Шартты және шартсыз блок –схемалар.

Алгоритмдік тіл алгоритмдік символдарды пайдаланып, берілген алгоритмді ықшамды түрде жазуға келтіреді. Алгоритмдік тіл – алгоритмді жазуға және оны пайдаланып программа құруға арналған тіл. Кез-келген тіл сияқты ол символдар жиынтығынан (алфавит), алгоритмдерді жазу ережелерінен (синтаксис) және жазуларды түсіндіру мәтіндерінен (семантика) тұрады.

Мәселені ЭЕМ көмегімен шешу үшін шындығында, компьютерге түсінікті программалау тілінде, мысалы, QBasіc, Turbo Pascal, т.б. программа жазу керек. Программа - компьютерге түсінікті тілде жазылған алгоритм, олай болса алгоритмді ойша пысықтап алып, қажетті программалау тілінде программа жазудан бастауға да болады, біз осыған ұмтылуымыз керек. Көп жағдайда программалаушылар программалаудың технологияларын игеру жолын алгоритмнің блок-схемасын құрудан бастайды, бұл алгоритм құрылымында қате кетпеуін бақылауға мүмкіндік береді.

Блок-схема тұрғызу кезінде блоктарды қолданылады (сызбалар). Блоктар шартты және шартсыз деп екі топқа бөлінеді. Шартсыз блоктар - есептеу-меншіктеуді атқаратын арифметикалық блок, мәліметтерді енгізу, баспаға беру және есептеуді бастау және аяқтау блоктарынан тұрады.

Шартты блок алгоритмде шартқа байланысты тармақталуды немесе қайталануды көрсету үшін қолданылады.

Алгоритмде колданылатын негізгі блоктарға тоқталайық. Әр блок өз қызметін атқарып, әр қалай салынады.

Шартты және шартсыз блок –схемалар. - student2.ru

Алгортмнің негізі деп берілген бастапқы деректерді нәтижелі деректерге өңдеу процесін айтуға да болдаы. Кейбір деректерді мерзімдік деп пайдаланады.

2. Деректердің типін анықтау үшін біріншіден алгоримде қолданылатын амалдардың қай объектіге тиісті екенін анықтайды.

Есептеу техниканың дамуы деректердің ролін және оларды дұрыс ұйымдастыруын анық көрсетеді. Компьютердің қасиетінің біреуі – үлкен көлемді ақпараттарды сақтау, өңдеу. Өңделетін ақпарат нақты әлемнің үзіндісі болып көрсетіледі. Мысалы, кейбір ұйымның қызметкерлер тізімі бірнеше деректерден құрылады – олар аты-жөні, қызметі, мекен-жайы т.б. Қойылған мәселені шешу үшін біріншіден осы ақпаратты көрсету тәсілін таңдайды, екіншіден қолданылатын деректер жиынын таңдайды. Қазіргі заманғы есептеу техниканың және программалық құралдардың дамуына байланысты деректердің қарапайым типтерімен қатар күрделі типтер де пайдаланады. Бұндай типтер қарапайым типтердің бірлескен (структураланған) типін құрайды. Олараға жиындар, жазбалар, файлдар жатқызылады. Кейде программист деректердің динамикалық структураларын қолданады, оларды сақтайтын жады программаның орындалу кезінде бөлінеді, оларға сызықты тізімдер, стектер, графтар жатқызылады. Мұндай типтер объектіге бағытталған программалауда жиі қолданылады.

Базалық типтерге нақты, бүтін, кешенді, логикалық деректердің типтері жатады. Информатикада кез келген тұрақты, айнымалы, өрнек немесе функция әдеттегідей бір типке жатады. Деректің типі осы тұрақты ма, айнымалы ма, өрнек па немесе функция қабылдайтын мәндер жиынын сипаттайды. Алгоритм құру кезінде әр типтің өзінің қолдайтын операцияларын есте сақтайды. Мысалы, бүтін сандармен қосу, алу, көбейту амалдары орындалады. Ал бөлу амалы екі операцияға бөлінеді деп айтады: 1) бір санды екіншісіне бөлген кездегі бүтін бөлігін анықтау; 2) бір санды екіншісіне бөлген кездегі қалдықты анықтау.

Компьютерде пайдаланатын бүтін сандардың қасиеттері арифметикадағы бүтін сандардың қасиеттеріне сай. Тек диапазон шенелгендігі ғана программа құру кезінде есепке алынады, өйткені әр компьютерлік жүйенің өзіне жарамды диапазон болады – ең үлкен М+∞ жарамды бүтін саны және ең кіші М-∞. Әдетте М+∞ + 1 = М-∞-∞ - 1 = М+∞). Бұл бүтін сандардың қасиеті компьютер жадысындағы сандарды кодтауға арналған ұяшықтар ерекшеліктеріне байланысты.

Мәтіндік (литерлік) тип деректің реттелгенін білдіреді. Мәтіндік деректі тырнақша (немесе апостроф) арқылы көрсетеді 'а' < 'b', 'b' < 'с', 'с' < 'd'. Әр символдың сандық коды бар және оның реттелуі сол кодқа сәйкес жүргізіледі. Мәтіндік деректерге лайық орындалатын жалғыз амал конкатенция (жолдарды қосу), яғни 'abcd' + 'efg' = 'abcdefg'.

Логикалық деректерге тек екі мәнді қабылдайтын деректер жатады. Ол мәндер ақиқат «true» және жалған «false». Логикалық типті деректерге конъюнкция (логикалық «және», «and»), дизъюнкция (логикалық «немесе», «or»), терістеу (логикалық «не», «not») амалдары қолданылады. Кейде импликация («егер»), эквиваленция («егер де және тек егер де») т.б. амалдары қолданылады. Логикалық амалдардың ақиқат кестесін төменде көрсетеміз.

Бақылау сұрақтары:

1.Деректердің типін анықтау үшін алгоримде қолданылатын қандай амалдар бар?

2. Алгоритмде колданылатын негізгі блоктарды ата?

Наши рекомендации