Төселме беткейдің температурасын өлшеу
Төселме беткейдің температурасын өлшеу
Төселме беткейдің күйіне жүргізілетін бақылаулар
Ар жамылғысынсыз төселме беткейдің күйі
Ар жамылғысы бар төселме беткейдің күйі
Төселме беткейдің температурасын өлшеу
Топырақ беткейінің (қар жамылғысының) температурасын өлшеу топырақ (қар жамылғысына) беткейіне үнемі тиіп тұратын термометрлерді қолдануға негізделген.
Төселме беткейдің күйін бақылау көз мөлшермен жүргізіледі. Топырақ беткейінің (қар жамылғысының) күйі КН-01 кодындағы бекітілген шкалаға сәйкес санмен бағаланады.
Станцияда топырақ температурасына бақылау жүргізу кезінде келесі өлшеу құралдары қолданылады:
- топырақ беткейінің (қар жамылғысының) температурасын өлшеу үшін ТМ3 термометрі; өлшеу диапазоны: минус 35-тен 50 0С дейін (ТМ3-1), минус 25-тен 70 0С дейін (ТМ3-2), минус 10-нан 85 0С дейін (ТМ3-3);
- максималды температураны өлшеу үшін ТМ1 метеорологиялық максималды термометрі; өлшеу диапазоны: минус 70-тен 20 0С дейін (ТМ2-1), минус 60-тан 30 0С дейін (ТМ2-2
- минималды температураны өлшеу үшін ТМ2 метеорологиялық минималды термометрі; өлшеу диапазоны: минус 35-тен 50 0С дейін (ТМ1-1), минус 20-дан 70 0С дейін (ТМ1-2), минус 50-ден 40 0С дейін (ТМ2-3).
Әр термометрдің бөлім бағасы 0,5 0С тең.
Топырақ беткейінің және қар жамылғысының температурасына бақылау метеорологиялық алаңда жыл бойы жүргізіледі. Термометрлерді орналастыру үшін метеорологиялық алаңның оңтүстік жағында көлеңкеленбейтін жерден размері 4х6 м участок таңдалады; егер бақылау тек топырақ беткейінің температурасына жүргізілсе, онда 3х4 м участокты таңдау жеткілікті.
Жыл сайын ерте көктемде участок 25–30 см тереңдікке дейін қазылып, қопсытылады және тегістеледі.
Участоктың беткейі метеорологялық алаңның беткейімен бір деңгейде болу керек. Участокті үнемі, әсіресе жаңбырдан кейін қопсытып жұмсартып және тегістеп отыру керек.
Термометрлер ашық участоктың ортасында бір-бірінен 5-6 см арақашықтықта резервуарлары шығысқа бағытталып, келесі тәртіппен орналасады:
- солтүстіктен бастап бірінші - топырақ беткейінің (қар жамылғысының) температурасын өлшейтін термометр, қатаң горизонталды түрде орналасады;
- екінші – минималды термометр, қатаң горизонталды түрде орналасады;
- үшінші – максималды термометр, резервуар жағына кішкене еңкейтіліп орналастырылады.
Термометрлердің резервуарлары мен сыртқы қабығы топыраққа жартылай енгізіліп, бірақ топырақпен көмілмей орналасу керек.
Бақылау жүргізу кезінде термометрлердің алдына тақтай төсеніш қойылу керек. Айқара ашылатын төсеніш тақтай термометрлердің алдына 30 см арақашықтықта орнатылады және өлшеу жүргізілгеннен кейін жиналып қойылады.
Топырақ беткейінің (қар жамылғысының) температурасы минус 35 0С төмен болған жағдайда өлшеулер тек минималды термометрмен жүргізіледі, ал сынапты термометрлер алынып тасталынады.
Жазда минималды термометрдің күн радиациясымен қызып, істен шығып қалмауын қадағалау қажет. Ол үшін бұлтсыз күндері таңертеңгі бақылау мерзімінен кейін, ал оңтүстік ендіктерде күн шыққаннан кейін алдымен штифт көрсеткішін алып, оны КМ-1 кітапшасына жазып алғаннан соң, минималды термометрді алаңнан алып қою керек. Ол қайта орнына 20 сағ белдеулік декреттік уақытқа жақын мерзімге 15-20 мин қалғанда қойылады.
