Кестеден мәліметті таңдау. Select операторының негізгі сипаттамалары.

Мәліметтерді таңдау берілген шарттарды қанағаттандыратын өрістерді

және жазбаларды алуды білдіреді. Мәліметтерді бір немесе бірнеше кестеден

таңдап алуға болады. Ол SELECT инструкциясының көмегімен орындалады.

SELECT - SQL тілінің негізгі операторы.

Жазылу форматы:

SELECT [DISTINCT] <өрістер тізімі> немесе *

FROM <Кестелер тізімі>

[Where < таңдау шарты >]

[ORDER BY <сұрыпталатын өрістер тізімі>]

[GROUP BY <топталатын өрістер тізімі>]

[HAYING <топтау шарты> ]

[UNION <Іштестірілген SELECT операторы>.]

Мәліметтер жиынында жазбалар қайталанбас үшін DISTINCT сипаттаушысы қолданылады. Егер мәліметтер жиынына барлық өрістерді қосу керек болса, онда тек «*» символын көрсетуге болады SELECT операторында FROM операндысы мен өрістер тізімі міндетті түрде болады. FROM операндында жазбалар таңдалатын кесте аттары көрсетіледі.

Егер тізімде бірнеше кестеден алынған өрістер болсы, онда құрама ат қолданады. Яғни,

<Кесте аты>. <өріс аты> .

WHERE операндысында мәліметтер жиынының нәтижесін таңдау шарты жазылады. Таңдау шарты сипатталатын өрнек логикалық өрнек болып

табылады. Оның элементтері өріс аттары, салыстыру амалдары, арифметикалық және логикалық амалдар, жақшалар, LIKE, NULL, BETWEEN, IN және басқа да арнайы функциялар болуы мүмкін.

ORDER BY операндысы мәліметтер жиынының нәтижесінде жазбаларды сұрыптау ретін анықтайтын өрістер тізімінен тұрады. Келісім бойынша әрбір өріс бойынша мәндерінің өсу ретімен орындалады. Кему ретімен сұрыптау үшін DESC сипаттаушысы қатар қолданылады.

GROUP BY операндасы нәтижелік мәліметтер жиынтығынжа жазбалар тобын бөліп көрсету үшін қолданылады, топта барлық өрістері мәндері бірдей жазбалар қарастырылады.

HAVING операндысы GROUP BY операндысымен бірге қолданылады және топтың ішіндегі жазбаларды таңдау үшін пайдаланылады.

SELECT инструкциясы күрделі құрылымнан тұруы және бірінің үшіне бірі орналасуы мүмкін. Инструкцияларды біріктіру UNION операндысының көмегімен орындалады. Мәліметтер жиынының нәтижесі екі инструкцияның WHERE операндысында берілген таңдау шарты орындалу барысында таңдалған жазбалардан тұрады.

Жазбаларды модификациялау

Жазбаларды модификациялау жазбаларды өзгертуден, мәліметтер жиынына жаңа жазба қосудан және бар жазбаны жоюдан тұрады.

INSERT - Жаңа жазбаны енгізу үшін қолданылатын оператор.

Жазылу форматы:

INSERT INTO <кесте аты>[(<Өріс аттары>)] VALUES (<мәндер тізімі>)

Егер өрістер тізімі көрсетілмесе, онда барлық өрістер кіреді деп есептелінеді.

Мысалы:

INSERT INTO (tabnom, fiо, . . . ) VALUES (7,’Аскаров‘, ...);

Кестеге бірнеше жазбаларды енгізуде Insert инструкциясы келесі формата болады:

INSERT INTO <кесте аты> [( <өріс аттары> )] <оператор SELECT>

Бағандарға меншіктелетін мәндер select операторын қайтратын мәндері

болады. SELECT операторы жазбалар жиынын қайтаратын болғандықтан INSERT операторы сонша жаңа жазбаны қосады.

UPDATE – бір немесе бірнеше жазбаларды өзгерту үшін қолданылатын оператор.

Жазылуы форматы:

UPDATE <кесте аты>

SET өріс аты1 = мән1

...

SET өріс атыN = мәнN

[WHERE <іздеу шарты>];

Егер WHERE іздеу шарты болмаса, онда кестедегі барлық жазба өзгереді.

Мысалы:

UPDATE sotr

SET otdel =’ИСЦ’, staj=staj+2

WHERE fio=’Маратов’;

DELETE – кестедегі жазбалар тобын жою үшін қолданылатын оператор.

Жазылу форматы:

DELETE FROM <кесте аты>

[WHERE <іздеу шарты>];

Іздеу шартын қанағаттандыратын барлық жазбалар жойылады. Егер іздеу шарты көрсетілмесе, онда кестеден барлық жазбалар жойылады.

Бақылау сұрақтары:

1. SQL тілі не үшін қолданылады?

2. Кестені құру, өзгерту және жою үшін қандай опеарторлар қолданылады?

3. Кестеге мәліметті енгізу, өзгерту және жою үшін қандай операторлар

қолданылады?

4. Таңдау операторының жазылуы?

Әдебиеттер:

[1], [4], [10].

№15 дәріс.

Тақырыбы:Delphi-де есеп беруді ұйымдастыру

Дәріс мақсаты:Delphi-де есеп беруде қолданылатын компоненттермен танысу.

Кілттік сөздер:есеп беру, есеп беру генераторы, QReport, QuickRep, есеп беру жолағы, есеп беру парағы.

Жоспары:

15.1. Есеп берулермен жұмыс. Есеп берудің негізгі компоненті.

15.2. Есеп беруде қолданылатын құрама компоненттер.

Наши рекомендации