Адам денсаулығы сақтау шаралары мен адамзаттың дамуындағы демографиялық проблемалар мен оны шешу жолдарын сипаттаңыз

Салауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын. Қимыл белсенділігі

Бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал аз қозғалған кезде организмде өзгерістер дамиды.

Организмді шынықтыру

Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарлатады. Шынықтыру емшараларын таңдау кезінде адамның жасы, денсаулығы , шынығуға бейімделу дәрежесі және т.б. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.

Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр түрлі сапалы, экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс.

Бұл сыну, шығу, күйік, үсік, улану сияқты әр түрлі жарақатты болдырмау. Жарақаттарға әр түрлі жағдайларда душар болады: көшедегі қауіпсіздік ережелерін сақтамағанда, электр құралдарын дұрыс пайдаланбағанда, улы өсімдіктер мен саңылауқұлақтарды пайдаланғанда т.б. жағдайларда.

Жеке гигиена ережелерін бұлжытпай орындау, жұқпалардан қорғану тәсілдерін білу, алдын алу екпелерін уақытымен қабылдау.

Темекі шегуден , ішімдіктен, есірткі және уытты заттардан бас тарту. Бұл зиянды әдеттер организмге әсер етіп, денсаулыққа зиян келтіреді.

Бұл адамның өз күйін анықтай білу, көңіл-күйдің денсаулыққа әсерін білу, адамдар арасында тіл табыса білу, қарым-қатынас жасай білу, көңіл-күйін басқара білу - бұның бәрі психикалық денсаулықты қорғауға мүмкіндік жасайды.

Адам организміне қоршаған орта факторларының әсері туралы білім, қоршаған орта факторларының зиянды әсерінен қорғай білу денсаулықты сақтауға және түрлі ауруларды болдырмауға жәрдемдеседі.

28)Табиғат, қоршаған орта ұғымдарының ара қатынасы қандай, мысал келтіріңіз Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығы экологиялық құқық деп аталады. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.2002 жылы Йоханнесбургте (ОАР) тұрақты даму жөніндегі өткізілген Бүкіләлемдік самитте (кездесуде) бүгінгі күні биологиялық әртүрлілік жылдам қарқынмен қысқарып бара жатқандығы атап айтылды. Адамның әрекеті нәтижесінде теңіздердегі балық коры 75 пайызға дейін азайды, маржан рифтерінін 70 пайызы жойылу каупінде түр. Табиғат тозуда, сонымен бірге адамзат та тозып барады, қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде халықтың денсаулығы да нашарлап келеді, ал мұның соңы адам тегінің бұзылуына әкеп соқтырады, тұқым қуалайтын аурулар, оның ішінде, ең алдымен, психикалық және туа біткен аурулар санының өсуіне, маскүнемдік, нашақорлық, СПИД, ақ қан ауыруы, қатерлі ісік, жұқпалы және вирусты аурулар таралуына әкелуде. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттер зиян шеккен экологиялық ахуалды қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар қолдануда. Алайда қоршаған ортаға төнген қатердің қауіптілік дәрежесінің жоғарылығы соншалық, бүгінде ол тек мемлекеттің ішкі шаралары ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық шараларды да қолдануды талап етіп отыр. 1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта және оны дамыту жөніндегі БҰҰ-ның конференциясында осы мәселе бойынша Декларация қабылданды. Аталған декларацияға біздің еліміз де қосылды.Қазіргі кезде халықтын 20 пайызы аллергия ауыруына шалдығуда, күн сайын Жер шарында 25 мын адам лас суды пайдалану нәтижесінде қайтыс болуда, өндірістік қалалардағы халықтың 35 пайызы қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде жүйелі түрде әр түрлі аурулармен ауырады. Күн сайын адамның тиімсіз жұмысынын салдарынан 44 гектар жер шөлге айналады, күн сайын жануарлар мен өсімдіктердін бір түрі жойылып отырады; күн сайын 40 мыннан астам бала аштықтан өлуде. Оттек қоры 10 млрд т азайған, 200 млн гектарға жуық суармалы жер пайдаға аспай қалды. Пайдалы қазбалардың — мұнайдың, табиғи газдың, көмір және тағы басқалардың жоғалуы байқалып отыр, Жер ғаламының әрбір бесінші тұрғыны таза су ішпейді.Белгілі америкалық эколог-ғалым Б. Коммонер экологияның негізгі заңдарын былай түсіндіреді:1) барлығы барлығымен байланысты;2) барлығы әйтеуір бір жаққа кетуі керек;3) табиғат ненің жақсы екенін "біледі";4) еш нәрсе тегін берілмейді.

Бұл дегеніміз, біздің әрбір қызметіміз қоршаған ортаға қалай да болса әсер етеді дегенді білдіреді. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шартттары Мемлекет өз органдарына қоршаған ортаны қорғау бойынша экономикалық, техникалық, ұйымдық және құқықтық шараларды жүзеге асыруды міндеттейді. Бұл шаралардың барлығы заңдар мен басқа да құқықтық актілердің ережелеріне негізделуі қажет. Өз кезегінде барлық заңдар құқықтық қағидаларға негізделуі керек.

Құқықтың қағидалары — Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген негізгі бастамалар, басшы идеялар мен құқық ережелері. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттарын қарастырайық:

қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының басымдылығы қағидаты. Адамдардың табиғатпен үйлесімділікте, салауатты және жемісті өмір сүруге құқығы бар;

мемлекеттің табиғи ресурстарды пайдалануға егемендік кағидаты. Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер қабылдайды;

әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты. Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз;

қоршаған ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидаты. Ол жер бетінің барлық бөліктеріне: құрлыққа не теңізге қатысты қолданылады. Табиғаттың сұлу өңірлері ерекше қорғалуы тиіс. Қазақстанда алғашқы табиғи күйінде сақталған және ерекше бақылауға алынған түрлі қорықтар мен қорықшалар бар.

табиғи ортаны пайдаланудағы басымдылық кағидаты. Табиғат байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты пайдалану керек. Қазақстанда мемлекеттің ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар жазылатын Қызыл Кітап бар. Мысалы, сексеуіл — шөлде өсетін өсімдік, ол жойылып кету үстінде тұр, сондықтан да оны кесуге және пайдалануға тыйым салынған;

кедейлік пен қайыршылықты жою кағидаты. Демократиялық мемлекеттер өзінің алдына кедейшіліктің деңгейін төмендете отырып, ақыр аяғында кедейшілікті жоюды мақсат етіп қояды. Ол үшін мемлекет әр түрлі шаралар қолданады — жұмыссыздықпен күресу, әлеуметтік зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, арзан тұрғын үйлер салу, әр түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы халықтың әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалған топтарына қолдау жасау және т.б;

қоршаған ортаны ластаудың және табиғатқа өзге де зиянды әсер етудің алдын алу қағидаты;

коршаған ортаны қорғау саласындағы тығыз халықаралық ынтымақтастық кағидаты;

қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша халықтың хабардар болу кағидаты. Әрбір адам экологиялық сауатсыздық тек оның жеке басына ғана емес, сондай-ақ барлық тұрғындарға да зардабын тигізетінін білуі керек. Мысалы, орманда от жағуға, тұрғын жайларға жақын жерлерде полиэтилен материалдарын өртеуге болмайды, улы заттарға ұқыпты болу керек және т.б

Наши рекомендации