Сабақтың тақырыбы: Еңбек – өмір мәні

Еңбек тәрбиесі

Мақсаты: Оқушылардың еңбек,шығармашылық түсініктерін кеңейту:

Міндеттері:

- Еңбектің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;

- Шығармашылық тұрғыдан еңбек ету қабілетін дамыту;

- Еңбексүйгіштікке,еңбекті бағалауға тәрбиелеу;

Шаттық шеңбері:

Еңбек сүйсең, ерінбе,

«Болсын десең – бір,екеу»,

Соқ балғаңды кезінде,

Сонда жатыр іске өрлеу.

Оқушылар жақсы болудың бір қыры-еңбексүйгіштіктен,еңбекшіл болудан екенін айта отырып,еңбек құндылығы туралы түсініктерін ортаға салады.Адам еңбек арқылы тәрбие алады,өзін де,өзгені де еңбек арқылы таниды.Осы ойды жалғастыру үшін мұғалім әңгімелесу әдісіне көшеді.

Әңгімелесу:

Көшбасшы оқушылардың екбексүйгіштік,еңбек туралы төменгі сыныптардан алған білімдерін еске түсіріп,олардың еңбекке көзқарасын,еңбек құндылығы туралы түсініктерін ортаға салу және жетістіктерге жету үшін адам бойында қандай жақсы қасиеттер болатынын білу мақсатында төмендегі сұрақтар алқылы әңгімелесу жүргізеді.

Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?

Еңбек етуде адамның қандай ерекшелігі байқалады?

Еңбексүйгіштік қасиетті қалай түсінесіздер?

Еңбек етуде шығармашылық,шабыт не үшін қажет?

Адам қабілетін қалай дамытуға болады?

Шығармашылық тапсырма : Көсбасшы берілегн шығармашылық тапсырма бойынша оқушылардың көзқарастары мен пайыдауларын талдау кезінде,оладың ақын,жазушы ретінде өлең,әңгіме құрастырған шығармаларын өз пікірлерімен дәйектеу арқылы оқушылардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.

«Адам көркі-еңбек» тақырыбына ақын,жазушы ретіндк өлең,әңгіме құрастырыңыз.Суретші ретінде сурет салыңыз.

Өздеріңе ұнаған рөлдерді таңдап,сынап алдында тұсаукесер жасаңыз.

Оқушы ойларын түйіндеп,бір арнаға тоғыстыру мақсатында көсбасшы шығармашылық жұмысты қортындылап,еңбексүйгіштік пен жалқаулықты салыстыра отырып,еңбек қуанышымен еңбек жетістігінің мәнін айтады.

Практикалық

Мектеп қабырғасының сыртында сенбілік өткізу.

Балалардың денсаулығы- ұлт саулығы (спорттық ойын-сауық)
Мақсаты: Бір ортақ мақсатты жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл-әрекетке жаттықтыру. Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру. Сымбаттылыққа, шымыр болуға, ептілікке тәрбиелеу. Күш қуат пен секіргіштікті дамыту.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, монтессори, дәстүрден тыс тәсілі.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, кішкене доптар, шелектер, күректер, әуе шарлары, кубиктер, таяқшалар, шығыршықтар, орамалдар, жіптер, гүлдер, көбелектер, қыстырғыштар, кедергілер,кеглилер

Жүру барысы: Сәлеметсіздер бүлдіршіндер! Бүгінгі күнтізбемізде спорттық ойын-сауыққа көп көңіл бөлінген . Бүгін біз бірнеше спорттық ойындар ойнаймыз.

Ойын шарттары : «Көңілді доп» ойыны. Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар.
Сайысымызды бастаймыз. 1-ші кезең. «Көңілді доп » ойыны. Ойын шарты: Балалар топқа бөлініп, бір топ ойыншылары ішке кіріп, қарсылас топ ойыншылары сыртта тұрып екінші топ ойыншыларын доппен ұрып шығару керек

– Бәркелді балалар не деген шапшаңсыңдар.!

2-кезең. Келесі ойынымыз «Кім ұқыпты». Шартымен таныстырып өтейін: шығыршықтан секіріп, жерде жатқан көбелектерді жоғарыда тұрған гүлге оралған жіпке, аяқтың ұшы көтеріп, қолдарымызды созып қыстырғышты ашып ілу.
-Өте тамаша балалар!
3-ші кезең. «Түйілген орамал» ойыны. Ойын шарты: шығыршықтан ортасынан өтіп, отырғыштың үстінен түйілген орамалды алып келу.
Әділқазы алқасы әділ бағаларыңызды берсеңіздер!
4-ші кезең. Ойнайық та, ойлайықта ойнайық,
Күшімізді көрсетейік, сынайық –деп «Күлімде Күн» ойынын ойнайық. Шарты: Кубиктердің арасымен өтіп, шеңберге, шашылып жатқан таяқшалардан күн бейнесін құрастыру.
-Жарайсыңдар балалар қандай әдемі Күн!

