Тақырып. ОББ – дың негізгі принциптері
Жоспары:
1. Объекті-бағытталған программалау тілдеріне түсінік.
2. Delphi бағдарламасының терезесі.
3. Delphi бағдарламасының компоненттері.
1. Объекті-бағытталған программалау тілдерінің негізгі концепциясы– құрылатын қосымша өзара байланысқан негізгі объектілерден тұрады. Объекті-бағытталған технологияда қолданушы үш базалық элементпен: объектілер, хабар және класстармен жұмыс істейді.
Объектілер дегеніміз бірнеше рет қолданылатын программалық модулдерден, яғни байланысқан мәліметтер мен процедуралардан тұрады. Объект құрылымы екі бөліктен тұрады: айнымалылар және әдістер. Әдістер объект функциясының алгоритмін анықтайтын процедуралар мен функциялар жиынынан тұрады. Объектілі айнымалылар жәй мәліметтерден (сан, массив, текст) және күрделі құрылымды информациялардан (график, дыбыс т.б.) тұрады.
Объектілердің өзара байланысуына хабарлар қолданылады және үш бөлімнен тұрады: объект идентификаторы, ағымдағы объектіде қолданылатын әдіс аттары және таңдалған әдіс режимін қалпына келтіретін қосымша информациялар. Күрделі программалар бірнеше біртипті объектілерді қолдануы мүмкін. Бұл жағдайда әр объект үшін әдістер мен айнымалылар туралы информацияны жазу тиімсіз. Бұл мақсатқа объектілер класы деген түсінік енгізілген. Класс дегеніміз біртипті объектілерге арналған шаблон және объектілі айнымалылар типтері мен әдістерін анықтайтын информациялардан тұрады.
Объекті-бағытталған технологияға негізделген программалау тілдері: SmallTalk/v, Object Pascal, ACT++, C++, Simula, Actor, Classic–Aga және т.б.
Объекті-бағытталған программалаудың негізгі үш принципі бар: инкапсуляция, тұқымқуалау, полиморфизм.
Delphi – дербес компьютерлер мен серверлерге қосымша құру және қолдау үшін қолданылатын әзірлеме ортасы. Delphi кез-келген Windows типті 32 разрядты амалдық жүйеде жұмыс жасайды.
2. Delphi-де визуалды, яғни көзбен көріп отырып бағадарламалау технологиясы қолданылады. Тұтынушы өзінің болашақ бағдарламасын безендіріп, өзінің жұмысының нәтижесін бағдарлама іске қосылғанға дейін көре алады.
Қосымшаны жазу үрдісі екі бөліктен тұрады:
1 – тұтынушы өзінің бағдарламасының терезесіне қажетті элементтерді көрсетіп, олардың өлшемін орнатады, қасиеттерін өзгертеді;
2 – қосымша жұмыс істеп тұрған кездегі бағдарламаның кодын, элементтердің қасиетін жазады, терезенің пайда болуына қатысты оқиғаның өзгеруін, батырманың басылуын тағы басқаларды жазады. Бағдарламаны іске қосқанда экранда басты терезе пайда болады:
Басты терезі:
Мұнда мәзір қатары, саймандар тақтасы, түстер палитрасы орналасады. Түстер палитрасында болашақ бағдарламаның көрінетін және көрінбейтін компоненттері, көптеген тақырыптық беттер бар. Көрінбейтін компоненттер тек қосымшаға жоба жасап, оны іске қосқанда ғана көрінеді. Басты терезе интеграцияланған орта жұмыс істеп тұрған кездің барлығында ашық болады. Оны жапқанда Delphi жабылып, ондағы барлық терезелер жабылады.
Басты терезедегі мәзір әмірлері мен саймандар тақтасы арқылы Delphi бағдарлама өңдеу барысын басқарады. Мұнда пайдалану мақсатына қарай топталған компоненттер орналасқан. Мысалы, Standart тобының элементтері: MainMenu, PopurMenu, Label, Edit, Memo, Button, CheckBox, RadioButton, ListBox тағы басқалары. Экранға сыймаған компоненттер соңғы көрінген топтың жанындағы бағыттауышты басқанда көрінеді.