Бап. Психиканың бұзылуынан зардап шегетін адамдарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары

1. Психикасының бұзылуынан зардап шегетін, қоғамға қауіпті әрекеттер жасаған адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша сот шешімімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары денсаулық сақтау органдарының психиатриялық ұйымдарында мәжбүрлі амбулаториялық бақылау мен психиатрда емделу және психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде жүзеге асырылады.
3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін психиатриялық стационарға орналастырылған адамдар осы баптың 5, 6-тармақтарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады. Олар психиатриялық стационарда болған бүкіл кезеңінде еңбекке жарамсыз деп танылады және олардың мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша жәрдемақы немесе жалпы негіздер бойынша зейнетақы алуға құқылы. Мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы жәрдемақылар, пациенттердің ақшалай қаражатын есепке алуды жүргізу жөніндегі операцияларды жүзеге асыру ушін мемлекеттік психиатриялық мекемелерде олар алғашқы талап бойынша немесе әлде бір мерзімде, толық немесе ішінара, алдын ала келісілген үстемемен не онсыз, тікелей жеке немесе заңды тұлғаларға не тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге не үшінші тұлғалардың пайдасына қайтарылуы тиістігіне қарамастан номиналды түрде олардың қайтарылуы шартымен мемлекеттік мекемеге жеке немесе заңды тұлға беретін ақша бойынша қолма-қол ақшаның бақылаушы шоттары ашылады.
4. Психиатриялық стационарға орналастырылған пациентке оның құқықтары мен стационарда белгіленген ережелер оның өзі білетін тілде түсіндірілуге тиіс, бұл туралы медициналық құжаттамаға жазба жасалып, кейіннен заңды өкіліне хабарланады.
5. Психиатриялық стационарда емделіп немесе тексеріліп жатқан пациенттердің барлығы:
емделу, тексерілу, психиатриялық стационардан шығу және осы Кодекспен берілген құқықтарының сақталуы мәселелері бойынша тікелей бас дәрігерге немесе бөлімше меңгерушісіне өтініш жасауға, мемлекеттік органдар мен адвокатқа шағымдар және арыздар беруге, адвокатпен және діни қызметшімен оңаша кездесуге, діни салттарды орындауға, діни қағидаларды сақтауға;
газеттер мен журналдарды жаздырып алуға;
егер пациент 18 жасқа толмаған болса, жалпы білім беретін мектептің немесе ақыл-ойы кем балаларға арналған арнаулы мектептің бағдарламасы бойынша білім алуға;
еңбегінің мөлшері мен сапасына сәйкес басқа азаматтармен бірдей сыйақы алуға;
хат-хабар алысуға;
сәлемдеме, бандероль, ақша аударымдарын алуға және жіберуге;
телефонды пайдалануға;
келушілерді қабылдауға;
ең қажетті заттарды ұстауға және сатып алуға, өз киімін пайдалануға құқылы.
6. Бұқаралық ақпарат құралдарын жеке жаздырып алу, байланыс қызметін пайдалану олар берілетін пациенттің есебінен немесе қайырымдылық түсімдер есесінен жүзеге асырылады.

Бап. Мемлекет кепілдік беретін психиатриялық жәрдем және әлеуметтік қорғау

1. Мемлекет:
1) шұғыл және жоспарлы психиатриялық жәрдем көрсету;
2) психиатриялық сараптамаға, еңбекке уақытша жарамсыздықты анықтауға;
3) психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдарға әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсетуге және олардың ішінен мүгедектерді-оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес еңбекке орналастыруға жәрдемдесуге кепілдік береді.
2. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдарға психиатриялық жәрдем көрсетуді қамтамасыз ету үшін және оларды әлеуметтік қорғау мақсатында мемлекет:
1) психиатриялық жәрдем көрсетуді ұйымдастырады;
2) психикасының бұзылуынан зардап шегуші кәмелетке толмағандарға, олардың ішінен мүгедектерді - оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жалпы және кәсіптік білім беруді ұйымдастырады;
3) өндірістік-емдеу ұйымдарын, сондай-ақ еңбек терапиясына, психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдарды, оның ішінде мүгедектерді қоса алғанда, еңбекке орналастыру үшін жаңа мамандықтарға оқытуға арналған еңбек жағдайлары жеңілдетілген арнайы өндірістер, цехтар немесе учаскелер құрады.

Наши рекомендации