1 Маусым - Халықаралық балалар күні (Бар мейіріміміз балаларға)

1 Маусым - Халықаралық балалар күні (Бар мейіріміміз балаларға)

1 жүргізуші. Құрманғазы «Балбырауын» орындайтын домбырашылар ансамблі
«Күн сөнбесін» әні шырқалады,балалардың алдына Күн шуақтарымен шығады.
1 шуақ: Келді міне тағы жаз,
Күн шуағымен жылытады
Жылуын төгіп бізге,
Бәрімізді қуантады
(қыздар лагерь эмблемасының бірінші дөңгелегін алып шығады: «Қуаныш»)
2 шуақ: Жазғы лагерді ашамын
Бәрлерінді шақырамыз
Күлеміз,ойнаймыз,ін шырқаймыз
Спортпенен шұғылданамыз
(эмблемалық екінші дөңгелегі «Спорт»)
3 шуақ: Бақыт үшін не керек?
Әрине,достық қажет!
(эмблеманың үшінші дөңгелегі «Достық»)
4 шуақ: Мәселеде қиналма
Досына тез көмек бер
Енді міне бері қара
Өзара көмекті ұмытпа!
(эмблеманың 4-дөңгелегі «Өзара көмек»)
5 шуақ: Лагерден шығып қалмау үшін
Тәртіпті сақта!
(эмблеманың 5-дөңгелегі «Тәртіп»)
1вед. Шаттан,күн,балақай!
Қуанатын күн бүгін!
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
2-вед. Лучами солнышко играет,
И рыбки плещутся в реке.
И это просто означает,
Что лето на носу уже.
Күн: -Құрметті балалар,сендерді шын жүректен қуанып қарсы аламын!Сендерге жазғы лагеріміздің эмблемасын салтанатты түрде таныстыруға қуаныштымын!Біздің ұран:-«Достық,өзара көмек,тәртіп,спорт,қуаныш»сендерді осы сөздерді естеріне сақтап алып,лагерде дәл осыларды ұстанып жүрулеріңізді сұраймын.
«В лесу родилась елочка» әні шырқала бастайды.Аяз ата шығады:
Аяз ата:-Сәлеметсіңдерме,балалар!Мені танисыңдар ма?Сендерді сағынып кеттім,қалдарыңызды білейін деп едім.Бірақ сендер жақ тым ыстық екен.Қанекей,таяғымды алып суық шақырайын-10 градус сендерге жарайма?
-Аяз Ата әрбір шуаққа қолын тигізеді,сол арада шуақтар қозғалмай тұра қалады.
Күн: -Ах,шуақтарым қатып қалды ғой.Күн қояны,құтқар,шуақтарымды жібітуге көмектес!
1вед. «Қоян» биі орындайтын Ерке топ бишілері
2 жүргізуші. «Өз елім» орындайтын Байғалиев Мағжан
1 жүргізуші. Құрманғазы «Талас» орындайтын домбырашылар ансамблі
Аяз Ата:-Уф-уф,еріп барамын.Оданда Отаным Ұлы Юстюгқа қайтайын.
Күн:-Әрине,Ата,бәрінің өз уақыты бар.Желтоқсанда қайтып кел,балалар сені күтеді.Сонымен ауа райы қайта жазғы қалпына келді!Енді лагердегі уақыттарынды пайдалы өткізіп,демалып,күш,куаныш жинап қайтасыздар деген сенімдеміз.
1 жүргізуші:-Ауылымыздағы балалардың денсаулығын нығайту,жазғы демалысты ұйымдастыру мақсатында бүгін «Мейірім» спорттық-сауықтандыру лагері балаларға өз есігін ашады.
2 жүргізуші:-Знаем,знаем,здесь мальчишки-
Озорные шалунишки!
И девчонки хороши
Улыбайтесь от души!
1 жүргізуші:- Тілі балдай бүлдіршіндер!
2 жүргізуші:-Жігерлі ұлдар!
1 жүргізуші:-Әсем жанды,айдай қыздар!
2 жүргізуші:-Сендерді «Мейірім»лагерінің ашылуымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
1 жүргізуші. «Үнді биі» орындайтын Ерке топ бишілері
2 жүргізуші. «Терме» орындайтын матанов Біржан
1 жүргізуші. «Последний звонок» орындайтын Құмарова Газиза
Сөз кезегі: Білім басқармасының тәрбие бөлімінің бастығы Асанова Монлық Ысқаққызы және дене шыңықтыру және спорт орталығы директорының орынбасары Әубәкіров Совет Жұмағазыұлы
1 жүргізуші. Мереке бүгін, береке бүгін
Қуанып шалқып тасыған
От боп жүр жастар,
Шоқ боп жүр жастар
Көңіл жоқ шешек атпаған
Балалар гүлдей, құлпырып күндей.
2 жүргізуші. Небо ясное, солнце красное
Настроение у нас прекрасное!
Нам с тобою здесь
Всех чудес не счесть
Если песня есть
Если дружба есть!
1 жүргізуші. «Путники в ночи»,«Көзімнің қарасы-Абай» скрипкашылар ансамблі
2 жүргізуші.«Испан»биі орындайтын Кадесов Қуаныш және Рахимбаев Елнұр
1 жүргізуші. «Барби»биі орындайтын «Ерке»тобы бишілері
2 жүргізуші. Баршамызды бал тілімен баурайтын
Бала деген бәр бақыт қой самғайтын.
Ата – ананың арманы мен тілегін
Бала емеспе бал бұлақтан жалғайтын
1 жүргізуші. Сүйкімділер, періштелер, Сендерсіндер,
Қандай бейне өздеріне тең келсін!
Данышпанда, ғарышкерде, Ғалымда
Ең алдымен балалықты менгерсің.
2 жүргізуші. Ия, рас, бала болған бәріде,
Салған олар балалықтын әнінде
Бала кезді еске алып отырсақ
Сол емеспе тіршіліктің мәңіде.
1 жүргізуші. «Шоқ жұлдыз»орындайтын Кенешкалиев Бексұлтан
2 жүргізуші. «Мама»орындайтын Байжокенова Қорлан және Құмарова Ғазиза
1 жүргізуші .«Қазақ»биі орындайтын «Ерке»тобы бишілері
2 жүргізуші:-Бәрі болған қазақ деген көне елде
Ел белгі де,ерлік,елдік,өнер де
Жақандағы ең жауынгер халыққа
Кім сенеді ту болмады дегенде-демекші «Жаз-2011»ауысымының ашылу салтанатына орай лагерь туы көтерілсін!
1 жүргізуші.«Турецский марш» орындайтын Дауылхан Жалын
2 жүргізуші.Ән «Бір бала » орындайтын әншілер тобы
1вед. Ән «Буратино» орындайтын Артамбаев Мади және би «Буратино» орындайтын бишілер тобы

