Сурет. Өмір сапасы объектілерінің өзара тәуелділігі

 
  Сурет. Өмір сапасы объектілерінің өзара тәуелділігі - student2.ru

Сапа – күрделі соңына дейін танылмаған ұғым. Өнеркәсіптік дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, сапаны -саяси, экономикалық және адамгершілік санат деп айтуға болады. Өнім, жұмыстар, қызметтер сапасы - бұл дербес экономикалық бірліктің және тиісінше бұл сапаны жасайтындардың пайдасы. Денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау сапасы – денсаулық. Білім сапасы – еңбек әлеуетінің жоғары жиынтық жиналған интеллекті. Барлығы бірігіп – бұл адамдардың жан рақатының жоғары деңгейі, ұлттың және мемлекеттің мәртебесі – өмір сапасы.

Өмір сапасының мәнін әлеуметтік-экономикалық санат ретінде сипаттай отырып, оның мынадай бірқатар ерекшеліктерін атап өту қажет:

Біріншіден, өмір сапасы айтарлықтай кең, көпқырлы, «өмір сүру деңгейіне» қарағаныда салыстыруға келмейтін кең ауқымды ұғым. Бұл санат экономика шеңберінен едәуір алшақ шығады. Бұл ең алдымен қоғамның барлық салаларын қамтитын әлеуметтік санат, өйткені олар адамдардың өмірін және оның сапасын қамтиды.

Екіншіден, өмір сапасының екі қыры бар: объективтік және субъективтік. Өмір сапасын объективтік бағалау өлшемі индивидуумдар қажеттіліктерінің ғылыми негізделген нормативтері болады, оларға қатысты бұл қажеттіліктерді және мүдделерді қанағаттандыру дәрежесі туралы талқылауға болады. Алайда, екінші жағынан, адамдардың қажеттіліктері мен мүдделері жеке және оларды қанағаттандыру дәрежесін тек қана олардың өздері бағалай алады. Оларды қандай да болмасын статистикалық шамалармен тіркеуге болмайды және олар іс жүзінде тек қана адамдардың санасында және тиісінше олардың жеке пікірлерінде және бағалауларында бар.

Осылайша, өмір сапасын бағалау екі нысанда көрінеді:

- ғылыми-негізделген қажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттандыру дәрежесі;

- адамдардың өздерінің өмір сапасымен қанағаттандырылуы.

Үшіншіден, өмір сапасы басқа да әлеуметтік-экономикалық санаттардан бөлінген санат болып табылмайды, бірақ олардың көпшілігін біріктіреді оларды сапалық аспектіде қамтиды.

Мәселен, өмір сапасының құрамдауыштары сапалық бағалаулармен байытылған және өмір сипаты, және өмір сүру деңгейі, және қоршаған орта болып табылады. Мысалы өмір сапасын сипаттай отырып қоректенуді оның қоректік құндылығына қарай (құнарлылығы, грамында ақуыздардың, майлардың болуы) бағалаумен шектелуге болмайды. Қоректенудің тұрақтылығы, әралуандығы дәмдік қасиеттері сияқты сапаларына тоқталмауға болмайды. Өмірдің еңбек сапасын сипаттай отырып, жұмыспен қамтылу, жұмыссыздық, жұмыс күнінің аптаның, жылдың ұзақтығы көрсеткіштерімен (өмір сүру деңгейін талдау кезіндегідей) өндірістік жарақаттың деңгейімен шектелуге болмайды, бірақ қызметкерлердің мүдделеріне еңбек мазмұнының және сипатының сәйкестігін, оның қарқындылығын, еңбек ұжымы ішіндегі өзара қатынастарды және т.б. бағалау қажет.

Нақты өмір сапасы - бұл халықтың мемлекет азаматтар алдындағы өзінің міндеттерін қалай орындауына қанағаттандырылуының өзіндік индексі. Адамдарға өмірлік перспектива керек. Шектеулер мен кедейшілікті емес, әл-ауқатты жоспарлау және қамтамасыз ету керек. Таза экономикалықтан өмір сапасын анықтайтынға бағдарды ауыстыру қажет. Азаматтар республикалық және өңірлік биліктің қызметінен ел экономикасының одан әрі дамуы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін реформалау, халықтың қауқарсыз санаттарын әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету, экологияны сауықтыру, білім және денсаулық сақтау қызметтерін алу кезінді тең құқықтарды қамтамасыз ету сияқты мәселелерді шешуді күтеді. Ал бұл өмір сапасының мәселелері болып табылады.

Әртүрлі ғалымдардың өмір сапасына көзқарастарын талдау бізге мақсаттар ағашы түрінде өмір сапасының анықтамасына кіретін мынадай топтарды анықтауға мүмкіндік береді. [22]

Наши рекомендации