақырыптан және TestDlgаты бар объектіден тұрады,олИнспектір Объектісініңтізімдерінен шақырылады. Colorқасиетіне пішіннің түсін орнатыңыздар, мысалы сары.

Ø Жазба кітапшасының парақтар санын беске дейін өзгертіңіздер (сәйкес тестің сұрақтар санына байланысты) және олардың бетбелгілеріне Вопрос1, Вопрос 2 және т. б. деп жазыңыздар. Ол үшін Инспектір объектісінен TabSheet1 таңдаңыздар және Caption қасиетіне Вопрос 1 және т.б. деп жазыңыздар.

Ø Парақ қосу үшін парақтың өрісіне тышқанның оң жақ батырмасымен шертіңіз, сонда контекстік меню пайда болады, одан New Page – ді таңдаңыздар.

Ø «Тестирование» пішініндегі барлық 5 бетбелгі бір жолға сиюы үшін, жазба кітапшасының TabWidth (бетбелгінің кеңдігі) қасиетінің мәнін орнатыңыздар. Width қасиетінің мәні болып жазба кітапшасының кеңдігі алынады.

Тапсырма 2. Графикалық элементі бар тестің бірінші сұрағын көркемдеу.

Біздің жазба кітапшамыздың әрбір парағына сұрақ пен оның жауаптарын орналастырайық. Бірінші парақтан бастайық. Сұрақтың мәтінін жақтаудың түрлі – түсті панельіне жазамыз. Ол үшін PanelжәнеLabelқұрауыштарын қолданамыз.

Ø Объект Инспектірінен PageControl1 – ді таңдаңыздар және ActivePage (актив парақ) қасиетінен TabSheet1 –ді таңдаңыздар.

Ø Активті парақ жазықтығынан жақтаудағы панель түрінде мәтінді енгізетін орын дайындаңыздар. Ол үшін бірінші параққа құрауыштар палитрасынан Panelқұрауышын қосыңыздар және оны тышқанның көмегімен парақтың жоғарғы бөлігіне дейін созыңыздар (сурет 1.11). Align қасиетіне - alClient мәнін беріңіздер.

Ø Объект Инспектірінің Color қасиетіне тышқанды екі рет шерту арқылы түстер палитрасын шақырыңыздар және панельдің мысалы, жасыл түсін орнатыңыздар.

Ø Caption қасиетінен Panel3деген жазуды жойыңыздар.

Ø Панельге картинадағы сияқты жақтау жасаңыздар. Ол үшін Bevelinner (ішкі фаска) қасиетіне Lowered (төмендетілген) мәнін Bevelouter (сыртқы фаска) қасиетіне —Raised (көтеріңкі) мәнін тағайындаңыздар.

Ø Дайын панельге Labelқұрауышын қосыңыздар, оны панельдің кеңдігіне дейін созыңыздар және мәтіннің центр бойынша жазылуы үшін LabelқұрауышыныңAutosize қасиетіне False мәнін орнатыңыздар. Alignmentқасиетіне — taCenter (көлденеңінен алғанда центрлеу), Layout қасиетіне – tlCenterмәнін (көлднеңінен – центрі бойынша туралау),

Ø Word Wrapқасиетіне (сөзді бөлуге рұқсат етіледі) – Trueмәнін тағайындаңыздар.

Ø Label1 құрауышының Captionқасиетіне “ Заставкой какого программного продукта является эта картинка?” деп жазыңыздар, Font қасиетіне тышқанмен екі рет шерту арқылы Шрифт терезесін шақырып, қаріптің түсін, түрін және өлшемін орнатыңыздар.

Ø Сурет қою үшін панель аймағына AdditionalқасиетіненImageқұрауышын қосыңыздар және қара жақтауға тышқанмен екі рет шерту арқылы суретті редакциялау үшін Picture Editorтерезесін шақырыңыздар. Load батырмасының көмегімен осы терезеден файлды жүктеу терезесін шақырып, C:\Program Files\Common Files\Borland Shared\Images\Splash\16color каталогынан Athena.bmp файлын жүктеңіздер.

Ø СуреттіңStretch қасиетіне trueмәнін тағайындаңыздар.

Ø Қозғалысты бағыттау пернелері мен Shiftбатырмасының комбинациясын қолдана отырып, құрауыштың өлшемін өзгертуге болады, ал Ctrl батырмасымен комбинациясы арқылы құрауышты пішіннің бойымен жылжытуға болады.