2 жүргізуші:-Осымен лагердің ашылу салтанаты өз мәресіне келіп жетті.Келесі кездескенше ҚОШ САУ БОЛЫҢЫЗДАР!!!

Логикалық ойындар
Тақырыбы: Балық, құс, аң
Мақсаты:
Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана «балық, құс, аң»- деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып:
-Балық!(немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді.

Тақырыбы: Мақал жарыс
Мақсаты: Мақалдардың мағынасын түсіндірумен бірге тәрбиелік жағын аша отырып, баланы ауыз әдебиетін оқуға, шешендікке баулу. Әр сөзді орынды қолдануға шақыру.

І нұсқа
Балаларды екі топқа бөлеміз. Жүргізуші әр топтың алдына келіп бір сөзді айтады. Сөздер алдын-ала дайындалады. Қай топ осы сөз кіріктірілген мақалдарды көп тапса солар ұтады. Мысалы: «тіл» деген сөзді қатыстырып мақал айту. «Тіл –тас жарады, тас жармаса бас жарады», т.с.с.

Тақырыбы: Мамандықтар таңдау
Мақсаты: Баланың мамандықтар туралы білімін кеңейте отырып, еңбек ету арқылы өз мақсатына жетуге болатындығын ұғындыру.
Ортаға әр түрлі мамандықтар аты жазылған қағаздар тасталынады. Әр бала бір-біреуден алады. Әркім өзіне тиесілі мамандық бойынша: шағын көрініс, тақпақ, қысқаша монолог, сипаттама т.б. жасап, мамандықты барынша дәріптейді, презентация жасайды. Ойын соңында «Ең жақсы презентация» марапатталады. Барлық қатысушыларды қамту мақсатында әр түрлі марапаттар ұйымдастыруға болады.

Қозғалыс ойындары:

І Қимылды ойындар
Тақырыбы: Айдаһардың құйрығы
Мақсаты: Балалардың дене қимылдарын жетілдіре отырып бірлесе қимылдауға, ауызбіршілікке жетелеу.
Ойынға қатысушылар бірінің артынан бірі тізбектеле белдерінен ұстап тұрады. Ең бірінші тұрған адам –«айдаһардың басы». Ең соңғысы - «құйрығы» болады.
Ойын кезінде көңілді музыка қойылады. «Айдаһардың басы» ең күрделі жолдармен жүре отырып өз «құйрығын» ұстап алуға тырысады. Оның мақсаты – ұстап алу, «құйрықтың» мақсаты – ұстатпау, қайткенде де қашып құтылу. Егер «құйрық» ұсталып қалса, ол - «бас» болады. Ойын өз жалғасын табады.

ІІ Үстел жарыс ойыны

Мақсаты : Баллардың дене қимылдарын жетілдіре отырып бірлесе қимылдау.

Ойынға үстелдің жәніне шеңңберге тұрып , музыка қосылғанын күтіп, орындықтарды айналып билеу қажет. Музыка тоқтаған кезде орындыққа отырып ұмтұлу керек. Үлгермеген оқушы ойыннан шығып , өзінің өнерін көрсетеді

Наши рекомендации