Метеорологиялық алаңды қарап шығу кезінде бақылау мерзімінің алдында топырақ термометрлерінің дұрыс орналасуы мен жұмыс істеуін тексеру керек.
Егер термометрлер бетіне шаң, қырау, шық, жаңбыр, тұман тамшылары, тұрып қалса, термометрлерді орнынан қозғамай өлшеуге 10 мин дейін таза матамен абайлап сүрту керек, өлшеу жүргізгеннен кейін термометрлер мұқияттап сүртіліп қайта орнына қойылады.
Егер бақылау мерзімінде боран соғуын немесе қар жаууын тоқтатпаса, онда өлшеуге 10 мин дейін термометрлерді бұзылмаған қар жамылғысы бетіне қойып, олармен мезім уақытында өлшеу жүргізу керек.
Қар еру кезеңінде, ауа температурасы -3 0С және одан да жоғары болған күндері өлшеуге 10 мин дейін термометрлерді теіс қар жамылғысы жатқан жерге орналастырып, олардың резервуарларының қарға тығыздалып жартылай батырылып тұруын қадағалау керек.
Минималды термометрдің капиллярындағы спирт үзілген болса, оны басқа термометрмен ауыстыру қажет.
Топырақ беткейінің (қар жамылғысының) температурасына бақылау барлық бақылау мерзімдерінде жүргізіледі. Өлшеулер үшін термометрлерге төсеніш тақтай арқылы тек солтүстік жағынан бару керек. Өлшеулер жүргізгенде термометрлерді орнынан қозғауға болмайды.
Ең алдымен өлшеу төселме беткейдің температурасын өлшеуге арналған термометр (нақты термометр) бойынша, содан кейін – минималды термометрдің спирті және штифті бойынша, ең соңында максималды термометр бойынша жүргізіледі. Өлшеулер жүргізіліп біткеннен кейін минималды термометрдегі штифт спиртке келтіріледі, ал максималды термометр құрғақ термометрдің көрсеткішіне дейін сілкіленеді де, сілкігеннен кейінгі көрсеткіші жазылады. Барлық термометрлермен өлшеулер жүргізіліп болғаннан кейін ағаш төсенішті көтеріп қою керек.
Барлық термометрлер бойынша температура0,1 0С дәлдікпен өлшенеді. Бір мезгілдегі нақты термометр, максималды термометрді сілкігеннен кейінгі және минималды термометрдің спирті бойынша көрсеткіштердің мәнінің айырмашылығы 0,2 0С тең болуы мүмкін. Жазғы уақытта күндізгі мезгілдерде төселме беткейдегі минималды термометр алаңнан алынған кезде, бақылаулар тек сынапты термометрлермен ғана жүргізіледі. Қысқы уақыттарды температура өте төмен болып, сынапты термометрлер алаңнан бөлмеге апарылғанда, бақылаулар тек минималды термометрдің спирті және штифті бойынша жүргізіледі. Температура төмен болған жағдайда топырақ беткейінің температурасын өлшеу үшін бақылау мерзімінде сынапты термометрдің шкаласы жетіспеген кезде, сынапты термометрдің көрсеткішінің орнына минималды термометрдің спирті бойынша көрсеткіш жазылады.
Топырақ термометрлерінің көрсеткіштері 0,1 0С дәлдікпен КМ-1 кітапшасының «Топырақ беткейіндегі» бөлімінің жолдарына келесі тәртіппен жазылады:
- «Топырақ бетінің термометрі» жолына топырақ беткейінің температурасын өлшеуге арналған трмометр бойынша көрсеткіш жазылады;
- «Спирт» және «Штифт» (минималды термометр) жолдарына минималды термометрдің спирті және штифті бойынша көрсеткіштер жазылады;
- «Есеп», «Сілкігеннен кейін» (максималды термометр) жолдарына максималды термометрдің сілкігенге дейінгі және сілкігеннен кейінгі көрсеткіштері жазылады.
Есептерге түзетулер енгізілмейді.