Рал – саймандар панельінің батырмалары. - student2.ru

Сурет 1.11 «Тестирование» пішінінің терезесі

Қарым – қатынас парағына біз жауаптың бірнеше варианттарын орналастыруымыз керек, оның ішінен тестен өтуші дұрыс деген бір жауапты таңдауы қажет. Қатардан балама таңдау жасау үшін Standard палитрасының RadioGroup деген құрауышын қолданамыз, ол бірнеше радиобатырмаларды бір топқа біріктіреді. (Мұндай атау аналогия бойынша көптеген радиобағдарламалардың ішінен біреуін таңдағанда бір ғана батырма іске қосылатын радиоқабылдағыштың батырмаларына қолданылады.)

Ø «Тестирование» пішінінің бірінші сұрағының парағына RadioGroupқұрауышын қосыңыздар және оның Captionқасиетіне топтың тақырыбынВарианты ответов беріңіздер.

Ø Items (элементтер) қасиетіне тышқанның екі шертуімен String List Editor(Жол тізімінің редакторы) терезесін шақырыңыздар.

Ø Бұл редактордың бірінші жолына Delphi,екінші жолына —Windows 95, үшіншісіне —Microsoft Office 95деп жазып,ОКбатырмасына басыңыздар.(бірінші жауап дұрыс болады). Жауаптың әрбір варианты RadioGroup құрауыш панельінің радиобатырмаларының қарама – қарсы жағында орналасады.

Ø Қарым – қатынас терезесінің екінші парағына бірінші парақтың дайын панельін көшіріңіздер. Ол үшін бірінші парақтың панельін тышқанмен шерту арқылы ерекшелеңіз және Edit (редакциялау)менюінің Сору (көшіру) командасын орындаңыздар. Екінші парақты активтеңіз және Edit менюінің Paste (қою) командасын орындаңыздар.

Ø Өздіктеріңнен №2, №3, №4, №5 сұрақтардан тұратын жауабы бар тағы 4 парақ құрыңыздар.

Ø Пішіннің құрылған «Тестирование» модулін Test_x.pasдеген атпен сақтаңыздар.

Ø Негізгі пішіннің бағдарламалық кодына жобаның негізгі менюінен «Тестирование» пішінін іске қосатын команданы енгізіңіздер. Ол үшін «Программа «Тест»» пішінінің Тест\Тестированиеменю командасына тышқанмен шертіңіздер – сонда осы оқиғаны өңдейтін дайындалған бағдарламалық коды бар терезе пайда болады. Тышқанның көрсеткіші жанып - өшіп тұрған жерге мыныны жазыңыздар

TestDlg.Showmodal;

Ø Uses бөліміне қосылған модульдің атын test_x енгізіңіздер;

Тапсырма4. “Результат” пішінін құру және жобаны аяқтау.

Рал – саймандар панельінің батырмалары. - student2.ru

Сурет 1.12 «Результат» пішінінің терезесі

Ø New Itemsқарым – қатынас панельінен Dialogsқалташасын таңдаңыздар және онда Standard Dialog (стандарттық қарым – қатынас терезесі) пішінінің шаблонын таңдаңыздар. Пішінге «Результат» тақырыбын беріп, Nameқасиетіне объектінің атын Resultdlg жазыңыздар (сурет 1.12).

Ø Пішіндегі батырмалардың ішінен ОКбатырмасын ғана қалтырыңыздар. Оны пішіннің төменгі жағының центріне орналастырыңыздар. Ол үшін пішіннің аймағында тышқанның оң жақ батырмасымен батырмаға шертіңіздер. Пайда болған контекстік менюден Align командасын таңдап, пайда болған қарым – қатынас терезесінен Center in windowпараметрін таңдаңыздар.

Ø Пішіннің панельінің жоғарғы жағына Labelқұрауышын қосыңыздар,оныңAutosizeқасиетінеfalseмәнін, ал Alignment қасиетіне—taCenterмәнін орнатыңыздар.Қаріптің атрибуттарын орнатыңыздар. Labelқұрауышының хабарламасы жобаның негізгі модулінің бағдарламалық кодына енгізіледі және хабарламаның мәтіні тестің нәтижесіне байланысты болады.

Ø Пішінге сурет қойыңыздар.

Ø Пішіннің файлын Result_xатымен сақтаңыздар және оны MainForm.pas модуліне қосыңыздар.

Ø Тестен өткенде жауаптарды өңдейтін бағдарламалық кодты құрыңыздар. Негізгі пішіннің Тест\Результат меню командасына шерту арқылы Mainform модулінің кодын шақырыңыздар және тышқанның көрсеткіші жанып - өшіп тұрған жерге пернетақтаның көмегімен бағдарламаның мәтінін енгізіңіздер (көп нүктенің орнына дұрыс жауаптарының нөмірін ескере отырып, қалған 4 сұрақтың бағдарламасының жолын жазу керек.).

Наши рекомендации